ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.77K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Украинаның бұрынғы президентіне тағы бір үкім шықты

Украинаның Жоғары антикоррупциялық соты елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичке қатысты жаңа сырттай үкім шығарды. Бұл жолы ол Киев облысындағы жерді заңсыз иемдену ісі бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мамандандырылған антикоррупциялық прокуратураның мәліметінше, әңгіме 2007 жылғы оқиғалар туралы болып отыр. Ол кезде Янукович премьер-министр қызметін атқарған. Тергеу дерегіне сәйкес, ол Сухолуцк ауылдық кеңесі аумағындағы орман-аңшылық шаруашылығы қорынан 17,5 гектар жер телімін заңсыз иемденген. Учаскенің бағалау құны 22 миллион гривеннен асады (шамамен 260 миллион теңге).

Кейінірек, 2009–2011 жылдары аталған аумақта қонақүй-мейрамхана кешені салынған. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, бұл нысан экс-президенттің жеке мақсаттары үшін пайдаланылған. Істе Януковичтің сыбайласы да болған. Сот оны кінәлі деп танығанымен, қылмыстық жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатты.

КОНТЕКСТ

Бұл — Януковичке Украинада шығарылған алғашқы сырттай үкім емес. Бұған дейін соттар оны мемлекетке опасыздық жасауға, сондай-ақ 2014 жылғы оқиғалардан кейін шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастыруға және дезертирлікке арандатуға кінәлі деп таныған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🤔2
ULYSMEDIA.KZ
Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша жаңадан құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына ресми түрде шақырды. Сонымен қатар, Қазақстанға аталған құрылымның құрылтайшы…
Тоқаев Трамптың шақыртуын қабыл алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысуға барады.

- 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, – делінген хабарламада. 

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша жаңадан құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына ресми түрде шақырған еді. Сонымен қатар, Қазақстанға аталған құрылымның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылған болатын. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2❤1👍1
Жүздеген миллионды жымқыру: экс-вице-министр Сәрсембаев не үшін ұсталды?

Қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі Әділбек Сәрсембаевтың ұсталғанын іс жүзінде растады. Оның есімі мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында 607 млн теңгені жымқыру ісімен байланысты. Оған нақты қандай айып тағылып отыр және неге бұл мәселелер кеше ғана көтерілген жоқ? Ulysmedia.kz анықтап көрді.

Бұрынғы вице-министр қандай күдікке ілінді?

47 жастағы экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы әңгіме бір ай бұрын тарай бастаған. Ол кезде дереккөздер Сәрсембаевтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенін айтқан еді. Алайда ресми органдар бұл ақпаратты растамады.
Редакция Қаржылық мониторинг агенттігіне ресми сауал жолдап, мынадай қысқа жауап алды:

– Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды. Тек прокурордың рұқсатымен ақпарат бере аламыз.

Кейін Бас прокуратура Сәрсембаевқа қатысты тергеуді шынымен де Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізіп жатқанын растады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2😡1
Дала демократиясы: Қазақстан парламентті не үшін реформалап жатыр?

Ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы парламенттік реформаның нақты тетіктерін алғаш рет ашып айтты. Мәжіліс пен Сенат тарих қойнауына кетеді,  олардың орнына партиялық тізім бойынша сайланатын 145 депутаттан тұратын біртұтас Құрылтай құрылады. Бұдан бөлек, елде вице-президент лауазымы енгізіледі, Жоғарғы соттың құрамын парламент айқындайды, ал Салық кодексі қайта жазылуы мүмкін. Ulysmedia.kz қазақстандық парламенттің жаңа форматына саясаттанушылар қандай баға беретінін саралап көрді.

Тепе-теңдік – басты қағида

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, бір палаталы парламент құру – заңды эволюция әрі белгілі бір деңгейде бәрін қайтадан бастаумен пара-пар.

– Негізінде Қазақстанның алғашқы парламенті Жоғарғы кеңес бір палаталы болған. 1993-1994 жылдары ол президенттік билікке қажет кейбір шешімдерді тежегенімен, мемлекет басшысының өкілеттігін асыра пайдалануға жол бермей, қажет жерінде шектей алатын тиімді  құрал да болды. Ал 1995 жылғы Конституция суперпрезиденттік модельді бекітті де, парламентті әдейі екіге бөліп, әлсірету үшін жасалды. Сол арқылы президент екі палатаға да «үстемдік» етіп тұрды, – деп еске алады Ғазиз Әбішев.

Мәжіліс депутаты Никита Шаталовтың пікірінше, екі палатадан бір палатаға көшу – шешім қабылдау жылдамдығы мен қосымша сүзгілер арасындағы классикалық таңдау.

– Артықшылығы – шешім қабылдау сатылары азаяды, заң шығару циклі жылдамдайды, депутаттардың жеке жауапкершілігі күшейеді. Өйткені заңды тек бір палата қабылдаса, сұрау да солардан болады. Бірақ бұл тек партиялар мен рәсімдер қатар күшейген жағдайда ғана тиімді. Осы тұрғыда пропорционалды жүйеге басымдық беріліп отыр, бұл партиялық институттарды нығайтудың механизмі, – дейді ол.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔3
Ұлттық құрылтайдан кейін мансабы қыл үстінде тұрған шенеуніктер

Парламенттік реформа туралы жаңалықтардың тасасында Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген өзге де мәселелер назардан тыс қалып қойғандай. Ал олардың саны аз болған жоқ. Көбі күнделікті өмірге қатысты, олар: көшедегі қауіпсіздік, тұрғын үйлердегі жайлылық, қалалар арасындағы қатынастың қолайлылығы, дүкендердегі бағаның қолжетімділігі. Ресми іс-шаралардың дәстүрлі күнтізбесіне сәйкес, алдағы апталарда президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдағы сөзіне қарағанда, кейбір министрлер осы жиынға дейін-ақ өздерінің Үкіметке қаншалықты қажет екенін дәлелдеуі тиіс. Мемлекет басшысы кімді және не үшін сынға алды? Ulysmedia.kz еске салады.

Прогресс пен қазба байлық

Ұлттық құрылтай қарсаңында елордалық баспасөз орталығында журналистер президент парламенттік реформадан бөлек қандай тақырыптарға тоқталатынын болжауға тырысқан еді. Басым дауыс цифрландыруға берілді. Шынында да, жасанды интеллект тақырыбы құрылтай мүшелері тарапынан көтерілді. Мәселен, депутат Сергей Пономарев 16 жасқа дейін әлеуметтік желілер мен ChatGPT-ке қолжетімділікті шектеуді ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев та цифрландыруды сөз етті. Алайда журналистер күткендей тек прогреске ілесу мен ІТ-технологияларды мемлекеттік басқаруға енгізу жайында ғана емес, басқа қырынан тоқталды. Президент цифрландырудың тек мүмкіндік емес, сонымен қатар орасан зор энергия шығынын талап ететінін еске салды.

– Дата-орталықтардың энергия тұтынуы металлургиялық комбинаттармен шамалас. Сондықтан энергетикамен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс, – деді Тоқаев.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Осы мақсатта 16 жасқа толмаған азаматтарға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салуды көздейтін заң жобалары әзірленген. Құжаттар сараптамалық бағалаудан өтіп, қазіргі таңда қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Сонымен қатар пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін енгізу және қажет болған жағдайда жауапкершілік шараларын белгілеу жоспарланып отыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Адвокат Мейірман Шекеев Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

▪️МӘН-ЖАЙЫ

Оның айтуынша, аталған іс бойынша қоғамда түрлі алыпқашпа әңгіме тарап, тікелей эфирлерде де, журналистер тарапынан да көп сұрақ қойылған.

– Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша көп азаматтар алаңдаушылық білдіріп, тікелей эфирде және басқа да жерлерде, одан қалса журналистер де сұрап жүргендіктен және бұл іске қатысты өсек-аяңды тоқтату үшін осы ақпаратты жариялап отырмын, – деді адвокат.

Мейірман Шекеевтің сөзінше, осы уақытқа дейін іске қатысты түсініктеме берілмеген, себебі тергеу жалғасып жатқан.

– Осы уақытқа дейін жауап бере алмадық, өйткені іс жалғасып жатты. Десе де, осы аралықта атқарылған жұмыстардың арқасында біз бұл нәтижеге қол жеткіздік деп ойлаймын, – деп жазды ол.

Адвокат Қаржаубайдың айналасында оған қарсы адамдар болғанын да жасырмады.

– Қаржаубайдың кейбір жаулары біздің үнсіздігімізді оның міндетті түрде сотталатынына балап, бақылап жүрді. Отбасын қаралап, түрлі ақпарат таратқан адамдар да болды. Кейбірі мұны тікелей эфирлерде айтып жүрді, – деді Шекеев.

Оның айтуынша, Қаржаубай сотталады деген үмітін үзбегендер де аз болмаған. Алайда бұл істе жәбірленуші тарап болған полиция қызметкерлері адамгершілік танытқан.

– Сол кездегі жәбірленуші болған полиция қызметкерлерінің адамгершілігі биік болды. Сондай-ақ құқық қорғау органдары істі объективті қарады. Соның нәтижесінде Қаржаубайға қатысты қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес тоқтатылды, – деп жазды адвокат.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🤔1🤮1
«Ақшаны тірі сектордан өлі жүйеге құйып жатырмыз»: Жәкішев салық реформасы туралы

«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің айтуынша, салықты арттыру арқылы билік қаржыны экономиканың өнімді секторынан тиімсіз салаға қайта бөліп отыр.

Жәкішевтің сөзінше, нарықтық ортада айналымдағы 1 теңге 1,5–2 теңге көлемінде табыс әкелсе, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда ең жақсы жағдайда мардымсыз пайда ғана болады, ал көп жағдайда мүлде шығынға ұшырайды.

— Елдегі барлық қаражатты 100 пайыз деп алайық. Соның шамамен жартысы тиімді секторда — яғни бір теңге екінші теңгені тудыратын ортада айналып жатыр. Ал екінші бөлігі — квазимемлекеттік секторда, мұнда теңге теңге әкелмейді. Біз не істейміз? «Салықты көтерейік» дейміз де, сол нарықтық сектордан қаражаттың бір бөлігін алып, осы жаққа құямыз. Яғни ақшаны тиімді сектордан алып, тиімсіз салаға ауыстырып жатырмыз.

Ал халыққа бұл жерде «керемет жобалар бар» деп айтылады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды және ешқашан олай болмайды, себебі бұл — табиғаттың заңы. Тіпті жемқорлық жоқ елдердің өзінде де мемлекеттік сектор жеке сектордан тиімді бола алмайды, — деді Мұхтар Жәкішев Lighthouse арнасына берген сұқбатында.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤2🤔1
Қазақстанда жаңа облыс пайда болуы мүмкін

Саясаттанушы Арсен Сәрсеков Қазақстанда жаңа облыс құрылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сәрсеков президент жариялаған Қазақстанның Халық кеңесіне (Қазақстанның Халық Кеңесі) 126 адам кіретінін еске салды. Оның ішінде 42 өкіл этномәдени бірлестіктерден, 42 адам қоғамдық ұйымдардан және тағы 42 мүше мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден ұсынылады.

Саясаттанушының айтуынша, дәл осы соңғы квота — негізгі назар аударатын жайт. Президент Тоқаев 42 мүше тікелей мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестер арқылы іріктелетінін мәлімдеген. Яғни әр өңірден бір мәслихат өкілі мен бір қоғамдық кеңес мүшесі ұсынылады — барлығы 40 адам.

Ал қалған екі қосымша орын, Сәрсековтің пікірінше, әкімшілік реформаның белгісі болуы мүмкін. Атап айтқанда, Қостанай облысын екіге бөлу арқылы орталығы Арқалық қаласы болатын Торғай облысын қайта құру нұсқасы қарастырылып отырғанын жоққа шығармайды.

— Бұған қоғамда сұраныс бұрыннан бар. Соңғы жылдары өңірге ерекше назар аударылып келеді: инфрақұрылым жаңарып жатыр, әуежай, әлеуметтік нысандар салынуда. Әзірге ірі қаржыландыру болмаса да, жұмыстар кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Осындай жағдайда «42» саны кездейсоқ емес, алдын ала есептелген формула секілді көрінеді. Бұл тұрғыда Халық кеңесі тек кеңесші орган ғана емес, алдағы шешімдердің индикаторы болуы мүмкін. Кейде ресми мәлімдемелерден гөрі арифметика көп нәрсені аңғартады, — деді саясаттанушы.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2🔥2🤔2
Kundelik.kz пен BilimClass: Алматыдағы мектеп платформаларының дауы басылар емес

Алматыда Kundelik.kz пен BilimClass арасындағы дау басылар емес. Биылдан бастап 200-ден астам мектеп бір платформадан екіншісіне ауысқан. Бұл жағдай ата-аналар мен педагогтар арасында резонанс тудырған. Бүгін Kundelik.kz компаниясының директоры баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайға байланысты өз ұстанымын айтты. Оның сөзінше, 8 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Kundelik.kz-ті бір-ақ сәтте, ешқандай ескертусіз BilimClass платформасына ауыстырған. Ол бұнымен келіспейді.

Kundelik.kz компаниясының директоры Мұхтар Ілиясовтың сөзінше, мектептерді бір платформадан екіншісіне ауыстырған уақытта заң талаптары бұзылған. Ол оқу жылының ортасында платформа ауыстырудың өзі оқушылар мен педагогтарға салмақ салады дейді.

«Платформа ауыстыру біздің ойымызша, заңсыз жасалған. Себебі қалалық білім басқармасы мен балама жүйе арасында ешқандай заңдық құжаттарға қол қойылмаған. Бұған қоса, бұның барлығы тегін делінеді. Бірақ мемлекеттік сатып алулар порталына кірсек, біз көреміз, тегін ешнәрсе жоқ. Бұл істерге мемлекеттік бюджеттің қаржысы жұмсалып жатыр», – деді ол.

Мұхтар Ілиясов Kundelik.kz платформасындағы деректер түсініксіз жағдайда  жаңа BilimClassплатформасына көшірілген дейді. Оның ішінде Kundelik.kz-ке тиесілі авторлық бағдарламалар да бар.

Ілиясов Kundelik.kz бюджеттен ешқандай қаржы алмайды деді. Оның сөзінше, платформаның ақылы және тегін бөлігі бар. Компания ақылы бөлімнен пайда табады. Осы арқылы өзге қолданушыларға тегін платформа ұсынып отыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте көшедегі төбелес өліммен аяқталды: 4 күдікті ұсталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.
20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 20 ақңтарда Шымкентте көліктері соқтығысып қалған жүргізушілер төбелесіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2
Қайта жаза ма, әлде сол күйі қала ма? Тоқаевтың сөзінен кейін Салық кодексінде өзгеріс бола ма?

Салық кодексі өзгермейтін құдайдың құраны емес. Ұлттық құрылтай отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған пара-пар сөз айтты. Президент сөзі өткен жылы айналасында қызу пікірталас туғызған құжат қайта түзетіле ме, әлде ол қайта қарала ма деген сұрақты күн тәртібіне шығарды. Ulysmedia.kz осы мәселені саралап көрді.

Жарамды ма, жарамсыз ба?

Ұлттық құрылтайда Тоқаев жаңа Салық кодексіне қатысты «орынды әрі сындарлы» ұсыныстарды қайта зерделеуді тапсырды. Бұл бір қарағанда күтпеген мәлімдеме секілді. Себебі құжат былтыр бизнес пен қоғам өкілдерінің қатысуымен ұзақ талқыланып, ақыры соңғы нұсқа бойынша қабылданған еді.

Президенттің бұл сөзі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің де алаңдаушылығын тудырды. Өзін «салық реформасының авторымын» деп атаған министр кодексті қайта жазудың қажеті жоқ екенін айтты.

–  Жұмыс істеп тұрған дүниені не үшін қайта жазу керек? Салық кодексіне жыл сайын өзгерістер енгізіледі. Арнайы жұмыс тобы бар. Жағдай үнемі өзгеріп отырады, –  деді Жұманғарин.

Алайда мәселе  сол «жағдайдың» қаншалықты өзгергенінде. Президенттің сөзі жай ғана пікір ме, әлде бизнес үшін ең өткір тұстарын жұмсарту жөніндегі ишара ма?

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2❤1
Qirsabyn телеграм-арнасына қатысты іс сотқа жолданды

Qirsabyn телеграм-арнасының әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ulysmedia.kz ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Редакцияның мәліметінше, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Істі кім және қалай тергеді?

Бұл іс әу бастан құпия жағдайда жүргізілді. ҰҚК ақпаратты өте шектеулі түрде ұсынып, ресми сауалдарға қысқа әрі формалды жауаптармен шектеліп отырды.

Бастапқы кезеңде тергеуді екі орган — Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүргізген. Ал күдіктілерді ұстауға қатысқан Қаржылық мониторинг агенттігі істің тергелуіне ресми түрде қатысы болмаған.

Кейіннен іс толықтай ҰҚК өндірісіне берілді.
Алғашында қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 194-бабы — «Бопсалау» бойынша тіркелген. Кейін оған 147-бап — «Жеке өмірге қолсұғушылық» дерегі қосылған.

Айыптың мәні неде?

Qirsabyn телеграм-арнасының әкімшілері 2024 жылғы 18 желтоқсанда ұсталған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, олар танымал тұлғалардан ақша бопсалап, жеке өміріне қатысты компромат материалдарды жариялаймыз деп қорқытқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қылмыстық істің қозғалуына танымал тележүргізуші әрі Instagram-инфлюенсердің арызы себеп болған. Оның айтуынша, арна әкімшілері жеке өміріне қатысты ақпаратты жарияламау үшін ақша талап еткен.

Қорқыту мен қысымнан кейін әйел адам күдіктілерге 3 мың АҚШ долларын берген. Алайда соған қарамастан қысым тоқтамаған. Осыдан кейін ол құқық қорғау органдарына жүгінген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡1
Шымкентте полицей оқу-жаттығу кезінде бір көзінен айырылған

Шымкент қаласында полицияның бұрынғы капитаны Бақдәулет Қалаубаев шамамен үш жылдан бері қылмыстық істің тіркелуіне қол жеткізе алмай келеді. Ол қызметтік оқу-жаттығу барысында бір көзінен айырылған. Ауыр жарақат, мүгедектік және сараптамалардың қорытындысына қарамастан, іс әлі күнге дейін қозғалған жоқ. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке жәбірленушінің адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Полигондағы жарылыс

Оқиға 2022 жылғы 7 қазанда «Ақтас» оқу-жаттығу полигонында болған. Жарық-дыбыстық қол гранаталарын лақтыру бойынша сабақ кезінде жарылыс болған. Граната жарықшағы Бақдәулет Қалаубаевтың оң көзіне тиген.

Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалғанымен, дәрігерлер оның көру қабілетін сақтап қала алмады. Медициналық құжаттарда мынадай диагноз көрсетілген:

- Көз алмасының жыртылып, көз ішіндегі тіндер түсіп кеткен. Бір көзі толық соқыр болып қалды.

Қалаубаевқа үшінші топтағы мүгедектік белгіленген. Оқиғаға дейін ол ішкі істер органдарында 12,5 жылдан астам уақыт қызмет атқарған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢4😁2
ULYSMEDIA.KZ
Питер Фостердің жұбайы Air Astana төңірегіндегі жанжалға пікір білдірді Әуекомпания басшысының жұбайы Татьяна Фостер алғаш рет аты аталған «өз адамдарына билет» дауына қатысты ашық мәлімдеме жасады. КОНТЕКСТ Жанжалға FlyArystan әуе компаниясының бұрынғы…
Татьяна Фостерге қатысты даудан кейін Көлік министрлігі тексеріс жүргізеді

Мәжіліс кулуарында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Air Astana әуе компаниясындағы шуға байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Министрден әуе компанияларында овербукинг тәжірибесінің қолданылуы және Татьяна Фостердің белгілі бір артықшылықтарды пайдаланғаны жөніндегі ақпаратқа түсініктеме беру сұралды.

ЖАУАП

— Овербукинг әлемнің барлық елінде бар дүние. Бұл мәселе бірнеше рет көтерілген. Ал бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметтерге келсек… Азаматтық авиация комитеті тарапынан тексеріс тағайындалды, — деді Нұрлан Сауранбаев.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Татьяна Фостер FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты іс бойынша алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірген еді. Бұл істе оның есімі «өз адамдарына арзан билеттер беру» контекстінде аталған.

Жанжалға FlyArystan-ның экс-қызметкері Ренат Абулхановтың жарияланымдары түрткі болды. Ол әлеуметтік желіде хат алмасу скриншоттарын жариялап, онда Татьяна Фостер ең төмен тарифтерге — өзі мен анасы үшін — қолмен қолжетімділік ашуды сұрағаны көрсетілгенін мәлімдеген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4😁1
Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралады

Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан қазақстандық боксшыға қатысты ресми шешім шыққан жағдайда ғана дисквалификациядан кейін қайтадан рингке оралатынын айтты.

СЫН МЕН ҚОЛДАУҒА ЖАУАП

Берік Сұлтан өз сөзінде сынағандарға жауап берген.

«Біздің мансабымызға нүкте қойып жатқан адамдарға айтарымыз бар: не жазсаңыздар да, қанша пікір қалдырсаңыздар да, біздің жауабымыз біреу — ит үреді, керуен көшеді. Хейт пен сын — қалыпты нәрсе, өйткені бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Біздің сәтсіздігімізге қуанғандар, бізге енді жол жоқ деп ойлағандар қателеседі. Біз сынбадық, бәрі алда. Алла қаласа, барлық тексерулердің нәтижесін күтіп отырмыз, әзірге ресми ақпарат жоқ. Қазір Жанибек ешқандай шеттетілген жоқ, ол әлі чемпион. Ресми шешім шыққан соң ғана нақты әрекет жасалады» – деп жазды. 

ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУ

«Бізді қолдайтындарға айтарым: иә, мұндай жағдай болды, бірақ біз сынбадық, керісінше күшейдік. Біз міндетті түрде қайта ораламыз. Мысалы, 38 жасында Кроуфорд „Канело“ны жеңді. Бивол, Усик, Иноуэ — бәрі тәжірибелі, тіпті Лара 40-тан асқан. Ал Жанибектің жасы небәрі 33. Егер жарты жылға немесе бір жылға дисквалификация берсе де — біз қайта келеміз. „Kazakh Style“ рингте әлі жарқырайды. Алла қаласа, ең жақсысы әлі алда. Сіздер де көңіл түсірмеңіздер: біздің мұңайғанымыздан анализ нәтижесі өзгермейді. Біз жұмыс істеп, алға жылжып келеміз. Рахмет», — деді Сұлтан өзінің Instagram парақшасында.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍4🤮3❤1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Еуропа дұрыс бағытта келе жатқан жоқ” - Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында сөз сөйлеп, Еуропа елдері ұстанып отырған бағытты қатаң сынға алды.

Трамптың айтуынша, Еуропа «қате бағытта» дамып келеді. Ол әсіресе Еуроодақ елдерінің көші-қон саясатына тоқталып, жаппай миграцияны қазіргі мәселелердің басты себептерінің бірі деп атады. Сондай-ақ, осы жағдайға байланысты «Еуропаны танымай қалдым» деп мәлімдеді.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔5🤮3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресейдің тағы бір танкері Венесуэла жағалауында ұсталды

АҚШ әскери күштері Кариб теңізінде Sagitta танкерін тоқтатты. Ол Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі және санкция салынған мұнайды тасымалдаған. Бұл туралы АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы мәлімдеді.

Мәлімдемеде бұл Венесуэладан тек «тиісті әрі заңды түрде рәсімделген» мұнай ғана экспортталуы тиіс екенін көрсету мақсатында жасалғаны айтылған. Sagitta танкері АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне 2025 жылғы 1 қазанда енгізілген. Онда кеме Панама туы астында санкцияға іліккен мұнайды тасымалдаумен айналысатын Ресейдің «көлеңкелі флотының» кемесі ретінде көрсетілген. Бұған Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге салынған санкциялар негіз болған.

КОНТЕКСТ

2025 жылғы желтоқсаннан бері АҚШ Кариб бассейнінде санкцияға іліккен венесуэлалық мұнайды тасымалдап жүрген танкерлерге бақылауды күшейтті. Америкалық тараптың мәліметінше, Sagitta — ұсталған жетінші кеме. Бұған дейін Bella 1 танкері туралы хабарланған еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Газа секторына жасалған соққылар кезінде журналистер қаза тапты

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тәуліктің басынан бері Газа секторында кемінде 11 палестиндік көз жұмған. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш журналист бар. Тағы алты адам жараланған.

Al Jazeera мәліметінше, Газа денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мунир әл-Бурш сәрсенбі күні израильдік соққы фотожурналистер отырған автокөлікке тигенін хабарлады. Оның айтуынша, қаза тапқан үш журналист Мысырдың Газаға көмек көрсету комитетімен бірлесіп жұмыс істеген. Бұл комитет анклавтағы Мысырдың гуманитарлық жобаларын үйлестіреді.

Қаза тапқандар — Анас Гунаим, Абдул Ра’уф Шаат және Мохаммад Кешта. Әріптестері мен медицина қызметкерлерінің айтуынша, олар Газаның орталық бөлігінде, Нецарим дәлізіне жақын аумақта қызмет атқарған. Оқиға орнындағы журналистердің мәліметінше, олармен бірге тағы бір адам қаза тапқан.

Әлеуметтік желілерде жол жиегінде өртеніп кеткен көліктің фото және видеолары тарады — оның үстінен әлі де түтін көтеріліп тұрғаны көрінеді. Комитет өкілі Мохаммед Мансур Associated Press агенттігіне журналистер ішкі қоныс аударған адамдарға арналған жаңа лагерьді түсіріп жүргенін айтты. Оның сөзінше, соққы Израиль бақылау аймағынан шамамен бес шақырым қашықтықта жасалған, ал көлік Израиль әскери күштеріне Мысыр комитетінің транспорты ретінде белгілі болған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1😢1