ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
«Өз адамдары емес, білікті кадрлар керек»: Президент қорғаныс министріне үш шұғыл міндет жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жұмысын түбегейлі өзгерту қажетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан армиясына жаңа тәсіл, заманауи басқару жүйесі және нақты реформа қажет

Толығырақ осы сілтемеде.
👍3🥱3
Каспийдегі қайғылы оқиға: сарбаздарға құтқару кеудешелері берілмеген

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қажет жабдықтармен толық қамтамасыз етілмегенін мәлімдеді. Атап айтқанда, оларда теңізде қолданылатын арнайы құтқару кеудешелері болмаған

Толығырақ осы сілтемеде.
👍3🤯3😢1
«Қазақстанның рөлі мен абыройы мойындалды»: Мұхтар Тілеуберді сыртқы саясаттағы жаңа міндеттер туралы

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Қазақстан халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану, Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы жағдай, су ресурстары және жасанды интеллект мәселелеріне қатысты ұстанымын таныстырды. Астана БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалап, Азия, Африка, Латын Америкасы мен дамушы елдердің, соның ішінде орта державалардың өкілдігін кеңейтуді ұсынды. Сонымен қатар ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогті қайта жандандыруға дайын екенін мәлімдеп, БҰҰ қамқорлығымен халықаралық су ұйымын құру бастамасын алға тартты.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮4😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«АҚШ-тың Қазақстанға қызығушылығы өте жоғары»: Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте үлкен саясат туралы айтты

БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстан халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану, Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы жағдай, су ресурстары және жасанды интеллект мәселелеріне қатысты ұстанымын білдірді.

Астана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалап, оның құрамында Азия, Африка, Латын Америкасы мен дамушы мемлекеттердің, соның ішінде орта державалардың өкілдігін кеңейтуді ұсынады. Қазақстан сондай-ақ ядролық державалар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты қайта жандандыруға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеп, БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құру бастамасын ілгерілетіп келеді.

Бұл бастамалар еліміздің сыртқы саясатында қандай орын алады? Украиндағы соғысқа қатысты Астананың ұстанымы қандай? АҚШ-пен қарым-қатынас қалай дамып жатыр және Қазақстан дипломатиясының алдағы басымдықтары қандай?

Осы мәселелер жөнінде Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Нью-Йоркте Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен сұхбаттасты.

https://t.me/ulysmedia
🤣4❤1🤮1
Ердоған Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қарабақ Әзербайжан аумағы екенін және солай болып қала беретінін мәлімдеді. Түркия басшысы бұл туралы 27 қыркүйекте Әзербайжанда атап өтілетін Еске алу күніне орай айтқан

Толығырақ осы сілтемеде.
❤4
Доллар 444 теңгеден төмендеді: 28 қыркүйектегі валюта бағамы

Ulysmedia.kz 28 қыркүйектегі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа мәнін ұсынды.

Толығырақ осы сілтемеде.
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді: ТЖМ не дейді?

Бүгін таңертең Алматының әр ауданындағы тұрғындар жер дүмпуін сезгенін айтты. Көпшілік таңғы сағат 6:30 шамасында оянып, алғашында солай көрінген шығар деп ойлаған

Толығырақ осы сілтемеде.
«Тағы екі қызметші тірі қалды»: Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін туыстары дабыл қақты

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін туыстары мерзімді әскери қызметтегі екі сарбаз – Айнар Ахметов пен Мағауия Әлиге қатысты алаңдап жатыр. Олардың айтуынша, сарбаздардың бірі судан аман шыққан, алайда оның аты ресми түрде жарияланған тірі қалғандар тізімінде болмаған.

Толығырақ осы сілтемеде.
😐4
Алматыда таңертең екі рет жер сілкінді

28 қыркүйекте таңертең Алматы тұрғындарын жер сілкінісі оятты. Араға бірнеше сағат салып қалада тағы да дүмпу сезілді. Екінші жер сілкінісінен кейін алматылықтардың телефондарына ескерту хабарламасы келді

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстанның Азия ойындарындағы алтын жүлдесі Қытайға өтті

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жарыстан шеттетілді. Ол спорттық жүрістен марафонда мәреге бірінші келген еді, алайда аяқкиіміне байланысты нәтижесі қайта қаралып шеттетілді

Толығырақ осы сілтемеде.
👎3😢3👏1
Тоқаев Конституциялық сот төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық соттың судьясы Бақыт Нұрмұхановты осы орган төрағасының орынбасары қызметіне тағайындады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮6
Экономист: мыс өңдеуде баға белгілеу тәсілін өзгерту керек

Қазақстанда жылына 300 мың тонна катод мысы өндіретін екі жаңа мыс балқыту зауытын салу мәселесі талқыланып жатыр. Алайда терең өңдеудің келешегімен бірге оның құны қанша болуы керек және бұл шығынды кім көтереді деген сұрақ та туындайды.

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстанда 1 қазаннан бастап валюта депозиттерінің мөлшерлемесі өседі

1 қазаннан бастап Қазақстанда валюта депозиттерінің бір бөлігі бойынша талаптар өзгереді. Кейбір салымдар үшін шекті мөлшерлеме бірден жылдық 1%-дан 2,5%-ға дейін өседі

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1👍1👎1
LRT-де 10 миллион сапар жасалды: ең танымал бекеттер белгілі болды

Астанадағы Tarlan Astana LRT желісіндегі жолаушылар сапары 10 миллионнан асты. Қыркүйекте тәулігіне шамамен 80 мың адам пайдаланған

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1
Бағдат Мусин inDrive-тің негізін қалаушыға асыл тұқымды сәйгүлік сыйлады

Арсен Томский «Қазақтелеком» басшысынан алған ерекше сыйлығын көрсетті

Толығырақ осы сілтемеде.
💩10😐1
Қазақстан Украинадан КҚК маңындағы кемелерге шабуылды тоқтатуды сұрады

Қазақстан Қара теңіздегі кемелерге дронмен жасалған шабуылдар мәселесін Украина тарапымен тікелей көтерді.

Толығырақ осы сілтемеде.
💩5😁2
Қазақстан импортқа тәуелді болуын азайту үшін әуеотын өндірісін екі есе арттырмақ

Қазақстан 2031 жылға қарай әуеотыны өндірісін екі есе арттырып, жылына 1,5 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. 2026 жылы мұнай өңдеу зауыттары жоспардан да жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. Жыл аяғына жоспарланған 750 мың тоннаның орнына 825 мың тонна өндіріледі деп күтіледі. Бұл былтырғыдан 13% көп

Толығырақ осы сілтемеде.
👍3🤔2🥱1
Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Астанаға келуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф қазанда Қазақстанға келуі мүмкін.

Толығырақ осы сілтемеде.
👎4🤔2👍1
«Дипломатияға уақыт пен батылдық қажет»: Гутерриштің өкілі Украина мен БҰҰ реформасы туралы

Ол Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешуде көпжақты ынтымақтастықтың маңызын өз тәжірибесімен көрген елдердің бірі екенін атап өтті.

Толығырақ осы сілтемеде.
😁1🤔1
«Теннис жылнамасына өшпестей болып жазылды»: Тоқаев Рыбакинаны құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен «әлемнің бірінші ракеткасы» мәртебесіне ие болуымен құттықтады Рыбакина 2026 жылғы US Open турнирінде жеңіске жетіп, WTA рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді.

Толығырақ осы сілтемеде.
💩7👍1