Үндістанда қауіпті вирус тарай бастады
Ресейлік академик Александр Гинцбург Нипах вирусының не себепті ең қауіпті инфекциялардың бірі саналатынын және оның таралуы қандай қауіп төндіретінін түсіндірді.
Нипах неге аса қауіпті
Эпидемиолог, Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Александр Гинцбург Нипах вирусының ерекше қауіп төндіретінін ескертті. Оның айтуынша, бұл инфекция қазіргі таңда тиімді арнайы емі жоқ аса қауіпті қоздырғыштар санатына жатады. Мамандардың пікірінше, аурудың қалай өрбитіні көбіне науқастың иммундық жүйесінің жағдайына байланысты.
- Егер иммунитет әлсіреген болса, дерт ауыр асқынуларға — сепсиске, екіжақты пневмонияға, менингитке, ал кей жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін, — деп түсіндірді Гинцбург.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жыққан: жанжалдың видеосы тарады 📱 Ұлысқа жазылыңыз
Қарағандыдағы шенеунік-чемпиондардың соққысы мемлекет беделіне нұқсан келтірді
Ай, осы біз оңбаймыз-ау, оңбаймыз. Бұлай демеске, көре тұра амал жоқ. Біреуге нан қайғы, біреуге ән қайғы болып тұр. Дүйім ел салық кодексі, инфляция деп шырылдап жатқанда, енді біреулер соқталдай екі жігіттің шекісіп қалғанын сөз етуден әрі аспайды. Сонда елдік мәселк екінші қатарға ысырылып қалғаны ма? Қарағандыдағы шенеуніктер арасындағы төбелес туралы бүгінде тек ерінген адам ғана жақ ашпаған шығар. Екі бірдей «еңбегі сіңген, қайта-қайта чемпион атанған» спортшы, бүгінде шенеунікке айналған азаматтардың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратындағы кабинетте нені бөлісе алмағаны нақты белгісіз, ал әлеуметтік желілерде сан түрлі нұсқа тарап кетті.
Жұдырықпен өлшенетін қызмет
Алайда қоғамды толғандырған басты сұрақ олардың қайсысы дұрыс, яғни, кім «жақсы», кім «жаман»? Қазір бұл оқиғаны полиция тексеріп жатыр. Барлық талапқа сай тергеу жүргізілуде: төбелес болғаны расталды, ал әрі қарай тергеу мүддесіне байланысты ешқандай егжей-тегжей айтылмайды.
Дегенмен егер шенеунік-чемпиондардың жанынан «жанкүйерлері» табылып, қақтығыс видеосын интернетке жүктемегенде, Қарағанды облыстық спорт басқармасында не болып жатқанын жұрт мүлде білмей қалар еді.
Желіде лезде тараған бейнежазбада интеллект деңгейі де, тәрбие де, мәдениет те сын көтермейтіні анық байқалады. Ал ішкі тәртіп, эмоцияны ұстай білу, өз мәртебесін сезіну, қоғам алдындағы жауапкершілік сияқты ұғымдар бұл «кейіпкерлерге» мүлде таныс емес секілді.
Олар мемлекеттік қызметті рингпен шатастырып алған сияқты. Бірақ ол жерде де этикалық ережелер бар емес пе? Ал егер бұл қалыпты жағдай болса ше?

Іші қуыс: Оқу-ағарту министрлігі неге жауаптан жалтарады?
Соңғы айларда мектептерге бөлінген миллиардтаған қаржы елдегі басты «жаңалықтардың» біріне айналды. Бұл тақырыпты сарапшылар да, жекеменшік мектеп иелері де, Қаржы министрлігінің аудиторлары да, премьер-министр мен президент те көтеріп жүр. Ал үнсіз отырған — Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілдері.
Ulysmedia.kz редакциясы жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова өз ұстанымын түсіндіретін алаң таба алмай жүрген шығар деп ойлап, бастама көтерді. Біз министрге нақты сұрақтардың толық тізімін жолдадық. Негізгі назар — премьер-министрдің білім беру саласындағы қаржыландыруда қолданылып отырған алаяқтық схемаларды жою жөніндегі тапсырмасына аударылды. Жауап дер кезінде келді, алайда түсіндіруден гөрі жаңа сұрақтар туғызды. Соның ішіндегі бастысы Оқу-ағарту министрлігінде отырғандар шынымен мемлекеттік тілді біле ме, білсе, неге бас десе, құлақ дейді?

🤬2
Президентке парламентті таратуға құқық беру ұсынылды
Мән-жай
Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан президентіне депутаттардың келісімімен вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін және Жоғары аудиторлық палатының сегіз мүшесін тағайындау құқығы беріледі. Сонымен қатар, егер депутаттар ұсынылған кандидатураларды екі рет кері қайтарса, мемлекет басшысы құрылтайды таратуға құқылы болады. Мұндай ұсыныстарды конституциялық реформаны талқылайтын комиссияның екінші отырысында әділет министрі Ерлан Сарсембаев айтты.
«Егер депутаттар аталған тағайындауларға келісімін екі рет бермейтін болса, президентке құрылтайды тарату құқығы беріледі. Бұл механизм алдын алу сипатында қызмет етіп, саяси күштерді компромис іздеуге және жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандырады», — деді Ерлан Сарсембаев.
Сонымен қатар, ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылықты сақтау және құқық үстемдігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты мемлекеттік органдардың басшыларын тағайындай алады. Атап айтқанда, бұл тізімге бас прокурор, Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Ұлттық банк, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палата, Жоғары сот кеңесі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің лауазымдары кіреді.

👎7🤔3
Конституциялық реформа: президенттің мерзімінен бұрын сайлау тәртібі қалай өзгереді
Конституциялық реформа аясында президент сайлауын өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, өзгерістер Конституцияның 41-бабына қатысты және президент сайлауын ұйымдастыру тәртібін нақтылауға бағытталған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент сайлауы желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өткізіледі. Алайда бұл норма әрдайым қолайлы бола бермейді, өйткені түрлі жағдай ескерілмейді және президент өкілеттігінің аяқталу мерзімі мен сайлау күні арасында уақытша алшақтық туындауы мүмкін.
Реформа қабылданған жағдайда президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын өткізілетін болады.
Сонымен қатар, президент сайлауы елдегі жалпы электоралдық циклмен сәйкес келмеуі тиіс деген норма енгізу ұсынылды. Ал кезектен тыс президент сайлауын тағайындау туралы шешімді президенттің өзі қабылдайды деген тармақты Конституциядан алып тастау көзделіп отыр.
Егер президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, сайлау өткізу тәртібі Конституцияның 48-бабына сәйкес реттеледі.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысының ант беру мерзімі де өзгереді. Жаңа сайланған президент сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір ай ішінде ант қабылдауы тиіс.

Конституцияда митингілер өткізуге шектеу қою негіздері кеңейтіледі
Конституциялық комиссия мүшелері бейбіт жиын өткізуді шектеу негіздерін кеңейту туралы ұсыныс жасады.
Мән-жай
«Азаматтардың бейбіт жиналысқа қатысу құқығы туралы бапқа да түзетулер енгізілмек. Заңмен шектеуге болатын жағдайлардың негіздері кеңейтіледі», — деді мәжіліс депутаты Снежанна Имашева комиссия отырысында.
Атап айтқанда, тізімге конституциялық құрылымды қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-моральдық құндылықтарын сақтау негіздері қосылады.
«Бұл өзгеріс жиын өткізу еркіндігі, қоғам мен мемлекеттік мүдделер арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың құқықтық анықтығын күшейтуге бағытталған», — деді депутат.
Контекст
Өзгеріс енгізу ұсынылып отырған қазір қолданыстағы Конституцияның 32-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін” деп жазылған.

👎8🤬3😡1
Президент Іс басқармасымен байланысты компанияға 54 млн теңге айыппұл салынды
Астанадағы қоқысқа қатысты дау күтпеген жерден Президент әкімшілігімен аффилирленген құрылымдарға алып келді. Astana Recycling Plant компаниясы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, сұрыптау және қайта өңдеу қызметтері бойынша бағаны негізсіз қымбаттатқан. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.
Қымбат тарифпен шығарылған қоқыс
Монополияға қарсы органның анықтауынша, компания қызмет құнына қоқыс өңдеуге еш қатысы жоқ шығындарды енгізу арқылы тарифтерді жасанды түрде көтерген. Соның салдарынан нарық тұтынушылары экономикалық негізсіз әрі баламасыз жағдайда артық төлем жасауға мәжбүр болған.
Сот антимонополиялық органның тұжырымдарымен келісті. Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты Astana Recycling Plant компаниясына 54 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Ведомствоның мәліметінше, айыппұл толық көлемде төленген.

🤔4🤣2
Абай облысында әскерден қайтуына екі ай қалған сарбаз қайтыс болды
Абай облысында әскерден қайтуына екі ай қалған сарбаз Қазыбек Оспанов қайтыс болды.
Түркістан облысы Өргебас ауылында отбасы қара жамылды. Әскер қатарында борышын өтеп жүрген жас сарбаздың мәйіті туған үйіне табытпен жеткізілді. Марқұмды отбасы екі айдан кейін аман-есен оралады деп күтіп отырған.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 23 қаңтарда Абай облысы Жаңғызтөбе елді мекенінде орналасқан 47007 әскери бөлімде болған, деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қатардағы сарбаз Қазыбек Оспанов сол күні көз жұмған. Марқұмның анасының айтуынша, қаралы хабарды әскери бөлім командирі өзі жеткізген.
- Денесін ашуға, көруге болмайды. Сарбаз нарядқа түскен күні сейфті жұлып ашып, қарумен өзін-өзі атып өлтірген. Өзім шоктамын, — деген бөлім командирі сарбаздың анасына.
Қаралы хабардан кейін әкесі есеңгіреп қалған, ал анасы есінен танып қалған. Сарбаздың денесімен бірге келген медициналық анықтамада өлім себебі «ошақтық бас ми жарақаты» (очаговая травма головного мозга) деп көрсетілген.
Қазыбек Оспанов — отбасының бес баласының кенжесі болған. Марқұмның туыстары мен жақындары қайғылы жағдайдың әділ әрі ашық тергелуін талап етіп отыр.

😢4👍1😡1
Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот жабық өтетін болды
Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдаулары басталды. Алғашында отырыс сағат 15:00-ге белгіленгенімен, кейін 16:00-ге шегерілді. Бұған айыпталушыны алып келуге тиіс конвойдың кешігуі себеп болған.
Бабақұмаров ісі бойынша тараптардың барлығы — жәбірленушілер, айыптау тарапы және айыпталушының қорғаушысы сот процесін жабық форматта өткізуді сұрап, өтінішхат жолдаған.
Сондай-ақ судья Айжан Құлбаева да фото және бейнетүсірілім жүргізуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі сот залынан хабарлады.
БАБАҚҰМАРОВТЫҢ ӨЛІМІ
Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні елордадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде қаза тапқан.
Марқұм сол түні күдікті Ербол Қаукетаймен бірге пәтерде болған. Полиция нұсқасына сәйкес, екеуінің арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.
Қақтығыс кезінде Бабақұмаров бірнеше соққы алып, есінен танып қалған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның көз жұмғанын анықтаған.
Қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

👎2
«Бейбітшілік кеңесі» кім үшін? Сәтпаев АҚШ-тың Орталық Азияға көзқарасын талдады
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстан мен Өзбекстанның «Бейбітшілік кеңесіне» шақырылуына, сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанның бұл тізімге енбеуіне қатысты пікір білдірді.
Саясаттанушының айтуынша, өткен жылы АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдерінің өңір елдеріне жасаған сапары және Вашингтонда өткен «С5+1» форматындағы саммит Ақ үй үшін Қазақстан мен Өзбекстанның басым бағытта тұрғанын көрсетті.
Оның сөзінше, Астана мен Ташкенттің «Бейбітшілік кеңесіне» шақырылуы жалғыз мысал емес. Бұған дейін Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевті Майамиде өткен G20 саммитіне де шақырған. Бұл — АҚШ-тың аталған елдерге саяси-экономикалық байланыстар тұрғысынан ерекше қызығушылық танытып отырғанын айғақтайды.
Сонымен қатар, Досым Сәтпаев Қырғызстан мен Тәжікстанның тізімде болмауы бұл мемлекеттерге мүлде мән берілмейді дегенді білдірмейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, АҚШ президенті географияны терең біле бермейді, ал сыртқы саяси күн тәртібін экономикалық мүдделерге сүйенетін айналасындағы команда қалыптастырады. Бұл тұрғыда АҚШ-тың басты бәсекелесі — Қытай Халық Республикасы, ал Орталық Азия аймағы Вашингтон үшін ең алдымен ресурстық және логистикалық өңір ретінде қарастырылады.

🤔3❤2
«Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» БЖЗҚ-дан шамамен 1 трлн теңге алған
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қай бағыттарға жұмсалып жатқаны белгілі болды. Ұлттық банк нақты сектор жобаларына БЖЗҚ есебінен шамамен 1 трлн теңге инвестиция салынғанын мәлімдеді.
экономиканың нақты секторындағы жобаларға зейнетақы активтері есебінен ірі көлемде қаражат бағытталған.
Атап айтқанда, 689 млрд теңге «Бәйтерек» ұлттық холдингінің облигацияларына салынған. Оның ішінде:
173 млрд теңге — көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұл инвестицияның жылдық табыстылығы 13%, айналым мерзімі — 15 жыл;
516 млрд теңге — агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінген. Бұл қаржының жылдық табыстылығы 16%, өтеу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін.
Аталған инвестициялар көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына, тамақ өнеркәсібіндегі қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға, сондай-ақ отандық өндірістегі немесе Қазақстанда құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бағытталған.
Сонымен қатар, 300 млрд теңге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының облигацияларына салынып, энергетика саласындағы жобаларды қаржыландыруға жұмсалған.

🤬5❤1😡1
Үндістанда тарап жатқан қауіпті вирус Қазақстанда анықталды ма?
Қазақстан Республикасында Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.
БАҚЫЛАУ
Сонымен қатар, профилактика мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті.
Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдерінен келген адамдарға ерекше назар аударылады. Осы инфекция бойынша қолайсыз елдердің тізбесі тұрақты негізде қайта қаралады және жаңартылады.
ВИРУС ТУРАЛЫ
Нипах вирусы зооноздық инфекцияларға жатады және адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ жұқтырған адаммен тығыз байланыста болады. Ластанған тағамдар мен сусындар арқылы берілуі мүмкін.

💩1
Жаңалықтар дайджесті: 27 қаңтарға қараған түні Қазақстан мен әлемде не талқыланды
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Еурокомиссия Илон Масктың Grok әлеуметтік желісіне қатысты тексеріс бастады
- Еуропа Ресей газынан толық бас тартады
- Латвия Ресейден Еуропаға қауіп күшейгенін айтты
- Салық органдары енді онлайн сауданы қадағалайды
- Қазақстан Иран аспанында ұшуға тыйым салды
- 173 ереже бұзылып, 65 талапкер қуылған: ҰБТ нәтижесі
- Бір жылда 1,6 триллион теңге құмар ойынға кетеді
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ulysmedia басты тақырыптарды еске салады:
- Еурокомиссия Илон Масктың Grok әлеуметтік желісіне қатысты тексеріс бастады
- Еуропа Ресей газынан толық бас тартады
- Латвия Ресейден Еуропаға қауіп күшейгенін айтты
- Салық органдары енді онлайн сауданы қадағалайды
- Қазақстан Иран аспанында ұшуға тыйым салды
- 173 ереже бұзылып, 65 талапкер қуылған: ҰБТ нәтижесі
- Бір жылда 1,6 триллион теңге құмар ойынға кетеді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ulysmedia.kz
Еурокомиссия Илон Масктың Grok әлеуметтік желісіне қатысты тексеріс бастады
Брюссельде әлеуметтік желі X жасанды интеллект арқылы жасалған жалаңаш әйелдер мен балалардың суреттерін таратуға қарсы жеткілікті шара қабылдады ма деген мәселе тексерілуде. Егер күдік расталса, xAI компаниясының чат-боты Grok-қа ірі көлемде айыппұл салынуы…
Иранға жақынырақ: АҚШ-тың әуе кемесі Таяу Шығысқа келді
АҚШ-тың әуе тасымалдаушы кемесі мен оны алып жүрген әскери кемелер Таяу Шығыс аймағына жетті. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалық күштерді қорғау немесе қажет болған жағдайда Иранға қарсы әскери соққы жасау мүмкіндігін кеңейтеді.
Reuters дереккөздерінің мәліметінше, USS Abraham Lincoln авианосеці және басқарылатын зымыран қаруымен жабдықталған бірнеше эсминец АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы жауап беретін Таяу Шығыс өңіріне кірген. 22 қаңтарда Трамп Иранға қарай «армада» бағыт алғанын мәлімдеген еді, алайда оны қолдануға тура келмейді деп үміт білдірген.
КОНТЕКСТ
Кемелерді аймаққа ауыстыру айдың басында басталды. Бұл Иран билігінің ел аумағындағы жаппай наразылықтарды қатаң түрде басып-жаншуынан кейін АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюімен тұспа-тұс келді. Трамп бірнеше рет ескерту жасап, егер Иран билігі наразылық білдірушілерді өлтіруді жалғастырса, араласуы мүмкін екенін айтқан. Алайда кейін жаппай шерулер бәсеңдей бастады. АҚШ президенті өзіне адам өлімі азайғаны туралы ақпарат жеткенін және қазіргі уақытта тұтқындарды өлім жазасына кесу дайындалып жатыр деп есептемейтінін де мәлімдеген.

❤4🤬3
Канада Қазақстаннан шешен белсендісіне баспана беруді сұрады
Канададағы Ұлттардың антиимпериялық блогы комитеті Қазақстан билігін Шешенстаннан шыққан оппозициялық белсенді Мансур Мовлаевқа саяси баспана беруге шақырды.
Адвокат Мұрат Адамның айтуынша, тиісті өтініш Канададағы Қазақстан елшілігіне жолданған. Хатта комитет өкілдері Мовлаевтың Ресейде саяси қудалауға ұшырап отырғанын және оның өміріне нақты қауіп төніп тұрғанын атап өткен.
Сонымен қатар, авторлар белсендіні Шешенстанға экстрадициялау, олардың пікірінше, оның өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін баса көрсеткен. Бұл уәждерді растау үшін адвокаттар Қазақстанның Канададағы дипломатиялық өкілдігіне жолданған комитеттің ресми хатын жариялады.
КОНТЕКСТ
Еске сала кетейік, 2020 жылы Шешенстан билігін сынға алған Мовлаев Ресейде есірткі сақтады деген айыппен сотталған. Ол шамамен 1,5 жыл түрмеде отырып, 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Қорғау тарапы істің күштік құрылымдар тарапынан жасалған қысыммен байланысты болғанын мәлімдейді. Бостандыққа шыққаннан кейін белсенді пробациялық бақылауда болып, Шешенстанда тұрақты түрде тіркеліп тұруға міндеттелген.

🤔1🤮1🤣1
Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін
Қарашығанақ кен орнын игеріп жатқан ірі мұнай компаниялары халықаралық арбитражда жеңіліп, Қазақстанға 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін. Бұл туралы істің барысынан хабардар дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі жазды.
Өтемақының нақты көлемі әзірге анықталған жоқ. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, жоба серіктестері — Eni SpA мен Shell Plc бастаған консорциум шешімге шағым түсіруге әлі де әрекет етуі мүмкін. Арбитраж процесі жабық форматта өткен.
Бұл іс Қазақстан үшін ішінара жеңіс саналады.
Үкімет кен орны операторларынан 6 млрд доллардан астам қаржы талап еткен еді. Арбитраж трибуналы Қазақстан билігінің ұстанымымен келісіп, компаниялар мемлекет есебінен келісілмеген және өнімді бөлу туралы келісім аясында өтелмеуі тиіс шығындарды заңсыз қайтарып келгенін мойындады.
Үкімет тартқан заңгерлердің бағалауынша, сот шешімі Қарашығанақ серіктестері — олардың қатарында Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» бар — 2–4 млрд доллар аралығындағы қаражатты кері қайтаруы тиіс екенін білдіреді. Бұл сома өндірілген мұнайды бөлу тетігін өзгерту арқылы өтелуі ықтимал.
Сот сондай-ақ мұнай компанияларының істі ішінара жабу жөніндегі талабын қабылдамай, мерзімнің өтіп кеткені туралы уәжін негізсіз деп тапты. Арбитраж Лондонда, Стокгольм арбитражы ережелері бойынша қаралған.

❤10
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Қарызға ақша сұрайтын" - түркістандық сарбаздың туыстары ол өзіне қол салғанға сенбейді
20 жастағы Қазбек Оспанов Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп қаза тапты. Әскерден босауына шамамен үш ай қалған еді. Сарбаздың мәйіті туған жері — Жетісай ауданына жеткізілді. Әскери ведомство дерегінше, ол өз-өзіне оқ атқан. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқамен келіспейді. Ulysmedia.kz тілшісі қаза тапқан сарбаздың отбасымен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтады.
Әскерден оралмады
Анасының айтуынша, Қазбек әскери борышын өтеп жүрген кезде туыстары мен таныстарына жиі хабарласып, қарызға ақша сұраған. Қызметін аяқтаған соң бәрін қайтарып беретінін айтыпты.
— Ол сыныптастарынан, бұрын бірге жұмыс істеген адамдардан ақша сұрады. Маған ештеңе айтпады, мені ойлаған ғой. Күн сайын қоңырау шалып: «Ақша берші, ақша берші» дейтін. Ұлым қысым көрген. Өйткені өзі әлі жас еді, — деп еске алады анасы Майра Оспанова.
Әйелдің сөзінше, Қазбек әскерге өз еркімен бармаған. Оның көру қабілеті төмен болып, медициналық диагнозы болған. Екі жыл бұрын оны мерзімді әскери қызметке алып кеткенімен, жолда денсаулығына байланысты қайта үйіне қайтарған. Ал былтыр сәуір айында оны тағы да әскери комиссариатқа шақырған, бұл жолы тікелей жұмыс орнынан. Ол кезде Қазбек күзетші болып істеп жүрген.
Әскердегі бопсалау ма?
Марқұмның туыстары істегі бірқатар сәйкессіздіктерге назар аударып отыр. Сарбаз қызмет атқарған аумақта бейнебақылау камералары болғанымен, түсірілімдерде оқ атылған сәт тіркелмеген.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама қорытындысында өлімнің себебі «бас-ми жарақаты» деп көрсетілгенімен, құжат ресми мөрмен бекітілмеген.
Оспановтар отбасы Қазбектің қазасына қатысты барлық жайттың жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етеді. Олар жас сарбаз әскери бөлімдегі командирлер тарапынан қысымға ұшырауы мүмкін деп есептейді.

😢3😡1