ULYSMEDIA.KZ
Мәсімовтің Эпштейн ісіне қатысы бары расталса, жазалана ма? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек пен Ермұрат Бапи Кәрім Мәсімовтің есімінің Эпштейн құжаттарында аталуына қатысты пікір білдірді. ЭПШТЕЙН ІСІ Айта кетейік, Джеффри Эпштейн ісіне…
"Бәрі тексеріледі": Асылов Мәсімов пен Келімбетовтің Эпштейн ісінде аталуы туралы
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Ақорда кулуарында журналистердің Кәрім Мәсімов пен Қайрат Келімбетовтің Эпштейн ісіне қатысты файлдарда аталуына байланысты сұрақтарына жауап берді.
Журналистер Асыловтан депутаттық сауалдан кейін Бас прокуратура бұрынғы қазақстандық шенеуніктердің аты-жөні Эпштейн ісі материалдарында аталуына байланысты тексеру бастаған-бастамағанын сұрады.
ЖАУАП
— Әрине, бұл маңызды мәселе. Депутат сауал жолдады, бірақ ол әлі бізге ресми түрде түскен жоқ. Бас прокуратура да, басқа да мемлекеттік органдар бұл деректерді тексеріп жатыр. Қатысы болды ма, болмады ма — бәрі анықталады, — деді Асылов.
Журналистер нақты кімдерге қатысты тексеру жүріп жатқанын және тізімде Мәсімовтің аты бар-жоғын нақтылауды өтінді.
— Алдын ала тексеру басталды, оның ішінде Мәсімовке қатысты да. Депутат Эпштейн Қазақстанға келді ме, келмеді ме деген сұрақ көтеріп отыр — бұл бағытта тексеру жүріп жатыр. Келімбетовтің өзі шетелге шықты ма, шықпады ма — мұның бәрі де тексеріледі, — деп жауап берді Бас прокурор.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁3❤2
Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді
Путиннің уәдесіне 325 мың қазақстандық сенді. Қазақстан азаматтары Владимир Путин бастамашы болған отандастарды қоныстандыру бағдарламасы аясында Ресейге көшіп барған.
Қоныс аудару бағдарламасы іске қосылған сәттен бері, яғни шамамен 20 жыл ішінде, Ресейге 1,2 миллионнан астам адам көшкен. Келгендер саны бойынша алғашқы орында Қазақстан тұр — 325 мың адам. Одан кейін Украина (301 мың) және Тәжікстан (159 мың) орналасқан.
Қоныс аударушылар көбіне Тула, Калуга және Челябі облыстарын таңдаған. Бұл деректерді Ресей ІІМ-нің азаматтық мәселелері жөніндегі қызметі келтіреді.
БАҒДАРЛАМА
Шетелде тұратын отандастарды Ресейге ерікті түрде көшіруге жәрдемдесу бағдарламасы 2006 жылы Путиннің жарлығымен енгізілген. Бағдарламаның ресми мақсаты — КСРО ыдырағаннан кейін Ресейден тыс қалып қойған орыстарға елге оралуға мүмкіндік беру.
Бағдарлама қатысушыларына азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу және әлеуметтік қолдау уәде етілген. Оның ішінде көшу шығындарын өтеу, қоныстануға арналған біржолғы төлем және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы қарастырылған.

👍4👏1
Қазақстанның солтүстігі тасқынға дайын емес
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына бір ай уақыт қалса да, кейбір аудандарда жарылыс жұмыстарын жүргізу, жанар-жағармай сатып алу және қар шығару бойынша келісімшарттар әлі жасалмаған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, күштер мен құралдар тобы толық дайын: 2200-ден астам адам, 1400 техника бірлігі жұмылдырылған, қажетті материалдар бар, уақытша орналастыру пункттері де әзірленген. Ерекше назар Есіл өзенінде және шағын өзендерде мұз жару жұмыстарына аударылып отыр. Бұл мақсатқа 43 учаскеге 83 млн теңге бөлінген.
МӘСЕЛЕЛЕР
Ведомство мәліметінше, мұзды ұсату жұмыстарына арналған келісімшарттар тек екі ауданда ғана жасалған. Тағы бір ауданда мұндай жұмыстар өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз аумақта жүргізілмек.
Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев ауданында тасқынға қарсы жұмыстарға қажетті жанар-жағармай бойынша келісімшарттар жоқ. Уәлиханов ауданында қар шығару және құтқарушыларды тамақпен қамтамасыз етуге қатысты шарттар жасалмаған. Ал Қызылжар ауданының Байтерек ауылында дренаждық құдықтар сорғылармен жабдықталмаған.

🤬5😱2❤1
Қазақстанда ет күрт қымбаттауы мүмкін
Өндірушілер Ресейден өнім әкелуге тыйым салу ішкі нарықта бағаның өсуіне алып келеді деп есептейді.
Ақпан айында Қазақстан Алтай өңірінен, Солтүстік Кавказ округінен (Дағыстан, Ингушетия, Кабардин-Балқар, Қарашай-Шеркес, Солтүстік Осетия — Алания, Шешенстан, Ставрополь өлкесі), сондай-ақ Қалмақстан, Бурятия, Астрахань және Новосибирск облыстарынан мал мен ет өнімдерін әкелуге тыйым салды.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тірі мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің импорты мен транзитіне қойылған шектеулерді Ресейде пастереллез ауруының өршуімен түсіндірген болатын. Ведомство өкілдері жағдай тұрақталып, өнім мен жануарлардың қауіпсіздігі расталған соң бұл шаралар алынатынын мәлімдеді.
Ал ет комбинатының директоры Азамат Шалмағамбетов бұл шешім нарықта бағаның күрт өсуіне әкелуі мүмкін деп санайды. Сонымен қатар, ол тыйымның «логикаға сыймайтынын» атап өтті.
— Ресеймен шекараны жаппай жабу Қазақстанның өз ішінде ет бағасының күрт қымбаттауына себеп болуы мүмкін. Зақымданған аумақтар арқылы етті әкелуге немесе өткізуге тыйым салу өз алдына күмәнді шешім. Пастереллез қыста мал қорада тұрған кезде дамиды. Егер жаңа сойылған етті қаптап, тоңазытқышы бар жүк көлігіне тиеп, пломбаласа, ол ет ауру қоздырғышымен қалай байланысады? Ешқалай. Ауруға шалдығу үшін жануар тірі болуы керек. Егер қауіптенсеңіздер — жүк көлігінің дөңгелектерін шекарада өңдеңіздер, — деді ол.

😢5😡1
Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
МӘН-ЖАЙ
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсы аймағында дене жарақатын келтірген. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді.
КӨМЕК
Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Жарақат салу құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

😱2
Референдум: дауыс беру учаскелерінің жанында шағын ХҚКО-лар жасақталады
Азаматтардың тіркелуін тексеру үшін дауыс беру учаскелерінде шағын ХҚКО жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы аппаратының Сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Түсіп Рыспеков мәлімдеді.
Түсіп Рыспеков айтуынша, қазақстандықтардың тіркеуде тұрғанын немесе тіркеуде жоқтығын растау мақсатында шағын халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған.
«Конституция бойынша әр азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Демек, еліміз бойынша тіркеуде тұрған немесе тіркеуден алынып қалған азаматтар бар. Солардың тіркеуде тұрғанын немесе тіркеуде жоқтығын растау мақсатында шағын халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған. Бұл дегеніміз, біріншіден, қазақстандық еліміз бойынша еш жерде тіркелмеген болса, жергілікті атқарушы органдар белгілеген 220 сайлау учаскесіне келіп, тіркеуге тұра алады. Содан соң барып дауыс береді. Ертеңіне ол тіркеуден автоматты түрде алынып тасталады. Екіншіден, азаматтар бұрын дауыс беріп жүрген жерінде дауыс беремін деп ойлауы мүмкін. Келген кезде сол жерде тізімде болмауы мүмкін. Яғни, ол кісінің тіркеуі расталмауы мүмкін. Бізде көп жағдайда тұрғын үй кешендері тапсырылады да, ол жерде көбі тіркеле бермейді. Сондықтан, сол учаскенің жанында тұрған, бір ғимаратта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тіркеліп-тіркелмегенін растайды. Сол үшін шағын ХҚКО керек», - дейді ол.

🤮5❤1
Конькимен жүгіру: Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.
500 метр қашықтықта топ жарған спортшы 1500 метрлік бәсекеде де жеңіске жетті.
Шумекова 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Бұл – қазақстандық спортшының жаңа жеке рекорды.
Күміс жүлдені 1:56.36 уақыт нәтижесімен Аустрия өкілі Джанин Роснер иеленсе, жапониялық Аяно Сэкигучи 1:57.97 уақыт көрсеткішімен үшінші орынға тұрақтады.
Анастасия Беловодова 13-нәтиже көрсетті, Алина Шумекова 28-орын алса, Варвара Глухова 32-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Шумекова әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, жеңіске жеткен еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.
500 метр қашықтықта топ жарған спортшы 1500 метрлік бәсекеде де жеңіске жетті.
Шумекова 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Бұл – қазақстандық спортшының жаңа жеке рекорды.
Күміс жүлдені 1:56.36 уақыт нәтижесімен Аустрия өкілі Джанин Роснер иеленсе, жапониялық Аяно Сэкигучи 1:57.97 уақыт көрсеткішімен үшінші орынға тұрақтады.
Анастасия Беловодова 13-нәтиже көрсетті, Алина Шумекова 28-орын алса, Варвара Глухова 32-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Шумекова әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, жеңіске жеткен еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
Щучинскідегі жарылыстан кейінгі ахуал қандай
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жедел штаб мүшелерімен Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы қазіргі ахуалды талқылады.
МӘН-ЖАЙ
Жедел штаб отырысында аудан әкімі Арай Садықов, ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина қабылданған әрекет ету шаралары мен зардап шеккендердің жағдайы туралы баяндады.
Өңір басшысы Марат Ахметжанов зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық көмектің уақытылы ұйымдастырылуын және жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар оқиға себептерін объективті тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейту міндеттелді.
Қазіргі таңда қаза болған алты отбасыға 2 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем берілді. Қаза тапқандардың отбасыларына дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден өтемақы төлеген. Өмірлік қиын жағдайға тап болған бес отбасының несиелері демеушілер есебінен жабылады. Заңнамаға сәйкес өзге де әлеуметтік төлемдер тағайындалған.

Алматы жұртшылығы Михаил Шайдоровты қарсы алды
Бүгін Алматы әуежайында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудан чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Өз кезегінде Михаил Шайдоров ыстық ықыласпен қарсы алған барша алматылықтарға алғысын білдірді:
— Мінекей үйге оралдым! Туған қалама келгеніме өте қуаныштымын! Баршаңызды осында көргеніме ризашылығымды білдіремін. Алдымда мен жүріп өтетін үлкен жол тұр. Арманның шегі жоқ — тек мәнерлеп сырғанауда ғана емес, кез келген салада. Баршаңызға үлкен рақмет! Мен тоқтамаймын — алда үлкен жоспарлар мен жаңа жеңістер бар деп сенемін!, – деді ол.
Спортшының тарихи жеңісіне орай қаладағы LED-экрандарда құттықтау бейнероликтері көрсетіліп, "Көктөбе" телемұнарасы мерекелік жарықпен көмкерілді.
Кездесу барысында суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Михаил Шайдоровқа оның бейнесі салынған авторлық кілемді тарту етті.

👎2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇱🇮🇷 Жақын уақытта ел аумағына зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуылдар жасалуы мүмкін. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді
❗️МӘН-ЖАЙЫ
Израиль Иранға алдын ала соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац айтты.
— Израиль мемлекеті өзіне төнген қауіптердің алдын алу мақсатында Иранға алдын ала соққы жасады, — деп келтірді министрдің сөзін BBC.
Израиль жауап ретінде соққы жасалуы мүмкін екенін ескеріп, бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жариялады. Тұрғындарға бомбапаналарға жақын жерде болуды ескертті.
Тегеран қаласының орталығында жарылыстар естілгені туралы Иранның IRNA агенттігі хабарлады.
📌КОНТЕКСТ
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты "күрделі шешім" қабылдау қажет болуы мүмкін екенін ескерткен еді. Кейінгі апталарда Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келіссөздер жүргізу әрекеттері аясында АҚШ-тың ықтимал соққылары күтіліп, өңірдегі шиеленіс күшейген.
Кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы америкалықтарды Ираннан кетуге шақырды.

🤬3👍1
ULYSMEDIA.KZ
🇮🇱🇮🇷 Жақын уақытта ел аумағына зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуылдар жасалуы мүмкін. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді ❗️МӘН-ЖАЙЫ Израиль Иранға алдын ала соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац…
Израильдің Иранға шабуылы: қазіргі ахуал қандай
Израильдің Иранға жасаған алдын ала соққысы Таяу Шығыстағы ахуалды қайта шиеленістірді. Бұл әрекет Тегеран мен Батыс елдері арасында жылдар бойы жалғасып келе жатқан ядролық дау-дамайды келіссөз арқылы шешу мүмкіндігін әлсіретіп, дипломатиялық үдерісті тығырыққа тіреуі мүмкін.
МӘН-ЖАЙ
Ulysmedia.kz редакциясы осы сәтке дейін белгілі болған деректерді жинақтады.
The New York Times басылымы америкалық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ та Иранға соққы жасай бастағанын хабарлады. Ал Reuters агенттігінің дерегінше, Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеи Тегераннан шығарылып, қауіпсіз жерге көшірілген.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац операцияның "мемлекетке төнген қауіптің алдын алу" мақсатында жүргізілгенін айтты.
– Операция бірнеше ай бойы Вашингтонмен үйлестіріліп жоспарланды, ал оны бастау туралы шешім бірнеше апта бұрын қабылданды, – деп жазды Reuters израильдік қорғаныс саласындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Тегеран қаласында жарылыстар естіліп жатыр. Ал Израильде жергілікті уақытпен шамамен 08:15-те әуе дабылының сиреналары қосылды. Әскерилер бұл ықтимал зымыран соққысына байланысты алдын ала ескерту екенін мәлімдеді.

❤4🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады - Трамп
“Біраз уақыт бұрын Америка Құрама Штаттарының Қарулы күштері Иранға қарсы ауқымды әскери операцияларды бастады. Біздің мақсатымыз – АҚШ халқын қорғау және АҚШ-қа, біздің әскери қызметкерлерімізге, шетелдегі базаларымызға және бүкіл әлемдегі одақтастарымызға қауіп төндіретін Иран режимінен туындайтын тікелей қатерлерді жою.
Иран терроризмді мемлекеттік деңгейде қолдайтын ең ірі ел болып қала береді және жақында ел ішіндегі наразылықтарды қатыгездікпен басты. АҚШ-тың, соның ішінде менің әкімшілігімнің саясаты – бұл режим ешқашан ядролық қаруға ие болмауы тиіс. Тағы да қайталаймын: Иранда ядролық қару болмайды.
Сондықтан өткен жылдың маусым айында «Midnight Hammer» операциясы барысында Фордо, Натанз және Исфахандағы ядролық нысандар жойылды. Осыдан кейін біз Иранға ядролық бағдарламаны қайта бастамауды ескерттік және бірнеше рет келісім жасауға ұсыныс білдірдік, алайда Тегеран өзінің ядролық мақсаттарынан бас тартпады.
Оның орнына Иран ядролық бағдарламасын қалпына келтіруге тырысты және Еуропадағы одақтастарымызға, шетелдегі әскери күштерімізге және болашақта АҚШ аумағына қауіп төндіруі мүмкін алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды әзірлеуді жалғастырды.
Сондықтан АҚШ әскери күштері бұл режимнен туындайтын қауіптің біздің ұлттық мүдделерімізге зиян келтіруіне жол бермеу үшін ауқымды операция жүргізіп жатыр. Біз олардың зымырандарын жоямыз және зымыран өндірісін толықтай тоқтатамыз. Иранның әскери-теңіз күштері де бейтараптандырылады. Біз режим қолдайтын топтардың енді аймақты тұрақсыздандыруына және біздің күштерге шабуыл жасауына жол бермейміз”, - деді Трамп.

❤8🤬2
Иран Израильге зымыранмен соққы жасады
Израиль қорғаныс армиясының мәліметінше, ел аумағына кемінде 30 баллистикалық зымыран ұшырылған.
МӘН-ЖАЙ
Израильдің барлық өңірінде әуе дабылының сиреналары қосылды. Әуе қорғаныс жүйелері зымырандарды қағып түсіру үшін жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардың ұялы телефондарына шұғыл хабарламалар жіберіліп, дереу арнайы қорғаныс орындарына жасырыну талап етілді.
Елдің солтүстігі аумағында екі зымыран әуе қорғаныс жүйелері арқылы атып түсірілген. Кейін Израиль қорғаныс армиясы тағы бір зымырандық шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа үндеу жасап, АҚШ пен Израильдің бірлескен “Арыстанның айбыны" атты операциясын атады. Ол өз сөзінде Иранның ядролық қаруға ие болуына жол берілмейтінін атап өтті.
Осы аралықта Иран бұқаралық ақпарат құралдары ел аумағында интернет пен ұялы байланыс жұмысында ахуал болғанын хабарлады. NetBlocks жобасының мәліметінше, елдегі интернетке қолжетімділік деңгейі қалыпты көрсеткіштен небәрі 4% төмендеген.

❤3🤬2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иран зымырандары Бахрейн, Қатар және БАӘ-ге шабуыл жасап жатыр
AFP агенттігінің тілшілері Бахрейн астанасы Манамада жарылыстар болғанын хабарлады. Дәл осы қалада АҚШ-тың Бесінші флотының кемелері базаланған. Алайда бірнеше күн бұрын қауіпсіздік мақсатында Бахрейндегі америкалық барлық кеменің ашық теңізге шығарылғаны туралы ақпарат тараған еді, деп жазды BBC.
Сонымен қатар Тегеранның Кувейт, Қатар, Иордания және БАӘ аумағындағы АҚШ базаларына соққы жасағаны хабарланды. Жергілікті тұрғындар Абу-Дабиде жарылыс дыбыстары естілгенін және Дубайдағы Бурдж Халифа ғимаратынан адамдардың эвакуацияланғанын айтып жатыр. Парсы шығанағы елдерінің бәрінде әуе кеңістігі жабылды.
КОНТЕКСТ
Бүгін таңертең Израиль Тегеранға "алдын ала соққы" жасағанын мәлімдеді. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағында әскери операция жүргізіліп жатқанын растады.

😢3
Тоқаев Ирандағы ахуалға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылым тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарына ахуал тұрақталғанға дейін бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.

❤3🤣2
Таяу Шығыстағы ахуал: СІМ Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарына ахуал тұрақталғанға дейін бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.
МӘН-ЖАЙ
Сонымен қатар ведомство Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға үндеді.
Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.

❤2
Иранда Қазақстанның 96 азаматы жүр
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ulysmedia.kz редакциясына Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары туралы ақпарат берді.
МӘН-ЖАЙ
Министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен тұрақты байланыста екені хабарлады. Қазіргі уақытқа дейін олардың арасында зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.
– Қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар. Олардың 18-і – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 адам "Заркух" зауытында еңбек етеді. Қазақстанның тағы алты азаматы Иранда өз шаруаларымен жүр, – деп мәлімдеді ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарына ахуал тұрақталғанға дейін бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ulysmedia.kz редакциясына Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтары туралы ақпарат берді.
МӘН-ЖАЙ
Министрлік пен Қазақстанның шетелдегі мекемелері отандастарымызбен тұрақты байланыста екені хабарлады. Қазіргі уақытқа дейін олардың арасында зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.
– Қазіргі уақытта Иран аумағында Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар. Олардың 18-і – дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі – студент, 70 адам "Заркух" зауытында еңбек етеді. Қазақстанның тағы алты азаматы Иранда өз шаруаларымен жүр, – деп мәлімдеді ведомство.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленіске байланысты Қазақстан азаматтарына ахуал тұрақталғанға дейін бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда сәби дәрігерлердің қатесінен кейін ауыр халде жатыр
Ulysmedia.kz редакциясына кішкентай баланың туыстары хабарласты. Олардың айтуынша, операция кезінде дәрігерлер баланың денесінде дәке (бинт) қалдырып кеткен.
МӘН-ЖАЙ
Жақындарының сөзінше, ота барысында сәбидің ағзасында дәке қалып қойған. Екі ай бойы дәрігерлер баланы бақылауда ұстаған. Кейін УДЗ жасалып, оның денесінде бөгде зат бары анықталған.
Қалған дәке шіріп, осыдан соң қабыну процесі пайда болған.
Қазір бала ауыр хәлде жатыр. Сәбидің анасы қазір психологиялық тұрғыдан да, физикалық жағынан да өте қиын жағдайда көрінеді.
Туыстарының айтуынша, дәрігерлер өз қателігін мойындамай отыр. Олар құзырлы органдардан көмек сұрайды.
Редакция мән-жайды анықтау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасына ресми сауал жолдады.

🤬6❤1🙏1😡1
Дубайда ирандық дронның құлау сәті видеоға түсіп қалды.
Зымыранның сынықтары тұрғын үйлер орналасқан ауданға түсіп, салдарынан өрт шыққан.
Дубай үкіметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан төрт адам жарақат алған.
Төтенше қызметтер оқиға орнында жұмыс істеуде.

❤4