ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Нағыз сүт Қазақстанға кетіп жатыр, ал бізге ұнтақ қана қалып отыр — қырғыз депутаты

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Айсара Абдибаева 9 ақпанда қаржы, бюджет, кәсіпкерлік және бәсекені дамыту жөніндегі комитет отырысында елдің өзін сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейіне қатысты мәселе көтерді.

Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Жәнібек Керималиев Қырғызстан өзін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырғанын айтып, өндірілген сүттің бір бөлігі Қазақстанға экспортталатынын мәлімдеді.

Алайда депутат бұл жағдайға наразылық білдіріп, Қырғызстаннан экспортталатын сүттің сапасына назар аударды. Оның айтуынша, елден нағыз, экологиялық таза сүт сыртқа кетіп, ал жергілікті тұрғындар ұнтақ сүт тұтынуға мәжбүр болып отыр.

- Бізде сүт жоқ, ұнтақ қана. Азаматтарымыз ұнтақ ішіп отыр. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құру қажет. Егер фермерлер Бішкекте сүт сататын шағын дүкен ашса, өнім бірден өтіп кетер еді. Біз, қала тұрғындары, не ішіп жүргенімізді де білмейміз. Ал өзіміздің экологиялық таза сүтіміз экспортқа кетіп жатыр, — деді Айсара Абдибаева.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе ішкі нарықтағы сапалы азық-түлікке қолжетімділік пен отандық ауыл шаруашылығын қолдау тұрғысынан қайта қаралуы тиіс.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Сарапшы: теңге бағамы кез келген сәтте күрт құлдырауы мүмкін

Қаржы сарапшысы Борис Бойко теңге бағамы жуық арада-ақ күрт әлсіреуі мүмкін деп есептейді. Оның айтуынша, бұл өткен аптада доллардың айтарлықтай "күш алуынан кейін" болуы мүмкін.

Теңге үшін шешуші кезең

ATLAS Capital макроэкономикалық талдау бөлімінің басшысы өз пікірін National Business Kazakhstan басылымына берген сұқбатында айтты. Борис Бойконың сөзінше, ұлттық валютаның нығаюына және доллар бағамының 500 теңгеден төмен түсуіне негізгі екі фактор әсер еткен: салық төлеу кезеңінің жақындауы және Ұлттық қордан бюджет трансферттерін қамтамасыз ету үшін валютаның сатылуы.
Оның айтуынша, ақпан айында мұнай-газ және тау-кен саласындағы ірі экспорттаушыларды қоса алғанда, салық төлеушілер 2025 жылдың төртінші тоқсаны мен екінші жартыжылдығы үшін салық есептілігін тапсыруы тиіс. Осы мақсатта компаниялар валюталық түсімдерін жаппай теңгеге айырбастайды.

— Осы себепті ақпан айы дәстүрлі түрде теңгеге деген сұраныс ең жоғары кезеңге айналады, әсіресе айдың ортасында. Валюта нарығы бұл үдерістерге алдын ала әрекет етеді, сондықтан ай басында теңге күрт нығайды, — дейді сарапшы.

Борис Бойко бұған дейін де мұндай жағдайлар болғанын атап өтті. Ақпан айында теңге уақытша нығайып, кейін қайтадан бұрынғы деңгейіне «шегінген».

— Біз ақпанда ұлттық валютаның қысқа мерзімді нығаюын бірінші рет көріп отырған жоқпыз. Бұл көбіне техникалық факторларға байланысты. Алайда қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, доллар/теңге бағамының қазіргі деңгейі шамадан тыс мықты деп санаймыз, — деді ол.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2❤1
АҚШ Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерді басып алды

АҚШ әскери күштері Батыста Ресейдің «көлеңкелі флотының» бір бөлігі саналып жүрген Aquila II мұнай танкерін тоқтатты. Операция 9 ақпанға қараған түні жүргізілген.

Америкалық тараптың дерегінше, кеме санкциялық режимді бұзған, яғни мұнайды шектеулерді айналып өтіп жеткізуге қатысқан. Танкер қудалаудан қашпақ болғанымен, оның бағыты анықталып, кейін кеме тоқтатылып, бақылауға алынған. Әскери ведомство өкілдері мұндай операцияларды әлемнің кез келген нүктесінде — теңізде, әуеде және құрлықта — тоқтатуға қабілетті екенін мәлімдеді.

ТАНКЕР ТУРАЛЫ

Aquila II бұған дейін-ақ АҚШ, Еуропалық одақ, Ұлыбритания, Канада, Швейцария және Украина санкцияларына іліккен. Салалық мониторингтік ресурстардың мәліметінше, кеме Sunne Co Limited компаниясымен байланысты. Бұл компанияға Вашингтон 2025 жылдың басында Ресейдің энергетика секторындағы қызметі үшін шектеулер енгізген. Танкер санкцияларды айналып өту схемаларын пайдаланып, Ресей мен Венесуэла мұнайын тасымалдады деген күдікке ілінген. Бұған дейін мұндай кемелердің жиі транспондерлерін өшіріп, өз орналасқан жерін жасыратыны хабарланған. Aquila II Ресей мен Венесуэла порттарынан Қытайға және өзге елдерге мұнай жеткізумен байланыстырылады. Ашық кеме дерекқорларында танкердің тіркелуі мен туына қатысты мәліметтер бір-біріне қайшы. Америкалық тарап бұл операцияны заңсыз теңіз мұнай тасымалдарына қарсы күрестің бір бөлігі ретінде бағалап отыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😁1
Енді жоғары лауазымды тұлғалар да бір мерзімге сайланады: Конституцияға тағы бір өзгеріс енгізіледі

ЖАҢА АТА ЗАҢ КЛЕПТОГРАФИЯҒА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық кеңестің кезекті отырысында  жоғары лауазымды тұлғалар бір мерзімге сайланатытын мәлімдеді. 

 - Енді жоғары лауазымды бірқатар қызметкерлер үшін бірыңғай мерзім белгіленбек. Бұл Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі. Президенттен бөлек Бас прокурор, Жоғарғы соттың төрағасы және Конституциялық соттың төрағасы бір ғана мерзімге сайланады. Бұл басқарушы элитаның жаңаруына, жаңа кадрларды тартуға ықпал етеді,  – деді Мемлекеттік хатшы.

Қаринннің айтуынша, мұндай норма барлық Конституцияларда кездесе бермейді және басқа елдер үшін үлгі бола алады. 

 - Мұндай өзгеріс басқарушы элитаның жиі ауысып тұруына, қызметке басқа тұлғалардың келуіне жол ашады. Бұл көптеген Конституцияда кездеспейтін, басқаларға да үлгі болатын норма және 2022 жылғы референдумда енгізілген Президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметші болуына, квазимемлекеттік секторда басшы лауазымын атқаруға тыйым салынады деген нормамен де үйлесіп тұр, - деді ол.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2🤔2🤣1
Кубаға ұшақтар ұшпай қалуы мүмкін

Мән-жай

9 ақпанда Куба үкіметі халықаралық әуе тасымалдаушыларын ел аумағында авиациялық отынның сейсенбі күні толық таусылатыны жөнінде ескертті. Гавана билігінің хабарлауынша, кемінде 11 наурызға дейін, яғни бір айға жуық уақыт бойы ұшақтарды жанармаймен қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Алайда бұдан екі күн бұрын ресми өкілдер елдегі отын тапшылығы әуе қатынасының жұмысына әсер етпейді деп мәлімдеген болатын.

Кейінгі жылдары Кубаны Николас Мадуро басқарған Венесуэла жанармаймен қамтамасыз етіп келген. Бірақ былтыр желтоқсанда АҚШ Венесуэладан мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауды тоқтатып тастаған. Жағдай АҚШ Мадуроны ұстап әкеткеннен кейін де өзгермеген.

Бұдан өзге, АҚШ билігі биыл қаңтарда Кубаға жанармай бермеуді көздейтін шаралар қабылдайтынын мәлімдеген. Вашингтон аралға жанармай жеткізген елдерге қосымша баж салығын енгізуі мүмкін екенін ескерткен.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жалақыны өсіру, қаржылық жүктемені азайту: Бектенов 2026 жылы неге басымдық берілетінін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Үкімет басшысының айтуынша, азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейді. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету.

- Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында қаржылық, салықтық және басқа да ынталандыру шаралары көзделуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған , - деді Олжас Бектенов.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁3❤1
Шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек беріледі : Үкіметте жеңілдік пен қолдау шаралары кімдерге көрсетілетіні айтылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар түрлі әлеуметтік төлемдердің көптігі мен бірізді жүйенің болмауы және тиімді бақылаудың жоқтығы шығындардың негізсіз өсуіне ықпал еткені айтылды. Бұл өз кезегінде бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына және кей жағдайларда жымқырылуына алып келді.

- Атқарылған жұмыстардың арқасында соңғы екі жылдың өзінде шамамен 288 млрд теңгенің тиімсіз игерілуіне тосқауыл қойылды. Сіздің Turkistan газетіне берген сұхбатыңызда және Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылғандай, бүкіл сала реформалауды қажет етеді. Осы орайда келесі шаралар қабылдануда: әлеуметтік көмек түрлерін біріктіру және бірізді жүйеге келтіру процесі жүргізілуде; білім беру қызметтері цифрландырылуда. Бұл нысандарды салудан бастап жан басына сәйкес қаржыландыруға дейін барлық кезеңді қамтиды; әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы қайта қаралуда, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Тоқаев инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіруді тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдында уақыт оздырмай шешетін бірқатар міндетке тоқталды.

Тоқаевтың айтуынша, инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру қажет.

 – Оның шарықтап кетуіне жол бермеу керек. Инфляцияның не себепті жоғары болып тұрғаны белгілі, кеселдің себебі анықталды. Енді осы мәселені шешу керек. Бірақ ұсынылатын шаралар елдің дамуына кері әсерін тигізбеуі қажет. Дәл осы тұста түрлі пікір айтылып жатыр. Үкімет пен Ұлттық банкке бірлесіп нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді тапсырамын. Осы маңызды жұмысқа барлық мекеме өкілдері мен сарапшылар қатысуға тиіс. Тағы да қайталап айтамын: қолайсыз ахуалды шұғыл ретке келтіру қажет. Биылдан бастап үш жыл қатарынан инфляцияны төмендету үшін нақты шаралар қабылдау керек. Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын сапалы орындау айрықша маңызды. Мәселені шешудің орнына бос сөзді көбейтіп, қажетсіз «жол карталарын» әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз. Алдын ала ескерту: ондай жағдайда қатаң шара қолданылады. Халықтың табысы артса ғана, нақты нәтижеге қол жеткіздік деп санауға болады, – деді Президент. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩3
"Назарбаевтың табанды еңбегінің арқасы": Тоқаев қолданыстағы Конституцияға баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы Конституцияның маңызы, оның елдің қалыптасуындағы рөлі және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі туралы айтты.

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі Конституциямыздың мән-маңызын ешкім жоққа шығармайды.

 – Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұрғаны сөзсіз. Бұл – тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегінің арқасы. Дегенмен бұл құжат еліміз енді ғана еңсесін тіктей бастаған кезде қабылданғанын ескерген жөн. Онда Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиын күндердің ізі бар. Солай болуы да заңды. Сол кезден бері еліміз адам танымастай өзгерді. Болашағымызға көбі күмәнмен қараса да, Қазақстан халықаралық беделі жоғары, мықты мемлекетке айналды. Қазір әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық, технологиялық ахуал түбегейлі өзгеріп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстан да көптеген өзгерісті бастан өткерді. Бұл өзгерістер ұлт санасына ықпал етті, тіпті, зор сілкініс әкелді десек, қате болмас. Сондықтан еліміздің мақсат-міндеттерін, құндылықтары мен қағидаттарын заман талабына сай, конституциялық деңгейде жаңғырту айрықша маңызды, – деді Президент.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮3❤2
Бектенов үкіметі екі жылда не бітірді?

Қазақстанда осыдан тура екі жыл бұрын Үкімет ауысты. Мұны жоспарлы саяси рокировка десе де болады. Әлихан Смайыловтың үкіметі отставкаға кетіп, премьер-министр қызметіне Олжас Бектенов келді. Ол ел тарихындағы ең жас үкімет басшысы, «таза» технократ деген беделі бар, жемқорлықпен күресетін органды басқарған. Алайда өзі жаңа болғанмен, командасы көнекөз, сары сүйек шенділер болып қалды. Жалпы алғанда 20-дан астам министрдің тек төртеуі ғана ауысты. Жаңа да ескі үкімет бірден экономиканы тұрақтандыруға, сыбайлас жемқорлықпен күреске және тиімділікке басымдық беретінін мәлімдеді.

Ал осы екі жылда іс жүзінде не өзгерді? Бектенов командасы елді орнықты өсім траекториясына шығара алды ма, әлде бұрынғы үкіметтер секілді сол баяғы қателіктерді қайталады ма? Осы сұрақтарға жауапты Ulysmedia.kz тілшісі іздеп көрді.

Экономика: есеп үшін пайыздар

Бектенов кабинетінің толық бір жылдық жұмысына (өткен 2025 жыл) «Стратегия» орталығының экономистері «қанағаттанарлық» деген баға берді, яғни 5 баллдан – 2,77. ЖІӨ өсімі 6,3-6,5% деңгейінде. Бір қарағанда әсерлі естіледі әрі қазіргі үкіметтің басты жетістігі ретінде жиі айтылады. Алайда тереңірек үңілсек, халықтың әл-ауқатынан басқа бәрі өсті. Негізгі драйверлер – өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығы. Бірақ 2025 жылдың соңына қарай сауда, құрылыс және металлургия салаларында баяулау байқалды. Ең бастысы, сарапшылар әл-ауқаттың өсуі ЖІӨ өсімінен қалып қойғанын ашық айтты. Бұл не деген сөз? Экономика бойына қан жүгірді, бірақ қарапайым қазақстандықтарға одан түк те пайда болған жоқ.  Халықтың нақты табысы өскен күннің өзінде, ол өсімді басқа, әлдеқайда қауіпті көрсеткіш – инфляция түгелдей жұтып қойды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮2❤1💯1
Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияда тұрғын үйден шығару тек сот шешімімен ғана жүзеге асырылатыны жөніндегі норманы енгізуді ұсынды.

Президенттің айтуынша,  түптеп келгенде, ұсынылып отырған өзгерістердің арқауы – бір. Бұл – адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

 – Бұл – жалаң сөз емес. Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін және оның нақты жолдары айқын көрсетілетін біртұтас жүйе қалыптастырамыз. Мысалы, адвокаттардың ұсынысымен Ата Заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды. Жаңа Конституция жобасында білім беру жүйесіне баса мән беру арқылы мемлекеттің зайырлы сипаты да нақтылана түсті. Ал «Неке – еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы бірлестігі, яғни одағы» деген тұжырым арқылы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалу мақсаты көзделді. Конституция жобасында табиғатты қорғау мәселесіне де назар аударылды. Меніңше, бұл – өте маңызды нәрсе, – деді Тоқаев.

Президент түзетулердің ішіне тағы бір аса қажетті норманы енгізу керектігін айтты.

- Қазіргі Конституцияда «Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді» деген ереже бар. Осы ережені «тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға» да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтырған жөн. Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма. Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұраймын. Тұтастай алғанда, Негізгі Заң жобасында Қазақстанның қарқынды дамуына, ұлтымыздың ұйысуына қажетті іргелі қағидаттар мен құндылықтар толық қамтылған, – Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👏1
Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды.

Президент айтуынша, салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады.

- Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Аталған жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыруды бұған дейін қанша талап етсек те, сол күйі жасалмады. Бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі – осы. Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын, – деді Президент.

Тоқаев Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйесін құру жұмысын аяқтауды тапсырды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤣3
"Қазір қорқыныштан қалтырап отыратын емес, нақты жұмыс істейтін заман": Президент шенеуніктерді сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысында шенеуніктерді «қорқыныштан дірілдемей, өз міндетін орындауға» шақырды.

Президент жедел даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс екенін айтты.

 – Бұл – Smart City қағидатына сәйкес барлық салаға озық инновациялар енгізу, жасанды интеллекті мен цифрлық технологияны қолдану деген сөз. Онда капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалып, жаңа, батыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін үздік реттеу режимін қалыптастыру қажет. Осы маңызды мәселе бойынша менің тапсырмаммен Конституциялық заң әзірленіп, Парламенттің қарауына ұсынылды. Маған Ұлттық банк пен Қаржылық мониторинг агенттігі бұған қарсылық танытқаны туралы баяндалды. Бұл Конституциялық заң қабылдауға мүмкіндік бермейді. Алайда менің төрағалығыммен өткен жиында мұндай пікір айтылмаған еді,  – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, мемлекеттік органдардың қорқу мен қарсылық білдіруі — шынайы өмірден алыс иллюзиялардың жемісі. Егер қандай да бір орган жаңа ұсыныстармен келісіспесе, ол туралы тиісті құжатты оған жіберулері тиіс.

- Егер сіздерде қандайда бір қауіп не қарсылық болса, маған қағаз жүзінде ұсыныс беріңіздер. Тиісті тапсырма беремін. Бірақ, менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын бос әңгіме секілді. Мен жауапкершілік алудан қашпаймын, ал сіздер конференцияларда ділмәрсіп, сөз сөйлеп жүре беріңіздер. Қазір қорқыныштан қалтырап отыратын емес, нақты жұмыс істейтін заман. Бұл – еліміз үшін бірегей жоба. Сондықтан Үкімет оның басы артық бюрократиясыз, кідіріссіз әрі сапалы дамуын қамтамасыз етуі керек, - деді Президент.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮4🔥2🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе – Астрахан тас жолында ірі көлік апаты болды. Зардап шеккендер бар

Ақтөбе – Астрахан тас жолында ірі жол көлік апаты болды. Желіде тараған видео ондаған көліктің соқтығысқаны көрінеді.

Мән-жай

Ақтөбе облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, көлік апаты салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

«Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін қатаң сақтау, қауіпсіз жылдамдық пен интервалды таңдау, әсіресе күрделі ауа райы жағдайларында сақ болу қажеттігін еске салады», – делінген ведомство хабарламасында.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Бизнеске берілетін несиелердің үлесі төмен деңгейде қалып отыр, банктер еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты – Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске берілетін несиелердің үлесі тұрақты түрде төмен 38% деңгейінде қалып отырғанын,  банктер тек 2025 жылдың өзінде-ақ еш қиналмай шамамен 3 трлн теңге табыс тапқанын айтты.

Тоқаев жаңа инвестициялық кезеңнің тиімді жүзеге асуы көбіне қаржы секторының белсенді атсалысуына байланысты екенін мәлімдеді.

- Бүгінде еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84 пайызы банк саласына тиесілі. Дегенмен бизнеске берілетін қарыз үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Не бары 38 пайызды құрайды. Ал екінші деңгейлі банктер былтыр «шыбық басын сындырмай», еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты. Банктер экономиканың негізгі қаржыландыру көзі ретінде өзінің заңды рөліне оралуы үшін жағдай жасау қажет дегенді талай рет айтылды. Бірақ сылтау таусылмайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерге куә болдық. Ірі, жүйе құраушы банктер мемлекет тарапынан орасан зор көмек берілгеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырап, тура мағынасында 1 долларға сатылды. Қазір банктердің өзіне тартатын қаржы ресурстарының құны жоғары деген әңгіме айтыла бастады. Олардың экономиканы қаржыландыруына осы кедергі келтіріп отыр-мыс. Демек экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жалғыз жолы – инфляцияны тұрақтандырып, деңгейін төмендету, содан кейін нарықтық мөлшерлемені азайту, – деді Президент.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
"Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек": Тоқаев Үкіметке ескерту жасады

Үкіметтің су тасқынына дайындық ретінде қазірден нақты іс-қимыл жоспары болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Президент биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтып, Үкіметке ескерту жасады.

«Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтуда. Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек.Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді. Бізде қажетті технологияның бәрін пайдалануға мүмкіндік бар. Тек соның барлығы қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолданылады деген сұрақ туады. Мәселе – сонда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы қажет. Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек. Көктем де келіп қалды», – деді Тоқаев. 

Президент Үкіметке әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2🤮2
Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартады - Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартатынын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, жаңа Конституция жобасына енген нормалар Қазақстанның саяси жүйесінің даму қисыны мен бірізділігін бекітеді. 

- Ол, ең алдымен, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделеді. Соңғы жылдардағы саяси реформаларға кеңінен қарасақ, Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартып, беделді әрі ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшкеніне көз жеткізуге болады, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер – осы үдерістің заңды жалғасы. Соңғы жылдардағы саяси жаңғыртулар, соның ішінде 2022 жылғы конституциялық реформа мемлекетіміздің конституциялық негізін толық қайта құру қажет екенін көрсетеді.

-  Шын мәнінде, бұл – мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру деген сөз. Ұсынылған түзетулер билік құзыреттерін қайта бөлуге, тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі теңгерімді күшейтуге, ең бастысы, барлық саяси институттардың тиімділігі мен орнықтылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасында «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындала түсті. Біз 2019 жылдан бері дәйекті түрде осы жолмен жүріп келеміз, – деді Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣9🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Қосшыдан басшы көп": Президент ұлттық компания басшыларын сынға алды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме өткізгенін, енді компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керектігін мәлімдеді.

“СОЛ ЖАҒАЛАУДЫҢ” АДАМДАРЫНА ТОЛЫП ҚАЛҒАН

Президенттің айтуынша, бізге жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет. Бұл стратегияда, ең алдымен, жоғары технологиясы бар заманауи өндірістер ашуға басымдық берілуге тиіс.
 
- Осы тұрғыдан алғанда, жеке бизнес айрықша рөл атқарады. Кәсіпкерлер экономикамызға сапалы инвестиция салу арқылы жұмыс орындарын ашады, жұрттың табысын арттыруға үлес қосады. Біз «Бәйтеректі» инвестициялық холдинг ретінде қайта құрдық. Мұндай қадамның нақты себебі болды. Холдинг нарықтық экономикаға серпін беруде, бірақ бұл қадам жеке бастамаларды шектемеуге тиіс. «Самұрық-Қазына» қорына да дәл осындай талап қойылады. «Самұрық-Қазына» қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды. Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей «Сол жағалаудың» адамдарына толып қалған. Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды, – деді Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣7🔥3
"Әркім өз білгенін жасағанды қою керек": Қазақстанда барлық бюджет бағдарламалары тексеріледі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ тексеруді тапсырды.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТЕКСЕРІЛЕДІ

Президент фискалдық саясаттың тиімділігіне, ең алдымен, бюджетті ретке келтіріп, қаржы тәртібін қатаң сақтау арқылы қол жеткізуге болатынын айтты.

- Мемлекеттің тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарау қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Мұны орындауды созбалаңға салмаңыздар. Бұл істе Қаржы және Экономика министрліктері қатаңдық пен табандылық танытуы керек. Бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейткеніміз дұрыс. Үкімет пен әкімдер бюджеттің игерілмей қалуынан қауіптеніп, жобаларға қаржы бөлу тәжірибесін доғаратын кез келді. Ең сорақысы, мұндай шешімдер субъективті түрде қабылданып, қаржы таңдаулыларға ғана беріледі. Тоқетері, әркім өз білгенін жасағанды қою керек. Енді мұндайды мемлекет мүддесіне қасақана қарсы әрекет ету деп қарастырамыз, – деді Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM