БАӘ-де жүрген үш мыңға жуық қазақстандық елге қайта алмай отыр
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына және әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінде турпакетпен барған 3 мыңнан астам қазақстандық елге қайта алмай отыр. Бұдан бөлек, Қатарда 1 061 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры хабарлады.
Қор мәліметінше, сөз туристік жолдамамен шетелге шыққан азаматтар туралы болып отыр. Қазіргі таңда олардың барлығы қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген.
— Аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтатылды. Осыған орай қазақстандық туристер Парсы шығанағы аймағындағы әуе кеңістігі ашылғанға дейін аталған елдерде уақытша қалып отыр. Туркодтары бар барлық турист қонақүйлерге орналастырылып, тамақпен қамтылған, — деді «Туристік Қамқор» қоры өкілдері.
Қор төрайымы Инна Рей туристердің барлығы қауіпсіз жағдайда екенін айтты.
— Ең бастысы — барлық туристіміз аман-есен, жағдай толық бақылауда. Алдағы уақытта жағдай тұрақталып, әрі қарай қандай қадам жасалатыны белгілі болады деп үміттенеміз. Қандай жағдай болса да, біз кез келген жағдайға дайынбыз. Туристерден сабыр сақтауды сұраймыз, — деді ол.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
«Қақтығыс надандықтан туады» - Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйледі
АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде білім арқылы бейбітшілік орнату туралы баяндама жасады.
2026 жылғы 2 наурызда Мелания Трамп Қауіпсіздік кеңесінің отырысын ашты. Бұл — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауап беретін БҰҰ-ның басты органында қызметтегі бірінші ханымның алғаш рет төрағалық етуі. 2026 жылдың наурыз айында Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық АҚШ-қа өтті.
Өз сөзінде Трамп «бейбітшілік әлсіз болмауы керек» екенін айтып, тұрақты бейбітшілікті білімге қолжетімділікпен тікелей байланыстырды. Баяндаманың негізгі тезисі - білім қауіпсіздік пен өркениет болашағының іргетасы.
Ол білімге негізделген қоғамдар бейбіт болатынын, ал надандық қақтығыс пен теріс түсініктерге әкелетінін атап өтті. Оның айтуынша, ой еркіндігін шектеу - мемлекеттің болашағын шектеумен тең.
Сондай-ақ ол технологиялар мен жасанды интеллекттің рөліне ерекше тоқталды. Бірінші ханымның пікірінше, жасанды интеллект «білімді демократияландырып», миллиардтаған адамға білімге жол ашып, географиялық шекарасыз жаңа жаһандық шындық қалыптастырады.
Мелания Трамп елдерді білім мен технологияға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырып, түсіністік арқылы бейбітшілік орната алатын жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеуге үндеді.
«Қақтығыс надандықтан туындайды, ал білім түсіністікке жол ашады», - деді ол Қауіпсіздік кеңесі мүшелеріне үндеу жасап, білімді жаһандық тұрақтылықтың негізі ретінде қорғауға шақырды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі туралы
Айта кетейік, Қауіпсіздік кеңесінің құрамына 15 мемлекет кіреді:
5 тұрақты мүше (вето құқығымен): АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресей.
Тағы 10 уақытша мүше БҰҰ Бас Ассамблеясы арқылы екі жылға сайланады.
Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ай сайын ауысып, елдерге ағылшын әліпбиі тәртібімен беріледі. 2026 жылдың наурызында төрағалық АҚШ-қа өтті. Кейін ол ротация тәртібімен басқа мүшелерге беріледі.
Бұл - қызметтегі АҚШ бірінші ханымының Қауіпсіздік кеңесі отырысына алғаш рет төрағалық етуі.
https://t.me/ulysmedia

👎4🤷♂3💩2
Президент иммунитеті, митингілер және билік: Базарбек қоғамдағы басты алаңдаушылықтарға жауап берді — подкаст
Бақытжан Базарбек — соңғы жылдары ең көп талқыланған депутаттардың бірі. Ол Мәжіліске партиялық қолдаусыз, бірмандатты округтен сайланып келді. Билік элиталарымен ашық пікір қайшылығына барып, шенеуніктер мен құрылыс компанияларын сынға алды және қысымға қарамастан ұстанымын өзгерткен жоқ.
Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзив сұқбатта ол алғаш рет жаңа Конституцияны кері шегіну емес, алға жасалған қадам деп санайтынын жан-жақты түсіндірді.
Әңгіме барысында:
- жаңа Конституция президент өкілетін күшейте ме, елді «авторитарлық кері бұрылыс» күтіп тұр деген рас па?
- неге «митингілер» және «тегін» деген сөздер алынып тасталды?
- президент іс жүзінде қол сұғылмайтын тұлғаға айнала ма?
- не үшін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық мерзім қажет?
- әлеуметтік кепілдіктер жойыла ма, президенттікке үміткерлерге мемлекеттік қызмет өтілі не үшін керек?
- Қазақстан халықаралық құқықтың басымдығын әлсірете ме?
- жаңа билік орталығы — Халық кеңесі пайда бола ма деген сауалдар талқыланды.
Базарбек жаңа модельді билікті иеленіп алу дәуірін жабуға бағытталған қадам деп бағалайтынын айтып, қоғамдағы негізгі алаңдаушылықтарға — митингіден бастап медицинаға дейін — жауап берді. Сондай-ақ ол алғаш рет саяси жоспарлары, сайлауға ықтимал қатысуы және референдумнан кейінгі болашағы туралы пікір білдірді.
📹Толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.

❤2
⚡️Тоқаев Айнұр Серғазиеваны қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
АЙНҰР СЕРҒАЗИЕВА
Серғазиева мемлекеттік қызмет істері агенттігіне келген алғашқы күннен бастап-ақ жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Бұған дейін ол «Зерде» ұлттық ақпараттық холдингінде басқарушы директор қызметін атқарған, онда мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелерімен айналысты. Ал одан бұрын Алматы энергетика және байланыс университетінде тәрбие жұмыстарының үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету секторын басқарған.
Серғазиеваның агенттікке келуі әлеуметтік желі қолданушыларын мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық саясатына қызығушылық танытуға итермеледі. Ол үшін көп ізденудің қажеті болмады – Айнұрдың жеке өмірі Instagram-да ашық көрсетіліп келген еді. Ол демалыс орындары, сәнді киімдері мен әшекейлерінің суретін желіде бөлісіп қана қоймай, әрбір сөзін фотосуреттерімен растап отырды. Бірақ қазақстандықтар оған қызығудың орнына, оның бриллианттары мен брендті сөмкелерін қандай қаражатқа сатып алатыны туралы сұрақтар қоя бастады.

👎3🤔2❤1🤮1
ULYSMEDIA.KZ
⚡️Тоқаев Айнұр Серғазиеваны қызметінен босатты Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. АЙНҰР СЕРҒАЗИЕВА Серғазиева мемлекеттік қызмет істері…
⚡️Оның орнына Ұлан Бекіш қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2
Қазақстанда шариғат талаптарына сай исламдық ипотека қашан іске қосылады?
Қазақстанда баспана алу үшін банктердегі дәстүрлі ипотекадан бөлек ислам ипотекасы бар. Ulysmedia.kz тілшісі оның артықшылығы мен қайдан алуға болатынын зерделеп көрді.
Ислам ипотекасында пайыздық мөлшерлеме қосылмайды
Бұл шариғат негізінде жұмыс істейтін қаржыландыру түрі. Дәстүрлі ипотекадан айырмашылығы халал ипотекада пайыздық мөлшерлеме қосылмайды. Яғни пайызсыз ипотека деуге болады. Себебі ислам дінінде өсімқорлыққа тыйым салған. Ислам банктері пайызға несие бермейді, бірақ табыс табу үшін басқа механизмдерді қолданады.
Ислам қаржы жүйесінде ипотеканың иджара, мурабаха және мушарака атты үш түрі бар. Атауы ұқсас болғанымен, талабы әртүрлі.
1) Мурабаха
Банк үйді өзі сатып алып, клиентке үстеме бағамен қайта сатады.
Үйдің бастапқы бағасы және банктің үстемесі ашық көрсетіледі.
Төлем әдетте бөліп төлеу арқылы жүзеге асады.
Пайыз емес, нақты тауарды қайта сату шарты қолданылады.
Қазақстанда бұл модельді, соның ішінде Al Hilal Bank сияқты ислам банктері ұсынады.
Ерекшелігі: барлық сома алдын ала белгілі, төлем кестесі өзгермейді.
2) Иджара
Банк үйді сатып алып, оны клиентке жалға береді.
Клиент ай сайын жалдау ақысын төлейді.
Төлемнің бір бөлігі үйді кейін сатып алуға бағытталады.
Мерзім соңында барлық төлем өтелген соң, меншік клиентке өтеді.
Ерекшелігі: бастапқы кезеңде меншік банкке тиесілі, клиент жалға алушы ретінде тұрады.
3) Мушарака (азая беретін серіктестік)
Банк пен клиент үйді бірге сатып алады (мысалы, 50/50).
Клиент банктің үлесін біртіндеп сатып алады.
Әр төлемнен кейін банктің үлесі азая береді. Соңында толық меншік клиентке өтеді. Мысалы: 100 000 долларлық үйді банк пен клиент тең бөліп алады. Клиент уақыт өте келе банктің 50% үлесін бөліп төлеу арқылы толық иелікке өтеді.

👎4🤔3😁2👍1
Қазақстандықтар Ираннан қай елдер арқылы ұшып кете алады?
Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның шет елдердегі мекемелері шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен Ираннан көрші елдер арқылы азаматтарымызды эвакуациялауға жәрдем көрсету жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.
Армян тарапымен Қазақстан азаматтарының Армения аумағы арқылы эвакуациялануы жағдайында Иран-Армения шекарасынан кедергісіз өту мәселесі келісілді. Арменияның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен тұрақты байланыс сақталуда.
Осыған ұқсас жұмыс Әзербайжан тарапымен де жүргізілді, олар эвакуация мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Елдің құрлықтағы шекара өткелдеріндегі өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат қажет.
Екі азаматтың өтініші негізінде ҚР-дың Әзербайжандағы Елшілігі Ираннан «Джульфа» бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел түрде рұқсат алды.
Түрікменстан тарапы да қазақстандық азаматтардың эвакуациясы үшін мемлекеттік шекарадан өтуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.
Аталған бағыттағы жұмыс үздіксіз жалғасуда, қосымша түсіндірмелер ҚР Сыртқы істер министрлігінің және шет елдердегі мекемелердің ресми ақпараттық ресурстары арқылы жарияланып отырады.
Жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы істер министрлігі заманауи цифрлық құралдарды, соның ішінде Kaspi инфрақұрылымын пайдаланды. Компаниямен бірлесіп хабарламалар жүйесі жолға қойылып, өңірдегі азаматтардың мобильді құрылғыларына ресми ақпарат пен түсіндірмелердің дер кезінде жеткізілуі қамтамасыз етілді.

❤1👍1
Ақылы жолдардан түскен миллиардтар қайда кетіп жатыр?
Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, елімізде жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырым болатын 26 ақылы жол телімі жұмыс істеп тұр.
Биылғы жылы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарлануда.
Олар:
Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал – 554,6 км;
Бурылбайтал-Құрты – 226,4 км;
Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат – 89 км;
Талдықорған-Өскемен – 773 км;
Атырау-Астрахань – 277 км;
Мерке-Шу-Бурылбайтал – 78 км.
Сондай-ақ, жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолдармен жүру үшін ақы төлеу мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізілмек, тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісілуде.
“Өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 87 миллиард теңге жиналды және бұл қаражат толығымен ақылы учаскелерді күтіп ұстауға бағытталды (2024 жылы – 48 млрд.теңге). Мәселен, ақылы учаскелерден түскен табыс 1 мың 456 бірлік мамандандырылған техника мен жабдық сатып алуға, 354 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізуге, сондай-ақ 340 мың текше метр көктайғаққа қарсы материалдарды пайдалануға жұмсалды”, - деді ол.

🤬5❤3🤔1
"Қазақстан билігі қадіріне жетпеді": Алматыда саясаткер Болатхан Тайжанды еске алды
Кәсіби дипломат әрі белгілі саясаткер Болатхан Тайжанның туған күні қарсаңында Алматыда шахматтан турнир өтті. Саясаткердің отбасы турнир Болатхан Тайжанның 85 жылдығына орай ұйымдастырылғанын айтты.
Мән-жай
Болатхан Тайжанның ұлы Мұхтар Тайжан әкесінің атындағы шахмат турнирі осымен үшінші рет өтіп жатқанын айтты. Сөзінше, отбасымен бірге айтулы датаға орайластырып, әр бес жыл сайын турнир ұйымдастырып келеді.
«Шахмат деген керемет ойын. Менің әкем шахматты жақсы көрді, көп ойнаған. Мен де ойнаймын. Менің ұлым да ойнайды. Әкемнің 75, 80 жылдығында өткіздік турнир. Енді міне, 85 жылдығында өткізіп отырмыз. Әр бес жыл сайын еске алу ретінде жарысты өткізіп жүрміз. Дәстүрге сай ас әлбетте өткіземіз. Бірақ астан басқа осындай шаралар өткізген де маңызды деп ойлаймын», – деді ол.

👏5
Көлік министрі миллион теңгенің кепкасын киіп жүргенін білмеген
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев гардеробындағы қымбат брендтік бұйымның қайдан пайда болғанын түсіндірді.
Жуырда блогерлер Мәжіліс ғимаратынан шыққан министрдің Loro Piana брендінің кепкасын кигенін байқаған. Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның құны 1 миллион теңгеден асады.
Ulysmedia.kz тілшісі министрден мұндай қымбат киімді қаншалық жиі киетінін және мемлекеттік қызметкердің жалақысымен оны қалай ала алатынын сұрады. Сауранбаев әлеуметтік желідегі шуға дейін мұндай кепкасы бар екенін өзі де білмегенін айтты.
– Шынымды айтсам, брендтерді мүлде түсінбеймін, өмірде қарапайым адаммын. Бірақ енді білдім. Бағасын тым асырып жіберген, – деді министр.
Біз тіпті жеңілдікпен де мұндай киімнің құны 500 мың теңгеден төмен болмайтынын нақтылап, бұл ерлер киіміндегі ең қымбат брендтердің бірі екенін айттық. Алайда Нұрлан Сауранбаев кепкасының бағасы әлдеқайда төмен екенін тағы да қайталады.
ӘЙЕЛІНІҢ СЫЙЛЫҒЫ МА
Үкімет отырысынан кейін министрге қайта жолығып, өзін «қарапайыммын» деген адамның гардеробында қымбат брендтің қалай пайда болғанын сұрадық. Бұл жолы да министр қысқа жауап берді: кепканы оған жұбайы сатып алып берген.

🤔6🤮4❤1
«Самұрық-Энерго» кімдердің қолында?
Үкіметтің президент қатысқан кеңейтілген отырысы өткеніне бір айға жуық уақыт өтті. Алайда онда берілген тапсырмалар қалай орындалып жатқаны әзірге белгісіз. Әсіресе «сол жағалаудағы кофеқұмарлар» мен «энергетикадағы өзіне тым сенімді әуесқойлар» туралы айтылған ескертпелердің кімге бағытталғаны белгісіз. Бұл әңгімелер «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамына қатысты болуы мүмкін деген жорамал бар.
Компания үкімет пен «Самұрық-Қазына» холдингінің тапсырмасымен Ресей салуға уәде берген үш жылу электр орталығын, жаңартылатын энергия көздеріне негізделген бірқатар нысанды тұрғызуға және тұтастай алғанда Қазақстанның энергетикалық кешенін жаңғыртуға жауапты. Байқағандай, міндет ауқымды. Алайда стратегиялық маңызы зор осы компания басшылығында бірде-бір кәсіби энергетиктің болмауы таңғалдырмай қоймайды.
Ulysmedia.kz елдің энергетикалық кешенін жаңғырту міндеті кімдерге жүктелгенін және бұл үдерісте Қайрат Итемгеновтің есімі неге аталып жүргенін саралап көрді.

Иран зымыраны "Дубайдағы Қазақстан" аталып кеткен резиденцияға түскен Иран зымыраны түскен Дубайдағы ғимараттардың бірінде қазақстандық шенеуніктер мен олардың туыстарына тиесілі қымбат жылжымайтын мүліктер бар. Мән-жай Иран АҚШ пен Израильдың әуе соққысына…
Қазақстандықтардың Дубайдағы баспаналары қирады ма: СІМ жауап берді
Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев Дубайда қазақстандықтардың тұрғын үйлері зардап шеккені туралы ақпаратқа пікір білдірді.
Мәселе Fairmont The Palm кешені туралы болып отыр, онда қонақ үй мен пәтерлер бар. Бұған дейін журналист Манас Қайыртай «Қазақстан Дубайда» зерттеуінде C4ADS ұйымының 2022 жылғы есебіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан азаматтары бұл кешеннен шамамен 97 пәтер сатып алғанын хабарлаған еді.
Әлібек Бақаев аталған кешенде тұратын Қазақстан азаматтарынан ведомствоға өтініш түспегенін мәлімдеді.
"Бізде жылжымайтын мүліктің кімге тиесілі екендігі туралы ақпарат жоқ. Жалпы Дубайда және Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары тұрады. Бірақ бізде кімнің қай үйде тұратыны туралы мәлімет жоқ. Бізге ешқандай өтініш түскен жоқ. Қазақстанның брде-бір азаматы қаза тапқан жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", - деді ол Үкіметте өткен брифингте.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев Дубайда қазақстандықтардың тұрғын үйлері зардап шеккені туралы ақпаратқа пікір білдірді.
Мәселе Fairmont The Palm кешені туралы болып отыр, онда қонақ үй мен пәтерлер бар. Бұған дейін журналист Манас Қайыртай «Қазақстан Дубайда» зерттеуінде C4ADS ұйымының 2022 жылғы есебіне сілтеме жасай отырып, Қазақстан азаматтары бұл кешеннен шамамен 97 пәтер сатып алғанын хабарлаған еді.
Әлібек Бақаев аталған кешенде тұратын Қазақстан азаматтарынан ведомствоға өтініш түспегенін мәлімдеді.
"Бізде жылжымайтын мүліктің кімге тиесілі екендігі туралы ақпарат жоқ. Жалпы Дубайда және Таяу Шығыста Қазақстан азаматтары тұрады. Бірақ бізде кімнің қай үйде тұратыны туралы мәлімет жоқ. Бізге ешқандай өтініш түскен жоқ. Қазақстанның брде-бір азаматы қаза тапқан жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", - деді ол Үкіметте өткен брифингте.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣4
Дубайда қалып қойған жүздеген қазақстандық елге оралды
Бүгін Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс орындады. Нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды.
Аталған бағытта Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс жалғасуда.
Жақын уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарлануда.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін СІМ қақтығыс аймағында қанша қазақстандық бар екенін айтқан болатын.

❤1😁1
Израиль Ливанмен шекарада әскери операция бастады
Мән-жай
ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде операция бастағанын мәлімдеді. 3 наурызда таратылған хабарламада бұл ортақ шекара бойындағы тактикалық операция екені айтылды.
Израиль сарбаздары Ливанның оңтүстігінде әрекет етіп, күшейтілген қорғаныс стратегиясы аясында шекара маңындағы бірнеше нүктеге орналастырылған.
Сонымен қатар, Израиль әскері Ливандағы Хезболла тобының инфрақұрылымына соққы жасап жатқанын хабарлады.
«Израиль елді мекендеріне тікелей атқылау қаупінің алдын алу үшін премьер-министр Биньямин Нетаньяху және мен ЦАХАЛ-ға Ливан аумағында алға жылжып, қосымша стратегиялық биіктіктерді бақылауға алып, сол жерден шекара маңындағы елді мекендерді қорғауға рұқсат бердік», – деді Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац.
Бұдан бөлек, Израиль әскері Иран аумағындағы және Ливан астанасы Бейрут қаласындағы нысандарға қарсы жаңа «ауқымды» әуе соққылары толқыны басталғанын хабарлады.

🤬2❤1👍1
Тасжолдарда жылдамдықты өлшейтін жаңа құрылғылар орнатылды
Республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшейтін құрылғылар іске қосылды. Әңгіме Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі аралық туралы болып отыр.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, камералар Торанғалық және Гүлшат кенттері маңындағы жол аркаларына орнатылған. Ереже бұзушылықтар қозғалыстың екі бағыты бойынша да тіркеледі.
Ведомство аталған учаскеде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 110 шақырым екенін еске салды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа учаскені іске қосу жоспарланып отрығанын мәлімдеген еді.

👎3
Семей қаласында ойын-сауық орталығында өрт шықты
Хабарлама түскен сәттен бастап алты минут ішінде күштер мен құралдар оқиға орнына жетті. Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жалынмен жанып жатты. Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша адамдар өздігінен эвакуацияланған.
Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенуде.
Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Өртке қарсы қызметі жоғаы ранг бойынша жұмыс жасауда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өртті сөндіру жалғасуда.

👍2❤1👏1
Әбілхан Қастеевтің еш жерде жарияланбаған суреттері шықты
Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің еш жерде жарияланбаған суреттері шықты.
Осы күнге дейін отбасылық мұрағатта сақталып келген шебердің түпнұсқа эскиздерін әйгілі суретшінің шөбересі Айсанам Қастеева “Қайырлы таң, Қазақстан” бағдарламасына алып келді.
Айсанам Қастееваның сөзінше, бұл суреттер бұған дейін еш жерде жарияланбаған.
Суреттерді Айсанамға Қастеевтің қызы Гүлдария Қастеева берген.
ҚАСТЕЕВ
Айта кетейік, қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысындағы Жаркент төңірегінде өмірге келген. Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияcында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

❤9