ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
АҚШ пен Израильдің соққысы, Иранның жауабы. Аятолла режимі құлай ма?

АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасап, бірнеше қаласын атқылады. Ресми Тегеран қарымта ретінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базалары мен Израильді атқылағанын мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы «ірі әскери операция басталғанын» хабарлады.

Былтыр 12 күндік соғыспен аяқталған АҚШ, Израиль және Иран қақтығысы жаңа сипат алды ма? Бұның арты немен аяқталуы мүмкін? Аятолла режимі құлай ма? Осы уақытқа дейін не белгілі? Бұл жолғы қақтығысқа тағы кімдер қатысып жатыр?

ТРАМП АЯТОЛЛА РЕЖИМІН ҚҰЛАТА АЛА МА?

Қазақстандық сарапшы,  Қажыкелді Шамбылдың пікірінше, аятолла режимін құлату оңай емес. Себебі Иран мемлекет ретінде әлсіз емес. Оның тарихы тереңде.

«2025 жылы да тура осы сұрақтар қойылды. Құлата ала ма, құлата алмай ма деген. 2025 жылы Иранға әрине үлкен нұқсан келді, бірақ биліктің өзгергенін көрген жоқпыз. Ал енді қазіргі жағдай өзгеше ме, оны біз білмейміз. Өйткені бізге келіп жеткен ақпарат, соңғы 3-4 сағаттың көлемінде ғана. Қазіргі ақпараттар легі тұрғысында белгілі бір болжам айту қиын. Менің бір ғана айта алатын дүнием – Иран әлсіз мемлекет емес. Үш мың жыл, төрт мың жылдық тарихта өзінің орынын ойып тұрып алған ірі держава. Сондықтан Ирандағы жағдайды өзгерту ол басқа бір мемлекеттерде болған жағдайдай емес. Өте үлкен ресурстарды, өте үлкен дүниелерді талап етеді», – дейді сарапшы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤1👏1
Хаменеи мен Пезешкиан тірі — Иран СІМ басшысы

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи ел аумағына жасалған АҚШ пен Израиль шабуылдарынан кейінгі жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Ислам Республикасының жоғары басшылығы аман.

Тегеранның мәлімдемесі

Mehr News агенттігінің хабарлауынша, Иран СІМ басшысы шабуылдар салдарынан «Иран бірнеше қолбасшысынан айырылуы мүмкін» екенін айтты. Сонымен қатар ол:

«Менің білуімше, аятолла Әли Хаменеи мен президент Масуд Пезешкиан тірі. Барлық жоғары лауазымды шенеуніктер аман — бәрі бақылауда», — деді.

Осылайша, Тегеран мемлекеттегі негізгі тұлғалардың қаза тапқаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁1
ЕО Иранды келіссөздерге қайта оралуға шақырды

Германия, Франция және Ұлыбритания Иранның шабуылдарынан кейін қатаң мәлімдеме жасап, Тегеранды дереу келіссөздерге қайта оралуға шақырды.

Бірлескен мәлімдемені 28 ақпанда Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жасады.

Еуропаның қатаң ұстанымы

Үш елдің көшбасшылары Тегеран бейберекет әскери әрекеттерден бас тартуы тиіс екенін мәлімдеді.

«Иран бейберекет әскери соққылардан бас тартуы керек», — деп атап өтті олар.

Олардың айтуынша, еуропалық елдер АҚШ пен Израильдің шабуылдарына қатыспаған, алайда Вашингтон, Тель-Авив және аймақтағы серіктестермен тұрақты байланыста.

«Біз бұл соққыларға қатысқан жоқпыз, бірақ халықаралық серіктестерімізбен, соның ішінде АҚШ, Израиль және аймақтағы одақтастармен тығыз байланыстамыз. Біз аймақтық тұрақтылықты сақтауға және бейбіт тұрғындардың өмірін қорғауға бейілді екенімізді растаймыз», — делінген мәлімдемеде.

Келіссөздерге шақыру

Мерц, Макрон және Стармер бұған дейін де Иранға бірнеше талап қойғандарын еске салды.

Атап айтқанда:
• ядролық бағдарламаны тоқтату;
• баллистикалық зымырандарды әзірлеуді шектеу;
• аймақтағы тұрақсыздық тудыратын әрекеттерден бас тарту;
• ел ішіндегі қуғын-сүргінді тоқтату.

«Біз келіссөздерді қайта бастауға шақырамыз және Иран басшылығын мәселені келіссөздер арқылы шешуге үндейміз. Ақырында, Иран халқына өз болашағын өзі айқындауға мүмкіндік берілуі тиіс», — деп мәлімдеді Еуропа көшбасшылары.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🤮3
Аятолла Хаменеидің мәйіті резиденцияның үйінділері астынан табылды. Сөйтіп Иранды 47 жыл билеген молдалар режимі құлады деп есептеуге болады!” - ирантанушы Жәнібек Көпжасар.

https://t.me/ulysmedia
👏12
Трамп Хаменеидің қаза тапқанын растады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқанын мәлімдеді.

Жазбада Трамп мұны «әділеттің орнауы» деп атады. Сонымен қатар ол Иран аумағына соққылар жалғасуы мүмкін екенін ескертіп, ирандық күштік құрылымдарды «патриоттардың жағына өтуге» шақырды.

«Бұл — иран халқының өз елін қайтаруы үшін ең үлкен мүмкіндік… Ауыр әрі дәл бағытталған бомбалаулар біздің мақсатымыз — бейбітшілікке жеткенге дейін жалғасады», — деп жазды Трамп.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👎2🤯2
Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдіріп, хат жолдады

Мемлекет басшысы достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті батыл айыптайды.

– Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды, – делінген хатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бауырлас араб мемлекеттеріне қал-қадерінше көмек көрсетуге дайын екенін айтып, аталған елдердің басшыларымен тұрақты қызметтік қарым-қатынас жалғасатынына үміттенетінін жеткізді.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥱2❤1
Дубай әуежайындағы жағдай

Дубай халықаралық әуежайы шабуылға ұшырады. Әуежайға ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты соққы жасаған.

Шабуылдан кейін әуежайда дабыл жарияланып, қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялау жүргізілуде. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам жарақат алған.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бахрейндегі соққылардың салдары

Манама қаласындағы қазақстандықтар Ulysmedia.kz редакциясына өрт шыққан жердің кадрларын жолдауда. Ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары бірнеше тұрғын үйге соққы жасаған.

Тұрғындар автотұрақтарда паналауға мәжбүр. Олардың айтуынша, сиреналар әр сағат сайын қосылып жатыр.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иран дроны Дубайдағы Burj Al Arab қонақүйіне соққы жасады

Өрт ғимараттың төменгі бөлігін, яғни бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейінгі аралықтағы қасбетті шарпыған.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Иордания мен Бахрейн де Иранның шабуылына ұшырады

Желіде Иранның ұшқышсыз ұшу аппаратының Бахрейн әуежайына соққы жасаған сәті түсірілген видео таралуда.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты, бұл ақпаратты ирандық телеарна растады.

Ол 86 жаста еді. Хаменеи бұл қызметті 1989 жылдан бері атқарып келді, оған дейін сегіз жыл Иран президенті болған.

Иран билігі 40 күндік аза тұту жариялады.

https://t.me/ulysmedia
😭7🔥6❤3
Иранды уақытша кеңес басқарады

Иран Конституциясына сәйкес, жоғарғы көшбасшы қайтыс болған жағдайда елді уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарады. Мұндай шешім елдің жоғарғы көшбасшысының қаза табуына байланысты қабылданды.

МӘН-ЖАЙ

Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің бір мүшесі жоғарғы көшбасшы қаза тапқаннан кейін Иранды уақытша басқарады. Бұл туралы Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге сілтеме жасап IRNA агенттігіхабарлады.
Бұл уақытша орган мемлекет ісін 88 дін өкілінен тұратын сайланбалы орган – Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшыны сайлағанға дейін жүргізеді.

КОНТЕКСТ

Елдің жоғарғы көшбасшысы, аятолла Әли Хаменеи 28 ақпан күні таңертең АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған бірлескен әуе соққысы салдарынан қаза тапқан. Оның қазасын жексенбіге қараған түні Иран билігі ресми түрде растады.

Бұған дейін Әли Хаменеи кеңесшісі, Иранның қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани, сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпур қаза тапқаны хабарланған еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2😁2
Иранда елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды

МӘН-ЖАЙ

Бұған дейін елдегі БАҚ Израиль мен АҚШ-тың шабуылдары салдарынан Иран жоғарғы көшбасшысының отбасының төрт мүшесі, оның ішінде қызы мен немересі қаза болғанын мәлімдеген еді.

Иран үкіметі ел бойынша 40 күндік ұлттық аза жариялап, 7 күнді жалпыұлттық демалыс күндері деп бекітті. Әли Хаменеи 86 жаста болған.

Ол бұл қызметті 1989 жылдан бері атқарып келді. Оған дейін сегіз жыл бойы Иран президенті қызметін атқарған.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮3😢2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇷Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқаны туралы хабардан кейін елде халықтың түрлі реакциясы байқалуда.

Әлеуметтік желілерде Тегеран мен басқа да қалалардан түсірілген видеолар тарады. Кейбір кадрларда тұрғындардың көшеге шығып, эмоцияларын ашық білдіргені көрінеді. Кейбір топтар қуаныш білдірсе, енді бірі керісінше қайғырып, аза тұту шараларына қатысуда.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔3
Елшілік Иранда жүрген қазақстандықтарды қалай эвакуациялайды

Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын күшейту туралы үндеу жасалды. Бұл туралы Ирандағы Қазақстан елшілігі мәлімдеді.

РЕСМИ ҮНДЕУ

Таяу Шығыс өңіріндегі геосаяси ахуалдың күрт шиеленісуіне байланысты Иранда уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту қатаң түрде ұсынылады.

Сонымен қатар Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігі жабылып, әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанына байланысты азаматтардан елден шығу мәселесін пысықтау үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығу ескертілді.

Елден шығу Иранның құрлықтағы шекаралары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

Иран — Әзербайжан;
Иран — Армения;
Иран — Түркия;
Иран — Түрікменстан.

Бұл туралы Ирандағы
Қазақстан елшілігінің хабарламасында айтылған.

ЖЕДЕЛ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІ

Қазақстан елшілігі азаматтар үшін тәулік бойы жұмыс істейтін шұғыл байланыс нөмірлерін ашты:

Қазақстан Республикасының Тегеран қаласындағы елшілігі:
Кезекші телефон: +98 21 2256 5933
Ұялы телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672

Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон)
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны)
+7 701 771 34 01 (WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы консулдығы:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, WhatsApp)

Елшілік қазақстандықтарды сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға үндеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Аятолланың өлімі соғыстың басы ма? Ирандағы жағдай енді қалай қарай өрбуі мүмкін?

АҚШ пен Израильдің әуе шабуылынан кейін 1989 жылдан бері Иранды үздіксіз билеп келе жатқан аятолла Әли Хаменей қаза болды. Оның өлімін Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері растады. 86 жастағы рухани көсемнің өлімі Ирандағы діни жүйеге қалай әсер етеді? Бұл аятолла режимінің күйреуі ме? Оның орнына кім келеді? Соғыс әрі қарай жалғаса ма? Ulysmedia осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрді.

«АЯТОЛЛАНЫҢ ҚАЗАСЫМЕН БАРЛЫҒЫ АЯҚТАЛҒАН ЖОҚ»

Қазақстандық сарапшы ирантанушы Жәнібек Көпжасар Әли Хаменейдің қазасы осымен барлығы аяқталды дегенді білдірмейді дейді. Сөзінше, ел билігі жаңа аятолланы сайлауы мүмкін.

«Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары қауіпсіздік кеңесінің жиналысы өтіп жатыр деп мәлімдеді, келесі рухани көсемді таңдау бойынша. Ол әлі белгісіз, өйткені әлі аяқталған жоқ. Бірақ Израиль мен АҚШ-тың әуе күштері түні бойы Тегеранды бомбалап шықты. Соған қарағанда, АҚШ пен Израиль ислам режимін толығымен құртпай кетпейді. Иранның соғысқа дайындалып жүргеніне көп болды ғой. Сондықтан егер Хаменей белгілі бір жағдайда қайтыс болса немесе өлтірілсе орнына кім келеді. Қалай болады деп оның барлығы жоспарланып қойған болуы керек», – дейді Жәнібек Көпжасар.

АҚШ президенті Дональд Трамп Хаменейдің қазасынан кейінгі мәлімдемесінде «Иранда белгілі бір жерлерді бомбалау апта бойы немесе Таяу Шығыстағы және бүкіл әлемдегі мақсатқа қол жеткізілгенше жалғаса беретін болады» деген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3