ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
FlyArystan Қазақстанда рейстердің кешігуі бойынша көш бастап тұр

FlyArystan 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда рейстердің кешігу саны жөнінен бірінші орынға шықты.

МӘН-ЖАЙ

Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, былтыр елдегі әр бесінші рейс кешігіп ұшқан. Барлығы 101 151 рейс орындалса, соның 22 383-і кешіктірілген. Орташа алғанда әуе компаниялардың уақытылы ұшу көрсеткіші 78% болған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3% жоғары.

Ең жақсы нәтиже Vietjet Qazaqstan әуе компаниясына тиесілі — рейстердің 84%-ы уақытында орындалған. SCAT пен Air Astana компанияларында бұл көрсеткіш 78% болды. Ал FlyArystan тұрақтылық деңгейі 75% болып, соңғы орынға жайғасты.

СЕБЕПТЕРІ

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, жыл ішінде 39 сағатқа дейін созылған өте ұзақ кешігулер де тіркелген. Көбіне бұған қолайсыз ауа райы, әуе компаниялардың өндірістік шешімдері, ұшақтардың кеш келуі және әуежайлардың уақытша жабылуы себеп болған.

Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуы авиация саласында жиі кездесетін мәселе болса да, жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әуе компанияларға жеті әкімшілік хаттама толтырылған. Айыппұлдардың жалпы сомасы – 2,8 млн теңге.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2
ULYSMEDIA.KZ
Ақын Мұхтар Шаханов Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді. «Қазіргі таңда менің атымнан жалған ақпарат таралуда. Оған сенбеңіздер. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын, оның жүргізіп отырған саясатын толығымен қолдаймын»,…
"Жағдайы өте ауыр". Мұхтар Шахановтың келіні көпшілікке үндеу жасады

Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты көпшілікке үндеу жасады.

💬“НАУҚАС КҮЙДЕ”

Оның айтуынша, қазір Мұхтар Шахановтың денсаулық жағдайы өте ауыр.

“Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде,әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр,айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе,біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар,осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер” - деп жазды келіні.

📹ШАХАНОВТЫҢ ВИДЕОСЫ

Жақында Мұхтар Шахановтың Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеген видео тарады.

«Қазіргі таңда менің атымнан жалған ақпарат таралуда. Оған сенбеңіздер. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын, оның жүргізіп отырған саясатын толығымен қолдаймын», — деген еді Шаханов.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢2👍1
Олимпиада-2026: алғашқы күні ел намысын кімдер қорғайды

7 ақпанда Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастайды. Отандастарымыз шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден ел намысын қорғайды.

Ulyssport спортшыларымыздың жарыс кестесін ұсынады.

Спорт түрі: Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина
Басталу уақыты: 17:00

Спорт түрі: Конькимен жүгіру, 3000 метр (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева
Басталу уақыты: 20:00

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бангладеште Нипах вирусынан бір адам қайтыс болды

Бангладеште Нипах вирусынан адам өлімі тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдің солтүстігінде шамамен 40-50 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады.

МӘН-ЖАЙ

Алғашқы белгілер 21 қаңтарда пайда болған. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырған, кейінірек қатты сілекей бөлініп, құрысулар басталған. Бір аптадан кейін ол көз жұмған, ал диагноз қайтыс болғаннан кейін ғана расталған.

Сонымен бірге ДДҰ вирустың халықаралық деңгейде таралу қаупін төмен деп бағалап, сапарларға немесе саудаға шектеу енгізуді ұсынбайды. Нипах вирусы көбіне жарқанаттардың бөлінділерімен ластанған азық-түлік арқылы жұғады, ал адамнан адамға сирек беріледі. Аурудың өлім-жітім көрсеткіші 75%-ға дейін жетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта бұл вирусқа қарсы мақұлданған вакциналар мен тиімді дәрі-дәрмектер жоқ.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱2
Дариға Назарбаева Астана – Алматы бағытындағы тұрақты рейспен ұшқан

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар рейсінде көзге түсті.

МӘН-ЖАЙ

Блогер Әлішер Елікбаевтың айтуынша, ол Назарбаеваны Астана – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсте, бизнес-класста көрген.

– Оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле салысымен ұйықтап кеттім, қонарда оянсам, жанымдағы орындықта Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып келе жатыр екен, – деп жазды ол.

Блогер сондай-ақ Назарбаеваның оққағардың еріп жүргенін айтқан.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін саясаттанушы Арсен Сәрсеков желтоқсан айының соңында Кремльде Владимир Путинмен болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жекелей әңгімесінде басты тақырып оның үлкен қызы болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айта кетейік, 2020 жылы Сенат спикері қызметінен кеткен Дариға Назарбаева Қаңтар оқиғаларынан кейін саяси сахнадан көрінбей кетті.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩7❤1👍1👎1
Glencore "Қазцинктегі" үлесін алдағы апталарда сатуы мүмкін

Швейцариялық Glencore компаниясы Rio Tinto-мен бірігу жөніндегі келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін активтер портфелін қайта қарап, бірқатар үлесін сатуға кіріспек. Соның ішіндегі ең ірі әрі назар аударарлық актив – Қазақстандағы мырыш, қорғасын және алтын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі саналатын "Қазцинктегі" 70 пайыздық үлес.

МӘН-ЖАЙ

Reuters агенттігінің дереккөздері бұл мәміле алдағы бірнеше апта ішінде келісіліп қалуы мүмкін екенін айтады. Сарапшылар "Қазцинк" активінің нарықтық құнын шамамен 5 млрд доллар деңгейінде бағалап отыр. Сала мамандарының пікірінше, "Қазцинк" – елдің металлургия кешеніндегі стратегиялық маңызы бар компания. Сондықтан меншік құрылымындағы ықтимал өзгеріс кәсіпорынның инвестициялық саясатына да, басқару моделіне де тікелей әсер етуі ғажап емес.

GLENCORE НЕГЕ АКТИВТЕРІН САТУҒА КӨШТІ

Сарапшылар бұл активке қызығушылықты әлемдік металл нарығындағы бағаның өсуімен және Glencore компаниясының стратегиялық басымдықтарын қайта айқындауымен байланыстырады. Компания қазіргі таңда қаржыны анағұрлым болашағы зор бағыттарға бағыттауды көздеп отыр. Атап айтқанда, Glencore энергетикалық ауысым дәуірінде сұранысы күрт артқан мыс, кобальт және никель өндірісіне басымдық беріп жатыр.

Rio Tinto-мен ықтимал бірігу жүзеге аспаған соң, компания портфелін қайта құрылымдауға кірісіп, жекелеген активтерін сатуға ден қойған. Нарық қатысушыларының бағалауынша, Glencore алдағы кезеңде бизнес құрылымын ықшамдап, инвесторлар үшін түсінікті әрі тартымды модель қалыптастыру мақсатында активтерін "тазалау" үрдісін жалғастыруы мүмкін.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жолақы төлеудің жаңа Avtobys жүйесі іске қосылады

Алматыда қоғамдық көлікке арналған Avtobys цифрлық жолақы төлеу жүйесін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Бұл – Қазақстан мен Қырғызстанның 24 қаласында қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған, қоғамдық көлікке арналған заманауи шешім. Жүйені отандық Innoforce технологиялық холдингі әзірлеген және Алматыда қалалық көлік жүйесін цифрлық басқаруға көшу аясында енгізіліп жатыр.

Алматы қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Avtobys жолаушыларға жолақы төлеудің ыңғайлы тәсіл түрлерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары сапар ақысын банк картасымен, көлік картасымен, сондай-ақ Apple Pay және Google Pay арқылы төлей алады. Сонымен қатар Avtobys мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен, Bluetooth, NFC немесе көлік нөмірі бойынша, сондай-ақ банк пен ұялы байланыс операторларының қосымшасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі бар. Бұл қосымша әрекетсіз, үйреншікті әрі жылдам төлем әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Жеңілдік санатындағы жолаушылар үшін Avtobys мобильді қосымшасында тарифті онлайн рәсімдеу қарастырылған. Бұл кеңсеге бару мен қағаз құжаттарды рәсімдеуді қажет етпейді, соның арқасында қызмет барынша ыңғайлы әрі қолжетімді болады.

ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШІЛІГІ

Жүйе енгізілген қалалардың тәжірибесі көлікті цифрландыру жолаушылардың жайлылығын арттырып қана қоймай, бүкіл саланың тиімділігін күшейтетінін көрсетіп отыр. Сапар санын есепке алу ашық бола түседі, билетсіз жүру азаяды, бақылау мен маршруттық желіні жоспарлау жеңілдейді. Тасымалдаушылар үшін бұл тұрақты экономикалық модель, ал қала үшін нақты деректерге негізделген шешімдер қабылдау мүмкіндігі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
Қазақстанда азаматтықтан айыру себептерін Конституцияда бекітілмек

Билік Қазақстан Конституциясында екінші паспорты бар тұлғаларды азаматтықтан айыру нормасын бекітуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді. Оның айтуынша, Ата заңда қос азаматтыққа және бірнеше елдің азаматтығына тікелей тыйым салу нормасын нақты көрсету көзделіп отыр.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, егер Қазақстан азаматының басқа мемлекеттің паспорты бар екені анықталса, бұл Қазақстан азаматтығын тоқтатудың ресми себебі болады. Ал мұндай рәсімнің нақты тәртібі жекелеген заңдармен айқындалады.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтық заң жүзінде тыйым салынған. Қазіргі таңда мұндай құқықбұзушылық үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, әкімшілік жолмен елден шығару, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айырылу шаралары қарастырылған.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏5
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді.

Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
Туризм-2026: Қазақстан өңірлерінің даму рейтингі қандай?

2025 жыл Қазақстан туризмі үшін нақты стратегиялық серпіліс жылы болды. Статистикалық мәліметтерден туризм саласы өңірлерде қарқынды дамып, шикізаттық емес экономиканың басты драйверіне айналып келе жатқанын көріп отырмыз.

Елге келген туристер саны мен экономикаға түскен пайда құр статистика ғана емес. Бұл цифрлардың артында бірнеше салада атқарылған жұмыстар тұр.

TOP 5 өңірлік рейтинг

Қазақстан шетелдіктер арасында танымал бағытқа айналғалы өңірлерінде туристік инфрақұрылым жақсарып, туристер үшін жаңа қонақ үйлер, тынығу орындары бой көтеріп жатыр. Алыс бағыттарға жол салынып, интернет желісі тартылуда. Туристер Алматы және Астана қалаларымен шектелмей, Қатонқарағай, Маңғыстау секілді еліміздің көрікті жерлеріне ат басын бұруды жөн көреді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👍9
Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанды

Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Бақытжан финалдық кезеңге дейін жетті. Ол алғашқы айналымдардан сәтті өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде украиналық Дильшот Халматовқа жол берді.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Бақытжан кубалық Джонат Чаронды жеңді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤3👏1