ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.77K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Толығырақ осы сілтемеде.
👏3🤔2❤1💩1
Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін тексеруге кірісті

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігіне мемлекеттік аудит жүргізе бастады. Тексеру Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін қолға алынды

Толығырақ осы сілтемеде.
😁4🤷‍♂2
Арнайы операциялар күштерін басқарған: жаңа министр туралы не белгілі?

27 қыркүйекте Президент Қазақстанның жаңа қорғаныс министрін тағайындады. Бұл қызметке Айдос Мырзахметов келді. Кейінгі екі жарым жылда ол Арнайы операциялар күштерін басқарған, оған дейін Мемлекеттік күзет қызметінде еңбек еткен

Толығырақ осы сілтемеде.
💩5👍2🤔2
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үш әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде аман қалған үш әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Толығырақ осы сілтемеде.
❤5👍3👎1😁1
«Әділдік орнасын»: Астанада қаза тапқан әйелдің туыстары оның 16 жерден пышақталғанын айтты

23 қыркүйекте Астанада үйінің маңындағы автотұрақта қаза тапқан әйелдің туыстары істің әділ әрі жан-жақты тергелуін және күдіктіге заң аясында барынша қатаң жаза тағайындалуын талап етіп отыр. Іс бойынша марқұмның бұрынғы күйеуі ұсталған. Туыстары мен жақындарының айтуынша, сараптама әйелдің денесіне 16 рет пышақ жарақаты салынғанын көрсеткен

Толығырақ осы сілтемеде.
😱4❤1🤬1🤮1
« Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау - негізгі басымдық»: Тоқаев жаңа Қорғаныс министріне тапсырмалар берді

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдап, қызметке кіріскеннен кейінгі негізгі міндеттерді айқындап берді. Президент ең алдымен әскери қызметтің қауіпсіздігіне назар аударды. Ол әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы барлық деңгейдегі командирлер үшін сөзсіз басты басымдық болуы керегін атап өтті

Толығырақ осы сілтемеде.
💩7❤5
27 қыркүйектегі валюта бағамы қандай?

Ulysmedia.kz 27 қыркүйектегі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа мәнін ұсынды.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Juzmedia журналистері тергеуге ілікті: істі ҰҚК жүргізіп жатыр

Juzmedia журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬7
Қазақстанда ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 іс сотқа жетті

Жыл басынан бері Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды. Іс фигуранттарына ұрлық, автокөліктерді заңсыз тіркеу, алаяқтық, есірткі сату және бопсалау бойынша айып тағылған

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1
Қазақстандық ауыр атлет Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Айчи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Толығырақ осы сілтемеде.
👏6🔥1😍1
Иран АҚШ-тың ықтимал жаңа шабуылына толық дайын екенін мәлімдеді

Иран әскері АҚШ тарапынан жасалуы мүмкін жаңа соққыларға дайын екенін мәлімдеп, Вашингтон шабуылды қайталаса, оның салдары бұрынғыдан да ауыр болатынын ескертті. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның Ормуз бұғазын ашу және соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі ұсынысын қабылдамағанын айтқаннан кейін жасалды

Толығырақ осы сілтемеде.
😱3😁1
Үсік, найзағай, шаңды дауыл: 28 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

28 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы күрт құбылады. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында үсік жүреді, оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарында алтын жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды. Финалда қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасын 43:42 есебімен жеңді. Жеңіс әкелген шешуші соққыны 19 жастағы Кирилл Проходов жасады

Толығырақ осы сілтемеде.
👍6🔥2
Полиция Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін жалған ақпарат таратқандарды тексере бастады

Каспийде әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін әлеуметтік желілерде ескі видеолар, жасанды интеллект көмегімен жасалған контент және оқиғаға қатысты расталмаған түрлі нұсқалар тарай бастады. Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы мұндай жазбалардың бірнеше авторы жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍7💩5
Қарағанды облысында мал тасымалдайтын көліктер жіті тексеріле бастады

Қарағанды облысында күзгі мал сою науқаны қарсаңында жолдардағы бақылау күшейтілді. 25 қыркүйектен бастап республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда 19 жылжымалы блокбекет жұмыс істей бастады Бекеттер қыс түскенге дейін жұмыс істейді.

Толығырақ осы сілтемеде.
👍2
АҚШ пен Қытай 30 млрд долларлық тауарларға баж салығын төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай сауда шектеулерін жұмсартып, жасанды интеллект мәселесі бойынша жаңа келіссөз форматын бастауға келісті. Бұл шешімдер ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Вашингтонға жасаған үш күндік сапарының қорытындысы бойынша қабылданды

Толығырақ осы сілтемеде.
👎1😁1
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді

Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді. Мұнда Маралтай мен Мұқан есімді екі төл дүниеге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.
👍8❤1
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды

Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍8🤮5😁2
Тоқаев: әскердегі жауапсыздық пен салғырттық белең алған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінде болған оқиғаға қатаң баға берді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮5😁3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

https://t.me/ulysmedia
🤮4