This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Туыстары дабыл қаққан сарбаздар оқиға күні қайда болғандарын айтты
Айнар Ахметов пен Әли Мағауияның туыстары мәлімдеме жасағаннан кейін Қорғаныс министрлігі екі мерзімді әскери қызметшінің видеосын жариялады. Сарбаздар 24 қыркүйекте Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 14 адам қаза тапқан сәтте қайда болғанын айтып берді
Толығырақ осы сілтемеде.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Біз үшін өлді ме?» Қаралы күнді мазақ еткен блогер 10 тәулікке қамалды
Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілер туралы TikTok-та пікір білдірген шымкенттік блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды
Толығырақ осы сілтемеде.
Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілер туралы TikTok-та пікір білдірген шымкенттік блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алды
Толығырақ осы сілтемеде.
👍11🤮3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Каспийдегі трагедия: Хайрушевтің ата-анасы ұлының ұсталуына байланысты үндеу жариялады
Каспийде 14 әскери қызметші қаза тапқаннан кейін ұсталған Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Данияр Хайрушевтің отбасы билікке видеоүндеу жолдады. Олар істің әділ әрі жан-жақты тергеліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуын сұрайды

❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Алматы әлдеқайда жақсы»: Павлодарға тіл тигізген әйел жазаланды
41 жастағы Алматы тұрғыны Шынар Ақаева әлеуметтік желіде Павлодар туралы балағат сөз айтқаннан кейін айыппұл арқалады
Толығырақ осы сілтемеде.
41 жастағы Алматы тұрғыны Шынар Ақаева әлеуметтік желіде Павлодар туралы балағат сөз айтқаннан кейін айыппұл арқалады
Толығырақ осы сілтемеде.
👎3🥱1
Қыркүйекте нығайған теңгенің бағамы енді қалай өзгереді? Экономист болжамы
Теңге аптаны бір доллар үшін 441,9 теңге деңгейінде аяқтады. Қыркүйекте ұлттық валюта едәуір нығайды. Алайда салық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл деңгей сақтала ма деген сұрақ туындайды
Толығырақ осы сілтемеде.
Теңге аптаны бір доллар үшін 441,9 теңге деңгейінде аяқтады. Қыркүйекте ұлттық валюта едәуір нығайды. Алайда салық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл деңгей сақтала ма деген сұрақ туындайды
Толығырақ осы сілтемеде.
Тоқсанбаеваның алтыны үшін күрес: ҰОК апелляция бермек
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның жарыстан шеттетілуіне байланысты апелляция беруге дайындалып жатыр
Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның жарыстан шеттетілуіне байланысты апелляция беруге дайындалып жатыр
Толығырақ осы сілтемеде.
🔥9❤3
Алматыда тағы да жер сілкінді
28 қыркүйекте Алматы маңында үшінші рет жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы дүмпуді Нарынқол мен Кеген тұрғындары сезген
Толығырақ осы сілтемеде.
28 қыркүйекте Алматы маңында үшінші рет жер сілкінісі тіркелді. Бұл жолы дүмпуді Нарынқол мен Кеген тұрғындары сезген
Толығырақ осы сілтемеде.
😁3❤1🤔1
Үндістанда қазақстандық спортшы кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
Үндістан полициясы 34 жастағы қазақстандық Мақсат Аязбаевты іздеп жатыр. Бұрын кәсіби велошабандоз болған ол кейін Үндістан құрамасында бапкер болып жұмыс істеген. Кәмелетке толмаған спортшы Аязбаевты өзін зорлады деп айыптаған

🤔3🥱2
ULYSMEDIA.KZ
«АҚШ-тың Қазақстанға қызығушылығы өте жоғары»: Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте үлкен саясат туралы айтты БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану, Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы жағдай, су ресурстары және жасанды интеллект…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Дипломатияға уақыт пен батылдық қажет»: Гутерриштің өкілі Украина мен БҰҰ реформасы туралы
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің ресми өкілі Стефан Дюжаррик Ulysmedia.kz-ке берген сұхбатында әлемдегі қақтығыстарды тоқтатудағы дипломатияның рөлі, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалау, ұйымның келесі Бас хатшысын сайлау және Украинадағы бейбітшілік мәселелері туралы пікір білдірді. Ол Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықтың маңызын өз тәжірибесімен көрген елдердің бірі екенін атап өтті.
БҰҰ-НЫҢ КЕЛЕСІ БАС ХАТШЫСЫ КІМ БОЛАДЫ?
Ол қазіргі Бас хатшы Антониу Гутерриш пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарым-қатынасы жайлы да сөз етті.
«Біздің Бас хатшымыз Антониу Гутерриштің бұрын біздің қатарымызда болған, Женевадағы БҰҰ басшысы қызметін атқарған президент Тоқаевпен қарым-қатынасы өте жақсы екенін білеміз. Мен онымен жеке өзім жұмыс істегенмін. Бірақ келесі басшының кім болатынын білмеймін», – деді ол.
УКРАИНАДАҒЫ БЕЙБІТШІЛІК ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Дюжаррик Украинада қандай бейбітшілік орнауы керегін айтты.
«Украинада әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнауы керек. Ол Бас Ассамблеяның қарарларына негізделген, халықаралық құқыққа сүйенген және Украинаның егемендігіне негізделген болуы тиіс», – деп түйіндеді ол.
Толығырақ
https://t.me/ulysmedia

💯2
Қазақстанда найзағай ойнап, жел күшейеді
29–30 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Ал 1 қазаннан бастап ауа райы күрт өзгереді
Толығырақ осы сілтемеде.
29–30 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Ал 1 қазаннан бастап ауа райы күрт өзгереді
Толығырақ осы сілтемеде.
14 жастағы оқушының қазасы: отбасы мұғалімге кінә артып отыр
Жамбыл облысында 14 жастағы оқушының туыстары баланың қазасына мұғалім себеп болды деп есептейді. Жасөспірім ақпанда өзіне қол жұмсаған, алайда отбасы бұл жағдайды жеті айдан кейін ғана көпшілікке жария етті

🤬3
Тоқаев Германияда Мерцпен кездеседі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйекте Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездеседі. Алдағы келіссөз туралы Германия федералдық үкіметі мәлімдеді
Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйекте Берлинде Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездеседі. Алдағы келіссөз туралы Германия федералдық үкіметі мәлімдеді
Толығырақ осы сілтемеде.
👍2😡2👌1
Қазақстандық спортшы Азия ойындарында әлем рекордын жаңартты
Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жұлқа көтеруден әлем рекордын жаңартты. Алайда алтын жүлде тағы да Солтүстік Корея спортшысына бұйырды
Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жұлқа көтеруден әлем рекордын жаңартты. Алайда алтын жүлде тағы да Солтүстік Корея спортшысына бұйырды
Толығырақ осы сілтемеде.
👍7❤1
Каспийде аман қалған үшінші сарбаздың туыстары алғаш рет жұртқа үн қатты
Никита Удаловтың отбасы көпшіліктен оқиғаны дабыраға айналдырмауды және оның әзірге бұл туралы айтқысы келмейтінін түсіністікпен қабылдауды сұрады
Толығырақ осы сілтемеде.
Никита Удаловтың отбасы көпшіліктен оқиғаны дабыраға айналдырмауды және оның әзірге бұл туралы айтқысы келмейтінін түсіністікпен қабылдауды сұрады
Толығырақ осы сілтемеде.
әл-Фарабидегі жол апаты: экс-полиция басшысының жүргізушісі 3,5 жылға сотталды
Алматыда ПД-нің бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Ә. Ж. Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына байланысты «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан

💩5😐1
Мақсат Аязбаевтың ісі: Қазақстан велоспорт федерациясы мәлімдеме жасады
Қазақстан велоспорт федерациясы Мақсат Аязбаевқа қатысты қылмыстық іс туралы ақпарат тарағаннан кейін мәлімдеме жасады. Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр

❤1
Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
Transfermarkt порталы қазақстандық футболшылардың нарықтағы құнын жаңартты. 18 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың бағасы бірден 1,5 миллион еуроға өсіп, ол қайтадан елдегі ең қымбат футболшы атанды

👍4❤1
Тоқаевтың сынынан кейін әскердегі тәртіп қалай өзгермек?
Жаңа қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов қызметке тағайындалғаннан кейін алғашқы кеңесін өткізді. Ол Каспийдегі қайғылы оқиғадан 14 әскери қызметші қаза тауып, Қорғаныс министрлігі қатаң сынға ұшырағаннан кейін әскерде қандай өзгерістер жасалатынын айтты

🥱4🤔1
Зорлау дауы: Саида Мирзиёева өлім жазасын қайтару мәселесін қозғады
Өзбекстанда Наманган облысындағы бес жасар қызға қатысты оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. 52 жастағы мемлекеттік балабақшаның шаруашылық меңгерушісі баланы зорлады деген күдікке ілінді. Ер адам қамауға алынды. Оқиға жария болғаннан кейін билік мұндай қылмыстар үшін жазаны күшейту мәселесін көтерді

👍7👏1