ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
"Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан" - Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі, премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева жаңа Конституция жобасын талқылау аясында қоғамда жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер күшейгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, ел қазір алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр, ал жаңа Конституция жобасын талқылау қоғамдық-саяси өмірдегі аса маңызды оқиғаға айналған.

- Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды, – деп жазды Аида Балаева.

Вице-премьер кейбір әлеуметтік желі қолданушылары осы жағдайды теріс мақсатта пайдаланып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, елдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер тіркеліп отыр.
Аида Балаева арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашып жатқанын айтты. 

- Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда), – деп жазды министр.

Сонымен қатар, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесетіні айтылды.

- Сондай-ақ, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде, – деді Балаева.

Вице-премьердің мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да ақпараттар келіп түсуде. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде бұл жағдай жан-жақты зерделеніп, тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Сөз соңында Аида Балаева азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған мәлімет таратпауға шақырды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩6
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған ғимарат сатылымға қойылды

Алматыдағы Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы аукцион арқылы сатылымға шығарылады. Бұған дейін нысан кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бизнес активтері қатарында болған.

Сауда-саттық 7 сәуір күні сағат 10:00-де басталады. Аукционға қатысуға өтінімдер сол күні 09:55-ке дейін қабылданады. Нысанның бастапқы бағасы 61,5 млрд теңгеден асады, ал кепілдік жарна 9,23 млрд теңге болып белгіленген. Баға қосылған құн салығын есепке алмай көрсетілген.

Сатылымға қойылған нысан — жалпы аумағы 63 920 шаршы метр болатын, 9 қабатты Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы. Жер учаскесі 2030 жылдың 16 тамызына дейін уақытша ақылы қысқа мерзімді жалға алу құқығымен рәсімделген. Қазіргі уақытта ғимарат серіктестіктің еншілес ұйымы арқылы сенімгерлік басқаруда тұр, мұнда 53 жалға алушы бар, олардың жалдау мерзімдері әртүрлі.

Құжаттарда ғимараттың жалпы алаңына қатысты айырмашылық бар. Тіркелген құқықтар туралы анықтамада нысанның аумағы 63 920 шаршы метр деп көрсетілсе, техникалық паспорттың көшірмесінде 56 480 шаршы метр деп жазылған. Айырмашылық 7 440 шаршы метр. Техникалық тексеріс қорытындысына сәйкес, оның 2 297 шаршы метрі панорамалық қабат ретінде көрсетілгенімен, іс жүзінде шатыр болып саналады және жалпы алаңға енгізілмеген. Қалған бөлігі қайта өлшеу мен есептеу нәтижесінде қысқарған.

2025 жылғы 22 желтоқсандағы бағалау есебіне сәйкес, Kaisar Plaza-ның нарықтық құны 47,3 млрд теңге деп белгіленген. Алайда аукционға қойылған бастапқы баға бағалау құнынан едәуір жоғары.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥱2
Қазақстанда 500-ден астам елді мекен ішімдіктен бас тартты

Қазіргі таңда Қазақстанда 546 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтыну мен сатудан ерікті түрде бас тартқан.

ІІМ дерегінше, ел көлемінде жүргізілген ауқымды профилактикалық іс-шаралар барысында полиция есебінде тұрған 9 мыңнан астам адам тексерілген.

- Қазіргі таңда 546 елді мекен алкоголь өнімдерін тұтыну мен сатудан ерікті түрде бас тартты. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қылмыс деңгейінің, соның ішінде алкогольдік мас күйінде жасалатын құқықбұзушылықтардың азайғаны байқалады, – делінген ресми ақпаратта.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін бір өңірде бірден 18 ауылдың алкогольден толықтай бас тартқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ «ішімдіксіз ауылдардың» бірінде алты жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмегені айтылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
Елде заң бұзған 400-ге жуық медициналық мекеме жабылды

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 2025 жылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде шамамен 400 субъект қызметін тоқтатуға мәжбүр болған. Жалпы 70 млн теңгеге айыппұл салынған. Биыл алғаш рет жедел шаралар қолданылып, бірқатар нысанның қызметі уақытша тоқтатылған.

Негізгі назар процедуралық кабинеттерге, наркологиялық орталықтарға және стоматологиялық клиникаларға аударылған. Атап айтқанда, процедуралық кабинеттердің 20,5%-ы лицензиясыз, ал наркологиялық орталықтардың 36%-ы рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені анықталған. Көптеген нысан түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін өз еркімен қызметін тоқтатқан.

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР

Тексеру барысында ең жиі тіркелген заңбұзушылықтар мыналар болды: — лицензиясыз қызмет – 179 хаттама, айыппұл сомасы 3,9 млн теңге; — фармацевтикалық қызмет қағидаларын бұзу – 85 хаттама, 19,5 млн теңге.

Сондай-ақ біліктілік талаптарына сай келмеу (82 хаттама), медициналық көмектің стандарттарын өрескел бұзу (73 хаттама), тіркелмеген дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды қолдану (16 хаттама) деректері анықталған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
ULYSMEDIA.KZ
Марқұм Нұрайдың ағасы желіде тараған видеоларға қатысты пікір білдірді АЛЫП ҚАШҚАННАН КЕЙІНГІ ВИДЕО Айта кетейік, әлеуметтік желіде Нұрай күдікті Шерханның үйіне өз еркімен келді деген видео тараған болатын.  - Алып қашқан кезінде негізінен қара көлікпен…
Нұрайды өлтірген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін, іс аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру бабы бойынша қайта сараланды.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Істің қайта сараланғанын қаза тапқан қыздың отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

— Жақында Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып тағайындалған Е. Ережеповке, сондай-ақ тергеу басқармасының басшысы Ж. Құлмаханға алғысымды білдіремін. Енді бұл іс бойынша толық әрі жан-жақты тергеу жүргізіледі деп үміттенеміз, — деп жазды адвокат Threads әлеуметтік желісінде.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Нұрай Серікбай 11 қаңтарда Шымкентте мерт болды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қыз көңіл білдіріп жүрген жігітіне, яғни күдіктіге тұрмысқа шығудан бас тартқан. Күдікті оны бастапқыда алып қашқан еді. Сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс Нұрай мерт болған соң қозғалған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
Көктем жақындады: биыл су тасқыны бола ма?

Су ресурстары және ирригация министрлігінің алқа отырысында биылғы су тасқынының алдын алу мәселесі қаралды.

БИЫЛ СУ ТАСҚЫНЫ БОЛА МА

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы су тасқыны кезеңі алаңдаушылық туғызбайды, жағдай тұрақты бақылауда.

-Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлердегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр, ал басқа өңірлерде олар жоспарлы режимде пайдаланылуда. Солтүстік өңірлердегі су қоймаларының орташа толу деңгейі 70 %-ды құрайды, Орталық Қазақстанда – 69 %, батыс өңірлерде – 45 %, шығыс өңірлерде – 86 %, ал оңтүстік өңірлерде – 55 %.”,  - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

«Қазгидромет» РМК-ның биылғы  1 ақпанындағы болжамына сәйкес, барлық ірі су қоймалары бойынша жиынтық ағын көлемі 9–13,8 км³ аралығында болады деп күтілуде. Су қоймаларының бос сыйымдылығы шамамен 13,9 км³-ті құрайды, бұл тасқын суларды қабылдауға және су тасқынын тиімді басқаруға жеткілікті резерв бар екенін көрсетеді. Су тасқыны кезеңінде су деңгейінің ең жоғары көлемі су қоймаларында ұсталып, артық су төменгі ағысқа қауіпсіз мөлшерде жіберіледі, бұл су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ерлан Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
«Назарбаев, кет!» ұранының авторы қамауға алынды

«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай қамауға алынды.

- Түнде, сағат 1:23-те Астана қаласының соты Ермек Нарымбайды биылғы 3 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы қаулыны жариялады, — деп жазды журналист Лұқпан Ахмедияров бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

АНЫҚТАМА

Ермек Нарымбай — оппозициялық саяси белсенді. 2010 жылы ол өз жақтастарын жинап, Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік өкілетін айыру үшін референдум өткізуді талап еткен. Кейін ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
2016 жылы Нарымбай "Көше желі" атты кітаптан үзінді жариялағаннан кейін алауыздықты қоздырды деген айыппен сотталды. Белсендіге үш жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда тыйымға қарамастан, ол Қазақстаннан кетіп, Украинаға қоныс аударды. 2022 жылы қаңтар оқиғаларынан кейін Нарымбай отанына оралды, сол кезде ол ұсталды. Бірнеше айдан соң белсенді тергеу изоляторында азапталғанын айтып, аштық жариялады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2
ULYSMEDIA.KZ
Supermamasita, Дархан Жолшыбек, Мөлдір Мұқанова заңсыз лотерея үшін айыппұлмен құтылды: ҚМА Жанәбіловтердің соңына неге түсті? Астанада танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптының қорғаушысы…
Тергеу аяқталды: блогер Жанәбілов пен әйелі үйқамаққа алынды

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

Таратылған бейнематериалдар басым бөлігі басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған.

Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн-курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша қаражаты есебінен қалыптастырылған.

Электронды «сәттілік барабанының» параметрлерін өзгерту фактілері анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

Күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-нші автокөлікті табысталғаны туралы мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.

Нәтижесінде азаматтардан «Zhana Business» ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған, оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған.

СОТ САНКЦИЯСЫ

Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Жаңа Конституция жобасына қатысты пікір айтқан журналистердің үйіне полиция келген

Мән-жай

Журналистер Дина Елгезек пен Жалғас Ертайдың үйлеріне полиция келген.

«Үйге полиция келді. «Түсіндірме жұмысы» дейді мыс. Мен, Дина Елгезек, Қазақстан азаматы ретінде Конституцияны талқылауға толық қақым бар. Тілімді қорғау - Отаным алдындағы перзенттік парызым!» деп жазды Дина Елгезек.

Жалғас Ертайдың айтуынша, «полиция одан желіде жобаға қатысты айтқан жазбасын өшіруді талап еткен. Ол одан бас тартқан». Жалғас Ертай бұған дейін «Азаттық» радиосына берген сұхбатында

«Билік тіл мәселесінде Ресей факторын қалқан ретінде ұстап отырғанын» айтқаны еді. Оның айтуынша, негізгі фактор — мемлекеттік бюрократия аппараты мемлекеттік тілге көшкісі келмейді.

Контекст

Желіде жобадағы 9-бап 2-тармақты алып тастауды немесе өзгертуді талап еткендер көп.

2-тармақта «мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған.

Жаңа Конституция жобасы 31 қаңтарда үкімет сайтында жарияланған. Ол кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұрады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі шіркеу салынып жатыр – депутаттар қарсы

Астанада көлемі жағынан Орталық Азиядағы ең ірі нысан болмақ кафедралды православие соборының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков мәлімдеді.

Ғибадатхана кімнің қаржысына салынып жатыр?

Шіркеу сол жағалаудағы Ұлттық ғарыш орталығының маңында бой көтеріп жатыр. Бұл депутаттардың қатаң наразылығын тудырды. Олар құрылысты кім қаржыландырып отырғаны және қалаға мұндай ауқымды діни нысанның қаншалықты қажет екенін сұрады.

— Сіздер Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеу салып жатырмыз дедіңіздер. Оны кім қаржыландырып отыр? Бізге ондай шіркеу шынымен керек пе? Бұл мәселе талқыланды ма? Қажеттілігі сараланды ма? Қазірдің өзінде үлкені де, кішісі де бар. Қаланың кіреберісіне алып собор салу — меніңше, мақтанатын нәрсе емес, — деді депутат Бауыржан Смаилов.

Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбеков бұл мәселе бұрыннан шешілгенін және елорданың бас жоспарында қарастырылғанын айтты. Оның сөзінше, жоба 2018–2019 жылдары бекітілген, ал православие ғибадатханасын салуға бюджет қаражаты бөлінбейді.

— Сіздер өздеріңіз жақсы білесіздер, мешіттер мен шіркеулердің құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбейді. Бұл қайырымдылықтан келетін қаражат. Мұны біз салып жатқан жоқпыз, — деді ол.

Депутатқа сөз берілмеді

Алайда бұл жауап депутаттың көңілінен шықпады. Смаилов талқылауды жалғастырмақ болғанымен, оған мүмкіндік берілмеді. Әкім кейін қосымша түсіндірме беруге уәде етті, содан соң отырыстың модераторы тақырыпты өзгертіп жіберді. Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Астанада салынып жатқан православие ғибадатханасына Кирилл – Мәскеу және бүкіл Русь патриархы келіп, бұл жоба сол кезде де қоғам назарын аударған болатын.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Арасында 1,5 жасар сәби бар»: Алматы облысындағы қыстақтан бір отбасының төрт адамы өлі табылды

Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Сарыбастау ауылында бір отбасының төрт мүшесі қайғылы жағдайда көз жұмды.

Жергілікті «Қонаев» телеарнасының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, оқиға ыстан улану салдарынан болуы мүмкін.Алайда қазіргі уақытта бұл ақпарат нақты расталған жоқ.

Қайтыс болғандар – 1955 және 1974 жылы туған екі ер адам, 1984 жылы туған әйел, сондай-ақ бір жарым жасар бала. Отбасы оңаша қыстақта тұрған. Туыстары бірнеше күн бойы хабар ала алмаған соң іздеп барып, үй ішінен барлығының жансыз денесін тапқан. Қайғылы оқиғаны бірден аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Қазіргі таңда барлық мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Құзырлы мекеме тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 – Бауырымыз сол төменде қорада мал бағатын еді. Соңғы рет 30 қаңтар күні ауылға келіп, бензин құйып, машинасына заправка жасап кеткен дейді. 31-і күні туған күні болған. Кешкісін жатар кезде от жағады ғой, сол көмір ұсағырақ болып, пеш тартпай, сол ыстан болған ғой. Кешегі барып келген жігіттер үйдің ішіне кірген кезде ыстың иісі қатты болған айтып жатты, – дейді Саырбастау ауылының тұрғыны Ерқанат Ақылдосов.

ӨҢІРЛІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ  НЕ ДЕЙДІ

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 2 ақпанда Райымбек ауданының Сарыбастау ауылында орналасқан шаруа қожалығы аумағынан төрт адамның мәйіті табылғанын растады.

 – Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, полиция департаменті және жергілікті атқарушы орган өкілдері барды, – делінген хабарламада.

Видео: “Qonaev Media” телеарнасы

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱3
Қазақстанға Юань не үшін керек?

Тікелей шетелдік инвестициялар мемлекеттік бюджетке қаржы құю ғана емес, сонымен қатар елімізге өзге жұрттың тек шикізат көзі ретінде қарауына себеп болады. Бұған қоса, бір-бірімен тізбектеліп кете беретін экологиялық проблемалар қаупі де жоқ емес. Міне, Қазақстанның негізгі мұнай кен орындарын игеріп отырған алпауыт инвесторлармен арадағы ұзаққа созылған даулар осы жайтты аңғартты. Соған қарамастан, билік шетелдік инвесторлардың маңыздылығына әлі де сенеді, оларға «алтын виза», сервистік қолдау және қазақы қонақжайлықтың өзге де атрибуттарын ұсынуға дайын. Алайда осының бәрі бізге нақты не береді? Тікелей шетелдік инвестиция үшін жарыста жаңа мәселелерге тап болмаймыз ба? Ulysmedia.kz талдап көрді.

Перспектива бар, тәуекел де жоғары

Формалды түрде болса да, Қызылорда облысында өндірілуі күрделі  газ кен орнын игеру жобасы іске қосылды. Инвестор – басында қытайлық компания тұрған халықаралық консорциум. Ол жобаға 7,8 млрд доллар инвестиция салуды және осындай газды өндіру технологиясымен бөлісуді уәде етіп отыр. Логикаға салсақ, бұл Қазақстан үшін пайдалы болуы тиіс. Өйткені бізде мұндай кен орындары біреу ғана емес, оларды қалай пайдалану керектігін қазірден ойластырған жөн. Алайда қуанышпен қатар күмән де бар. Себебі қытайлық инвесторлар газды неге дәл біздің елде өндіруге құлшынып отыр?

Өз кезегінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов мұны былай түсіндіреді: біріншіден, кен орны Қызылорда облысындағы елді мекендерден алыс орналасқан, екіншіден, жоба жаңа жұмыс орындарын және болашақта өндірістерді қалыптастыруды көздейді. Ол сондай-ақ Қазақстан бұл жобаның өзіне бір доллар да салмайтынын, тек инвестор үшін қолайлы жағдай жасайтынын ерекше атап өтеді. Жалпы алғанда, мұның бәрі 90-жылдары Қазақстанның мұнай саласына халықаралық консорциумдардың қалай келгенін еске салады. Сол келісімдерді біз әлі күнге дейін қайта қарай алмай отырмыз, ал кен орындарының елді мекендерден шалғай орналасқанына қарамастан, халық мұнай өңдеуге байланысты экологиялық проблемалардың зардабын тартып келеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚазТАГ-пен соттасқан Freedom Finance-тің бұрынғы топ-менеджері жеңіліп қалды

ҚазТАГ агенттігі Freedom Finance компаниясының бұрынғы топ-менеджері Темерлан Беков түсірген талап-арыз бойынша сотта жеңіске жетті.

Freedom Finance компаниясының бұрынғы топ-менеджері Темерлан Беков KazTAG-та жарияланған «Freedom Finance-тің тағы бір топ-менеджері қылмыстық істің фигуранты атанды» атты материалды шындыққа жанаспайды деп тануды талап еткен. Оның пікірінше, бұл жарияланым оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.

Беков соттан материалды өшіруді және моральдық зиянды өндіруді сұраған. Алайда сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты. Сонымен қатар, сот шешімімен Бековтен ҚазТАГ өкілінің қызметіне кеткен шығын ретінде 20 мың теңге өндірілетін болды.

KazTAG мүддесін қорғаған адвокат Рена Керимова бұл шешімге қатысты пікір білдірді.

- Өкілдік шығын ретінде өндірілген 20 мың теңгемен келіспейміз. Бұл бөлігін апелляциялық сатыда даулаймыз, – деді ол.

Аталған іс бойынша сотта KazTAG мүддесін адвокат Елена Жигаленок пен заңгер Ника Пасечникова де қорғады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3❤1
Семейде азаматтық белсенді Нұржан Сембаев ұсталды

Мән-жай

«Белсенділер экстремист емес» тобының жазуынша, 3 ақпанда ұсталған. Оның үстінен 405-бап «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» бойынша іс қозғалған.

«Таныс жігіттің цехында жұмыс істеп жатқан екен. Арнайы жасақ жүгіріп келіп, арасында полицейлер бар дейді, қолын қайырып, ұстап алып кеткен. Не үшін ұстағанын түсіндермеген. Мемлекет тағайындаған адвокат хабарласып, «405-бап «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу»бойынша ұстады»деп айтты», – деді белсенді Елдос Досанов 5 ақпанда Азаттық радиосына.

Семейлік құқық қорғаушы Райгүл Садырбаева да Нұржан Сембаевтың ұсталғанын растаған. Бірақ ол «белсендінің нақты қай жерде қамауда отырғаны біле алмай отырмыз» деді.

Нұржан Сембаев – қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенді. Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, бірнеше ай тергеу изоляторына қамалған. Кейіннен босатылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5❤1
АИ-92 литрі 489 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін – экономист

Қазақстан жанармай нарығы еркін баға қалыптастыруға көшкеннен кейін көрші елдер – Қырғызстан мен Өзбекстан деңгейіне жақындайды. Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеді.

Экономистің айтуынша, нарықтық бағаға көшу бензин құнының өсуіне алып келеді. Ол бағаға бағдар ретінде Қырғызстан мен Өзбекстан көрсеткіштерін мысалға келтіреді. Бұл елдерде АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі шамамен 385 және 489 теңге тұрады. Ал Ресейдегі жанармайдың салыстырмалы түрде арзан болуы, Чукиннің пікірінше, жаңылыстыратын фактор.

- Ресейдегі жанармай бекеттеріндегі бағаға мұнай өңдеу зауыттарына берілетін жасырын субсидияны қосу керек. Егер толықтай нарықтық есеп жүргізсек, Қазақстанда баға Ресейден де жоғары болуы тиіс. Сондықтан Қырғызстан мен Өзбекстандағы баға – шынайы нарықтық деңгейге көбірек сәйкес келеді. Сол көрсеткіштерді бенчмарк деуге болады, – дейді Алмас Чукин.

КОНТЕКСТ

Қазіргі таңда Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасын көтеруге наурыз айының соңына дейін мораторий жарияланған. Бұл шешім инфляцияның өсуін тежеу мақсатында қабылданған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎7👏1
СҚО-да оқушы қыз өзіне қол жұмсаған: жағдайы ауыр

Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қазір ол көпсалалы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

Оқиғаның мән-жайы

Оқиға 4 ақпанда Айыртау ауданы аумағындағы Гусаков орта мектебі ғимаратында болған. Сабақ кезінде оқушы дәретханаға шығып, қайта оралмаған. Іздеу барысында оны ішінен жабылған дәретханадан тапқан.

Жедел жәрдем шақырылып, қыз бала алдымен аудандық ауруханаға жеткізілген, кейін жағдайының ауырлауына байланысты санитарлық тікұшақпен Петропавл қаласына шұғыл эвакуацияланған.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, санитарлық авиация зардап шеккен балаға мамандандырылған көмек көрсету үшін жедел ұйымдастырылған.

Құқық қорғау органдарының әрекеті

СҚО полиция департаменті болған жағдайға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқушының денсаулығы қалай? 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, оқушы химиялық күйік диагнозымен жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.

- Бүгінгі таңда баланың жағдайы аса ауыр деп бағаланады. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шара қабылдануда, – делінген хабарламада.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐1
Қазақстанда 4,5 мың адам ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

Қазақстанда донорлық ағза кезегінде 4 506 адам тұр, олардың арасында балалар да бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы донорлық ағзалардың жетіспеушілігі салдарынан 342 науқас көз жұмған.

Мән-жай

«Бүгінгі таңда күту парағында балаларды қосқанда 4506 пациент бар. Тек 2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам трансплантаттауды күте алмай, көз жұмды», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елде донорлық жүйе жұмыс істеп тұр. Алайда көп жағдайда марқұмдардың туыстары олардың ағзаларын донорлыққа беруге келісімін бермейді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев Гренландия мен АҚШ мәселесі туралы ойын айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаев The News Pakistan газетіне берген сұқбатында Гренландияны әскери жолмен басып алу мәселесін халықаралық құқық пен ақылға қонымды шешімдер тұрғысынан қарау керек екенін айтты.

Тоқаев аралды әскери жолмен басып алу мүмкін бе және қай сценарий шынайы деген сұраққа жауап беріп, әлемде елдердің өзара тиімділік үшін аумақтарды немесе маңызды нысандарды ұзақ мерзімге жалға алу тәжірибесі бар екенін атап өтті.

- АҚШ пен Данияның Гренландияны 120 жылға жалға алу туралы келісім жасауы мүмкін. Бұл жағдайда Гренландия заң жүзінде Данияның құрамында қала береді, яғни оның егемендігі бұзылмайды. Ал келісімнің нақты шарттары тараптардың ортақ стратегиялық мүдделеріне сай болады. Диалог, жауапты саясат және халықаралық құқықты құрметтеу арқылы тараптар соңында баршаға тиімді, ақылға қонымды шешімге келеді деп үміттенемін, — деді мемлекет басшысы.
 
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1💩1