ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол - қазақ тілі» - Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тілге қатысты ойын айтты.

«Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, 9-бап 1-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда. Өз орнында. Мемлекет барда ол ешқашан тұғырдан түспейді. Сол үшін мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау керек», – деді ол.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎6👍3
Билік фермерлердің алдында миллиардтап қарыз болып қалған

2026 жылдың басына қарай мемлекет фермерлерге төленуі тиіс субсидиялар бойынша қарыз көлемі 341 млрд теңгеге жетті.

Қарыздар 2023 жылы міндеттемелер республикалық деңгейден жергілікті деңгейге берілгеннен кейін қалыптасты. Алайда облыстардың басым бөлігінің қазынасында (әсіресе ауыл шаруашылығы жетекші сала саналатын солтүстік өңірлерде) төлемдерді толық әрі уақытылы орындауға жеткілікті қаражат болмаған. Ең ірі қарыз — Қостанай облысында, 83 млрд теңге.

ҰСЫНЫС

Сарапшылар қарыздарды республикалық бюджет есебінен шұғыл өтеуді және мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтатып, барлық келісімшарттар үшін бірыңғай 12,6% мөлшерлеме белгілеуді ұсынады.

– Фермерлер мұндай төлемдерді өздері өтеуге дайын, бұл болашақта бюджетке түсетін жүктемені азайтады, – делінген жарияланымда.

АШМ ҰСТАНЫМЫ

Өткен жылдың қараша айында Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктеріне төлемдерді жеделдету үшін «қосымша қаражат көздерін іздестіруді» ұсынған — оның ішінде қолданыстағы бағдарламалар аясында қаражатты қайта бөлу және өзге де ішкі резервтер есебінен.

– Жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере отырып, Қазақстан Үкіметі республикалық резерв қаражаты есебінен қосымша қолдау көрсетіп отыр, – деп атап өткен еді ведомство өкілдері. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті.

Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған тұлға еді. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді.

- Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, – деп хабарлады мәдениет министрлігі.

Ұлысмедиа редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢3
Мүдделер тоғысқанда: Тоқaевтың Пәкістанға мемлекеттік сапарынан не күтуге болады?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Осы сапар аясында қандай мәселелер қаралуы мүмкін, қандай сұрақтар талқыланады және екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихы қандай? Ulysmedia.kz саралап көрді.

Тарихқа көз жүгіртейік

Пәкістан 1947 жылы 14 тамызда Британдық Үндістаннан бөлініп шығып, Батыс және Шығыс Пәкістаннан тұратын доминион ретінде құрылды. Кейін 1971 жылы азаттық соғыс пен үшінші үнді-пәкістан қақтығысы нәтижесінде Бангладеш (бұрынғы Шығыс Пәкістан) Пәкістаннан бөлініп шықты. Шығыс Пәкістан (қазіргі Бангладеш) 1947-1971 жылдар аралығында біртұтас Пәкістан құрамында болды. Қызықты дерек: «Пәкістан» атауы парсы-урду тіліндегі «pak» – «таза» және «-стан» – «ел» деген сөздерден құралған, яғни тура мағынасында – «таза адамдар елі». Сонымен қатар бұл атау аймақтардың (Пенджаб, Ауғания/Солтүстік-Батыс шекара аймағы, Кашмир, Синд, Белуджистан) бас әріптерінен жасалған акроним ретінде де ойластырылған. Идеология мен лингвистика дәл осылай тоғысқан жағдай сирек кездеседі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Өзбекстан желіде былапыт сөз айтатындармен күресудің жолын тапты

3 ақпанда Өзбекстан Республикасының Олий Мәжіліс Заң шығарушы палатасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі өрескел әрі қорлайтын әрекеттер үшін жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бастаманы ӨзЛиДеП партиясынан сайланған депутаттар тобы ұсынған.

Заң жобасы интернет кеңістігіндегі бейәдеп сөздерге, қорлау, тиісу, агрессивті әрі өктем мінез-құлыққа қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздейді. Құжат авторларының пікірінше, мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзады әрі әлеуметтік желілерде барған сайын жиілеп барады.

Депутаттар Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексті жаңа 183-1-баппен толықтыруды ұсынады. Бұл бап телекоммуникациялық желілер мен интернеттегі құқықбұзушылықтарға тікелей қатысты болмақ. Отырыс барысында депутат Хушвакт Хайитов әлеуметтік желілердегі осындай заңбұзушылықтар саны артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, боқтық пен қорлау сөздер көбіне әдейі әрі демонстративті түрде қолданылады. Бұл әсіресе жастар арасында агрессия мен құрметсіздіктің күшеюіне ықпал етеді.

Заң жобасын Миллий тикланиш партиясының жетекшісі Алишер Кадиров та қолдады. Оның сөзінше, интернеттегі бұзақылық үшін 5 млн сумға дейін (шамамен 204 мың теңгеден аса) айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасын енгізу ұсынылып отыр. Кадировтың пікірінше, тек түсіндіру жұмыстарымен шектелу жеткіліксіз, нақты жауапкершілік шаралары қажет.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақын Мұхтар Шаханов Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда менің атымнан жалған ақпарат таралуда. Оған сенбеңіздер. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын, оның жүргізіп отырған саясатын толығымен қолдаймын», — деді Мұхтар Шаханов.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5🔥2😁1
"Тіл мәселесі үш жылдан кейін Украинаға қарсы соғыстың себептерінің бірі болды" - баспагер

Баспагер Бақытжан Бұқарбай соңғы уақытта қоғамда Конституция тақырыбының неге жиі көтерілмейтіні жөніндегі сауалдарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселенің тарихи және саяси контексті бар, ал бүгінгі геосаяси ахуал бұрынғы кезеңдермен салыстыруға келмейді.

Бұқарбайдың айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2011 жылы, геосаяси жағдай қазіргіден әлдеқайда тыныш болған. Сол кезеңде Мұхтар Шаханов бастаған бір топ зиялы қауым Конституциядағы атышулы бапты алып тастауды талап етіп, «138-дің хатын» жариялаған.

- Алайда бұл бастама сол кезде өтпей қалды, – деді баспагер.

Оның пайымдауынша, уақыт өте келе тіл мәселесінің геосаяси салдары айқын көрінді. 

- Уақыт көрсеткендей, тіл мәселесі үш жылдан кейін Украинаға қарсы соғыстың себептерінің бірі болды. Кім білсін, сол жылдары Жаратқан қазақты үлкен қатерден сақтап қалған да болар, – деді ол. Ал қазіргі сыртқы саяси жағдайды ол бұрынғы кезеңмен салыстыруға келмейтіндей күрделі әрі қауіпті деп бағалады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2😁1
Енді әкенің декреттегі уақыты еңбек өтіліне есептеледі: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда мақұлданды.

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ

Заң жобасы 2025 жылғы 19 қазанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған.

Заң жобасы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасында жұмыскерлерге диеталық және емдік-профилактикалық тамақтануға арналған өнімдерді беру тәртібін бекіту бөлігінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретін кеңейту; ұжымдық шарттарда тиісті кәсіп немесе ұйымдағы лауазым бойынша жалақының ең жоғары және ең төменгі мөлшері арасындағы жол берілетін арақатынасты белгілеу; келісу комиссиясының жұмысына делдал тарту мүмкіндігін енгізу; еңбек қызметінің кемінде бір белгісі болған жағдайда жеке тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасуға тыйым салу нормалары көзделген.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сабақ кезінде оқушының толғағы басталған: Ақтөбеде зейнеткерге үкім шықты

Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталды. Сабақ кезінде 14 жастағы мектеп оқушысының кенет толғағы басталып, ауруханаға жеткізілген. Ол жүкті болғанын сол сәтке дейін ешкім білмеген.

Сот алдында жәбірленуші қыздың туған әжесінің күйеуі жауап берді. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы – кәмелетке толмағанды зорлау және азғындыққа салу бойынша кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкімді судья Алтынбек Сабыров жариялады.

- Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру, 124-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза ретінде орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 21 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру белгіленсін, – деді судья.

Сотталған азамат үкімге қарсылық білдірмей, оны үнсіз тыңдаған.

КОНТЕКСТ

Бұл оқиға туралы алғаш рет 2025 жылдың қазан айында белгілі болған. Қыздың жүкті екенін туған-туыстары да, мектеп ұжымы да білмеген. Шындық тек босану кезінде анықталған. Кейінірек жол-көлік оқиғасында сотталған азаматтың жұбайы – мектеп оқушысының әжесі қаза тапты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Әлі бекітілген жоқ" - депутат Құспан жаңа Конституция жобасы туралы

Депутат Абзал Құспан Конституция жобасындағы тіл мәселесіне қатысты ойын айтты.

Депутат талқыланып жатқан жоба түпкілікті шешім емес екенін айтады. 

- Тіл мәселесіне құқықтық жағынан қарар болсақ, мен өз ұсынысымды айттым. Әріптестерім Ринат Зайытов, Қазыбек Иса ұсыныс жасады. Барлық ұсыныс парламентаризм институтына немесе конституциялық соттың атына жолдануы керек. Яғни әлеуметтік желіде талқылаумен шектелмеуі керек. Бұл әлі жоба ғой. Бекітілген жоқ. Осыған ғана дауыс береміз деген шешім қабылданған жоқ. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Тілге қатысты немесе басқа да нормалар әлеуметтік желіде талқылаумен шектелмеуі керек, – дейді Құспан. 

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🤮2👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Есермен егесу – естінің ісі болмайды": Бапи тіл мәртебесіне қатысты ойын айтты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңа Конституция жобасындағы тіл мәртебесіне қатысты пікірлерге ойын білдірді.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛҒАН СЫН

Депутаттың айтуынша, бүгінгі қоғамда, әсіресе әлеуметтік желілерде, соңғы алты ай көлемінде сұлбасы жасалған конституциялық өзгерістерге қатысты батыл, бірақ бір жақтан сыңаржақ сындар көп айтылған.

- Әрине, азаматтық ұстаныммен және мемлекеттік мүдде тұрғысында айтылатын сындарлы сынға шектеу болмауы тиіс. Бірақ сондай сын айтудың мүмкіндігі қоғамдық құндылық екенін тағы да бағалай білуіміз керек. Назарбаевтың заманында демократиялық демі ішінде тұншығып, суырылып шыға алмай жүрген қоғамның тығыны сол құндылықтардың арқасында ағытылғанын мойындауымыз керек! Иә, жаңа Конституцияның жобасына қатысты айтылып жатқан біраз сындарлы сөздің төркіні тілге тіреліп жатыр. Ұлттық намысы селт етіп оянған халықтың талабы теріс деп, үзілді-кесілді кереғар пікір айтудың жөні жоқ. Бұл тақырыпты жылы жауып қоюға тағы да болмайтын еді. Бірақ қазақта «басқа пәле – тілден» деген тағы бір тәмсіл бар. Дауылы дүлей қазіргі қатқыл халықаралық қатынастардың қоршауы мен тәртібі күн сайын қырық құбылған геосаяси әлемде біз бұл «пәленің» қатерінен сақтана білуіміз керек. Біз әпербақан, әумесір әлдекімдерге білек күшін безейтіндей ел емеспіз. Бізде мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен жасампаз болашағы үшін сырттағы соқтықпалы-соқпақты жолды дипломатияның демеуімен және сырбаз саясатпен жүріп өтуден басқа альтернатива жоқ! Жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған жаңа Конституция жобасының жалпы саяси сипатын салауатты саралай білген адам оның мазмұны мен мақсаты мемлекеттілікті, қауіпсіздігіміз бен тәуелсіздіктің тұрақтылығын күйттейтін астарлы ишараны түсінсе керекті, - деді депутат.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮8❤1
«Тоқаевты тыңдамайды»: Зайсандық шаруа ауылдың тоқырауына кінәлілерді атады

Ұлыстың «Ашық микрофон» айдарының кезекті қонағы – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тұрғыны, қарапайым шаруа Әлібек Кәрімұлы. Өңірдегі жұмыссыздық пен кедейлік мәселесін көтеріп, ауылдардың бүгінгі ауыр ахуалын бүкпесіз баяндаған еңбек адамының тілегі біреу – инфрақұрылым жеткізілсе, шаруаларға жеңілдікпен субсидия мен несие берілсе дейді.

Зайсандық азамат өңірдегі мәселелердің шешілмеуіне кім кінәлі екенін, президенттің пәрменін орындауға кім құлықсыздық танытып жүргенін де ашық айтты.

АУЫЛДЫ ТОЗДЫРҒАН КІМ?

– Әлібек мырза, қандай мәселемен келіп отырсыз?

– Аудандағы ауылшаруашылық мәселесі, 10 жылдан бері тартылмаған газ мәселесі, ерекше балалардың жағдайы бар – ауылдағы ағайын Астанаға айта бар деп аманаттап жіберген біраз түйткілді сіздердің алаң арқылы естір құлаққа жеткізсем, ауылдың жағдайын айтсам деген ниетпен келдім.

– Ауылдың жағдайы қалай?

– Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданынан келдім. Қытай шекарасынан 40-50 шақырым қашықтықта 4 аудан бар. Олардың жағдайы мәз емес. Шекаралық аудандардың стратегиялық маңызы бар деп президент талай айтқанымен, тыңдап жатқан ешкім жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎4
ULYSMEDIA.KZ
Мәскеуде экс-судьяны өлтірді деген күдіктілер іздестіріліп жатыр Ресейдің Тергеу комитеті Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасының өтінішіне жауап беріп, тексеру жұмыстарын бастады. Ресейдің федералдық арналарында…
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі өзіне тағылған айыпқа алғаш рет пікір білдірді

Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті деп танылған енесі мен күйеуі - Наталья және Александр Донцовтардың қазір Мәскеуде тұрып, жұмыс істеп жүргені белгілі болды.

112 редакциясы жариялаған эксклюзивті кадрларда Александр Донцовтың өзі көрінеді. Ол қылмысқа еш қатысы жоқ екенін айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды және өзін жала жауып отыр деп мәлімдеді.

Алайда 112 дереккөзіне сүйенсек, 2 ақпанда Александр мен Наталья Донцова Мәскеу қаласының Тергеу комитетінде түсініктеме берген. Тергеу барысында Наталья Донцова РФ Конституциясының 51-бабына сүйеніп, тергеушімен сөйлесуден бас тартқан.

КОНТЕКСТ

Айгүл Сайлыбаева 40 жаста еді. Ол Ұлыбританияда білім алып, Астанада судья қызметін атқарған. Соңғы жылдары отбасымен Германияда тұрған. 4 маусым күні таңертең екі жасар қызын балабақшаға апарып, сол күйі хабарсыз кеткен. 12 күннен кейін оның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта бала әкесімен бірге тұрып жатыр.

Жақында Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3🔥1😁1
«Студент оқу орнына пышақ алып кірді»: депутат білім беру мекемелеріндегі күзет мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне қатысты Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІН ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР КҮЗЕТЕДІ

Депутаттың айтуынша, тақырып әлі күнге дейін өзекті және шұғыл назар аударуды талап етеді.

- Отандық білім беру мекемелерінің қоғамдық қауіпсіздігі халықты қатты алаңдатып отыр. Себебі бұл – балалардың, студенттер мен педагогикалық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қатысты мәселе.  Білім беру мекемелеріндегі, әсіресе, балабақшалар мен мектептердегі күзет жағдайы баса бақылауды талап етеді. Көп жағдайда мұндай функциялар формальды сипатта ғана, ал іс жүзінде оны көбінесе зейнет жасындағы адамдар атқарып жүр. Мұндай жағдай көбіне жалақының төмендігінен туындап отыр. Соның салдарынан бұл жұмысқа білікті мамандарды тарту қиын, - дейді депутат.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐1
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған Kaspi.kz: шот ашып, төлем қабылдаңыз

Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, қызметкерсіз өз бетіңізше жұмыс істесеңіз — жөндеу жасасаңыз, оқытсаңыз, тұрғын үй жалға берсеңіз, жаттықтырушы, фотограф немесе басқа да жеке қызмет көрсетсеңіз, Kaspi.kz қосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған сервистер сіз үшін:

• Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шотты онлайн түрде 1 минутта тегін ашу

• Kaspi.kz қосымшасында төлем қабылдау және чектің автоматты түрде қалыптасуы

• Аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеуге дайындау

Kaspi.kz суперқосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шот заң талаптарын сақтауға, сондай-ақ жеке қызметтен түскен табысты жеке аударымдардан бөлек жүргізуге мүмкіндік береді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) қызметкерсіз, айына 300 АЕК-ке дейін (1 297 500 теңге) табыс табатын, 40 қызмет түрі бойынша өз бетімен жұмыс істейтін адамдарға арналған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Депутат Өскемендегі экологиялық апат туралы айтты

Мәжіліс депутаты Марат Башимов Өскемен қаласындағы экологиялық ахуалдың күрделі әрі ауыр деңгейге жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада ауа сапасы жүйелі түрде ластанып, соның ішінде күкіртсутек пен күкірт диоксидінің шекті рұқсат етілген мөлшерден асуы алаңдатады.

Депутат Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, зиянды қалдықтарды азайту бойынша жедел шаралар қабылдауды, кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтуді, сондай-ақ экологиялық тәуекел аймақтарында тұратын тұрғындарға өтемақы мен әлеуметтік жәрдемақы енгізуді ұсынды.

Марат Башимовтың айтуынша, азаматтар биліктің әрекетсіздігі үшін өз денсаулығымен есептеспеуі тиіс.

- Мәселе бір реттік асып кетулер немесе маусымдық құбылыстар туралы емес. Бұл – азаматтардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіріп отырған атмосфералық ауаның жүйелі ластануы. Қаңтар айының соңында “Қазгидромет” РМК облыстық филиалының ресми деректеріне сәйкес, Өскеменде күкіртсутек пен күкірт диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,6 есе асып кеткен, – деп атап өтті депутат.

Башимов экологиялық қауіп аймақтарында тұратын халықты қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс екенін жеткізді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ келіссөзінің екінші раунды басталды

Бұл ақпаратты Украина делегациясының жетекшісі Рустем Умеров мәлімдеді.

- Келіссөздер үшжақты форматта – Украина, АҚШ және Ресей қатысуымен басталды. Одан кейін бағыттар бойынша жекелеген топтар жұмыс істейді, соңынан ұстанымдарды қайтадан бірлесіп үйлестіру жоспарланып отыр, – деп жазды Умеров.

Бұған дейін Абу-Дабидегі кездесуге АҚШ тарапынан президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысуы тиіс екені хабарланған еді. 

Ресей және Украина делегацияларын, алдыңғы кездесу кезіндегідей, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков пен Рустем Умеров бастап отыр.

КОНТЕКСТ

Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 23–24 қаңтарда Абу-Дабиде өткен. Ол кездесудің қорытындысы бойынша ресми мәлімдеме жасалмаған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ULYSMEDIA.KZ
Мүдделер тоғысқанда: Тоқaевтың Пәкістанға мемлекеттік сапарынан не күтуге болады? Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Осы сапар аясында қандай мәселелер қаралуы мүмкін, қандай сұрақтар талқыланады…
Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен қандай келіссөздер жүргізді?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шарифтің келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.

Президент Исламабадқа келіп, Пәкістанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен танысуды зор мәртебе санайтынын атап өтті.

– Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы аталған сапар дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толуымен тұспа-тұс келгеніне тоқталып, мұның символдық мәніне назар аударды. 

Президенттің айтуынша, Пәкістан – Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларация өзара ықпалдастыққа жол ашатын маңызды тарихи межені айқындайтынын айтты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM