Kaspi.kz қосымшасында салық режимін ауыстыру
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді.
Ол салық салудың бір жалпыға бірдей белгіленген тәртібін және үш арнайы салық режимін (АСР) көздейді:
• өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР;
• оңайлатылған декларацияның негізіндегі АСР;
• шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР.
Оңайлатылған декларацияның негізіндегі арнайы салық режиміне көшкісі келетіндер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беруі тиіс. Мұндай хабарлама берілмеген жағдайда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстырылады.
Салық режимін Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» - «ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту» сервисінде жылдам әрі оңай өзгертуге болады. Бұдан кейін ақпарат 24 сағаттың ішінде мемлекеттік органдардың деректер базасында жаңартылады. Сізге Kaspi.kz қосымшасына салық режимінің өзгергені туралы хабарлама келеді.
Салық органдарына қосымша өтініштермен жүгіну талап етілмейді – хабарлама Kaspi.kz қосымшасы арқылы беріледі.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Сақалдылардың пірі: Діннен аттамайтын Cатыбалды науқас баласын далада қалдырмақ па?
Ресми статистика бойынша, Қазақстанда 450 мың жалғызбасты ана бар. Солардың бірі – Асылжан Есенқызы. Науқас баламен далада қалғалы отырған әйел Ұлыстың «Ашық микрофон» айдарына сұхбат беріп, өз оқиғасын баяндап берді. Бұл елдегі ерекше балалардың тағдырына қатысты көп оқиғаның бірі емес. Өзгеше кейс. Өйткені бұл хикаяның басты кейіпкері – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды.
Асылжанның айтуынша, оның елдегі нөмірі бірінші отбасының өкілімен байланысы ертегідей басталған. Сатыбалды оны бірден анасымен, олигарх достары – Вячеслав Киммен, Клебановпен, ағасы Самат Әбішпен, бүкіл бауырларымен таныстырған. Тіпті, Назарбаевтың өзі олардың қарым-қатынасы жайлы білген.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы сүйіктісі қазір науқас баласын жалғыз тәрбиелеп, оны аяққа тұрғызу үшін шырылдап жүр. Айтуынша, бүлдіршіннің дертіне оның әкесі кінәлі. Сатыбалдыдан қызының денсаулығы үшін жауапкершілік алуды талап еткен Асылжан құзырлы органдардың табалдырығын талай тоздырғанымен, құрығы ұзын отбасыға тісі батар жан таппаған.
Жалғызбасты ана Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваның сұрақтарына ашық жауап беріп, Назарбаевтар отбасындағы туыстық қатынастар, Сатыбалдының дәулеті жайлы көп дерек айтты.

🤬2🥱1
Қожамжаровтың әпкесі Шымкенттегі университетте қандай «мұра» қалдырды?
Ulysmedia.kz Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бүгін хабарлаған іске қатысты мән-жайды анықтады. Әңгіме Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті туралы болып отыр. Ректор Дария Қожамжарова қызметтен кеткеннен кейін оқу орнында жүздеген миллион теңгеге жуық қаржы жымқыру деректері анықталған. Қазір оның бұрынғы қарамағындағы қызметкерлер тергеуге ілінді.
Ректордан кейін қалған «мұра»
Дария Пернешқызы университетті 2018 жылы басқаруға келген. Ол жалғыз келмей, Тараздан Шымкентке өз командасын бірге ала келді. Солардың қатарында Қайрат Нұрманбетов те болды (бұған дейін ол Дулати атындағы Тараз университетінің заң факультетінің деканы қызметін атқарған).
2025 жылдың қаңтарында Қожамжарова зейнетке шықты. Алайда университетті бақылаусыз қалдырмады. Ректор міндетін атқарушы болып оның сенімді адамы — Нұрманбетов тағайындалды.
Кімді іздеді, кімді тапты
Университеттегі былықтар Қайрат Қожамжаровтың отбасы төңірегінде тергеу басталғаннан кейін белгілі болған. Біздің деректерімізге сүйенсек, тергеу органдары Дария Қожамжароваға қатысты айғақ табуға тырысқан. Алайда ол бағытта ештеңе шықпаған.
Ал Нұрманбетовтің өзі тергеуге ілігіп, ақыры ұсталды. Осыдан кейін оқу орнында «тазалау» жүргізіліп, Дария Пернешқызы Тараздан ертіп келген команда түгел жұмыстан босатылды.
Ресми деректерге сәйкес, Қожамжарованың өзіне қатысты айып тағылған жоқ.

😁2👍1👎1
Ресми жұмыс істейтін әр қазақстандықтың жалақысына 7500 теңге қосылады
Қаңтар айынан бастап жалақы алып істейтін қазақстандықтардың табысы шамамен 7 500 теңгеге өсуі тиіс. Бұған салықтық шегерімдерге қатысты күшіне енген жаңа өзгерістер себеп болып отыр.
Бұрын жалақының 55 мың теңгеге дейінгі бөлігіне салық салынбайтын. Енді бұл шек 130 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Осылайша, салықтан босатылған сома 75 мың теңгеге артты. Ал осы айырманың 10 пайызы — 7 500 теңге — қызметкердің жалақысында қалуы керек.
Қаржы сарапшысы, экс-банкир Сұлтан Елемесовтің айтуынша, жалақыдан ұсталатын салық — жұмыс берушінің емес, қызметкердің өз салығы. Жұмыс беруші тек салық агенті ретінде сол қаржыны мемлекетке аударып отырады. Сондықтан заңнамадағы өзгерістер нәтижесінде пайда болған барлық жеңілдіктер тікелей қызметкердің табысы болып есептеледі.
Сарапшы осыған байланысты қызметкерлерге бухгалтерияға барып, жалақының өсетін-өспейтінін нақтылап сұрауға кеңес береді. Себебі бұрын қолданылған стандартты шегерім — 14 айлық есептік көрсеткіштің орнына енді 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі базалық шегерім енгізілген.
Алайда бұл жеңілдік автоматты түрде берілмейді. Салықтық шегерім тек қызметкер бухгалтерияға тиісті өтініш тапсырған жағдайда ғана қолданылады.

❤2😁2🤣1
Қызылорда құрылтайы: партияда жоқ азаматтардың сайлану құқы қалай шешілуі мүмкін?
Қызылордада Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жиын Қазақстанның жаңа тарихында «Қызылорда құрылтайы» деген атаумен қалуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жазды.
Депутаттың айтуынша, құрылтай елдегі ауқымды саяси өзгерістерге мұрындық болмақ.
- Қазақстанның жаңа тарихында “Қызылорда құрылтайы” деген атаумен қалатын, елдегі үлкен саяси өзгерістерге мұрындық болатын Ұлттық құрылтайдың жұмысы басталды, – деді ол.
Ермұрат Бапи құрылтай аясында өткен «Азаматтық қоғам» секциясында екі мәселе көтергенін атап өтті. Оның бірі – партияда жоқ азаматтардың сайлау және сайлану құқығына қатысты.
Депутат бұл мәселе қоғамда жиі қозғалып жүргенін айта келе, оны елеусіз қалдыруға болмайтынын жеткізді.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алда өтетін Парламенттік реформаға байланысты қоғамда жиі қозғалып отырған мәселе – партияда жоқ азаматтардың сайлану құқына қатысты, – деді ол.
Оның сөзінше, Қазақстанда шамамен 8 миллионға жуық партияда жоқ сайлаушы бар. Осыны ескере отырып, бұл сұрақты кейінге ысыру дұрыс емес.
- Егер елде 8 миллионға жуық партияда жоқ сайлаушы азаматтар бар екенін ескерсек, бұл сұрақты жылы жауып қоюға болмайды, – деп жазды депутат.

👍5🤮2
Такаичи парламенттің төменгі палатасын таратып, мерзімінен бұрын сайлау жариялады
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи мерзімінен бұрын парламент сайлауы 8 ақпанда өтетінін мәлімдеді. Осыған байланысты парламенттің төменгі палатасы 23 қаңтарда таратылмақ.
Такаичи өзінің жоғары қоғамдық қолдау деңгейін пайдаланып, коалицияның парламенттегі басым көпшілігін арттыруды көздеп отыр. Коалиция құрамына Либералды-демократиялық партия (ЛДП) мен консервативті-неолиберал бағыттағы «Жапонияны жаңарту қоғамы» партиясы кіреді.
Жапон БАҚ-тарының мәліметінше, қазіргі таңда сайлаушылардың 70 пайыздан астамы оның партиясын қолдайды.
Сонымен қатар, премьер-министр азаматтардың қолдауына сүйене отырып, бюджет шығыстарын ұлғайту және салықтарды төмендету арқылы экономикалық өсімді жеделдету, сондай-ақ елдің жаңа қорғаныс стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

👍7🤮1
FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан құрамасының қарсыластарының тізімін бекітті. Жаңа халықаралық турнир — FIFA Series 2026 аясында біздің құрама Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды.
Ойындар 2026 жылдың 23–31 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
ҚАЗАҚСТАН — АЛҒАШҚЫ ҚАБЫЛДАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ БІРІ
Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы мемлекеттердің қатарына кірді. Бұдан бөлек, матчтар Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстанда да ұйымдастырылады. Ал әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ТУРНИР
FIFA Series 2026 — ФИФА ұйымдастырған жаңа форматтағы халықаралық турнир. Ол 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында өтеді. Жобаның басты мақсаты — әртүрлі құрлықтағы ұлттық құрамаларға бір-бірімен ойнауға мүмкіндік беру.

Жаңалықтар дайджесті: 20 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Гутерриш АҚШ-ты халықаралық құқықты бұзды деп айыптады
- Анарбековтің болашақ клубы белгілі болды
- Путинға Трамптан бейбітшілік кеңесіне шақыру келді
- Қазақстанда әскери билет алу hтәртібі өзгерді
- Трамп Норвегияға хат жазып, бейбітшіліктен бас тартты
- Бала туу саны құлдырап кетті: Үкімет әр балаға ақша бермек
- Оқушылар үшін: қашықтан оқыту ережесі жарияланды
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Гутерриш АҚШ-ты халықаралық құқықты бұзды деп айыптады
- Анарбековтің болашақ клубы белгілі болды
- Путинға Трамптан бейбітшілік кеңесіне шақыру келді
- Қазақстанда әскери билет алу hтәртібі өзгерді
- Трамп Норвегияға хат жазып, бейбітшіліктен бас тартты
- Бала туу саны құлдырап кетті: Үкімет әр балаға ақша бермек
- Оқушылар үшін: қашықтан оқыту ережесі жарияланды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті
Гүлзира Бөкейхан 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесінде дүниеге келген.
Өнерге бала күнінен құштар болған ол кәсіби жолын ерте бастады. 1983 жылы Іле облыстық өнер колледжіне оқуға түсіп, 1986 жылы аталған білім ордасын тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын Іле облыстық Қазақ ән-би театрында бастады.
Кейін білімін тереңдету мақсатында 1988–1993 жылдары Бейжің Ұлттық университетінің музыка факультетінде вокал мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
1999 жылы тарихи Отанына оралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасына қабылданды. Мұнда ол КСРО халық әртісі Роза Жаманованың жетекшілігімен білім алып, 2001 жылы оқуын сәтті аяқтады. Осыдан кейін өнер иесі Астана қаласына жұмысқа шақырылды.
1999 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында әнші болған.
ЕРЕКШЕ ЕҢБЕГІ
Айта кетерлігі, Гүлзира Бөкейхан тарихи Отанына оралғаннан кейін Алтай–Тарбағатай өңірінде сақталған көне халық әндерін жаңғыртуға айрықша үлес қосты. Қазіргі таңда санаулы кәсіби мамандар ғана орындай алатын бұл сирек мұраларды заманауи өңдеуден өткізіп, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі мен Нұрғиса Тілендиев атындағы қазақ этнографиялық оркестрінің орындауында сахнаға шығарды.
Өнер иесі осы бағыттағы концерттік бағдарламалар арқылы ұлттық музыкалық қазынаны кең аудиторияға ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында кеңінен насихаттады.

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Қызылордада Ұлттық Құрылтайдың V отырысы өтеді
Ұлыстың тілшісі Қызылордадан хабар таратады.
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. Құрылтай аясында саяси, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар тақырыптар талқыланады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, ал 2025 жылы Бурабайда ұйымдастырылған.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ұлыстың тілшісі Қызылордадан хабар таратады.
Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. Құрылтай аясында саяси, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар тақырыптар талқыланады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы Ұлытауда, 2023 жылы Түркістанда, 2024 жылы Атырауда, ал 2025 жылы Бурабайда ұйымдастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Германияда қаза тапқан судьяның анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады.
Әйелдің айтуынша, қызының өліміне қатысы бар адамдар әлі күнге дейін жауапкершіліктен жалтарып жүр.
— Айгүл 2024 жылғы 4 маусымда қаза тапты. Оның денесі 30-дан астам пышақ жарақатымен тек 13 күннен кейін көлден табылды. Германия полициясы марқұмның денесі табылардан екі сағат бұрын ғана көлге әкелінгенін анықтады. Тергеу дерегінше, негізгі күдікті — Айгүлдің енесі Донцова Наталья. Қызым жоғалғаннан кейін ол Германиядан асығыс кетіп қалған, — деді Шолпан Батқалова.
Сондай-ақ Айгүлдің күйеуі Александр Донцов әйелінің жоғалғаны туралы полицияға хабарламаған. Тергеу органдары марқұмның денесін көлге апаруы мүмкін адам ретінде дәл соны қарастырып отыр. Ал олардың туысы Владимир Василенко сыбайласы болуы мүмкін.
— Қазақстанда қылмыстық іс қозғалды. Алайда күдіктілер Ресей аумағында жүргендіктен, тергеу әрекеттерін жүргізу мүмкін болмай отыр. Оларды Қазақстанға экстрадициялау қажет. Жуырда Донцовтардың Мәскеуде жүргені анықталды. Менің кәмелетке толмаған немерем Жаклин қазір анасын өлтіргендермен бірге тұрып жатыр деп ойлаймын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ресей тарапымен дипломатиялық келіссөздер жүргізіп, Донцовтарды Қазақстанға экстрадициялауға жәрдемдесуіңізді сұраймын, — деді марқұмның анасы.

❤4
Енді жеке мектептер тек нақты қажет өңірлерде ғана ашылады
Қазақстанда жеке мектептерге қойылатын талаптар кезең-кезеңімен қатаңдатылып келеді. Енді мұндай білім беру ұйымдарын кез келген жерде ашуға рұқсат берілмейді — жеке мектептер тек оқушы тапшылығы немесе мектеп жетіспеушілігі анықталған өңірлерде ғана іске қосылады.
Арнайы лицензия негізінен үш ауысыммен оқыту мәселесін шешу немесе апатты жағдайда тұрған мектептердің орнын алмастыру үшін ғана берілмек. Осы арқылы мемлекет жекеменшік секторды нақты әлеуметтік қажеттілікке бағыттауды көздеп отыр.
Оқу-ағарту министрлігі жеке мектеп құрылтайшыларының жауапкершілігін де күшейтуді жоспарлап отыр. Бұдан былай білім ордасының басшысын тағайындау тек құрылтайшының еркімен шешілмейді. Мектеп директорын бекіту кезінде министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі міндетті түрде ескеріледі.
Қазіргі таңда ел аумағындағы 785 жеке мектептің барлық құжаттары толық цифрлық форматқа көшірілген, бұл бақылау мен есептілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

👎1🤔1
Сен қозғалмасаң, сең қозғалмайды: билік жаңа қадам жасады
Құрылтайдың өткенінен гөрі өтедісі қызық. Елдегі басты саяси интрига осы кеңес төңірегінде болып жатыр. Себебі бұл жолғы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтатын сөзі елдегі саяси жүйенің бағытын түбегейлі өзгертуі мүмкін деген болжам бар.
Негізгі мәселе: алдағы конституциялық реформа қандай форматта өтеді? Президент тек аз-мұз түзетулермен шектеле ме, әлде Қазақстан толық жаңартылған Ата заңға, жаңа Парламентке және соған сай өзгерген саяси құрылымға өте ме ? Осы сұрақ қоғамды алаңдатып отыр.
Бір нәрсе анық: бұл жолы билік бұрынғыдай әрекет етіп отырған жоқ. Назарбаев кезеңінде Конституция бірнеше рет өзгертілді, алайда ол үдерістер жабық форматта, қоғамдық талқылаусыз өтті. Ал қазір қоғамға Қызылордадағы құрылтай алаңы ұсынылып отыр, реформаның легитимділігі туралы ашық әңгіме айтылып, референдум өткізу мәселесі де күн тәртібіне шығарылды.
Бұл, әрине, табысқа кепілдік бермейді. Бірақ тәсіл мүлде бөлек. Ашық диалогқа ұмтылыс бар. Кемшілігі болса да, бұл жолы биліктің қадамы әлдеқайда адамға жақын, түсінікті көрінеді.
Осы тұста тағы бір үрдіс айқын байқалады: кейбіреулер ештеңе болып жатқан жоқтай кейіп танытып, барлығын жоққа шығаруға асығады. Кез келген бастаманы алдын ала «имитация», «жалған реформа» деп бағалау үйреншікті әдетке айналған. Мұндай ұстаным өте ыңғайлы – ол қатысуды да, жауапкершілікті де, тәуекелді де талап етпейді.

Ресей Қазақстан арқылы Қытаймен байланысудың жаңа жолын тапты
Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданында жаңа көпір салынады. Бұл нысан Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге өтетін шығыс көлік дәлізінің маңызды бөлігіне айналмақ.
Құны 8 миллиард теңгеге бағаланған көпір құрылысының жобасы мемлекеттік сараптамадан өткен.
Жаңа көпір Шемонаиха ауданында бой көтереді.
Қазіргі таңда пайдаланылып отырған өткел 1962 жылы салынған және техникалық тұрғыда тозған. Ескі көпірдің жүк көтеру мүмкіндігі шектеулі, қозғалыс жолағы да аз, сондықтан ол халықаралық транзит ағынына толық жауап бере алмай отыр.
Жоба Қытай мен Ресей арасындағы тауар тасымалын жандандыруға бағытталған. Құрылысты биыл бастау жоспарланып отыр.
РЕСМИ ПІКІР
Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Кеңесбаевтың айтуынша, жаңа көпір өңірдің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырады.
— Ресей Федерациясының шекарасы бізге жақын орналасқан. Сонымен қатар, ірі Бұқтырма көпірі пайдалануға берілді. Осы бағыт Қытайға шығатын ең қысқа транзит жолдарының бірі болып саналады. Сондықтан жаңа көпірдің салынуы ауданның мүмкіндігін едәуір кеңейтеді, — деді аудан әкімі.
Жоба іске асқан жағдайда Шығыс Қазақстан халықаралық жүк айналымындағы стратегиялық аймақтардың біріне айналуы мүмкін.

🤬4
Молдова ТМД құрамынан шығу процесін бастады
Молдова ТМД құрамынан шығу процесін бастады. Ресми Кишенев үш бірдей келісімдіденонсациялау (бір жақты бас тарту) процесін бастаған.
Мән-жай
Молдова сыртқы істер министрі Михай Попшойдың айтуынша, бұл – достастықтан заң жүзінде шығу қадамы.
Оның сөзінше, Молдованың ТМД-ға де-факто мүшелігі бұған дейін тоқтатылған.
Денонсациялау рәсімі қазірдің өзінде басталып кеткен, ал тиісті құжаттарды парламент депутаттары жаңа сессияның ең алғашқы күндерінде қарайды.
«Бәлкім, ақпан айының ортасына қарай үкімет деңгейіндегі барлық рәсімдерді аяқтаймыз, содан кейін шешімді парламент қабылдайды», – деді ол.
Молдова ТМД аясында барлығы 283 келісімге қол қойған. Оның 71-і бұған дейін денонсацияланған, тағы шамамен 60 құжатты жою рәсімі қазір жүргізіліп жатыр. Попшойдың сөзінше, Кишинев елдің еуропалық бағытына қайшы келмейтін, экономикалық пайда әкелетін немесе азаматтар үшін маңызы бар келісімдерден әзірге бас тартпайды.

👏7👍4❤1
ULYSMEDIA.KZ
Бүгін Қызылордада Ұлттық Құрылтайдың V отырысы өтеді Ұлыстың тілшісі Қызылордадан хабар таратады. Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. Құрылтай аясында саяси, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар тақырыптар талқыланады деп жоспарланып…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
Құрылтай Қызылордада өтіп жатыр. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сөз сөйлеуде.
- Қарин құрылтайдың бұған дейінгі отырыстарында қандай мәселелер көтерілгенін және олар бойынша қандай шешімдер қабылданғанын еске салды, – деп хабарлайды тілшіміз.
Журналистер баспасөз орталығына орналастырылған – ол бөлек ғимаратта орналасқан. Ал отырыстың өзі одан шамамен жүз метр қашықтықта өтіп жатыр.
Жақын арада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі күтілуде.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Құрылтай Қызылордада өтіп жатыр. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сөз сөйлеуде.
- Қарин құрылтайдың бұған дейінгі отырыстарында қандай мәселелер көтерілгенін және олар бойынша қандай шешімдер қабылданғанын еске салды, – деп хабарлайды тілшіміз.
Журналистер баспасөз орталығына орналастырылған – ол бөлек ғимаратта орналасқан. Ал отырыстың өзі одан шамамен жүз метр қашықтықта өтіп жатыр.
Жақын арада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз сөйлеуі күтілуде.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🤔1
«Әділ сөз» басшысы Тоқаевтан БАҚ-ты қолдауды сұрады
«Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова Ұлттық құрылтайда БАҚ-қа қатысты мәселе көтерді.
Жаманқұлова бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.
- Қазіргі таңда ішкі нарықта қалмай, жарнаманың 65 пайызы YouTube пен TikTok платформаларына ағып кетеді. Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттелігін сақтау үшін тәуелсіз, мемлекеттік емес медиа платформаларды қолдау мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын. Бұл сала қызметкерлеріне лайық еңбекақы төлеуге, сапалы контент жасауға жол ашады. Сонда журналистер тапсырыспен әзірленетін материалдарға немесе жасырын қаржыландыруға тәуелді болмайды. Ал оқырман БАҚ-тың артында кім тұрғанын білуге құқылы, – дейді Жаманқұлова.
ҚҰРЫЛТАЙ
Еске салайық, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.

👍3🔥2❤1👏1
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөз сөйлей бастады
Ұлттық құрылтай мүшелері өз баяндамаларын аяқтады.
Қазір мінберге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шықты. Президент Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына оң баға берді.
«Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкімнің атқарған жұмысының нәтижесі», – деді Тоқаев.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ұлттық құрылтай мүшелері өз баяндамаларын аяқтады.
Қазір мінберге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шықты. Президент Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жұмысына оң баға берді.
«Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкімнің атқарған жұмысының нәтижесі», – деді Тоқаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев Арал мәселесін көтерді
Президент тек Арал ғана емес, сонымен қатар, Каспий, Ертіс, Балқаш мәселесін шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қою қажет екенін айтты.
- Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс. Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек. Мен былтыр БҰҰ аясында халықаралық су ұйымын құруды ұсындым. БҰҰ-ны реформалау барысында осы мәселені алға жылжытуымыз керек. Алдағы сәуірде Астанада халықаралық экология саммиті өтеді. Жиынға Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларымен Арал мәселесін талқылаймыз. Кіші Аралдың қалпына келуі Сыр өңірін көркейтуге жол ашады деп үміттенеміз, – дейді президент.

🤮3