ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Бүгін айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы қандай?

Ulysmedia.kz 10 қазандағы Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы валюталарды сатып алу және сату бағамдарының орташа мәнін ұсынды.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1
Астанада үш бала қаза тапқан өрттің себебі жарты жылдан кейін белгілі болды

Астанадағы «Көркем 3» тұрғын үй кешенінде болған қайғылы өрттен жарты жылға жуық уақыт өткен соң, Төтенше жағдайлар министрлігі оның шығу себебін жариялады. Ведомство мәліметінше, өрт балалардың отпен ойнауынан шыққан

Толығырақ осы сілтемеде.
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынбақ

1 қарашадан бастап Түркияда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Енді әлеуметтік желілер 15 жасқа толмаған балаларға өз қызметтерін ұсына алмайды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍4
БҰҰ АҚШ-та өлім жазасын тікелей эфирде көрсету идеясын «жиіркенішті» деп атады

БҰҰ 2009 жылы Техас штатындағы Форт-Худ әскери базасында оқ атқаны үшін өлім жазасына кесілген Нидаль Хасанның жазасын тікелей эфирде көрсету жоспарын қатаң сынға алды. БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик адамды көпшілік алдында, телекамералардың көзінше өлім жазасына кесу жиіркеніш тудыратынын мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2👎2
Астанада 15-қабаттан құлаған жұмысшы аман қалды

Астанада кондиционер орнату кезінде биіктен құлаған жұмысшыны құтқарушылар аман алып қалды. Оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Ер адам шамамен 50 метр биікте ілініп қалған

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2
Қарағандыда агрокәсіпорын жұмысшылары жалақыға қатысты шағымданды

Қарағанды облысындағы А. Ф. Христенко атындағы ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақы алмағанын айтып, шағымданды. Бұқар жырау ауданына қарасты Центральное ауылында орналасқан кәсіпорын жұмысшылары міндетті аударымдардың да уақытылы төленбей жатқанын мәлімдеп, билікке ұжымдық үндеу жолдады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤮2❤1
АҚШ пен Украина соғысты тоқтатудың жаңа жоспарын әзірлеп жатыр: Майамиде не талқыланды?

АҚШ пен Украина делегацияларының Майамидегі келіссөздері нәтижелі өтті. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤷‍♂2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейге күзетші боласың деп уәде беріп алдап, кейін Украинаға соғысқа жіберілген балалардың қазіргі жағдайы қандай?

Ulysmedia осы іс бойынша адвокат Мейірман Шекеевпен сұхбаттасып көрді оның айтуынша, біраз уақыт бұрын ата-аналардың біріне баласының қаза тапқаны туралы құжат жіберілген. Қазір адвокат бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтауға тырысып жатыр.

Ал ата-аналар мемлекеттен нақты жауап ала алмаса, Ресейге баруға шешім қабылдап отыр.

Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды бүгін кешке «Ұлыс апта» сараптамалық шығарылымынан көре аласыздар.

https://t.me/ulysmedia
😱3😭1
«Такси ақысын төлемеген»: Алматыда жүргізуші шетелдік туристерге шағымданды

Алматыда такси жүргізушісі шетелдік туристердің жолақысын төлеуден бас тартқанына шағымданды. Оның айтуынша, жолаушылар діттеген жеріне жеткен соң ақысын бермеген

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4🤣1
Киевке дрондармен шабуыл жасалды: қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды

Ресейдің энергетикалық нысандарға жасаған кезекті шабуылынан кейін Киев қаласы мен Киев облысының бір бөлігі жарықсыз қалды. Елорда мен оның маңындағы елді мекендерде электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. Қауіпсіздік жағдайы мүмкіндік берген бойда қалпына келтіру жұмыстары басталады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬5👍1🤣1
Қазақстандық ер адам Ташкент метросында 10 мың долларын жоғалтып ала жаздаған

Өзбекстанға көлік сатып алуға барған қазақстандық ірі көлемдегі ақшасынан айырылып қала жаздады. Ер адам Ташкент метросында 10 мың долларын байқамай түсіріп алған. Алайда құқық қорғау қызметкерлері жоғалған ақшаны тауып, иесіне түгел қайтарып берді

Толығырақ осы сілтемеде.
Саша Барон Коэн даулы Борат бейнесіне қайта еніп, Қазақстанды тағы да келемеждеді

Ұлыбританиялық актер Саша Барон Коэн тағы да Бораттың бейнесіне енді. Қазақстандық журналист ретінде көрсетілетін ойдан шығарылған бұл кейіпкер талай жылдан бері елді жағымсыз қырынан танытқаны үшін сынға ұшырап келеді

Толығырақ осы сілтемеде.
😁3🤬3
Елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

11 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді. Сондай-ақ, өрт қаупі жоғары болады

Толығырақ осы сілтемеде.
Медициналық сақтандыру қорынан 8 миллиард теңгеге жуық қаражат заңсыз төленген

Қазақстанның Қаржы министрлігі медициналық қызмет көрсететін ұйымдарға заңсыз төленген 7,9 миллиард теңгеден аса қаражатты мемлекетке қайтаруды көздеп отыр. Ведомство мәліметінше, қаржыны қайтару жұмыстары қозғалған қылмыстық істер аясында жүргізіліп жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1🤬1
Ғалымдар ақырзаман болатын күнді атады: оған бір айдан сәл аса уақыт қалды

Ғалымдар 60 жылдан аса уақыт бұрын болжаған «ақырзаман» күніне бір айдан сәл аса уақыт қалды. 1960 жылы Science ғылыми журналында жарияланған математикалық модельге сәйкес, шешуші кезең 2026 жылғы 13 қарашада басталуға тиіс

Толығырақ осы сілтемеде.
😁3🤔2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Соғыс балалық шағымызды ұрлады». Украиндықтармен сұхбат, Киевтен арнайы репортаж

Ұлысмедиа Украинада!

Иә, қауіп-қатерге, жолдың ауырлығына қарамай соғыс ошағына айналған жерлерді өз көзімізбен көрдік. Бір жарым сағатқа жинақталған арнайы репортажда Киев, Буча, Ирпень қалаларын аралап, халықпен тілдесеміз. "Украин халқын соғыс неге үйретті?", "Ел келешегін тұрғындар қалай көреді?", "Ресей пропагандасы несімен қауіпті?", "Бір күнмен өмір сүру деген не?" деген сауалдар қозғалады.

Президент Зеленскийдің қатысуымен өткен Украинаның тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын көрсетіледі. АҚШ-тан арнайы келген сенатор Ричард Блументал және АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогпен сұхбаттасамыз. Соғыстан мүгедек болып оралған ардагерлердің, баласы майдан даласында қаза болған аналардың, әкесін, ағасын зарыға күтіп отырған балалардың, панасыз қалған қарттардың әңгімесін тыңдаймыз.

Сонымен қатар Киевте тұратын қазақ - Марат Дәрменовтің отбасында қонақ боламыз. Ұлы соғыста жүрген әке неге Қазақстанға келе алмайды? Кәсіпкер өмірі соңғы жылдары қалай өзгерді?

📹Ұлыс ютуб арнасынан көріңіз.

Шынайы пікірлеріңізді күтеміз.

https://t.me/ulysmedia
😢3
«Соғыс балалық шағымызды ұрлады»: Украинадан арнайы репортаж

Қауіп-қатерге, жолдың ауырлығына қарамай Ұлыстың түсірілім тобы соғыс ошағына айналған жерлерді өз көзімен көріп қайтты. Бір жарым сағатқа жинақталған арнайы репортажда Киев, Буча, Ирпень қалаларын аралап, халықпен тілдесеміз. "Украин халқын соғыс неге үйретті?", "Ел келешегін тұрғындар қалай көреді?", "Ресей пропагандасы несімен қауіпті?", "Бір күнмен өмір сүру деген не?" деген сауалдарға жауап беріледі.

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥3😭2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті халықтың наразысын тудырды

Концертке келгендер жарақат алып қайтқанын жазып, адамдардың есінен танып қалғанын айтқан.

Бірнеше адамның зардап шеккені туралы мәлімет тарады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде концертке келген халықтың кіреберісте қысылып қалғаны туралы ақпарат тараған еді.

https://t.me/ulysmedia
😁2😱2👏1🤬1
Қайрат Нұртастың концертінде жарақат алған қыздың жағдайы ауыр

10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концертте 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді

Толығырақ осы сілтемеде.
😱4😁1
Трамп: «Украинаға жаңа президент келетін уақыт жетті»

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Ресеймен соғысты тоқтату жөнінде келісімге келе алатын жаңа басшы керек екенін мәлімдеді. Ол Владимир Зеленскийді келісім жасау мүмкіндіктерін пайдаланбады деп сынады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬14🔥2