ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жұмыс, редакция, саясат деп дамыл таппай, сүрініп-қабынып көктемге де жетіппіз. Астананың аязы сынбай тұрса да, көңіліміз түспесін. Көкке тезірек ілінейік.

Бүгін осы Алғыс күні Ұлыспен бірге болғандарыңыз үшін, бар болғандарыңыз үшін бәріңізге алғыс білдіргім келеді. Алаштың аспаны әрдайым ашық болсын.

Ал бізде жаңа формат! Әр шығарылымда қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттау үшін, жас таланттарды эфирге шақырып, таныстырып отырамыз. Саяси контентте де шоу элементтері болса несі бар?

ҰЛЫС аптаны көріңіздер.

ҰЛЫС-пен бірге болыңыздар.

https://t.me/samalibrayeva
👍3❤1🔥1
Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Тиранада (Албания) күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнир жалғасып жатыр.

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал грек-рим күресінің өкілі Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) мен Лаура Алмағамбетова (55 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Сондай-ақ әйелдер құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына жайғасты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1
Нұрсұлтан Рақышев Абай облысының жаңа прокуроры болып тағайындалды

Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz редакциясына Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы баспасөз қызметі растады.

МӘН-ЖАЙ

Абай облысында бас прокурор ауысты. Өңірлік прокуратураны енді Нұрсұлтан Рақышев басқарады. Бұл қызметте ол 2022 жылдың маусым айынан бері лауазымды атқарған Ерлан Абаевтің орнына келді. Жаңа тағайындау туралы мәліметті Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

АНЫҚТАМА

Нұрсұлтан Рақышев 1984 жылғы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Астана прокуратурасы басқармасында прокурор болып бастаған. Кейінгі жылдары Бас прокуратура жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.

Абай облысына тағайындалғанға дейін, 2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Арнайы атағы – аға әділет кеңесшісі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Иранға шабуыл. Қытайға қысым. Трамптың көздегені не? “Самұрық-Қазынадағы” қысқарту. Асыловтың уәжі - Ұлыс апта

📹 Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👏2
Аятолла Әлиреза Арафи Иранның уақытша көшбасшысы болып тағайындалды

Ол жаңа Жоғарғы көшбасшы сайланғанға дейін елді уақытша басқарады.

МӘН-ЖАЙ

Иранның Жоғарғы көшбасшысының міндетін уақытша атқарушы болып аятолла Әлиреза Арафи бекітілді.

Ол арнайы кеңес құрамына енген. Бұл туралы жергілікті ISNA агенттігі хабарлады.
Аятолла Әлиреза Арафи 1959 жылы Мейбод қаласында дүниеге келген. Ол – діни және саяси қайраткер, 2022 жылдан бері Иранның Сарапшылар кеңесінің мүшесі.

Айта кетейік, Иран Конституциясына сәйкес, Жоғарғы көшбасшы қайтыс болған жағдайда елді уақытша үш адамнан тұратын кеңес басқарады. Оның құрамына Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы және Конституция сақшылары кеңесінің бір мүшесі (аятолла Алиреза Арафи) кіреді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👏1🤮1
Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті.
Отандастарымыз 1:28.77 уақытта мәреге жетті.
Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Польша құрамасы 1:28.94 уақыт нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, Канада 1:29.25 уақыт көрсеткішімен үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында чемпион атанып, 3000 метрде күміс жүлде жеңіп алған еді. Сондай-ақ ол кіші көпсайыста да топ жарды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Мемлекет басшысы Шығанақтағы елдерге жасалған шабуылды айыптады

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.

– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын, – деді Қазақстан Президенті.


Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды.

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁3❤2👎1🔥1😈1
АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы шамамен бір айға созылады – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға созылуы немесе одан да ертерек аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол британдық Daily Mail газетіне берген сұқбатында айтты.

– Біз бұл шамамен төрт аптаға созылады деп болжап отырмыз. Тарихта да мұндай үдерістер әдетте төрт аптаға жоспарланған, сондықтан операцияның күрделілігіне қарамастан, ол төрт аптада немесе одан да қысқа мерзімде аяқталады, – деді ол.

Сұқбат кезінде президент Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында болған. Бүгін ол Вашингтонға оралуы мүмкін. Трамп соққылардың нәтижесі өзін таңғалдырмағанын айтты. Оның сөзінше, операция барысында Иран басшылығының көзі жойылған.

КОНТЕКСТ

28 ақпанда Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаны белгілі болды. Ол Тегеранға жасалған АҚШ пен Израильдің бірлескен әуе соққысы салдарынан мерт болды.

Бұған дейін Әли Хаменеи кеңесшісі, Иранның Қорғаныс жөніндегі кеңесінің хатшысы Әли Шамхани, сондай-ақ Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы Мохаммад Пакпурдың да қаза тапқаны белгілі болған еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👎3🤮1
Израиль «Хезболла» нысандарына соққы жасады

Израиль армиясы Бейрут маңында және Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымының нысандарына соққы жасады. Бұл шабуылдар 2024 жылдан бері Ливан аумағына жасалған ең ауқымды шабуыл.

Мән-жай

Израиль Ливан астанасы Бейруттің оңтүстік аумағына әуе соққыларын жасады. Бұл аудандарды Иран қолдайтын радикалды шииттік «Хезболла» қозғалысы бақылауында ұстап отыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, соққы «Хезболланың» Израиль аумағын зымыран және дрондаратқылағанына жауап ретінде жасалған. «Хезболла» өз шабуылын  Иранда «аятолла Әли Хаменеидіңөлтірілгені үшін кек алу» деп түсіндірген.

Контекст

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе соққылары кезінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеидің қаза тапқан.

Оқи отырыңыз: Аятолланың өлімі соғыстың басы ма? Ирандағы жағдай енді қалай қарай өрбуі мүмкін?

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттерін қолдайды

Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы турлар немесе «бару–қайту» әуе билеттерін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол өңірде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттеріне материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold картасына күн сайын материалдық көмек аударылады:

- тәулігіне 35 000 ₸ — әрбір ересек адамға

- тәулігіне 15 000 ₸ — әрбір балаға

Kaspi.kz клиенттерімен байланыста болып, оларды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Қауіпсіз жерлерде болуларыңызды, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарымен байланыста болуды және ресми нұсқауларды орындау сұралады. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮4❤2👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Нафтали Беннет Түркияны Израиль үшін жаңа қауіп ретінде бағалады. Оның айтуынша, Анкара мен Қатар Таяу Шығыста ықпалын күшейтіп, Израильге қарсы күштердің қалыптасуына ықпал етуі мүмкін.

«Түркия – бұл жаңа Иран. Ердоған – айлакер әрі қауіпті саясаткер, ол Израильді қоршауға тырысып жатыр. Біз бұған қайтадан көз жұма қарай алмаймыз», – деді Беннет.

Нафтали Беннет Израильдің премьер-министрі қызметін 2021–2022 жылдары атқарған.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬9💯3🤮1
Иран зымыраны "Дубайдағы Қазақстан" аталып кеткен резиденцияға түскен

Иран зымыраны түскен Дубайдағы ғимараттардың бірінде қазақстандық шенеуніктер мен олардың туыстарына тиесілі қымбат жылжымайтын мүліктер бар.

Мән-жай

Иран АҚШ пен Израильдың әуе соққысына қарымта ретінде АҚШ-тың Парсы шығанағындағы әскери базаларына зымыран және дрон ұшырған.
Шабуыл кезінде соның бірі Дубайдағы Fairmont The Palm резиденциясына түскен. Бұл кешенде қазақстандық шенеуніктерге тиесілі қымбат пәтерлер бар.

«Дубайдағы Қазақстан» журналистік зерттеуінің авторы Манас Қайыртайдың жазуынша, C4ADS ұйымының 2022 жылғы есебі бойынша, Fairmont The Palm резиденциясынан қазақстандықтар 97 пәтер сатып алған. Олардың кейбірі бұрын билікте лауазымды қызмет істеген шенеуліктердің туыстары.

Fairmont The Palm резиденциясынан жылжымайтын мүлік сатып алғандардың бір сыпырасы мынадай:

Бағдат Баталов (Алматы облысын ұзақ жыл басқарған экс-әкім Амандық Баталовтың әйелі)
Мирас Мами (Жоғары соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мамидің ұлы)
Лейла Адайбекова (Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің әйелі)
Жанар Сейдвалиева (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп айтылатын Қайрат Шәріпбаевтың бұрынғы әйелі)
Қорлан Шәріпбаева (Қайрат Шәріпбаевтың қызы)
Өркен Есей (Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы)
Алена Шенесары (Бұрынғы мәжіліс дерутаты Гүлжан Қарағұсованың келіні)
Қайсын Жұмағалиева (Бұрынғы цифрлық даму министрі Асқар Жұмағалиевтің анасы)
Сержан Дүйсебаев (Қазақстанның ЕЭО-дағы өкілі)
Руслан Ақбердиев (Президенттің күзет қызметінің бұрынғы қызметкері)
Ғабдулхәкім Жашыбеков (Президент әкімшілігінде істеген генерал)
Николай Родостовец (Экс-министр)
Ардақ Зиябек (Бұрынғы вице-министр Берік Толымбаевтың ұлы)

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2🔥2😁1
Тек шенеуніктерге ашылған ба? Қасымбек пен Скляр ЛРТ-де көзге түсті

Елордада жеңіл рельсті көлікті іске қосуға дайындық жалғасып жатыр. Жаңа желі бойымен алғашқылардың бірі болып бірінші вице-премьер Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жүріп өтті.

Әлеуметтік желілерде вице-премьер мен қала әкімінің ЛРТ-де түскен фотосуреттері тарады. Желі қолданушылары бұл жайтқа түрлі пікір қалдырған.

– Ұлан-ғайыр Отанымыздың астанасында қала әкімі мен вице-премьер жасырынып мініп жүр екен. ЛРТ депутаттар мен министрлерге, сондай-ақ жақын адамдарға арналған. Қызметтік көліксіз жұмысқа барып-келу үшін, – деп жазады олар.

Алайда Үкіметтің баспасөз қызметі бұл жұмыс сапары екенін мәлімдеді.

АЛ ШЫН МӘНІНДЕ

Жеңіс Қасымбек пен Роман Скляр «Әуежай», «Бәйтерек» және «Министрліктер үйі» стансаларын аралап көрген. Қазіргі таңда бүкіл желі бойында сынақ режиміндегі пайдалану жүріп жатыр. Қауіпсіздік, инфрақұрылым тексеріліп, персонал төтенше жағдайларға дайындалуда. Сынақтар тәулігіне 12 сағаттан астам уақыт бойы, соның ішінде түнгі мезгілде де жүргізіледі. Жолаушылар тасымалын бастау мерзімі техникалық дайындық толық расталғаннан кейін жарияланады. Билік өкілдері ЛРТ алдағы бірнеше айда жолаушыларды тасымалдай бастайды деп отыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤬2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Трамптың кеңесшілері ақымақ" - Қазақстандағы Иран елшісі

АҚШ Ирандағы соғысты бастауы қажет емес еді. Бұл туралы Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар журналистермен әңгіме барысында айтты.

Елші АҚШ президенті Дональд Трамптың әскери қимылдарды бастау туралы шешіміне пікір білдіріп, оның кеңесшілерін қатаң сынға алды. Сондай-ақ Иранда Венесуэладағыдай сценарийді қайталау мүмкін еместігін атап өтті.

– Мен Трамптың… оның кеңесшілері ақымақ деп ойлаймын. Мен соғысты бастауға итермелеген адамдарды айтып отырмын. Әрине, АҚШ-та әлдеқайда білікті, ақпараттанған кеңесшілер бар, бірақ Трамп оларды тыңдамады. Қазірдің өзінде әлемдегі ең беделді зерттеу орталықтары бұл әрекеттердің қажеті болды ма деген сұрақ қоя бастады. Осы соғыстың салдарынан Иранда мыңнан астам жазықсыз адам қаза тапты. Балалар, мектеп оқушылары көз жұмды, азаматтық нысандар, мектептер мен ауруханалар шабуылға ұшырады.
Қазір соңғы күндерге назар аударайық: өңірдегі АҚШ-тың барлық әскери базаларына Иран тарапынан соққы жасалды. Мұның бәрі миллиардтаған шығынға және аймақ қауіпсіздігінің бұзылуына тұрарлық па еді? Тәжірибелі кеңесшілер Трампқа Иранмен соғыс Венесуэладан мүлде бөлек екенін айтқан. Егер бұл соғыс басталса, ол ұзаққа созылады, – деді елші.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10😁3👎1💩1💯1
"Бастапқы бағасы 61 млрд теңге": Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған ғимарат сатылатын болды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Алматыдағы Kaisar plaza сауда-кеңсе орталығын сатуды жоспарлап отыр.
Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы заңсыз жолмен алынғаны анықталып, 2023 жылы қаржы министрлігінің балансына берілген. Қазір нысанды мемлекеттік аукцион платформасы арқылы сатуға шығару жоспарланып отыр. Бастапқы бағасы 61 млрд теңгеден басталады. Бұл сомаға ғимараттың өзі және оған тиесілі жер телімін жалға алу құқығы да кіреді.

Kaisar Plaza — тоғыз қабатты, автотұрағы мен панорамалық қабаты бар заманауи сауда-кеңсе орталығы. Ғимаратты 53 ұйым жалға алып отыр. Оның ішінде ірі банктерден бастап БАҚ өкілдері мен кофеханаларға дейін бар.

Kaisar Plaza-ны Кайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған. Қайтарылған активтер тізіміне сондай-ақ Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton Almaty қонақүйі, «АрСат» және «Maisat» бизнес-орталықтары, «Мегатау» сауда үйі, «Байсат» базары мен «Оптимум» бизнес-орталығы да бар.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна 9,2 млрд теңгеден басталады. Аукцион 7 сәуірде басталады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
«Әскерден қайтуына екі апта қалғанда табытпен оралды»: сарбаздың киімінен ер адамның шәуеті табылғанына қарамастан, іс қозғалмаған

Осыдан бір жарым жылға жуық уақыт бұрын Ақмола облысындағы әскери бөлімде қаза болған сарбаз өліміне кінәлі тұлғалар әлі жауапқа тартылмаған, қылмыстық іс созбалаңға салынған.

Туыстары сарбаздың өзіне қол салғанына сенбейді

Ақмола облысының 20 жастағы тумасы Жеңіс Ахметжанның мерзімді әскери қызметін аяқтап, үйіне оралуына небәрі екі апта қалған еді. Ол 2024 жылы 14 қазанда Приозерск қаласында № 06708 әскери бөлімінде қайтыс болды. Ресми нұсқа бойынша, өзін-өзі басынан атып көз жұмған. Туыстарының айтуынша, ол әскерге шақырылған соң Қарағанды облысына жіберілген. Алғашында Майқұдықта қызмет атқарған. Жарты жылдан кейін офицерлермен арада кикілжің туындап, сарбаз Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімге ауыстырылған.

Сарбаздың анасы Гүлдана Ахметжанованың айтуынша, ұлы қайтыс болардан бірер сағат бұрын ғана бейнеқоңырау шалып, күзетте тұрғанын айтқан.

-  Сол күні кешке бейнеқоңырау шалып, қызметінің аяқталуына 14 күн қалғанын, жақында үйге оралатынын айтты. Мен «Ұлым, бәрі жақсы болады! Жақын күндері кездесеміз!» деп жігерлендірдім. Түнде маған телефон соғып, қайғылы жағдай болғанын жеткізді, - дейді анасы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢5❤1😡1
Шымкентте аудан әкімінің қызметкерлерін ұрған видеосы тарады

Заңгер Айгүл Орынбектің сөзінше, оқиға былтыр қазан айында болған. 

- Видеода Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі өз қызметкеріне күш қолданып, ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Иә, қызметкер жұмысынан айырылып қалмас үшін әкімге қарсы арыз жазбауы мүмкін. Бірақ жанына қатты батқан адам бұл видеоны бекерден-бекер таратпайды ғой, – дейді заңгер. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданын Алмас Абаев басқарады. Ол бұл қызметке 2025 жылы тағайындалған. 

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіледі.

- Қала әкімдігі заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын басшылыққа алады. Егер таралған бейнежазбада көрсетілген жайттар расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады, – делінген хабарламада. 

Әкімдік тексеру аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауды сұрайды. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬6🤣4❤2😡1
Иран Израиль премьер-министрінің кеңсесіне соққы жасағанын мәлімдеді

Иранның Tasnim агенттігінің жазуынша, Иран ислам револбциясы сақшылары корпусы Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңесіне соққы жасаған. Ғимарат «Kheibar» зымыранымен атқыланған. Әзірге Нетаньяху зардап шекті ме, жоқ па белгісіз.

Бұдан бөлек, агенттік Ислам революциясы сақшылар корпусына сілтеме жасап, Иранның Израильдің әскери әуе күштерінің кеңесін де атқылағанын хабарлады.

Израиль тарапы әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥1😡1
Ақмола облысында бір отбасы қатыгездікпен өлтірілді - БАҚ

Ақмола облысындағы Жібек жолы ауылында қанды қылмыс болғаны туралы ақпарат тарады.

Желідегі ақпарат бойынша, ер адам анасын, әкесін және қарындасын өлтірген. Сонымен қатар, ашық дереккөзөдегі ақпарат бойынша, олардың денесі үйдің ауласынан табылған. 

Алайда полиция мәліметінше, Жібек Жолы ауылында болған кісі өлтіру дерегіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар тарап жатыр.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қаза тапқан адам санын нақтыламады. 

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады. Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢4
Қазақстандықтарға Қытайдан көлік әкелу жеңілдей түседі

1 наурыздан бастап Қорғас шекара өткелінде жаңартылған бақылау-өткізу пункті жұмысын бастады. Жаңа жүйе шекарадағы кептелісті азайтуға бағытталған.

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қорғас өткізу бекетінде коммерциялық автокөліктерге арналған алғашқы экспресс-өткізу арнасы ашылды. Бұл жаңашылдық «бір терезе» қағидатына негізделген және биометриялық тексеруге арналған паспортты автоматты түрде оқитын қосымша жабдықтармен қамтылған.

Ең бастысы — барлық рәсімді жүргізушілер көліктен түспей-ақ орындай алады.

— Процестің бәрі өте жеңіл өтті. Бұрын шекаралық бақылаудағы барлық формальды процедуралар қызметкерлер арқылы тіркеу орнында жасалатын. Қазір мен тек төлқұжатымды сканерлеймін, құрылғыға қараймын және саусақ ізімді қалдырамын. Барлығы жылдам әрі өте ыңғайлы болды, — деп келтіреді бір жүргізушінің сөзін «Синьхуа» басылымы

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5❤2🤔1