ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістандағы колледжде қыздарды жатақхананың едені мен дәретханасын жууға мәжбүрлеген

Бұл туралы қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы жазды. Оқиға Түркістан қаласындағы Көпсалалы индустриялды техникалық колледж жатақханасында болған. 

- Мынау не масқара? Кішкентай қыздарды көшеге қуғаны қалай? Түркістан қаласы, Абай көшесі 81/5 мекенжайында орналасқан Көп салалы индустриялды техникалық колледж студенттері бізден көмек сұрап отыр. Айтуларынша студенттерге жатақхананың полы мен дәретханасын жудырып, тазалауға мәжбүрлейтін көрінеді. Ұл балдар жататын бөлмелерді де мәжбүрлеп тазалатады екен. Егер тазаламасаңдар жатақхананы босатыңдар дейді. Ол қыздар көшеде бір жағдайға ұшырап қалмасына кім кепіл?, – дейді ол. 

БАСҚАРМА НЕ ДЕЙДІ

Бұл жайтқа қатысты Түркістан облыстық білім басқармасынан түсініктеме беруін сұрадық. Түркістан облысы білім басқармасы аталған жағдайды бақылауға алып, арнайы комиссия құрып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡5👍2🤬2
БҚО-да шенеунік жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында мектеп оқушысы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қылмыс бір айдан астам уақыт бұрын болғанымен, күдікті әлі күнге дейін ұсталған жоқ.

Жасөспірімді жоғары лауазымды шенеунік зорлаған. Алайда оның аты-жөні жарияланбай отыр.

— Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттері кешені жүргізілгеннен кейін шешіледі, — деп мәлімдеді полиция департаменті.

ҚОҚАН-ЛОҚЫ ЖАСАЛҒАН

Зардап шеккен қыздың әкесі «УН»-ға оқиғаның кейбір жай-жапсарын айтып берген. Оның сөзінше, 2 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызын алдап үйіне шақырып, зорлаған.

— Ол жасаған ісін мойындады, қызым да оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал содан кейін маған телефон арқылы қоқан-лоқы көрсете бастады. Біз қарапайым адамдармыз, адвокатты жақында ғана жалдадық. Ақша жинадық, – дейді қыздың әкесі.

Оның сөзінше, полиция бұл іске салғырт қарап отыр. Ер адам тергеу тоқтап қала ма деп қауіптеніп отыр. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬6👎3❤2😡2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда конституциялық реформалар бойынша референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Қоғам қандай консенсусқа келді?

Жаңа вице-президент Дариға Назарбаева болады деген сыбыстың артында кім тұр? Халықтың шынайы пікірін білдік.

📹Толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре отырыңыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2😡1
Украинадағы соғыс басталғалы 4 жыл: БҰҰ мәлімдеме жасады

Бүгін, 24 ақпанда, Украинадағы ауқымды соғыстың басталғанына төрт жыл толды. Осы күнге байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеме жасап, Ресейдің басып кіруі БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын бұзғанын еске салды.

Оның айтуынша, соғыс «ортақ санамызға түскен даққа» айналып, тек өңірлік емес, жаһандық қауіпсіздікке де қауіп төндіруін жалғастырып отыр. Ол қақтығыс жыл өткен сайын қантөгіске ұласып келе жатқанын атап өтті. БҰҰ басшысының мәлімдеуінше, 2025 жылы соғыс басталғалы бері бейбіт тұрғындар арасындағы қаза тапқандар көбейген.

– Мен әділ, берік және жан-жақты бейбітшілікке апарар алғашқы қадам ретінде дереу, толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуға тағы да шақырамын, – деді Гутерриш.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бейбіт келісім БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және бұрын қабылданған резолюцияларға негізделуі тиіс. Ол Украинаның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына құрмет көрсету қажеттігін де бөле-жара атап өтті. БҰҰ басшысы ұйым соғысты тоқтатуға және әділ бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған кез келген бастамаға қатысуға дайын екенін қосты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
«Қазақстан біз үшін үйге айналды»: шешендер мен ингуштар депортацияны қалай өткерді

1944 жылғы 23 ақпанда «Чечевица» операциясы басталып, шечшндер мен ингуштарды жаппай күштеп көшіру науқаны болды. Бірнеше күннің ішінде жүздеген мың адам туған жерінен зорлықпен әкетілді. Жер аударудың негізгі бағыты Қазақстан болды. Әртүрлі дерекке сүйенсек, бұл жаққа 400 мыңнан астам адам жіберілген.

Операция түн ішінде басталған. Әскери қызметкерлер үйлерге баса-көктеп кіріп, қару кезеніп, адамдарды далаға шығарған. Адамдарға жиналуға санаулы минут қана берілген. Өздерімен бірге алып үлгермеген дүние-мүлік сол жерде қалды не жойылған. Кейін адамдарды жүк вагондарына тиеп, шығысқа қарай ұзақ жолға жөнелткен. Көп адам бұл жолды да, жер аударудың алғашқы жылдарын да көтере алмады.

Қазақстанға жеткізілгендерді кей жағдайда тіпті далаға түсіріп кеткен. Тұратын баспана жоқтың қасы болды. Адамдар жер қазып, жертөле салды, саманнан үй тұрғызды, жаңа ортада күн көруге үйренді. Аштық, суық пен ауру мыңдаған адамның өмірін қиды.

Бүгінде сол ауыр кезеңді депортацияға ұшырағандардың ұрпақтары еске алады. Жақында интернетте Шешенстанда тұратын қарт әйелдің естелігі жазылған видео тарады. Жазбаны оның немересі жариялаған. Әйелдің айтуынша, жер аудару кезінде өзі небәрі төрт жаста болған. Ол анасыз қалып, Қазақстанда өсіп-жетілген.

– Қазақтар шешендерге әрдайым мейірімді болды. Халқымызды Қазақстанға жер аударғанда, олар бізді жанашырлықпен қарсы алды, – деп еске алады ол.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Ресей-Украина соғысына 4 жыл: үміт пен күдік күресі

1461 күн. Ресейдің арнайы әскери операция деп атаған Украинаға басып кіру әрекетіне осынша уақыт өтіпті. Үш күнде аяқталады деп масайраған Путин сөзі желге ұшты, талай әскері жер құшты. Төрт жыл өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қан қасап соғыс Еуропа құрлығын тағы шарпыды. 2022 жылғы 24 ақпанда алғашқы ресейлік танкілер Украина шекарасынан өткен сәттен бастап, әлем өзгерді. Бірақ сол кезде бұл локальды қақтығыстың немен аяқталатынын ешкім болжай алған жоқ. Барлығы тез шешіледі деп күтті, алайда тығырыққа тірелді.

Әлем «ядролық апокалипсистен сақта» деп отырғанда, дрондар соғыстың басты құралына айналып, санкциялар «әй, қойсайшы» немесе «болмадың ғой, міне саған» деген дөң-айбат көрсетудің амалы болып шыға келді. Осынша уақыт өткенде әлем қалай өзгерді, Ресей мен Украина хәлі нешік – Ulysmedia.kz тілшісі саралап көрді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда екі трансвестит ВИЧ-ті әдейі жұқтырумен айналысқан

Атырауда полиция қызметкерлері АИТВ-инфекциясын әдейі таратты деген күдікпен 23 және 28 жастағы екі транс-персонаны ұстады.

Атырау облысының полиция департаменті мәліметінше, күдіктілер 2025 жылдың желтоқсан айынан бері арнайы медициналық есепте тұрған және өздерінде АИТВ бар екенін білген. Соған қарамастан, олар ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған.

ҚАМАУ

Жедел іс-шараларды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бұл дерек бойынша АИТВ-инфекциясы бар екенін біле тұра, басқа адамға әдейі жұқтырды деген баппен қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, ықтимал жәбірленушілердің саны анықталуда.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮10❤1👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Украинаны қолдауды жалғастырамыз" - ЕО елшісі

Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясы Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Делегация Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясына төрт жыл толуын еске алды.

- Біз украин халқының бастан өткерген қиындықтарын, сондай-ақ он екі жылдан астам уақыт бойы көрсетіп келе жатқан батылдығы мен төзімділігін ұмытпауымыз керек. 2014 жылы Қырым заңсыз қосып алынды. Содан бері олар бейбіт өмір көрген жоқ. Сондықтан біз, Еуропалық Одақ Украинада ұзақ мерзімді әрі тұрақты бейбітшілікті қолдауды жалғастырамыз, – дейді Қазақстандағы Еуропалық Одақтың елшісі Алеcка Симкич. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Білмеймін". Министр Сапаров бауырының субсидия алғаны туралы жауап бермеді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бауырының субсидия алуына қатысты сұраққа жауап берді.

Бұл мәселені журналистер үкіметте өткен брифинг барысында сұрады. 

- Нақтылап өтсеңіз: сіз 2023 жылы министр қызметіне келген кезде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін көп туыстарыңыздың ешқайсысы субсидия алмайды деп уәде берген едіңіз. Алайда 2019–2020 жылдары ағаңыз Алтынбек Сапаров бюджеттен 713,5 миллион теңге алғаны белгілі. Соңғы үш жылда сіздің туыстарыңыз субсидия алды ма?, – деп сұрады журналист. 

ЖАУАП

Министрге бұл сұрақ ұнамаған секілді. Себебі ол бұл жеке сұрақ екенін айтып, олардың жауабын бұған дейін айтқанын жеткізді. 

- Менің ол жерге ешқандай қатысым жоқ. Мен ол жерде құрылтайшы емеспін. Олар өз жұмыстарын өздері жасап жатыр. Мен ол жерге қатыспаймын да, білмеймін де, кіріскім де келмейді. Мен оны бүгінгі күні қарап жатқан жоқпын, білмеймін, – дейді министр. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬4❤2
«Екі қызды зорлады» - БҚО-дағы шенеунікке қатысты тың деректер белгілі болды

Батыс Қазақстан облысындағы жанжал ушығып барады. Бұған дейін аудандық әкімдік қызметкері 16 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған еді. Бұл туралы жәбірленушінің әкесі айтқан. Кейінірек жасөспірімнің анасы шағымы жоқ екенін мәлімдеп, қызы интимдік қатынасқа өз еркімен түскенін айтқан. Алайда енді әкесі қайтадан ашық мәлімдеме жасап, жәбірленушілер саны одан да көп болуы мүмкін екенін, істі «жабуға» тырысып жатқанын айтты. Ulysmedia.kz қазіргі таңда белгілі болған деректерді жинақтады.

Не болған еді? 

Кеше аудандық әкімдіктің ірі шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Шыңғырлау ауданының тұрғыны мемлекеттік қызметкер қызына зорлық жасағанын айтып, істің жабылып қалуынан қауіптенетінін жеткізген.

– Ол өз кінәсін мойындады, қызым оны таныды. Бірақ полиция оны үйіне жібере салды. Ал кейін ол маған қоқан-лоққы көрсете бастады, – деді қыздың әкесі.

Бүгін 16 жастағы қыз бен оның анасы айыптаудан бас тартқаны белгілі болды. Олардың айтуынша, қарым-қатынас екі жақтың келісімімен болған. Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы — «Кәмелетке толмағанды зорлау» бойынша іс тіркелгенін растады. Алайда департамент өкілдері:

– Тергеу барысында хат алмасулар мен басқа да материалдар зерттелді, кәмелетке толмағанға қатысты зорлық белгілері анықталған жоқ, – деп мәлімдеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🤬2
Ұлыбритания «Транснефтьке» қарсы санкция енгізді

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Ресейге қатысты санкциялар тізімін жаңартып, оған 240 ұйымды, 50 кемені және жеті адамды қосты. Тізімге, атап айтқанда, Транснефть, «Точка Банк», Газпром СПГ Портовая, «Росатомның» бірқатар құрылымдары, сондай-ақ Қытай, Үндістан, БАӘ және Таиландта тіркелген компаниялар енгізілген.

«Транснефтьке» қатысты санкциялар компания активтерін бұғаттауды көздейді. Сонымен қатар шектеулер сенімгерлік қызмет көрсететін жеткізушілерге және компания басшылығына да қолданылған.

Сонымен қатар, «Транснефтьпен» қаржылық операциялар жүргізуге уақытша рұқсат беретін лицензия 9 сәуірге дейін жарамды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7
ULYSMEDIA.KZ
Прокуратура шешенстандық оппозиционерді Ресейге тапсыруға келісті Адвокат Мұрат Адам Шешенстандық оппозициялық белсенді Мансұр Мовлаев ісіне қатысты Қазақстанның Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қабылдаған шешіміне түсініктеме берді. Адвокаттың…
Шешенстандық оппозиционер Мовлаев экстрадицияланбайтын болды

Бұл туралы адвокат Мұрат Адам хабарлады. 

- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Мансур Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты! Әріптестерді, Мансурды және өмір үшін жүріп жатқан күресте оны қолдап жүрген барша жанды құттықтаймын, – дейді адвокат. 

БҰҰ

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мансур Мовлаевке қатысты іс бойынша шұғыл шара қабылдап, Қазақстан Республикасына оны Ресейге экстрадициялаудан уақытша бас тартуды міндеттеген болатын. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🇮🇷Егер Трамп соққы жасауға бұйрық берсе, Иран не істейді? Қазірдің өзінде Тегеран мен Вашингтон арасындағы шиелініс 2003 жылғы Ирак соғысының алдындағы кезеңмен салыстырылып жатыр.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢2
АҚШ 4 шілдеге дейін Украина бойынша бейбіт келісімге жетуі мүмкін

4 шілде — АҚШ-тың Тәуелсіздік күні.
Bloomberg дерегінше, одақтастар АҚШ бұл келісімді елде 4 шілдеде атап өтілетін Тәуелсіздік күнінің 250 жылдығына дейін жасауға ұмтылып отырғанын айтады.

– Одақтастардың айтуынша, АҚШ 4 шілдеде өтетін Тәуелсіздік күнінің 250 жылдығына дейін келісімге келуге тырысып жатыр, – деп жазады басылым.

Алайда дереккөздердің айтуынша, Ресейдің өзіне маңызды талаптарға сай келмейтін келісімге баруға дайын екеніне әзірге ешқандай белгі жоқ.

Сондай-ақ Абу-Дабиде және Женевада өткен келіссөздердің барлық кезеңі әзірге қақтығысты шешуге алып келген жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ULYSMEDIA.KZ
Атырауда жоғалған отбасы ісі: күдіктінің балалары мемлекет қарауына алынды Атырау облысындағы Жангелдин ауылы тұрғындарының өліміне күдікті адам әлі іздестіріліп жатыр. Осыған байланысты оның кәмелетке толмаған бес баласы уақытша мемлекет қамқорлығына алынды.…
Атыраудағы қанды оқиға: марқұмдардың қызы мен күйеу баласы Индонезияда ұсталды

Атырау облысында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен күйеу бала жұбайымен бірге Индонезияда ұсталды.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдікті Индонезияда ұсталған.

“Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды”, – делінген хабарламада.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Қазақстан қазынасына "әдемі" нөмірлерден 5,9 млрд теңге түскен

Қазақстанда көлік нөмірін өз қалауыңмен таңдау жобасы қазынаға қомақты қаржы түсірді.

Бір айдың ішінде ғана «әдемі» нөмірлерден бюджетке шамамен 5 миллиард 900 миллион теңге түскен. Ішкі істер органдарының мәліметінше, алғашқы айда 144 мыңнан астам өтініш қабылданған екен.

Оның 137 мыңына таңдаулы нөмер берілген. Айта кетейік, бір нөмірдің бағасы 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 43 мың теңге.

Қаңтардың басынан бері әдемі нөмір алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек көбейіп, ажитаж болғаны көпшілктің есінде. Кейін жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін мобильді қосымша арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі енгізілді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2😁2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілді

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды.

Әуежайда оны жүздеген жанкүйері күтіп алды. Сол жерде алтын жүлде иегеріне үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

Сондай-ақ сертификаттар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға, спортшының жеке бапкері Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасановаға берілді.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы спорт түрлерінен шыққан екінші Олимпиада чемпионы атанды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
«Проблемалық несиелер қорының» бұрынғы басқарма төрағасы қамауға алынды

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатқан, осының салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😁1