This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иран дроны АҚШ-тың Дубайдағы консулдығына соққы жасады
Дрон соққысынан кейін дипломатиялық миссия аумағында өрт шыққан. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Reuters агенттігінің куәгерлері америкалық консулдық орналасқан ауданда түтін шыққанын көргендерін айтқан. Әлеуметтік желілерде де дипөкілдік аумағына жасалған соққы сәті түсірілгені айтылатын видео тарады.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио дрон консулдықтың автотұрағына түскенін мәлімдеді. Оның сөзінше, шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бұған дейін дрон шабуылы АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне де жасалған болатын. Сауд Арабиясы қорғаныс министрлігінің мәліметінше, дипломатиялық миссия ғимаратына аздаған зақым келген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇷2026 жылғы Әйелдер арасындағы Азия кубогы ойындарының алдында Иранның әйелдер ұлттық футбол құрамасы әнұран шырқалған кезде үнсіз қалды.
Бұл жағдай Иран мен АҚШ-Израиль шиеленісі күшейген сәтте болды.
Команданың алғашқы матчында олар Оңтүстік Кореяға 3:0 есебімен ұтылды, бірақ үнсіздік ойыннан гөрі көп назарға ие болды.
Көбі бұл әрекетті қарсылық пен наразылық деп түсінді.
Иран құрамасының бас бапкері де әнұран қосылған кезде үнсіз қалды және матчтан кейін де бұл әрекетін түсіндірген жоқ.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Бұл жағдай Иран мен АҚШ-Израиль шиеленісі күшейген сәтте болды.
Команданың алғашқы матчында олар Оңтүстік Кореяға 3:0 есебімен ұтылды, бірақ үнсіздік ойыннан гөрі көп назарға ие болды.
Көбі бұл әрекетті қарсылық пен наразылық деп түсінді.
Иран құрамасының бас бапкері де әнұран қосылған кезде үнсіз қалды және матчтан кейін де бұл әрекетін түсіндірген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎3❤1
ULYSMEDIA.KZ
Көлік министрі миллион теңгенің кепкасын киіп жүргенін білмеген Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев гардеробындағы қымбат брендтік бұйымның қайдан пайда болғанын түсіндірді. Жуырда блогерлер Мәжіліс ғимаратынан шыққан министрдің Loro Piana брендінің кепкасын…
Қымбат бейсболканы министрге кім сыйлаған: әйелі ме, әлде...
Үкіметтің соңғы отырысында негізінен көлік министрі Нұрлан Сауранбаев белсенділік танытты. Ол бұрын қарамағында істеген, белгілі шенеуніктердің туыстары болып келетін қызметкерлерді мақтап, ауыл тұрғындарының қиыршық тас төселген жолдармен қаншалықты жайлы жүретінін айтып, жолаушылар мен жүргізушілерді жол азабынан құтқаруға, бар жолды одан да сапалы етуге уәде берді.
Алайда ең есте қалғаны – Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына берген жауабы болды. Тілші министрдің басындағы италиялық әйгілі брендт тіккен бейсболка туралы сұраған еді. Жауаптан жалтарып көрген, оған біздің журналист көне ме, ақырында бұл сәнді бас киімді оған жұбайы сатып әпергенін, ал өзі оның нақты бағасын білмегенін айтты.
Осыдан кейін қымбат кепка емес, оны сыйлай алатын жұбайының сонда кім болғаны деген сұрақтың жауабы қызықтырақ көрінді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Үкіметтің соңғы отырысында негізінен көлік министрі Нұрлан Сауранбаев белсенділік танытты. Ол бұрын қарамағында істеген, белгілі шенеуніктердің туыстары болып келетін қызметкерлерді мақтап, ауыл тұрғындарының қиыршық тас төселген жолдармен қаншалықты жайлы жүретінін айтып, жолаушылар мен жүргізушілерді жол азабынан құтқаруға, бар жолды одан да сапалы етуге уәде берді.
Алайда ең есте қалғаны – Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына берген жауабы болды. Тілші министрдің басындағы италиялық әйгілі брендт тіккен бейсболка туралы сұраған еді. Жауаптан жалтарып көрген, оған біздің журналист көне ме, ақырында бұл сәнді бас киімді оған жұбайы сатып әпергенін, ал өзі оның нақты бағасын білмегенін айтты.
Осыдан кейін қымбат кепка емес, оны сыйлай алатын жұбайының сонда кім болғаны деген сұрақтың жауабы қызықтырақ көрінді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әділет министрлігі консорциумдармен даудың қашан аяқталатынын айта алмады.
📍МӘН-ЖАЙЫ
Министр Ерлан Сәрсембаев даулар аясында болып жатқан оқиғаларға жасырын келген ақпаратты жариялай алмайтынын жеткізді.
- Айтылған ақпарат тек сот аясында жариялауға мүмкіндігіміз бар. Оны сырттан, соттан тыс жариялауға не бағалауға мүмкіндігіміз жоқ. Бұл іс бойынша жалпы 20 шақты сот жүріп жатыр. Олардың бәрі бақылауымызда. Істің қаншаға созылатыны бізге байланысты емес. Тек сот шешеді. Бәрі халықаралық деңгейде тұрған ұйымдар, – дейді министр.
📌КОНТЕКСТ
Қазақстан үкіметі бірқатар ірі шетелдік мұнай-газ консорциумдарымен халықаралық арбитражда дауласуда. Әңгіме елдегі ірі кен орындарын игеріп жатқан консорциумдардың Қазақстанға төлеуі тиіс төлемдері, экологиялық талаптардың орындалуы және өндірістік шығындарды өтеу мәселелері туралы болып отыр.

Депутат соғысқа қатысып, елге оралғандарды қатаң жазаламауды ұсынды
Депутат Жарқынбек Амантайұлы шет елдегі соғысқа қатысып, елге оралғандарды қатаң жазаламауды ұсынды.
Оның сөзінше, кейбір қазақстандықтар соғысқа әлеуметтік қиындық салдарынан барады.
- Алайда өз ісіне өкініп, елге оралуға ниет білдірген азаматтар үшін қазіргі заңнамадағы қатаң санкция елеулі тосқауыл болып отыр. Тәубесіне келіп, Отанға оралған азаматтың ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы оның толыққанды қайта әлеуметтенуіне кері әсер етуі мүмкін. Оған қоса, сотталғандардың арасында Ресей елінің азаматтығын алғандары тағы бар. Мысалы, жуырда 6 жылға бас бостандығынан айырылған – Евгений Люфт сол елдің азаматы болған деген әңгіме бар, – дейді депутат.

💩8👎5🤔3❤2😡1
Соғыс, ядролық бағдарлама және Орталық Азия: Израиль өз ұстанымын түсіндірді
Таяу Шығыс қазір астан-кестең. Иранға жасалған соққылар, Ливан бағыты, Тегеранның ядролық бағдарламасындағы «қызыл батырма» жайында әлем көбірек білгісі келеді. Оларға не үшін осындай соғыс болып жатыр, ол қашан аяқталады дегеннің де жауабын кім айтады?
Ulysmedia.kz сауалдарына Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы (сондай-ақ Қырғыз Республикасындағы) елшісі Йоав Быстрицкий жауап беруге келісті. Эксклюзивті сұхбатында ол Ирандағы режимнің ауысу ықтималдығы, өңірлік кең ауқымды эскалация мүмкіндігі және бұл жағдайда Қазақстан қандай рөл атқара алатыны туралы айтты.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Таяу Шығыс қазір астан-кестең. Иранға жасалған соққылар, Ливан бағыты, Тегеранның ядролық бағдарламасындағы «қызыл батырма» жайында әлем көбірек білгісі келеді. Оларға не үшін осындай соғыс болып жатыр, ол қашан аяқталады дегеннің де жауабын кім айтады?
Ulysmedia.kz сауалдарына Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы (сондай-ақ Қырғыз Республикасындағы) елшісі Йоав Быстрицкий жауап беруге келісті. Эксклюзивті сұхбатында ол Ирандағы режимнің ауысу ықтималдығы, өңірлік кең ауқымды эскалация мүмкіндігі және бұл жағдайда Қазақстан қандай рөл атқара алатыны туралы айтты.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮7❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранда мектепке жасалған соққыдан қаза тапқан оқушылар мен мұғалімдер жерленді
Иранда қыздар мектебіне жасалған соққы салдарынан қаза тапқан 165 оқушы мен мұғалімді жерлеу рәсімі өтті.
Al Jazeera мәліметінше, жаппай жерлеу рәсімі 3 наурыз күні Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясының Минаб округінде өтті. Зымыран соққылары қыздарға арналған мектепке АҚШ пен Израиль Иранға алғашқы әуе шабуылдарын бастаған күні жасалған.
ЗАРДАП
The New York Times жүргізген талдау нәтижесінде екі қабатты мектептің кемінде жартысы жарылыстан қирағаны анықталған.
Басылымның мәліметінше, оқиға орнынан түсірілген кадрларда Қызыл Жарты ай қызметкерлері мен қаза тапқандардың туыстары үйінділерді тексеріп жүргені көрінеді. Үйінді арасында қан мен күлге боялған мектеп сөмкелері мен оқулықтар жатыр.
Сыныптағы парталар қирандылар астында қалған. Қаза тапқандардың денелері қара қаптарға салынған.

😢6🙏1
Көкжайлау төңірегіндегі дау. Шатқалға шаңғы курортын салу кімге керек?
Осыдан 2002 жылдан бері біресе өршіп, біресе бәсеңдеумен келе жатқан Көкжайлау шатқалы төңірегінде дау қайтадан басталған тәрізді. Экологтар мен белсенділер кейінгі уақыттары жарнамасы жер жарып тұрған «Almaty SuperSki» тау шаңғы курортының жобасына күмәнмен қарайды. Бұл жоба төңірегінде неге дау көп? Оның Көкжайлау шатқалына қандай қатысы бар? Белсенділер мен экологтардың алаңдауында негіз бар ма? «Almaty SuperSki» жобасын кім жүзеге асырады? Оның түпкілікті бенефицары кім?
Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жобасы сонау 2002 жылы пайда болған. Содан бері бұл жобаның басынан дау арылған жоқ. Белсенділер ерекше қорғауға алынған табиғи аумақта курорт салуға қарсы болып, наразылық білдіріп келеді. Тіпті 2012 жылы пікірталас халықаралық деңгейге көтеріліп, наразы топ БҰҰ-ның Орхус конвенциясына шағымданған. Қоғам белсенділері «Көкжайлауды қорғайық» атты бейресми қозғалыс құрып, биліктің шалағай әрі халық үнімен санаспаған жобасына қарсы тұрды.
Алматы әкімдігі 2015 жылы күзде жобаны уақытша тоқтатып, оған экономикалық дағдарыс пен жұрттың наразылығы себеп болғанын айтты. Уақытша тоқтатылған жоба 2017 жылы қайта жаңғырды. Қала билігі ескі техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжатты жарамсыз деп танып, жаңасын жасауға кірісті. Курорт жобасы мен концепциясын әзірлеген компаниялар да ауысқан. Жұрт бұл да бюджет қаржысын жұмсаудың бір жолы деп сынаған.

🤬4
Қазақстан "Бейбітшілік кеңесіне" қанша қаржы бөледі?
Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан Бейбітшілік кеңесі бастамасы аясында қандай үлес қосатынын айтты.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Қазақстан бұған дейін қосылған Бейбітшілік кеңесі бастамасы аясында қанша қаржы бөлгені немесе бөлуді жоспарлап отырғаны туралы сұрады.
Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан әзірге бұл бастамаға қаржы аудармаған.
— Біріншіден, біз әлі ештеңе төлеген жоқпыз. Әңгіме тұрақтандыру жұмыстары аясында дәрігерлерді далалық госпитальдармен бірге жіберу, студенттерге оқу үшін гранттар беру, азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсету немесе азық-түлік жеткізу туралы болып отыр. Яғни көмектің басым бөлігі осындай түрде көрсетіледі. Оның да ақшалай құны есептелуі мүмкін. Мұнда нақты бір цифр айтылды деп, көмек міндетті түрде сол көлемде қаржы түрінде беріледі деуге болмайды. Бұл – жан-жақты көмек, оның басым бөлігі гуманитарлық сипатта болады, — деді Жұманғарин.
Журналистер Қазақстан Дональд Трамптың бастамасына қаржылай қолдау көрсетеді ме деген нақтылаушы сұрақ қойған. Министрдің сөзінше, бұл мәселе әзірге үкімет деңгейінде қаралмаған.

🤔6❤2🔥1💩1🥱1
Таяу Шығыс елдерінде әлі қанша қазақстандық бар
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау туралы мәлімет берді.
Эвакуация қалай жүріп жатыр?
Жетібаевтың айтуынша, СІМ азаматтарды эвакуациялау процесінің күрделі екенін ескеріп, шетелдегі қазақстандықтарды түсіністік танытып, дипломатиялық мекемелер қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге шақырды.
Оның сөзінше, эвакуация тізімін қалыптастыру кезінде ең алдымен зейнеткерлерге, ата-анасымен бірге жүрген балаларға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және денсаулығында шектеуі бар адамдарға басымдық беріледі.
Қанша қазақстандық бар?
СІМ мәліметінше, қазіргі уақытта:
Иранда – 47,
Израильде – 163,
Катарда – 3000-нан астам,
Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4000-нан астам,
Сауд Арабиясында – шамамен 1800 қазақстандық бар.
— Бұл елдердегі азаматтармен байланыс арналары бар. Біз олармен тұрақты байланыстамыз және жағдайдың дамуына қарай қажетті ұсынымдар беріп отырмыз, — деді Жетібаев.

🤔1
СҚО-да екі судья сотталды
Петропавлда соңғы жылдардағы ең резонансты сот процестерінің бірі аяқталды. Айыпталушы - Солтүстік Қазақстан облысындағы соттардың бұрынғы төрағалары. Бүгін оларға сот үкімі оқылды.
Судьялар колонияға жіберілді
Сот Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймахановты кінәлі деп таныды. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сот оған өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында, Ұлттық банкте және басқа да мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеуге тыйым салды. Бұдан бөлек, одан 1,2 млн теңге тәркіленеді.
Іс бойынша екінші айыпталушы – Петропавл қалалық №2 сотының бұрынғы төрағасы Ерлан Ибраев. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Сот Ибраевқа да мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда және қаржы ұйымдарында қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салды. Сонымен қатар одан 2,25 млн теңге тәркілеу туралы шешім шықты.

👏10🔥1
Тоқаев елдегі маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2👍1
"Қазақша жазуы жоқ": Қарағандыда ДХР-де өндірілген кәмпит сатылған
Threads қолданушысы Қарағанды облысындағы дүкенде ДХР-де өндірілген кәмпит сатылып жатқанын байқаған. Сонымен қатар, желі қолданушылары ЕАЭО сертификатынан өтпеген, қазақ тіліндегі аудармасы жоқ мұндай тауар дүкен сөрелеріне қалай қойылғанын сұраған.
МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ
Біз бұл дерекке қатысты сауда министрлігінен пікір білдіруін сұрадық. Бұл дерек бойынша Қарағанды облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп мониторинг жүргізіп жатыр.
Егер заңбұзушылықтар анықталса, материалдар белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органға жолданып, шара қабылданады. Ал азық-түлік өнімдеріне қатысты бақылау мен қадағалауды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
ТАЛАП
Жалпы, азық-түлік өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген. Ел аумағында сатылатын өнімдер тұтынушыға түсінікті, оқуға ыңғайлы әрі шынайы ақпаратпен, соның ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде берілген мәліметпен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекеттік тілдегі міндетті ақпараттың болмауы таңбалау талаптарын бұзу болып саналады және қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралардың қабылдануына әкелуі мүмкін.

👎10
Қазақстандықтарға тағы бір елге бармау ұсынылды
Қазақстандық дипломаттар азаматтарды Мысырға сапардан уақытша бас тартуға шақырды.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, ведомство қазақстандықтардың Мысырға баруына тыйым сала алмайды. Алайда қазіргі жағдайды ескере отырып, бұл елге бармауға кеңес береді.
— Әрбір шетелге шығу кезінде қалыптасып жатқан жағдайды ескере отырып, азаматтарды өте жауапкершілікпен әрі ойланып шешім қабылдауға шақырамыз. Тіпті мүмкіндік болса, осы өңір елдеріне сапарды уақытша кейінге қалдырған жөн. Егер қайтып келе алмау немесе қандай да бір қаржылық міндеттемелерге байланысты қауіп бар деп есептесеңіздер, бәрін мұқият зерттеп, содан кейін шешім қабылдаңыздар. Біз тыйым сала алмаймыз, тек қана қатаң түрде ұсыным бере аламыз, — деді Жетібаев.

👍2
Діннің мемлекет ісіне араласуын қатаң шектеу керек - Әбенов
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов “дін - мемлекеттен бөлек” деген ұғым неге енгізіліп жатқанын түсіндірді.
Депутат мысал ретінде имамның төрт балаға аяғын уқалатып отырған кезін келтірді.
- Түркістан облысында көрдік қой, имам төрт балаға аяғын уқалатып отыр. Бұл не масқара? Оны заңды тұрғыда шешейік десек “жоқ, ол діни колледж” деді. Діни колледж мемлекеттің қаржысымен жұмыс істеп отыр. Оны көрген балалар ертең қалай дамиды?, – дейді депутат.
Әбенов діни сала білім саласынан бөлек екенін айтады.
- Кейде балаларды сабақ уақытында жинап, мешітке апарып, шаралар өткізіп жатады. Ол да баланың құқығын бұзады. Сол үшін діни сала білім саласынан бөлек. Қазіргі Конституцияның өзінде дін мемлекеттен бөлек, зайырлы мемлекетпіз деп айтамыз. Бірақ дін болмайтын жерге араласып жатыр. Білім саласына да араласады, домбыра тартуға болмайды деп жатады. Балаларды дамытуға қарсылық білдіреді. Жалпы адами құндылықтарға сүйенеміз. Келіннің сәлем салуы дұрыс емес, тұсаукесер, бесікке салу дұрыс емес, дінге қарсы дейді. Халықтың мыңдаған жылғы дәстүріне зиян келтіреді, – дейді депутат.

❤20👎5🤮4👍3👏2🥱2
Ираннан Түркия бағытына зымыран ұшырылған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Иран аумағынан Түркия бағытына қарай ұшырылған баллистикалық зымыранға қатысты пікір айтты. Оның сөзінше, Анкара жағдайды мұқият бақылап отыр және НАТО-дағы одақтастарымен бірлесіп әрекет етуде.
Түркия басшысы билік қауіп-қатерлерді елемей қалдырмайтынын және кездейсоқтыққа сеніп отырмайтынын айтты. Әсіресе өңірдегі қазіргі шиеленісті жағдай кезінде сақтық шаралары күшейтілген. Ол бұл пікірін Хатай провинциясында болған оқиғаға байланысты білдірді. Бұл өңірде ұшырылған зымыран әуе қорғаныс жүйелері арқылы ұсталып қалған.
Ердоғанның айтуынша, бұл оқиғадан кейін Анкара мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін нақты ескерту жолдаған.
Сонымен қатар, Түркия өз аумағы мен азаматтарын қорғауға толық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Президенттің сөзінше, Түркия өңірдегі «тұрақтылық аралы» болып қала береді. Ал елдің қарулы күштері ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуда маңызды тежеуші фактор саналады.

👀3❤2🔥1
Ресейліктердің басым бөлігі Украинамен бейбіт келіссөздерді қолдайды – сауалнама
Ресейде Украинамен бейбіт келіссөздер жүргізуді қолдайтындардың саны артқан. Бұл туралы «Левада-центр» жүргізген сауалнама нәтижелерінен белгілі болған.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазір респонденттердің 67 пайызы келіссөздерді бастау идеясын қолдайды. Соңғы бір айда бұл көрсеткіш 6 пайыздық тармаққа өсіп, бақылау жүргізіле бастағаннан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.
Ал соғысты жалғастыруды қолдайтындардың саны керісінше азайған. Қазір олардың үлесі – 24 пайыз. Бұл – осыған ұқсас сауалнамалар жүргізілген уақыт ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.
Әлеуметтанушылардың мәліметінше, келіссөздерді көбіне әйелдер, 25 жасқа дейінгі жастар, табысы мен білімі салыстырмалы түрде төмен адамдар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қолдайды. Бұған қоса, жаңалықты негізінен әлеуметтік желілерден алатындар арасында да келіссөзді жақтайтындар көп.
Ал соғысты
жалғастыру идеясын көбіне ер адамдар, 55 жастан асқандар, жоғары білімді және табысы жоғары респонденттер қолдайды. Мұндай пікірлер Мәскеу тұрғындары мен ақпаратты көбіне теледидардан және ресейлік видеоплатформалардан алатындар арасында да жиі кездеседі.

❤3😁3
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегеран көрші мемлекеттердің егемендігін құрметтейтінін және Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті аймақ елдерінің өзі қамтамасыз етуі тиіс деп санайтынын айтты.
Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрші мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдап жазды. Президенттің айтуынша, Иран серіктестерімен бірге соғысты болдырмауға тырысып, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге үміт артқан.
Пезешкианның сөзінше, жағдайды бейбіт жолмен реттеуге талпыныстар жасалғанына қарамастан, АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған әскери әрекеттер «Иранды өз мүдделерін қорғауға көшуге мәжбүр етті».
– Біз сіздердің егемендіктеріңізді құрметтейміз және өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік ең алдымен осы аймақ елдерінің өздері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейміз, – деді ол.

👍4🤮1
1991 жылдан бергі ең төменгі меже: Қытай экономикасы неге баяулады?
Қытай Иран мен Украинадағы соғыс, Вашингтонмен арадағы сауда дауы тұсында ЖІӨ өсімінің мақсатты көрсеткішін 4,5%-ға дейін төмендетті. Соңғы үш жыл бойы ол 5% деңгейінде бағаланып келген.
Мән-жай
Қытай 2026 жылға арналған ЖІӨ өсімінің мақсатты көрсеткішін 4,5–5% деңгейінде белгіледі. Бұл – 1991 жылдан бергі ең төменгі меже. Соңғы үш жыл бойы ҚХР билігі бұл көрсеткішті тұрақты түрде 5% деп бағалап келген.
DPA агенттігінің жазуынша, Пекин болжамның төмендеуін жаһандық тұрақсыздық жағдайымен түсіндірген. Атап айтқанда, Украина мен Ирандағы соғыс салдары және АҚШ және президент Дональд Трамп кезеңінде басталған сауда соғысын меңзеген.
DPA жазуынша, ЖІӨ өсімінің төмендеуіне Қытай ішіндегі проблемалар да әсер еткен. Елде қарқынды өндіріс пен ішкі сұраныс арасындағы теңсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздық мәселесі мен жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс жалғасып келеді.
Сарапшылардың айтуынша, Қытайдың экономикалық моделі әлі де өнеркәсіп пен экспортқа бағытталған. Күтіліп отырған жаңа бесжылдық бюджет жоспары технологиялық дамуды жеделдетуді және жасанды интеллектіні халықтың күнделікті өмірі мен кәсіпорындар қызметіне кеңінен енгізуді көздеп отыр.

❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ішкі істер министрлігі Мәсімовтің қайда отырғанын айта алмады
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов журналистерге Кәрім Мәсімовтің қайда отырғанын айтпады.
Санжар Әділов бұл мәселеге қатысты ақпарат арнайы комитет арқылы берілетінін айтты.
- Мен жауап бердім. Басқалардың да қайда отырғанын мен ешкімге айтқан емеспін. Кімді айттым?, – дейді Әділов.
Санжар Әділов Мәсімовтің қайда отырғанын тек жақындары мен адвокаты білетінін жеткізді.
МӘСІМОВ
2023 жылдың сәуірінде сот Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарды. Сот тағайындаған түпкілікті жаза мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру болды.

💩4😐3❤1