Есмігүл Құйылова European Open-нің күміс жүлдегері атанды
Дзюдодан Словенияның Любляна қаласында өтіп жатқан European Open турнирінің алғашқы күнінде қоржынымыз күміс жүлдемен толықты.
63 келіде сынға түскен Есмігүл Құйылова жарыс жолында швейцариялық Кьяру Фриден, хорватиялық Нину Жетко, словениялық Лейлу Мазузи иен нидерландық Джони Гейленнен басым түсті.
Айта кетейік, 14-15 аралығында өтіп жатқан жарысқа 44 елден 480 спортшы тіркелген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Өскемендік мектеп оқушылары ауа сапасының нашарлауына байланысты қашықтан оқиды
2026 жылғы 16 ақпанда қаладағы барлық мектеп оқушысы үйден оқитын болды.
– Ертең 0-11-сынып оқушыларының екі ауысымы да үйден оқиды. Мұндай шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қабылданды, – делінген хабарламада.
БҰҒАН ДЕЙІН
15 ақпанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы нашарлайды.
АНЫҚТАМА
Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
- Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
- Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
- Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.

❤1
Су тасқыны қаупі: Жамбыл облысына әскери қызметшілер жіберілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері алдын алу шараларын жүргізу үшін Жамбыл облысына барды.
МӘН-ЖАЙ
Жоғары су тасқыны қаупі кезеңінде профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін Жамбыл облысына №28237 әскери бөлімінің бөлімшесі жіберілді.
ҚР ТЖМ мәліметінше, жеке құрам Жаңатұрмыс ауылдық округіне орналастырылған.
Әскери қызметшілер су басу қаупін азайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарын ықтимал төтенше жағдайларға дайындау жұмыстарымен айналысады. Барлығы 25 әскери қызметші мен екі техника бірлігі жұмылдырылған.

👎1
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.
Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1
Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жолда қозғалыс шектелді
2026 жылғы 15 ақпан сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша шектелді.
Ақтөбе облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды 2026 жылғы 16 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Жаңалықтар дайджесті: 13 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Су тасқыны қаупі: Жамбыл облысына әскери қызметшілер жіберілді
- Қостанай облысының тұрғыны киікті атқаны үшін түрмеге тоғытылуы мүмкін
- Іле Алатауында үш Үнді жайрасы фототұзаққа түсті
- Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
- Есмігүл Құйылова European Open-нің күміс жүлдегері атанды
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Су тасқыны қаупі: Жамбыл облысына әскери қызметшілер жіберілді
- Қостанай облысының тұрғыны киікті атқаны үшін түрмеге тоғытылуы мүмкін
- Іле Алатауында үш Үнді жайрасы фототұзаққа түсті
- Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
- Есмігүл Құйылова European Open-нің күміс жүлдегері атанды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Спортшы, кикбоксинг шебері Сабыржан Махметов өмірден өтті
Қаралы хабарды журналист Қанат Ескендір хабарлады.
- Бір заманның батыр ұлы еді...бұ кісі де келместің кемесіне мінді деген суық хабар жетті… Бақұл болыңыз, Сабыржан аға…, – деп хабарлады журналист.
САБЫРЖАН МАХМЕТОВ
Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы әрі басшысы. Оның есімі жекпе-жек спорттарын дамытуға қосқан зор үлесі мен жоғары деңгейлі спортшыларды тәрбиелеудегі еңбегінің арқасында Қазақстанда ғана емес, елден тыс жерлерде де кеңінен танымал болды. КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ.
Бапкердің бүкіл ғұмыры кәсіби спортпен тығыз байланысты болды.

❤5🙏1
Трамп Газа секторына ауқымды халықаралық көмек көрсетілетінін мәлімдеді
Бейбітшілік кеңесіне мүше мемлекеттер Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету және оны қалпына келтіру үшін 5 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге дайын.
Трамптың мәлімдемесі
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесіне кіретін елдер Газа секторына гуманитарлық қолдау көрсету мен оны қайта қалпына келтіруге миллиардтаған доллар бөлуге келіскенін айтты. Ақ үй басшысы бұл туралы 15 ақпанда Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Бейбітшілік кеңесінің «шексіз әлеуеті» бар және ол өз тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген.
Газа бойынша жоспар және БҰҰ-ның рөлі
Трамп былтыр қазан айында Газа қақтығысын түбегейлі тоқтатуға бағытталған жоспарды ұсынғанын еске салды. Оның сөзінше, бұл жоспар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бірауыздан қабылданған.
- Осыдан кейін гуманитарлық көмек жедел жеткізіліп, барлық кепілге алынғандар босатылды, — деді америкалық көшбасшы, қабылданған шешімдердің нақты нәтижесін атап өтіп.

🤔2❤1👍1
Қазақстан атынан 16 ақпанда Олимпиадада кімдер өнер көрсетеді
Қазақстандық спортшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыстарын жалғастырады. 16 ақпанда ел намысын спорттың үш түрінен өкілдер қорғайды.
Кімдер жарысқа шығады
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында 16 ақпанға жоспарланған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі белгілі болды. Олимпиадалық бағдарламаның едәуір бөлігі артта қалғанына қарамастан, Қазақстан құрамасы жоғары орындар үшін күресті жалғастырып отыр.
Дүйсенбі күні ел намысын бес спортшы қорғайды, олар спорттың үш түрі бойынша сынға түседі. Солардың қатарында ойындардың ашылу салтанатында туды алып шыққан спортшы Денис Никиша да бар.
ҰОК-тен ақпарат
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, қатысушылар құрамы мен старт тәртібі бекітілген, ал барлық жарыс күннің ресми олимпиадалық бағдарламасы аясында өтеді. Жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың өнерін тікелей эфирде тамашалай алады.

"Жергілікті қызметкерлерді қуып, орнына ресейліктерді алған". Танымал мейрамханада шу шықты
Алматылық тұрғын Жанат Қаратай аутизммен ауыратын 27 жастағы ұлы Әлібек Қаратайдың жұмысынан кетуге мәжбүр болғанын айтып, қоғамнан қолдау сұрады. Оның айтуынша, ұлы төрт жыл бойы Burger King желісінде тұрақты жұмыс істеп, өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезініп келген.
ЖАҒДАЙ КҮРТ ӨЗГЕРГЕН
Алайда жағдай аймақтық жаңа басшы келгеннен кейін күрт өзгерген. Жанат Қаратайдың айтуынша, Сергей есімді жаңа өңірлік жетекші тағайындалған соң, ұлына қатысты «үнсіз қысым» басталған. Күзден бері Әлібек бұрынғыдай емес, тұйықталып, мазасыз күйге түскен.
- Біз не болып жатқанын ұзақ уақыт түсінбедік. Кейін ғана оның жұмыстан кетуге мәжбүрленіп жатқанын естідік, — дейді анасы.
Ол қазір бар күшін ұлының адамдарға деген сенімін қайта қалпына келтіруге жұмсап жатқанын айтады.
- Қазір мен өзімді әрең жинап жүрмін. Басқа айтарым жоқ. Тек сөзбен, кеңеспен көмектесіңіздерші. Жаңа келген бір адамның жылдар бойы қалыптасқан инклюзивті ортаны бұзуға қалайша құқы бар?, — деп жазды ол.
Жеке кездесудің де нәтиже бермегенін айтқан Жанат Қаратай жаңа басшымен сөйлесуді «роботпен сөйлескендей әсер қалдырды» деп сипаттайды.

🤬9👍3👎1😡1
Қазақтар Киевтің орталығында дастарқан жайды
Қазақстандық белсенділер қазір жарықсыз және жылусыз өмір сүріп жатқан киевтіктерге көмектесіп жатыр.
Жергілікті қазақ диаспорасының бастамасын Орал қаласынан барған белсенділер, оның ішінде журналист Лұқпан Ахмедьяров та қолдады. Ұйымдастырушылар киевтіктерді палаумен тамақтандыруды ұйғарған.
— Бұл Троещинаға үшінші рет келуіміз. Өткен жолы қатты суық еді, ал бүгін күн жылы. Ауыздан ауызға тараған хабар арқылы адамдар маған хабарласып, тағы да келуімізді өтінді. Мына үйлердің бәрі, өкінішке қарай, қазір жылусыз, жарықсыз отыр. Міне, әжелер де келіп, күтіп тұр. Қазір бірінші қазан, кейін екінші қазан қазақ палауын дайындаймыз. Алға Украина, Қазақстан алға, — дейді белсенділер.
Нәтижесінде қазандардың алдына ұзын-сонар кезек түзілді. Троещина тұрғындары палау, салаттар мен тәттілер ұсынылды. Жергілікті атмосфера қазақ музыкасымен әуеленіп, қыза түсті.

👍12👎3❤2🔥1
Шықпа, жаным, шықпа: Қазақстанда микробизнес ҚҚС-тың өсуіне қалай бейімделіп жатыр?
Қазақстандағы шағын және орта бизнес өкілдері жаңа Салық кодексінде бекітілген ережелерге бір жарым айдан бері бейімделумен келеді. Жаңа құжатта қосылған құн салығы 12%-дан 16%-ға көтерілді, жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы мен «сән-салтанат салығы» енгізілді.
Ұлттық экономика министрлігінде бұған байланысты 300 мыңға дейін микро-компания жабылуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда жекелеген кәсіпкерлердің (ЖК) нақты қаншасы қызметін тоқтатқаны жөнінде ресми статистика әзірге жоқ, дегенмен күрделенген ахуалға қатысты алғашқы пайымдар бар.
Мәселен, депутат Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері шамамен 35 мың компания қызметін тоқтатып, 15 мыңға жуық жаңа бизнес тіркелген. Яғни кәсіпкерлік субъектілерінің азаюы байқалады, бірақ әзірге күрт аномалия тіркелген жоқ. Үкімет мұны «нарықтың табиғи тазаруы» деп сипаттаса, кәсіпкерлер алдағы бірнеше жылды «аман қалу кезеңі» деп атап отыр.
Ulysmedia.kz тілшісі дүкен, шаштараз және басқа да ЖК иелерімен, яғни қызмет көрсету саласындағы қарапайым кәсіпкерлермен сөйлесіп, олардың бизнесінің «жағдайын» сұрап көрді.

😭3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Отардағы әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаз соққыға жығылды
Қазіргі таңда сарбаз Алматы қаласындағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр. Ал әскери полиция қылмыстық тергеу бастады.
Желіде Отар әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздың жақ сүйегі мен мұрны сындырылғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада операция жасалғаннан кейін оған толыққанды ем мен бақылау көрсетілмегені айтылады. Кейін туыстары сарбаздың бір пәтерде ұсталғанын анықтаған. Ал тексеру барысында жасалған операцияның дұрыс жүргізілмегені белгілі болған.
ПОЛИЦИЯ ТҮСІНІКТЕМЕСІ
Гвардиялық гарнизонның әскери полициясы әскери қызметшіге физикалық күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу уақытына бірқатар офицер қызметінен уақытша шеттетілді.
— Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ әскери бөлімде жарғыдан тыс қарым-қатынас фактісі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде баяндама жасамаған және медициналық көмекті ұйымдастырмаған лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — делінген әскери полицияның хабарламасында.

❤1😱1😡1
Шымкенттік "Ордабасы" кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің иелігіне ресми өтті
Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.
Құжат жеке инвестициялар жұмылдыруды, тұрақты нарықтық басқару моделіне көшуді және заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді көздейді. Негізгі бағыттардың қатарында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру бар.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту футбол инфрақұрылымын дамытуға, жас ойыншыларды даярлауға және қаланың елдегі футбол орталықтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Өз кезегінде Шахмұрат Муталип компанияның клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты. «Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.

👍2👎2
Қазақстанның үш қаласында ресейлік мектептер ашылады
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында ресей-қазақстандық бірлескен мектептер ашу жоспары бар екенін мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, бұл оқу орындары «Сириус» тәжірибесіне негізделіп, орыс тілі, математика және жаратылыстану ғылымдарын тереңдетіп оқытуға бағытталады. Сонымен қатар, мектеп түлектері Қазақстандағы ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдарына түсу мүмкіндігіне ие болады.
— «Сириустың» табысты тәжірибесі басқа да білім беру бастамаларын жүзеге асыруда жол көрсететін жұлдыз болады деп үміттенемін. Ең алдымен, бұл — біздің президенттеріміздің Қазақстан мен Ресей қалаларында бірлескен мектептер салу туралы уағдаластығы. Қазақстанға келсек, әңгіме Қызылорда, Тараз және Түркістан қалалары туралы болып отыр, — деді елші ТАСС агенттігіне берген сұқбатында.
Бұл мектептерді ашу екі ел президенттері арасындағы келісімдердің нәтижесі саналады. Тиісті меморандум өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жасаған сапары барысында қол қойылған.

🤬20💩9😡3
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ресейдің БАҚ-тары РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасап хабарлады.
Әзірге әңгіме барысында қандай мәселелер қозғалғаны белгісіз.
Песковтың айтуынша, келіссөздің мән-жайы кейінірек жарияланатын болады. Сөйлесуге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысқан.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында 2026 жылы Путин Қазақстанға келетінін хабарлаған болатын.

👎9🤮6❤1🤬1
Астанада партиялар, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер жалпыұлттық коалиция құрды: қандай жұмыс атқармақ
Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы қалалық штабының ашылуы өтті.
5 партия, 300-ден астам ұйым жалпыұлттық коалицияға бірікті
Шараға еліміздің жетекші қоғамдық-саяси қауымдастық өкілдері қатысты. Қалалық коалицияға әртүрлі жастағы түрлі саланың 200-ге жуық өкілі қосылған. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, заңгерлер, депутаттар, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, белсенді жастар, педагогтар, сонымен қатар Қазақстан халық партиясы, «Respublica», «Ауыл», «Ақ жол» партияларының жетекшілері мен өкілдері бар.
Қалалық штаб төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, рефрендум жарияланбай тұрып, тікелей эфирде өткен Конституциялық кеңес отырыстарында талқыланған кейбір мәселелерді халыққа дұрыс жеткізбей, бұрмалап жіберген сәттер бар. Сондықтан, алдағы уақытта штаб мүшелері сондай олқылықтарды түзеп, халыққа Конституцияны дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

🤔1
Германия талабы: Орталық Азия елдері Ресейге көмектеспеуі керек
Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Берлинде Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен өткен саммитте Германияның өңірмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Вадефуль Орталық Азия елдерін Ресейге қарсы Еуропалық одақ санкцияларын айналып өтуге қарсы күресті күшейтуге шақырды. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер ЕО-ның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді. Министр Еуроодақтың геосаяси сын-қатерлер аясында өңірде өз қатысуын кеңейтуге, сенімділік пен тұрақтылық ұсынуға ұмтылатынын атап өтті.
Ұзақмерзімді мақсат — Қытай мен Ресей мүдделері тоғысқан аймақта орналасқан Орталық Азиямен Еуропаның байланысын нығайту. Сондай-ақ Германия экономикалық байланыстарды әртараптандыруға, әсіресе шикізат жеткізу бағытында мүдделі екенін жеткізді.
— Орталық Азия геосаяси мүдделер тоғысқан аймақта орналасқан және Қытайдың бар әрі күшейіп келе жатқан ықпалына, сондай-ақ Ресей тарапынан төнетін қауіпке қарсы тұруы тиіс. Ресейдің басқыншылық соғысына жауап ретінде біз оның әскери машинасын тежеу мақсатында ауқымды санкциялар енгіздік. Бүгін мен мына нәрсені анық айтқым келеді: Ресейдің агрессиялық соғысын айналып өту мен қолдау Еуропалық одақтың қауіпсіздік мүдделеріне тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінен санкцияларды айналып өтуге қарсы күресті күшейтіп, Еуропалық одақпен тығыз үйлесімде әрекет етуді сұрадым, — деді Йоханн Вадефуль.

👍15😁1
"Журналистердің қатысуына қарсымыз": Freedom Finance пен ҚазТАГ арасындағы сот жабық өтетін болды
Freedom Finance пен КазТАГ басылымы арасындағы сот жабық өтетін болды. Медеу аудандық соты осындай шешім шығарды.
Мән-жай
16 ақпанда Алматының Медеу аудандық соты Freedom Finance пен ҚазТАГ арасындағы сотты жабық өткізуге шешім шығарды. Судья Жаңабаев Freedom Finance өкілдерінің өтінішхатын қанағаттандырды.
ҚазТАГ басылымының үстінен «Іскерлік беделіне нұқсан келтіру» бабы бойынша сотқа шағым түсірген Freedom Finance өкілдері процеске журналистердің қатысуына қарсылық білдірді.
Адвокат Антон Каминский іс метариалдарында адамдардың жеке деректері мен банк және қаржы құпиялығына қатысты құжаттар барын айтты. Ол «процеске журналистердің қатысуы – сотқа қысым жасау» деді.
«[Журналистердің] сотқа қатысуына қарсымыз. Сол себепті процеске БАҚ өкілдерін қатыстырмау туралы біздің өтінішімізді қанағаттандыруды сұраймыз», – деді ол.
ҚазТАГ өкілдері оның бұл өтінішіне қарсылық білдірді. Олар процестің ашық екенін алға тартып, егер істе адамдардың жеке деректері мен қаржы құпиясына қатысты құжаттар болса, соттың сол бөлігін ғана жабық етуге болатынын алға тартты. Адвокат Лена Жигаленоктың сөзінше, Freedom Finance түсірген шағымда банк құпиясына жататын бірде-бір сөз жоқ.

Қазақстанда оқушыларға телефон ұстауға толық тыйым салынады
Қазақстанда мектеп оқушыларына телефон пайдалануға толық тыйым салынуы мүмкін. Тиісті түзету Педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері жөніндегі заң жобасында қамтылған.
Қазіргі уақытта әр мектептің әкімшілігі оқушыларға смартфонды қандай жағдайда пайдалануға болатынын өз бетінше шешеді. Заң бойынша тыйым тек сабақ кезінде ғана әрекет етеді, ал үзіліс кезінде оқушылар смартфонды пайдалана алады. Сонымен қатар, егер телефон оқу процесі үшін қажет болса, мұғалімнің шешімі бойынша оны қолдануға рұқсат беріледі.
Заң жобасының салыстырмалы кестесіне сәйкес, бұл норма алып тасталуы мүмкін, ал оқушылардың гаджеттерді пайдалану құқығын шешу құзыреті білім беру саласындағы уәкілетті органға берілуі ықтимал. Бұл Оқу-ағарту министрлігі немесе өңірлік білім басқармалары болуы мүмкін.
Әзірге шешім қабылданған жоқ, заң жобасы Мәжілісте қарастырылады деп жоспарланып отыр.

👍10👎1
Өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады: Қаржы министрлігі шартын атады
Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілеріне негізгі қарызды толық өтеген жағдайда ескі салықтық айыппұлдар мен өсімпұлдардан құтылуға мүмкіндік беріледі. Тиісті қағидаларды Қаржы министрлігі бекітті.
Кімге қолданылады
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі бар микро және шағын бизнес субъектілері
Қандай шарттарды орындау қажет
Негізгі талап — негізгі қарыз сомасын (салық берешегін) 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейінгі кезеңде толық өтеу.
Не есептен шығарылады?
Негізгі қарыз толық өтелген жағдайда:
Толық төленген күнге дейін есептелген барлық өсімпұл есептен шығарылады; Берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;
Егер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған болса, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша тіркеуге тұрмаған кезеңде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар есептен шығарылуы мүмкін.