ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.77K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Қазақстан құрамасы дзюдодан Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір медальмен аяқтады.

Қазақстан құрамасының төрт дзюдошысы қола медаль үшін белдесті.
Алайда олардың тек біреуі ғана жүлдегерлер қатарына қосылды.

48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова нидерландтық Амбер Герсьестен жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошылар арасында өткен белдесуде Шерзод Давлатов командаласы Аман Бақытжанды жеңді.

Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін өткен белдесуде испаниялық Адриан Чинарро Ниетодан жеңіліп қалды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуы алтын бағасының өсуіне әсер етті

Халықаралық нарықтарда алтын құны қымбаттай түсті. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуы мүмкін деген алаңдаушылық себеп болды. Геосаяси тұрақсыздық күшейген кезеңде инвесторлар қаржысын сақтап қалу үшін дәстүрлі түрде сенімді актив саналатын бағалы металдарға, әсіресе алтынға инвестиция салуға ұмтылады.

БАҒА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ

Сауда деректеріне сүйенсек, Қазақстан уақытымен сағат 11:12-де Нью-Йорктегі Comex биржасында сәуір айына арналған алтын фьючерстерінің бағасы алдыңғы жабылу көрсеткішінен 45,7 доллар жоғарылады.

Нәтижесінде бір трой унциясының құны 5 124,4 долларға жетіп, шамамен 0,9% өсті.
Бұл уақытта күміс бағасы да көтерілді. Мамыр айына арналған күміс фьючерстері 2,26 пайыз өсіп, бір унциясы 84,035 доллар болды.

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

Мамандардың айтуынша, алтын бағасының өсуіне басты себеп – Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі ушығуы мүмкін деген қауіп. Геосаяси шиеленіс күшейген сайын инвесторлар капиталын қорғау үшін қауіпсіз активтерге көбірек жүгінеді. Осындай кезеңдерде алтын мен басқа да бағалы металдарға сұраныс артып, олардың нарықтағы құны көтеріледі.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желілерде Қазақстан өңірлерінің біріндегі жол-патрульдік полиция бекетінде түсірілген видео тарады.

Кадрларда полицейдің автокөлікті тоқтатып, жүргізушіден көліктен шығуын сұрағанын көруге болады. Бұдан кейін видеода жүргізуші полицейге ақшаны қолма-қол беріп жатқандай көрінеді.

Сондай-ақ видеода ер адамның жол бойындағы түрлі бекетте ақша беруге мәжбүр болғанын айтады.

Жүргізушінің сөзінше, Қазақстандағы кеден бекетінде де одан ақша талап еткен. Ол жерде өзінен 70 мың теңге алғанын мәлімдейді.

Видеоның нақты қай жерде түсірілгені әзірше белгісіз. Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, құзырлы органдарды жағдайды тексеруге шақырып жатыр.

Ulysmedia.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне осы жайтқа қатысты түсінік алу үшін сауал жолдады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5😐2❤1😡1
Иран президенті Әзербайжанға жасалған шабуыл туралы пікір білдірді

Иран президенті Масуд Пезешкиан Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ол Иранның ешқашан көршілеріне шабуыл жасау туралы мақсаты болмағанын мәлімдеді.

МӘН-ЖАЙ

Президент Масуд Пезешкиан Иран билігі Әзербайжанға шабуыл жасамағанын айтты. Сонымен қатар, ол Иран ешқашан көршілеріне шабуыл жасау мақсаты болмағанын және қазіргі уақытта да ондай ниеті жоқ екенін атап өтті.

– "Иран президенті Әзербайжанға шабуыл жасады" деген мәлімдемелерді теріске шығарды. Ол бұл қауесеттерді көршілер арасындағы бауырластық қарым-қатынасты бұзуға бағытталған дұшпандардың қастандық әрекеті деп атады, – деп хабарлады Иран президентінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Ресей президенті Иран Ислам Республикасының Жоғары жетекшісі Аятолла Сейед Әли Хаменеи, оның отбасы мүшелері және елдің әскери-саяси басшылығы өкілдеріне жасалған шабуылдар салдарынан бейбіт тұрғындардың көптеп қаза табуына байланысты қайғыра көңіл айтты.

Ол сонымен қатар Иран мен Таяу Шығыстағы жағдайды шешудің күшпен емес, саяси-дипломатиялық жолмен тез арада жалғасуы керегін, соғысты дереу тоқтату қажет екенін растады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2🤮2👎1
Әлиев Тоқаевқа алғыс айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бұл туралы Ильхам Әлиев өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичеван әуежайына жасалған соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді.

– Иран мемлекетінің Нахичеванға жасаған шабуылдарын айыптағаны және Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырмал әрі одақтық қатынастар рухында елімізді қолдағаны үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін, – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Иран президенті Әзербайжанға жасалған шабуыл туралы пікір білдірген еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4😈2💩1
Ресей Харьковқа зымыранмен соққы жасады: жеті адам қаза тапты

МӘН-ЖАЙ

Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың айтуынша, Киев ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі құлаған. Бұл туралы The Insider жазды.

Кейінгі мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.

7 наурызға қараған түні зымыран соққысына Киев қаласы да ұшырағанын қала мэрі Виталий Кличко мәлімдеді. Зымыран сынықтары қаланың бірнеше ауданында құлаған, алайда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар ұшқышсыз ұшақтар Одесса облысына да соққы жасап, инфрақұрылым нысандарында өрт шыққан.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬6❤2👍2🔥1😢1😡1
Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Смадиярдың жазуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.

– Қазақстан президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Иран президенті Әзербайжанға жасалған шабуыл туралы пікір білдірген еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🤮3👍1😁1
Бакудегі әлем кубогы кезеңі: Милад Карими күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзербайжан) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Карими еркін жаттығулар финалында екінші нәтиже көрсетті. Финалда ол 14.300 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Бірінші орынды 14.533 ұпаймен Беларусь өкілі Егор Шарамков иеленді. Ал үшінші орын жапониялық Казуки Минамиге бұйырды — 14.200 ұпай.

Бүгін, 7 наурыз күні, сондай-ақ қоссырықтағы жаттығулардың финалы өтті. Қазақстандық Дмитрий Патанин 13.166 ұпаймен жетінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасын алда тағы бірнеше финал күтіп тұр. Милад Карими мен Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуларда өнер көрсетеді. Ал Зейнолла Идрисов пен Нариман Курбанов ат үстіндегі жаттығуларда бақ сынайды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Индонезия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым енгізеді

Индонезия 28 наурыздан бастап 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым енгізе бастайды. Байланыс және цифрлық технологиялар министрі Меутья Хафидтің айтуынша, мемлекет бұл мәселеге араласуға мәжбүр, өйткені ата-аналар ірі платформалардың алгоритмдеріне жалғыз қарсы тұра алмайды.

Тыйым біртіндеп енгізіледі – барлық цифрлық платформа реттеуші талаптарын орындағанға дейін жалғасады. Алғашқы кезеңде 16 жасқа толмаған балалардың аккаунттары біртіндеп өшіріледі. Бұл талап YouTube, TikTok, X, Bigo Live, Roblox, сондай-ақ Facebook, Instagram және Threads сияқты платформаларға қатысты болады.

КОНТЕКСТ

Аустралия 2025 жылдың желтоқсанында әлеуметтік желі компанияларын өз платформаларында 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттауға міндеттей бастаған алғашқы ел болды. Мұндай шектеуді енгізу туралы шешімді Испания, Ұлыбритания және Дания да қабылдады.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9
Наурыздағы демалыс күндері: ХҚКО жұмыс кестесі қандай

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Наурыз мейрамы кезінде ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі туралы мәлімет берді.

- 8 және 9 наурыз – барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО, оның ішінде кезекші бөлімшелер де жұмыс істемейді.
- 21, 22, 23 және 24 наурыз – демалыс күндері.
- 25 наурыз – кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар жұмыс істейді.

Қабылдау уақыты: 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Мерекелік күндерге сәйкес келмейтін қалған күндері штаттық режимде қызмет көрсетеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

«Қымбатты ханымдар!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы тамаша мейрам – барша нәзік жандылар қауымына арналған ерекше сезім мен зор құрметтің жарқын көрінісі. Әйел – көңілге шаттық сыйлап, шабытқа қанат бітіретін көркемдік пен сұлулықтың символы, жасампаздық пен жаңашылдықтың қайнар көзі. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі әйел затынан бастау алады.

Әйелдің жаны нәзік болса да, болмысы – мықты. Олар кез келген қиындықты еңсеріп, әрдайым даналық пен даралықтың, шыдамдылық пен батылдықтың, сенімділік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Әрбір әйелдің өмірге нәр беретін, әлемге жарық сыйлайтын, жоқтан бар жасайтын, тіпті, жауласқанды татуластырып, бейбітшілікке шақыратын ғажап қасиеті бар. Әйел табиғатының басты құпиясы мен сыры да – осында.

«Әйел – ұлттың жаны» десек, артық болмайды. Өздеріңіз берген тәлім-тәрбие арқылы ұрпақтың дүниетанымы қалыптасады, жастар әдептілік, отаншылдық, еңбекқорлық, білімпаздық сынды асыл қасиеттерді бойына сіңіреді.

Ұлы даланың қайсар қыздары жайлы аңызға бергісіз ақиқат әңгімелер ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Қазақ аруларының парасаттылығы мен батырлығы жұртымыздың жадында жатталып, тарихында таңбаланып қалған. Осы сабақтастық қазір де сақталып отыр. Көптеген қыз-келіншектер Отанымызға қалтқысыз қызмет етіп, мектептер мен университеттерде, емханалар мен зертханаларда, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда, өнер мен бизнесте, өндіріс орындары мен шаруашылықтарда, әскери бөлімшелерде және ел өмірінің басқа да салаларында абыройлы еңбек етіп жүр.

Қазақстан халқымыздың келешектегі тағдырына тікелей ықпал ететін ауқымды жаңғыру жолына түсті. Жаңа Халық Конституциясы жобасының өзегі – еліміздің Тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы, азаматтардың мүдделері мен құқықтары.

Референдумға шығарылған жаңа Ата заңның жобасында ана мен баланы қорғау, неке және отбасы институтын күшейту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамда заңды құрметтеу, табиғатты аялау, әділдік, еңбекқорлық, жауапты және жасампаз отаншылдық қағидаттарын орнықтыруға баса мән берілді.

Әйелдер қауымы болашақта да өздерінің адалдығымен, қарым-қабілетімен, ерекше күш-жігерімен Әділетті, Өркендеген Қазақстанды құруға белсене атсалыса беретініне кәміл сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін», - деді Президент.


📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2💩1
Дзюдошы Әділет Алмат Аустриядағы Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥1
Қазақстан мен Мысыр сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Мысыр Араб Республикасының сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдік мысырлықтар жөніндегі министрі Бадр Әбделатымен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар Таяу Шығыста қалыптасқан күрделі жағдайды талқылап, деэскалация және барлық даулы мәселелерді саяси-дипломатиялық жолмен халықаралық құқық қағидаттарының шеңберінде реттеудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар министрлер екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту мәселелерін де қарастырып, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілігін білдірді.

Бадр Әбделаты Мысырдың шетелдік туристтер үшін қауіпсіз ел болып қала беретінін растап, мысырлық биліктің бұл бағытта барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын ерекше атап өтті.

Тараптар биік және жоғары деңгейде сапарлар алмасуды жандандыруға, сондай-ақ екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасындағы тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2❤1🤮1
АҚШ Венесуэладағы жаңа үкіметті ресми түрде мойындады

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Венесуэладағы жаңа үкіметті – елдің уақытша президенті міндетін атқарушы Делси Родригес басқаратын билікті – ресми түрде мойындағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол жаңа билікпен алтынға қатысты «тарихи» келісім жасалғанын айтты.

МӘН-ЖАЙ

АҚШ Венесуэлада уақытша президент міндетін атқарушы Делси Родригес жетекшілік ететін жаңа үкіметті ресми түрде мойындады. Бұл туралы Дональд Трамп Флоридада өткен Латын Америкасы елдерінің көшбасшыларымен саммит барысында айтты.

– Осы аптада Венесуэла үкіметін ресми түрде мойындағанымызды қуана хабарлаймын. Сонымен бірге біз алтын бойынша тарихи келісімге қол қойдық. Бұл келісім біздің елдерге венесуэлалық алтынды және басқа да пайдалы қазбаларды сатуды ілгерілету үшін ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Оларда алтын қоры өте көп, жері де бай, – деп келтіреді Трамптың сөзін DW.

6 наурыз күні Вашингтон Венесуэланың алтын өндіру секторына қатысты санкцияларды жеңілдетті. АҚШ Қаржы министрлігі америкалық компанияларға Венесуэладан алтын импорттауға, оны өңдеуге және одан жасалған өнімдерді кейін сатуға рұқсат берді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬2❤1👍1
Норвегиядағы АҚШ елшілігінің маңында жарылыс болды

Норвегия астанасы Ослодағы АҚШ елшілігінің кіреберісіне жақын жерде жарылыс болған. Соның салдарынан ғимаратқа кішігірім зақым келген, алайда зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Михаэль Деллемир мәлімдеді.

Алайда полиция басшысы оқиғаның нақты мән-жайын ашып айтқан жоқ.

– Біз зақымның сипатына, не жарылғанына және басқа да жайттарға қатысты әзірше пікір білдірмейміз. Қазірше тек жарылыс болғанын ғана растай аламыз. Мұның себебі – тергеу жұмыстары енді ғана басталды, – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта полиция куәгерлерден жауап алып, күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2😡2👍1
Таяу Шығыс мемлекеттерінен Қазақстанның 6 мыңнан астам азаматы елге оралды

7 наурыздан 8 наурызға қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компанияларының 11 рейсі орындалды. Осы рейстер арқылы 1 786 жолаушы елге жеткізілді.

8 наурызға қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының азаматтарды Қазақстан Республикасына қайтару үшін тағы бірнеше рейсі жоспарланған.

– 3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс орындалып, олардың көмегімен 6 254 адам елге оралды, – деп нақтылады Сыртқы істер министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін Ираннан Қазақстанның 66 азаматы елге қайтарылғанын жазған едік.
 
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🤔2
Иранда жоғарғы көшбасшы лауазымына кандидат бойынша келісім жасалды

Иранның Сарапшылар кеңесі елдің жоғарғы көшбасшысы лауазымына кандидат таңдау бойынша ортақ келісімге келді. Бұл туралы кеңес мүшесі Мохаммад-Мехди Мирбагери Mehr агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейінгі күндері кеңес мүшелері кандидатураны анықтау үшін барынша күш жұмсаған. Алайда кандидаттың есімі әзірше жарияланған жоқ.

– Құдайға шүкір, көпшілік пікірін білдіретін берік әрі бірауыздан қабылданған ұстаным қалыптасты, – деді ол.

Мирбагеридің сөзінше, қазір тек жақын арада шешілуге тиіс аздаған кедергі бар.

АНЫҚТАМА

Иран Конституциясына сәйкес, елдің жоғарғы көшбасшысы қайтыс болған жағдайда мемлекет басшылығы уақытша үш адамнан тұратын кеңеске өтеді. Оның құрамына Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшелерінің бірі (аятолла Алиреза Арафи) кіреді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🤔4😁1
Гимнаст Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

Қазақстанның спорттық гимнастикадан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды.

Қазақстандық гимнаст екінші күміс медалін кермедегі жаттығуларда иеленді.

Финалда Карими төрешілерден 15.033 ұпай алып, екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен жеңіп алды. Үшінші орын Анхель Барахасқа (Колумбия) бұйырды – 14.400.

Ал Дияс Тойшыбек төртінші орынға ие болды – 13.900 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуларда да күміс медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда, ат снарядындағы жаттығулардың финалы өтті. Нариман Құрбанов бесінші орын, Зейнолла Ыдрысов жетінші орын алды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🤔1
"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” - Танагөз Толқынқызы

Әлеуметтік желілерде ақын Танагөз Толқынқызының қазақ қоғамы туралы жазбасы қызу талқыланып жатыр.

МӘН-ЖАЙ

Ақын Facebook-тегі парақшасында қазақ қоғамына қатысты сыни пікір білдіріп, елдің қазіргі жағдайына баға берген. Жазбада ол қазақтарды "принципі жоқ", "құлдық сана қалыптасқан" қоғам деп сипаттады.

Сондай-ақ ол қоғамда құндылықтардың әлсірегенін, адамдардың бір-біріне жанашырлығы азайғанын және пайдакүнемдік пен жемқорлық кең тарағанын жазған.

"Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды.
Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған.
Принципі жоқ надан ұлт қалыптасты.
Жағымпаз, өтірікші, екіжүзді, сатқын, намыссыз, фейк, псевдо ұлт.
Өз тілінде сөйлемейді. Құлдық сана етінен өтіп сүйегіне жеткен.
Ешкімге ештеңе керек емес.
Ешкім ешкімге араша түспейді.
Қорқақ, можантопай, дарақы, мақтаншақ.
Критикалық ойлау санасы қалыптаспаған.
Бейғам. Жайбарақат.
Басына кім көрінген аяғын сүртіп кете береді. Әлсіз, қауқарсыз, дәрменсіз.
Халық емес құл-құтандар легі ме дерсің.
Бір-біріне қайырымсыз. Тасбауыр. Бір-бірін иттің етінен жек көреді.
Өзін-өзі тонаған, өзін-өзі тоздырған, өз тамырынан ажыраған тобыр.
Ұры ұлт. Бұл қасиет – қазіргі біздің басты қасиетіміз.
Жеу үшін жаратылғанбыз. Қай жерден нені жымқырып жеп қалсақ екен деп ойлап тұрамыз.
Құндылық жоқ.
Ар құдай болған заман келмеске кетті.
Қарны тойса болды, бәрін сатады.
Адам емес құлқын ғана көремін.
Мына сөзге талағың тарс айрылса да айтайын. Сендер ертең шүршіттің тілінде сөйлеп жоқ боласыңдар.
Астананы басып алған қара құмырсқалар бұл елді енді өлсе де тастап өз отанына қайтпайды. Келген жерін отан қылады.
Олар қатты сөйлейді, дарақы күледі, келмей жатып осы жердің қожайыны сезінеді.
Себебі принципі жоқ ұлттың жерін де, тілін де, туын да, тәуелсіздігін де ақшаға сатып жіберетінін біледі.
Сендер енді өзгермейсіңдер! Осы кеткендерің кеткен!", – деп жазды ақын.

ЖЕЛІДЕГІ РЕАКЦИЯ

Бұл жазба әлеуметтік желіде үлкен пікірталас туғызды. Бірі автордың сөзін қоғамдағы мәселелерге айтылған ауыр, бірақ шынайы сын деп қабылдаса, енді бірі мұны "ұлтты қорлау" деп бағалады.
 
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯19❤4🤔3🤮1😭1
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, 30-дан астам жылжымалы құрам иесі жаңа жүйеге қосылған. Бұл тасымалдау көлемін әдейі асыра бағалауды және қайталанатын өтінімдерді беруді болдырмауға мүмкіндік береді.

Мәселен, жүк жөнелтушілер 2023 жылдан бастап 202,5 млн тоннаға жуық жүк мәлімдеген, оның ішінде жүк жөнелтушілер іс жүзінде 88 млн тоннаға жуық жүк тасымалдаған, бұл ретте ҚТЖ 118 млн тоннаға келісім берген.

- 2023 жыл – 73,6 млн тонна мәлімделді, 38,2 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 27,3 млн тонна;

- 2024 жыл – 62 млн тонна мәлімделді, 39,3 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 27,5 млн тонна;

- 2025 жыл – 66,9 млн тонна мәлімделді, 41 млн тонна келісілді, нақты тасымалданғаны – 33 млн тонна.

– Осылайша, барлық мәлімделген және келісілген жүктердің төрттен бір бөлігін жүк жөнелтушілер тасымалдауды талап етпеген. Бұл мәселе жүйелі сипат алған және жылдар бойы жалғасып жатыр. Бұл инфрақұрылымның өткізу қабілеттілігін жасанды түрде резервтеуге әкеледі және нақты жүктерді тасымалдауға қол жеткізуді шектейді. Енді өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған кезде ғана қабылданады. Бұл нарық қатысушыларының инфрақұрылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, желіні пайдалану тиімділігін арттыруға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық жүйені толық апробациядан кейін енгізу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.

Ұлттық компания кейінгі екі жылда елдің теміржол тасымалы жүк айналымының тарихи максимумына жеткенін мәлімдеді. 2025 жылы Ресеймен тасымалдау көлемі 92 млн тоннаға (+3,5 пайыз), Қытаймен – 35,6 млн тоннаға (+11 пайыз), Өзбекстанмен – 32,3 млн тоннаға (+16 пайыз) жетеді.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁2🤔2❤1