ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
«Украинаны кім басқаратынын Украина халқы шешеді» - Сибига Трампқа жауап берді

Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига Дональд Трамптың Владимир Зеленский туралы мәлімдемесіне жауап берді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍14🔥3🤣1
«Бауырым өмір мен өлімнің арасында»: концертте тапталған қыздың туысы үн қатты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінен кейін жансақтау бөліміне түскен 18 жастағы қыздың әпке-сіңлісі оқиғаның мән-жайын айтып, жұрттан дұға тіледі. Оның сөзінше, қыз қалың топ ішінде құлап, тапталып қалған

Толығырақ осы сілтемеде.
😱5🤬2🤣2
Алматыда төбелес кезінде екі жасөспірім қаза тапқан: сотта қандай деректер белгілі болды?

Алматыда 17 жастағы екі жасөспірімнің өліміне әкелген жаппай төбелеске қатысты сот процесі басталды. 17 мен 21 жас аралығындағы алты адам айыпқа ілінді

Толығырақ осы сілтемеде.
Нұрасыл Медеу KNUS кімге тиесілі екенін айтты

Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) мемлекет қаржысына салынған ғимаратта жұмыс істейді. Алайда оқу орнының 95 пайызы жеке меншікке тиесілі. Университеттің құрылтайшысы әрі Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Нұрасыл Медеу ғимаратты күтіп ұстауға кім қаржы бөлетінін және мемлекеттің университеттегі үлесі қанша екенін айтып берді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍4🤬4😱2
«Яндекске» жасалған дрон шабуылы Қазақстандағы жаппай ақауға себеп болды ма?

Қазақстандықтар «Яндекс Go» қосымшасының жұмысында ақау пайда болғанын айтып, шағымданып жатыр. Қолданушылар такси шақыра алмай, баратын жеріне бағыт құруда және қосымшаның кейбір қызметтерін пайдалануда қиындықтарға тап болған. Мұндай шағымдар Ресей, Өзбекстан, Түркия, Беларусь, Армения және Сербиядан да түсіп жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
👍8🔥3🤮1
Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде тапталып, қысылып қалған. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімеді. Концерт ұйымдастырушылары полицияға жеткізілді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4😁1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның халық әртісі, актер әрі режиссер Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды. Қазақ киносы мен театрына өлшеусіз үлес қосқан өнер иесінің мерейтойына орай танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері бас қосты.

Досхан Жолжақсынов «Гауһартас», «Көшпенділер», «Біржан сал» және «Құнанбай» фильмдеріндегі рөлдерімен көрерменге кеңінен танылған. Ол актерлікпен қатар режиссерлік қырымен де қазақ киносының дамуына үлес қосты.

Желіде тараған видеолардан Иманғали Тасмағамбетов, Қырымбек Көшербаев пен Қуаныш Сұлтановтың мерейтойға қатысқанын көруге болады.

https://t.me/ulysmedia
👍5❤2👎1
Алматыда қоқыс жәшігінің маңынан мылтық табылды

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қоқыс контейнерінің маңынан мылтық табылды. Оқиға орнына шақырылған полицейлер қаруды тәркілеп, оның көшеде қалай пайда болғанын анықтады

Толығырақ осы сілтемеде.
😁2
«Қазақ тілі» пәнін «Мемлекеттік тіл» деп атау керек: Қанат Айтбаев ұсыныс жасады

Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, танымал продюсер Қанат Айтбаев мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің атауын өзгертуді ұсынды. Ол бұл бастама өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруға ықпал етеді деп есептейді

Толығырақ осы сілтемеде.
👍14❤6👏2
«Тапталып қалдық». Қайрат Нұртастың концертінен кейін жұрт алған жарақаттарын көрсетті

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінен кейін көрермендер алған жарақаттарының суреттерін әлеуметтік желіге жариялай бастады. Тұрғындар денелері көгеріп, сырылғанына, аяқ-қолдарының жарақаттанғанына шағымданып жатыр. Қыздардың бірі таңылған аяғының суретін жариялады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤷‍♂2❤2😁1
Әкімнің ауласында пеш түсіруге көмектескен оқушы саусағынан айырылды

Ақтөбе облысында 11-сынып оқушысы ауыл әкімінің үйіне әкелінген темір пешті түсіруге көмектесемін деп жарақат алды. Дәрігерлер баланың саусағының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болған.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔1
Тасмағамбетов, Көшербаев және Нығматулиндер: Досхан Жолжақсыновтың 75 жас мерейтойында кімдер бой көрсетті?

Алматыда танымал актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың мерейтойы өтті. Қазақстанның халық әртісі 75 жасқа толған туған күнін қаладағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬1
Ресейдегі обаға қарсы зертханада жұмбақ өлім тіркелді: ДДСҰ себебін анықтай алмай отыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Сібірдегі обаға қарсы ғылыми орталық қызметкерінің өліміне әкелген өкпе қабынуының себебін әлі анықтай алмай отыр. Жүргізілген зерттеулерге қарамастан, әйел нақты қандай ауруға шалдыққаны белгісіз

Толығырақ осы сілтемеде.
😱2
Алматыда ер адамды басына пакет кигізіп, ұрлап кеткендер ұсталды

Алматыда әлеуметтік желіде тараған күмәнді видеодан кейін полиция үш адамды ұстады. Бейнежазбада белгісіз біреу басына пакет кигізілген ер адамды тұрғын үйден көтеріп алып шыққаны көрінеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔4😱3
Ресейдің МӨЗ-деріне шабуыл жалғаса ма? Зеленский Мәскеуге шарт қойды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. Алайда ол үшін Мәскеу Украинадағы энергетикалық нысандарға соққы беруді доғаруы керек

Толығырақ осы сілтемеде.
👍9
Алматыда көшеде бейтаныс әйелге тиісіп, мазасын алған шетелдік қамауға алынды

Алматыда бейтаныс әйелге тиіскен шетелдік турист 15 тәулікке қамалды. Оқиға Терренкур саябағында болған

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬2😱1
Польшада премьер-министрге шабуыл жасалуы мүмкін деген қауіп бар

Польша құқық қорғау органдарына премьер-министр Дональд Туск пен қорғаныс министрі, вице-премьер Владислав Косиняк-Камышқа шабуыл жасалуы мүмкін екені туралы ақпарат түсті. Осыдан кейін ықтимал қауіптің мән-жайын анықтауға арнайы қызмет өкілдері кірісті

Толығырақ осы сілтемеде.
😱3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Ресеймен соғысты тоқтату жөнінде келісімге келе алатын жаңа басшы керек екенін мәлімдеді. Ол Владимир Зеленскийді келісім жасау мүмкіндіктерін пайдаланбады деп сынады.

«Украинаға келісімге келе алатын жаңа басшы таңдауды ұсынамын. Қандай да бір себеппен Зеленский ешқашан келісім жасамайды», - деді Трамп.

https://t.me/ulysmedia
🤮5😡3
Сауд Арабиясындағы әуежайға жасалған шабуыл: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған қазақстандықтар бар-жоғын анықтап жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
😱2
Артық билет сатылған: Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған ер адам ұсталды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған ер адам ұсталды. Бұл концерт кезінде бірнеше көрермен жарақат алған еді. Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке алаңның сыйымдылығынан әлдеқайда көп билет сатылған. Құқық қорғау органдары адамдардың шамадан тыс жиналып, жаппай тапталуына осы жағдай себеп болуы мүмкін деп есептейді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬3😁1