ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Нұрәлі Әлиев рухани ұстаз ба, әлде әулеттің жаңа жоспары ма?

Forbes Kazakhstan тізімінде шамамен 289 млн доллар байлығымен 39-орында тұрған 41 жастағы Нұрәлі Әлиев экс-Астана әкімінің орынбасары, «Транстелекомның» бұрынғы иесі, бүгінде Spark of Light («Жарық ұшқыны») атты рухани жобаның негізін қалаушы. Ол таңды тауда қарсы алады. Әңгімесі жарасқан жандарды тауда серуендеуге шақырады. Мұның бәрі тегін, тек алдын-ала тіркелу керек, сонымен бірге жұмыс орны мен лауазымын көрсетуі тиіс.

Алтын табақтан ас жеп өскен бала кенеттен рухани тақырыпқа бет бұрады деп кім ойлаған? Не түрткі болды?  Назарбаев әулеті тақтан түсіп, тарих қойнауына еніп бара жатқан тұста бұл жігіт нені көксеп жүр? Ulysmedia.kz тілшісі талдап көрді.

ПРОЛОГ

25 ақпан таңында Медеудегі фонтан маңына кіл қалталы адамдар жиналды. Оларды Іле Алатауының солтүстік беткейімен Горельник термалды қайнарына дейін жаяу көтерілу, мұздай өзенге шомылу, ал басты «сый» ретінде Нұрәлі Назарбаевпен қатар отырып таңғы ас ішу күтіп тұрды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣8🤮5🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Ауырмауға тырысу керек" - вице-министр МӘМС арқылы тегін дәрі сұрайтындар туралы

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов тегін дәрілерге қатысты сұраққа жауап берді.

Мәжіліс кулуарында журналистер көп дәрілер тегін дәрілер тізімінде жоғын, бірақ соған қарамастан халық МӘМС жарнасын төлеп отырғанын айтты. 

- Алдымен бәріміз салауатты өмір салтын сақтануымыз керек. Ауырмауға тырысу керек. Д3-тің адам ағзасына қаншалық қажет екеніне байланысты кейбір ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау бар. Егер Д3 қажет болса оны жасау керек. Барлық анализді дәрігердің айтуымен жасау керек. Науқас адам өзі барып “маған Д3 керек” деп айтпауы керек. Егер емханадағы дәрігер анализ, диагностика, басқа да нәрсеге бағыт жіберсе, біз олардың бәрін жасаймыз, – дейді Мұратов. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬11❤3👍2
ULYSMEDIA.KZ
Атыраудағы қанды оқиға: марқұмдардың қызы мен күйеу баласы Индонезияда ұсталды Атырау облысында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен күйеу бала жұбайымен бірге Индонезияда ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атыраудағы қанды оқиға: Индонезияда ұсталған ер адам мен әйелі екеуі де күдікті

Атырау облысында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен күйеу бала жұбайымен бірге Индонезияда ұсталды. ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта екеуі де күдікті.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің сөзінше, қазіргі уақытта екеуін елге алып келу мәселесі шешіліп жатыр. 

- Қазіргі таңда тергеу белсенді жүріп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалып, шаралар қабылданып жатыр. Халықаралық іздеу жарияланған кезде Интерпол, Қазақстанның полициясы бірлесіп, арнайы топ құрды. Сол топтың жұмыс нәтижесінде екеуі ұсталды. Екеуі де күдікті, – дейді Санжар Әділов. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Самал Ибраеваға жасалған кибершабуыл: іс халықаралық деңгейде

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға қарсы жасалған кибершабуылға қатысты тергеудің барысы жөнінде Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәлімдеді.

Халықаралық деңгей

Мәжілістің пленарлық отырысы кулуарында Ulysmedia.kz тілшілері вице-министрден бас редактор Самал Ибраеваның арызы бойынша қозғалған істің қай сатыда екенін сұрады.

– Самал Ибраеваның арызы тіркелді, қазір бұл істі Астана қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы қарап жатыр. Бірқатар халықаралық тергеу тапсырмалары жолданды. Тергеу жалғасуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, жақын арада тергеуші Самал Ибраевамен байланысып, істің барысы туралы ақпарат береді.

Редакция өкілдері халықаралық тергеу тапсырмалары жіберілгеніне қарап, шабуыл Қазақстан аумағынан тыс жерден жасалған болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.
Әзірге жалған хабарландыруларды орналастырған адамдар анықталмаған. Ал шетелге сұраулар Kyzdar.net сайтының иелері Қазақстаннан тыс жерде тұруы мүмкін деген болжаммен жолданған.

– Доменнің тіркелуі туралы деректер бар, сайт Қазақстан аумағында орналаспаған. Осыған байланысты Бас прокуратура арқылы басқа мемлекеттердің аумағында бірқатар тергеу-жедел іс-шараларын жүргізу үшін халықаралық тергеу тапсырмалары жолданды. Қазір сол сұрауларға жауап күтіп отырмыз, – деп түсіндірді ІІМ вице-министрі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ULYSMEDIA.KZ
Кәрім Мәсімов Джеффри Эпштейннің құжаттарында бірнеше рет аталады Джеффри Эпштейн ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің есімі кемінде сегіз рет аталады. Атап айтқанда, оның аты электронды хаттарды қоса…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәсімовтің Эпштейн ісіне қатысы бары расталса, жазалана ма?

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек пен Ермұрат Бапи Кәрім Мәсімовтің есімінің Эпштейн құжаттарында аталуына қатысты пікір білдірді.

ЭПШТЕЙН ІСІ

Айта кетейік, Джеффри Эпштейн ісіне қатысты жарияланған құжаттарда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің есімі кемінде сегіз рет аталады. Атап айтқанда, оның аты электронды хаттарды қоса алғанда, құжаттардың бірнеше бөлігінде аталған. Бұл материалдар 2011–2015 жылдар аралығын қамтиды. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.

КОМИССИЯ

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ВИЧ жұқтырған ер адам 13 жастағы қызды зорлаған

Алматыда мектеп оқушысы жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Бұл туралы адвокат Ляззат Рақышева хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, қылмысты қыздың әкесінің танысы, отбасымен араласқан ер адам жасаған. Қыздың ата-анасы ажырасқан. Қазіргі уақытта анасы мас күйінде көлік басқарғаны үшін колонияда жазасын өтеп жатыр.

– Анасына бұл қылмыс туралы ешкім хабарламаған. Тергеу жүргізіліп, іс сотқа да жеткен. Бірақ бірде-бір орган оны құлағдар етпеген. Ол бар болғаны алты ай өткен соң ғана бәрін білген, – деді адвокат.

Осы уақыт ішінде, Ляззат Рақышеваның сөзінше, қызға әкесі, туыстары және күдіктінің адвокаты тарапынан психологиялық қысым жасалған. Соның салдарынан ол сотта бастапқы берген көрсетімдерін өзгерткен.

– Оны қайта көндірген. «Бұған өзің кінәлісің» деп сендірген. Сотта ол толықтай басқа жауап берді, – дейді адвокат
Адвокаттың айтуынша, қазір анасы да, қыз да психологиялық әрі құқықтық қолдаусыз қалған. Ал күдікті ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адам болып шыққан.

ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ

Алматы қалалық полиция департаменті Ulysmedia.kz редакциясына бұл қылмыстық істі Алмалы аудандық полиция басқармасы тергегенін хабарлады.

– Күдікті қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жан-жақты әрі объективті түрде жүргізілді. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу желтоқсан айында аяқталған. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрылтай құрылса, бір мандатты округтен сайланған депутаттар не істейді?

Жаңа Конституция жобасы бойынша 1 шілдеден бастап Парламент таратылып, бір палаталы Парламент – Құрылтай құрылады. Алдағы референдум өтіп, жаңа Конституция қабылданған жағдайда жаз уақытында Құрылтайдың құрамы бекітіліп, жаңа депутаттар сайланбақ. Ulysmedia.kz тілшісі бір мандатты округтен сайланған депутаттарды сөзге тартып, олардан алда қандай партия атынан сайлауға түспек ойы бар екенін сұрап көрді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Зеленский: келіссөздердің жаңа кезеңі наурыздың басында өтуі мүмкін

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтетін кезекті келіссөздерге қатысты болжамды мерзімді атады.

МӘН-ЖАЙ

Зеленскийдің айтуынша, үшжақты кездесу наурыз айының басында өтуі мүмкін. Оның алдында Украина делегациясының жетекшісі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров америкалық тарап Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен екіжақты кездесу өткізеді.

Украина президентінің сөзінше, екіжақты кездесуде бірнеше мәселе талқыланады.

Біріншісі — prosperity package, яғни Украинаны қалпына келтіруге арналған пакет және оның нақты тетіктері.
Екіншісі — Ресей қатысатын үшжақты келіссөздерге дайындық.

– Үшжақты кездесу, біздің ойымызша, наурыздың басында өтеді, – деді Владимир Зеленский.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Салықшылар енді азаматтардың несиесі мен шоттағы ақшасын көре алады

Енді салық органдары қазақстандықтардың қанша несиесі барын және банк шоттарындағы қаражат қозғалысын да бақылап отырады. Биылдан бастап екінші деңгейлі банктер Мемлекеттік кірістер комитетіне жеке тұлғалардың шотындағы қалдық сомалар туралы ақпарат беруге міндеттелді. Бұған қоса, банктер клиенттердің картасына терминалдар арқылы түскен қаражаттың есебін де жолдап отырады.

Қаржы министрлігі бұл талаптар жаңа Салық кодексінде қарастырылған деп түсіндірді. Негізгі мақсат — көлеңкелі кәсіпкерлікті анықтау.

Мемлекеттік кірістер комитеті қандай жағдайда тексеру жүргізілуі мүмкін екенін де нақтылап отыр. Ведомствоның жұртшылықпен байланыс хатшылық басқармасының сарапшысы Ұлдана Сүлейменнің айтуынша, егер бір шотқа қатарынан үш ай бойы 100 және одан да көп адамнан ақша түссе және жалпы сома ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, бұл кәсіпкерлік белгісі ретінде қаралады.

Сонымен қатар комитет өкілдері жеке мақсаттағы аударымдар, яғни көрімдік, байғазы немесе таныстар арасындағы ақша алмасу салықтық бақылауға жатпайтынын атап өтті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔3👎1
Түрмеде отырғандарға телефон қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі қоғамдық талқылауға шығарған бұйрық жобасында ішкі тәртіп ережелерін, соның ішінде сотталғандардың тәртібін бағалау жүйесін жаңарту көзделген. Қылмыстық-атқару жүйесінде мінез-құлық деңгейі теріс бағадан оң бағаға дейін бөлінеді. Осы деңгейге қарай ұстау жағдайы мен берілетін жеңілдіктер анықталады. Үшінші оң деңгей тәртіпті ұзақ уақыт бұзбай сақтаған сотталғандарға беріледі.
Ұсынылып отырған өзгерістердің қатарында:

- үшінші оң деңгейі бар сотталғандар үшін «тыныш уақыт» енгізу;

- қауіпсіздігі ең төмен колонияларда жазасын өтеп, жұмысқа шығатын сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру;

- кездесуге бару немесе қалаға шығу үшін өтініштерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы тапсыру мүмкіндігі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Украина-Ресей соғысы қандай жағдайда тоқтайды: елші болжамын айтты

Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Ресей мен Украинаның соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмау себебін атады.

Ресей сөзінде тұрмайды

Елшінің айтуынша, Украина Ресейдің уәдесіне сенбейді. 

«Ешкім бейбітшілікке кез- келген жолмен жетуді мақсат тұтпайды. Украинаға бір айға, жарты жылға, бір жылға бейбітшілік керек керек емес, Ресей жиналып кетіп қалып, қайта шабуыл жасайтын болса, ондай келісімнің қажеті емес. Бізге тек екі нәрсе керек. Біріншіден, тең келісімге келу, екіншіден ұзақмерзімді бейбітшілікке кепілдік керек. Басқа ештеңе керек емес. 

Біздің келісімге келе алмай жүргеніміздің себебі Ресей тарабы алдаудан алдына жан салмайды. Төрт жыл бұрын әскері жан-жақтан Украинаны қоршап жатқанына қарамастан, соғыса басталар алдында лауазымды тұлғалары халық алдына шығып, біз ондай қадамға бармаймыз деп сайрады. Олар әрдайым өтірік сөйлейді. Біз соған әбден үйреніп қалдық, оларға сенбейміз. Жазбаша сөзіне де, жазбаша сөзіне де сенуге болмайды. Сондықтан Ресей бізге Донбастың 6 мың шақырымын берсін, сосын тоқтаймыз дегеніне де сенбей отырмыз. Сондықтан да, соғыс әлі аяқталмай келеді», - дейді ол.

Соғыс екі тараптан да атыс тоқтаса тоқтайды

Елші соғысты тоқтату үшін алдымен атысты тоқтату керектігін айтады. 

«Алдымен барлық желідегі  әскери қақтығыстарды тоқтату керек. Бүгінгі таңда майдан шебі 1200 шақырымды құрайды. Осы аумақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келу керек. Бұған қол жеткізуге болады, бірақ екі тарап та соны қалау керек. Бір тарап қана қаласа, нәтиже шықпайды. Біз Қырым, Донбасты, 2022 жылдан кейін басып алынған жердің бәрін қайтарып алоғымыз келеді. Біздің бұл арманымыз дипломатиялық жолмен болсын, соғыс арқылы болсын ерте ме, кеш пе орындалады.Әзірге күшпен тартып алынған жерімізді қайтара алмаймыз», - дейді ол.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👎2
Соғыстарда қанша журналист қаза тапты?

Баспасөз бостандығын қорғаумен айналысатын ұйымның мәлімдеуінше, бақылау жүргізіле бастаған уақыттан бері журналистерді ең көп өлтірген ел — Израиль.

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) дерегіне сүйенсек, Al Jazeera мәліметінше, 2025 жылы әлемде 129 медиа қызметкері қаза тапқан. Бұл — ұйым 1992 жылдан бері статистика жүргізе бастағалы бергі ең жоғары көрсеткіш. CPJ мәліметінше, олардың 84-і Израильдің әрекеттеріне байланысты көз жұмған.

Сәрсенбі күні жарияланған жылдық есепте израильдік әскерилер тарапынан БАҚ-қа жасалған шабуылдар үшін «жүйелі жазасыздық» бар екені айтылған. Ұйым дерегінше, 2025 жылы қаза тапқан журналистердің үштен екісінен астамы Израильдің әрекеттерімен байланысты. Құрбандардың басым бөлігі — палестиналық журналистер.

Сонымен қатар, CPJ мәліметіне сәйкес, Израильдің әуе соққыларынан Йемендегі газеттерде жұмыс істеген 31 қызметкер қаза тапқан. Ұйым Израильді журналистерді нысаналы түрде өлтіру фактілерінің басым бөлігі үшін жауапты деп санайды. 2025 жылы әлем бойынша тіркелген осындай 47 жағдайдың 38-і, CPJ пайымынша, Израильмен байланысты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Әйелін ұрып, ізіне түскен алматылық кәсіпкер қамалды

Алматы облысында актриса әрі блогер Әнел Аманғалиеваның күйеуі ұсталды. Бұған дейін ол алматылық кәсіпкер тарапынан жарты жылдан астам уақыт бойы қудалау, соққы және қоқан-лоқы көріп жүргенін ашық мәлімдеген еді.

Полицияның мәліметінше, ер адамға сталкинг фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол ұсталып, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материалдар сотқа жолданған.

— Бұған дейін Алматы облысы полиция департаментіне өңірдің 29 жастағы тұрғыны танысына қатысты шара қабылдауды сұрап арызданған. Оның айтуынша, ер адам оның еркінен тыс мессенджерлер мен мобильді қосымшалар арқылы навязчив түрде қудалаған. Күдікті жүйелі түрде хабарламалар жолдап, арыз иесіне психологиялық күйзеліс келтірген, — деп толықтырды полицияда.

Әнел Аманғалиеваның айтуынша, 24 ақпанда жұбайына қатысты алғашқы сот отырысы өткен. Сот оны сталкинг ісі бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамау жазасын тағайындаған, сондай-ақ жәбірленушілерге өтемақы қорына 5 АЕК төлеуге міндеттеген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық профессор Ресеймен шекараны шұғыл жабу керегін айтты

БҚО «Ветеринар дәрігерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, профессор Ғайса Абсатиров Қазақстанға Ресейдің шекаралас өңірлерінен жануарлардың жұқпалы аурулары тасымалданып жатқан фактілер бар екенін мәлімдеді.

Профессор транзит немесе мал импортынa байланысты күмәнді, «бұрын белгісіз» аурулардың тіркеліп жатқанын атап өтті. Мәселен, 2016 жылдың жазында Атырау облысында нодулярлық дерматит анықталған. Абсатиров осы оқиғадан кейін ветеринарлық бақылау жеткілікті деңгейде қатаңдатылмады деп, салалық қызметті сынға алды. Оның айтуынша, 2026 жылы да жаңа оқиғалар тіркелген.
Қаңтар айында «Тәжен» өткізу бекетінде Кабардин-Балқариядан әкелінген мал кері қайтарылған.

«Құрманғазы» бекетінде Солтүстік Осетия – Аланиядан жеткізілген малдан аусылға күдік туған. Ал 1 ақпанда «Шарбақты» бекетінде Алтай өлкесінен келген малдан да аса қауіпті ауру белгілері анықталып, партия қайта жөнелтілген. Абсатиров Ресейдегі аусылға қатысты эпизоотиялық жағдайдың қолайсыз екенін ерекше атап өтті.

— Қазақстанның ветеринарлық қызметі эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру үшін едәуір күш жұмсап, қомақты қаржы бөлді. Алайда бұл шекара мен көліктегі ветеринарлық басқарма үшін сабақ болмады, сол кезде-ақ шекарадағы ветбақылау пункттерінде бақылауды қатаңдату қажет еді. 2026 жылы да Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде трансшекаралық патологиялар тіркелді. Көрші Ресейде аса қауіпті ауру — аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай өте қолайсыз, — деді профессор.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤2
Баға өсті, депутаттар неге үнсіз?

Елде тауар мен қызмет құны қымбаттауда. Мұны кез келген қазақстандық айтып бере алады. Тарифтердің өсуі «тоқтатылды» делінгенімен, коммуналдық төлемдер өсті, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі кеңейтілсе де, дүкендердегі баға шарықтауда.

Ulysmedia.kz Мәжіліс депутаттарынан бағаның қымбаттауы қалтаға қалай әсер еткенін, дүкендегі қымбаттаған баға мен коммуналдық түбіртектерді көрді ме және ең бастысы, неге министрлерді осы мәселе бойынша сұрақтың астына алмайды деп сұрады. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

Алматыда мектеп оқушысы жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Бұл туралы адвокат Ляззат Рақышева хабарлады.

МӘН-ЖАЙ

Адвокаттың айтуынша, қылмысты қыздың әкесінің танысы, отбасымен араласқан ер адам жасаған. Қыздың ата-анасы ажырасқан. Қазіргі уақытта анасы мас күйінде көлік басқарғаны үшін колонияда жазасын өтеп жатыр.

– Анасына бұл қылмыс туралы ешкім хабарламаған. Тергеу жүргізіліп, іс сотқа да жеткен. Бірақ бірде-бір орган оны құлағдар етпеген. Ол бар болғаны алты ай өткен соң ғана бәрін білген, – деді адвокат.

Осы уақыт ішінде, Ляззат Рақышеваның сөзінше, қызға әкесі, туыстары және күдіктінің адвокаты тарапынан психологиялық қысым жасалған. Соның салдарынан ол сотта бастапқы берген көрсетімдерін өзгерткен.

– Оны қайта көндірген. «Бұған өзің кінәлісің» деп сендірген. Сотта ол толықтай басқа жауап берді, – дейді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, қазір анасы да, қыз да психологиялық әрі құқықтық қолдаусыз қалған. Ал күдікті ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адам болып шыққан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5❤1
Алматыда Оразалы Ержанов ұсталды

Алматыда қоғам қайраткері Оразалы Ержанов ұсталды. Бұл туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі бюросы хабарлады. Алайда оның не себепті және қандай жағдайда ұсталғаны әзірге белгісіз. Ulysmedia.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сауал жолдады.

Журналист Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, Ержанов 10 тәулікке қамауға алынған.

— Қоңырауларға жауап бермей жатыр. Жұбайының айтуынша, Оразалы Ержановты түнде алып кеткен, үйінде тінту жүргізілген, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

ЕРЖАНОВ

Оразалы Ержанов Elge Qaitaru қоғамдық қорының жетекшісі. Ол бұған дейін жаңа Конституция жобасын ашық сынағаны белгілі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬10❤2👎2👍1🥰1
❗️Камерадан қашып құтыла алмайсыз: Қазақстанда автоматты айыппұл дәуірі басталады

12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі жаңа өзгерістер күшіне енеді. Енді тек жүргізушілерге ғана емес, басқа да салаларда ескертпестен айыппұл салынады. Мәселен, рұқсат берілмеген жерде темекі шегу, қоқыс тастау, жолды заңсыз жерден кесіп өту және түнгі уақытта ішімдік сатқаны үшін автомматты түрде айыппұл салынады.

Енді қандай жағдайларда автоматты түрде айыппұл салынады

Заңның өзінде нақты тұрмыстық құқықбұзушылықтар тізбесі көрсетілмеген. Алайда БАҚ пен құқықтық дереккөздер автоматты тіркеу жүйесі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қарастырылған және бейнеқұралдар арқылы тіркелуі мүмкін құқықбұзушылықтарға қолданылуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен:

▪️Рұқсат берілмеген жерде темекі шеккені үшін жеке тұлғаға 15 АЕК немесе 64 875 теңге айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК болады.

▪️Қоқыс тастағаны үшін (оның ішінде темекі тұқылы, қағаз, бөтелке) жеке тұлғаға 10 АЕК немесе 43 250 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК айыппұл салынады.

▪️Жолды заңсыз жерден кесіп өтсе 2 АЕК немесе 8 650 теңге, ал бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК айыппұл салынады.

▪️Алкогольді түнгі уақытта немесе кәмелетке толмағандарға сатуға да айыппұл салынады. Бұл бейнебақылау арқылы тіркеледі.

Яғни бұрын тек бейнежазба ретінде пайдаланылған камералар енді құқық бұзушылықты автоматты түрде тіркеп, айыппұл салу үшін қолданылатын болады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9🤮7👎1😱1