ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

12 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады. Кей аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауса, енді бір жерлерде қалың тұман түсіп, қатты жел соғады. Желдің екпіні кей тұста секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін

Толығырақ осы сілтемеде.
Палестинада сайлау тағы кейінге қалды: дауыс беру 2027 жылға ауыстырылды

Палестина президенті Махмуд Аббас президентті және парламентті сайлауды 2027 жылғы 11 қыркүйекке ауыстырды.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤2
Түркияда туристер мінген автобус жол апатына ұшырады: 11 адам қаза тапты

Түркияның Маниса провинциясында туристік автобус эвакуатормен соқтығысып, салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 27 адам жарақат алды

Толығырақ осы сілтемеде.
😢6😱2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әскерге кеткен триллиондар. Соғыста жүрген қазақтар. Журналистерге шектеу жасаған Құрылтай.

Барлығын тарқатып айтып береміз.

ҰЛЫС-пен бірге болыңыздар.

📽️ Шығарылым

https://t.me/ulysmedia
❤2😱1
Сауд Арабиясындағы әуежайға тағы шабуыл жасалды

Сауд Арабиясының астанасындағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайна екінші күн қатарынан шабуыл шабуыл жасалды.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4🤔1
Доллар қымбаттады: демалыстан кейінгі валюта бағамы

Биржада күрт қымбаттаған доллар Қазақстандағы айырбастау пункттерінде де өсуін жалғастырып жатыр. 12 қазан күні таңертең Астанада АҚШ валютасы 456 теңгеге жуық бағамен сатылып жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
"Яндекс" істен шықты: пайдаланушылардың ақшасына не болды

«Яндекс» деректер орталықтарына жасалған бірнеше шабуылдан кейін пайдаланушылар шоттарындағы ақшаны пайдалана алмай қалды. Алайда компанияның финтех бағытының жетекшісі Дмитрий Пирогов қаражаттың қауіпсіз екенін мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
Ұлт байлығын бағамдайтын келісім: Қазақстан өз мұнайынан қайтсе көбірек пайда көреді

Қазақстанның Теңіз кен орны бойынша келіссөздерде қатаң ұстанымға көшкені туралы ақпарат тарағалы бері жұрт арасында бұл қатаңдық халықаралық қатынастарда елдің өзіне кері әсер етіп жүрмей ме деген алаңдаушылық пайда болды.

Толығырақ осы сілтемеде.
Рим папасы өкпесіне ота жасатады

Рим папасы XIV Лев өкпесінен түйін анықталғанын және жақын күндері хирургиялық ота жасалатынын айтты.

Толығырақ осы сілтемеде.
🙏2
ULYSMEDIA.KZ
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Ресеймен соғысты тоқтату жөнінде келісімге келе алатын жаңа басшы керек екенін мәлімдеді. Ол Владимир Зеленскийді келісім жасау мүмкіндіктерін пайдаланбады деп сынады. «Украинаға келісімге келе алатын жаңа басшы таңдауды…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамптың Украинаға жаңа басшы қажет деген сөзіне жауап берді. Ол Путин 60 күнге толық атысты тоқтатуға келіссе, Украинада сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, ел басшысын таңдау – Украина халқының өз құқығы. Алайда соғыс жағдайында сайлау өткізу қиын, ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

https://t.me/ulysmedia
❤10💩2
Доңғадағы келісім Қазақстанның Қашаған дауына қалай әсер етуі мүмкін

Доңға кен орнына қатысты даудың келіссөз арқылы шешілуі Қазақстанның Қашаған жобасына байланысты миллиардтаған долларлық дауда ұстанымын нығайтуы мүмкін. Мұнай-газ саласының сарапшысы Олег Червинскийдің пікірінше, бұл жағдай шетелдік мұнай компанияларымен сотқа бармай-ақ, келісімге келуге болатынын көрсететін үлгі болды

Толығырақ осы сілтемеде.
❤1🤔1
Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарастырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣2💩1
Жеке мектеп, қымбат қонақүй: Қазақстанның Даму банкі кімдерді жарылқап отыр

Өткен аптада Қазақстанның Даму банкі мектеп құрылысына қаржы бөлетіні туралы жаңалық шықты. Жеке мектеп. Баспасөз хабарламасында айтылғандай, инновациялық білім ордасы. Қазақстанға мектеп керек екеніне ешкім дау айтпайды.

Толығырақ осы сілтемеде.
😱2😡2🤬1
Басын пакетпен жауып, үйден алып шыққан: Алматыда адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

Басын пакетпен жауып, ер адамды көпқабатты үйден алып шыққан сәт түсірілген алаңдатарлық видеоның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Алматы полициясы 61 жастағы қала тұрғынының өлтірілгенін растады. Осы іске байланысты төрт адам ұсталды

Толығырақ осы сілтемеде.
😱5
Астанада 20 жүк көлігін заңсыз кіргізген үш адам сотталды

Астанада Қытайдан 20 жүк көлігін заңсыз әкеліп, оларды экологиялық талаптарға сай техника ретінде өткізген үш адам сотталды.

Толығырақ осы сілтемеде.
👍1🤔1
Бельгия королін Ақордада екі елдің туын ілген тікұшақтар қарсы алды

Астанада Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданың ресми қарсы алу рәсімі өтті. Корольдік жұп Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапармен келді. Қонақтарды Ақордада салтанатты түрде қарсы алды

Толығырақ осы сілтемеде.
👍2🤣1
Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады

13-15 қазан аралығында елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. 15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін

Толығырақ осы сілтемеде.
«Саяси сауаты жоқ»: Санжар Керімбай Роза Бағланованы неге құнсыздандырды

Медиамаман, журналист-редактор Жәнібек Нұрыш-Смағұл баспагер Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабындағы Роза Бағлановаға қатысты тұжырымды сынға алды.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤3
Қазақстан шетелдегі серверлерге тәуелді: Яндекс жүйесіндегі ақаулар нені көрсетті

8-11 қазан аралығында «Яндекстің» бес деректер орталығының үшеуі істен шықты. Соның салдарынан Қазақстандағы такси мен жеткізу қызметтерінің жұмысы тоқтап, деректерді ел ішінде сақтаудың өзі сервистердің үздіксіз жұмыс істеуіне кепіл бола алмайтыны байқалды

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4💯1
Мәртебелі мейманның сапары: Қазақстан үшін Еуропамен әріптестіктің құны қандай

Жексенбінің кешінде Астанаға Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда келді. Әуежайда оларды Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Алда – Астана мен Алматыдағы кездесулер, келіссөздер, бизнес өкілдерімен және университет басшыларымен жүздесулер бар. Алайда бұл сапардың мәні дипломатиялық хаттамамен ғана шектелмейді. Еуропаға Қазақстан не үшін қажет? Ал Қазақстан осы әріптестіктің есесіне не алмақ? Монархтың мемлекеттік сапары – дипломатиядағы айрықша құрал. 2025 жылы Филипп пен Матильда Вьетнам мен Чилиге мемлекеттік сапармен барса, 2026 жылғы наурызда Норвегияда болды.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔2