Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Министрлердің әйелдері миллион табады: халық ше? Иран неге Қазақстанға ренжіді? Аптаның саяси астары - Ұлыс апта
📹 Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.
https://t.me/ulysmedia

👍4😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Баршаңызды көктемнің ең шуақты мерекесі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасыларыңыздың ұйытқысы, шаңырақтарыңыздың шуағы болып жүре беріңіздер. Жаһандық геосаяси жағдай ушығып, ақпараттық кеңістік құбылып тұрған алмағайып шақта шынайы әрі объективті саяси ақпарат тарату - біз үшін үлкен жауапкершілік.
Осы ретте біздің арнамызға сенім артып, үнемі қолдау білдіріп келе жатқан көзі қарақты көрерменімізге алғысымыз шексіз.
Ұлттық өнерімізді ұлықтап, төл ән-күйімізді қайта жаңғырту мақсатында Ұлыс алаңға жас таланттарды шақыруды бастаған едік. Бүгінгі мерекелік тарту ретінде барша қыз-келіншектерге, отбасының жылуын сақтап отырған аяулы аналарымызға әсем ән жолдаймыз.
“Анамның жаққан ошағы”
Орындаған: Арман Жәкейхан

Әли Хаменеидің ұлы Иранның жаңа жоғары көшбасшысы болып сайланды
Мән-жай
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысын Сарапшылар кеңесіне кіретін 88 дін қызметкері таңдаған. Мұжтаба Хаменеидің жаңа рухани көсем болып сайланғаны туралы бұған дейін айтылған. Бірақ ресми расталмаған.
Контекст
56 жастағы Мұжтаба Хаменей Иранды үздіксіз 37 жыл билеген аятолла Әли Хаменеидің ұлы.
Әли Хаменей 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе шабуылы кезінде қаза болған.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮6🤔1
Бір баррелі 100 доллардан асты: Мұнай бағасы шарықтап кетті
Ирандағы соғыс салдарынан мұнай бағасы шамамен 20 пайызға қымбаттап, 2022 жылғы деңгейге дейін көтерілді. Мұнай нарығына Ормуз бұғазы ұзақ уақытқа жабылып қалуы мүмкін деген қауіп әсер етіп отыр.
Мән-жай
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы және Ормуз бұғазының жабылуы мұнай бағасын аспандатып жіберді. 2022 жылдан бері алғаш рет мұнайдың бір баррелі 100 АҚШ долларынан асты.
Reuters агенттігінің жазуынша, 9 наурыз күнгі сауда басталған кезде Еуропадағы эталондық Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 20 пайызға өсіп, бір баррелі (159 литр) 111,04 долларға дейін қымбаттаған.
Сондай-ақ АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері 16,8 пайызға өсіп, 106,17 долларға жеткен. Бұған дейін оның бағасы 111,24 долларға дейін көтерілген болатын.

Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Әсем Әубәкір есімді Қазақстан азаматының Вьетнамда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Ол соңғы рет 6 наурыз күні Хошимин қаласынан байланысқа шыққан.
Мән-жай
Әсем Әубәкірдің жоғалғаны туралы оның әпкесі Рузана Әубәкір хабарлады. Сөзінше, Әсем сол күні Қазақстанға ұшпақ болған. Бірақ әуежайда таблодан өз рейсін таппай қалған. Осыдан кейін байланыс үзілген.
Туыстарының айтуынша, сол уақытқа дейін Әсем екі күн бойы ұйықтамаған, күйзеліс жағдайында болған. Ақырғы рет сөйлескенде артынан әлде кімдер аңдып жүргенін айтқан. Банк картасымен төлемдер соңғы рет 6 наурызда жасалған.
Жоғалып кеткенге дейін ол АҚШ азаматымен бірге түскі ас ішкен. Туыстарымен телефон арқылы сөйлескен сәтте дауысы басқаша болып шыққан.
Әсем 9 жылдан бері жалғыз өзі саяхаттайды. Жақындары осы уақытқа дейін бұндай жағдай болмаған дейді.
Әсем Әубәкірдің туыстары Қазақстанның Вьетнамдағы консулдығына жүгінген. Сөздерінше, іздестіру жұмыстары дүйсенбі күні басталуы мүмкін.

😢4👍1😈1
"Қауіпсіздік үшін төленетін азғантай ғана құн": Трамп мұнай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының қымбаттауына реакция білдірді. Ол мұны қауіпсіздік үшін төленетін азғантай ғана құн деп бағалады.
Мән-жай
Дональд Трамп мұнай бағасының күрт қымбаттауына қатысты өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде пікір білдірді.
— Қысқа мерзімге созылатын қымбаттау Иранның ядролық қаупі жойылғаннан кейін төмендейтін болады. Бұл – АҚШ пен бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін төленетін өте шағын ғана ақы. Бұған тек ақымақтар ғана басқаша қарайды! — деп жазды ол.
Контекст
Ирандағы соғыс салдарынан мұнай бағасы шамамен 20 пайызға қымбаттап, 2022 жылғы деңгейге дейін көтерілді. Мұнай нарығына Ормуз бұғазы ұзақ уақытқа жабылып қалуы мүмкін деген қауіп әсер етіп отыр.
Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі (159 литр) 111,04 долларға саудаланып жатыр.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының қымбаттауына реакция білдірді. Ол мұны қауіпсіздік үшін төленетін азғантай ғана құн деп бағалады.
Мән-жай
Дональд Трамп мұнай бағасының күрт қымбаттауына қатысты өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде пікір білдірді.
— Қысқа мерзімге созылатын қымбаттау Иранның ядролық қаупі жойылғаннан кейін төмендейтін болады. Бұл – АҚШ пен бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін төленетін өте шағын ғана ақы. Бұған тек ақымақтар ғана басқаша қарайды! — деп жазды ол.
Контекст
Ирандағы соғыс салдарынан мұнай бағасы шамамен 20 пайызға қымбаттап, 2022 жылғы деңгейге дейін көтерілді. Мұнай нарығына Ормуз бұғазы ұзақ уақытқа жабылып қалуы мүмкін деген қауіп әсер етіп отыр.
Қазір Brent маркалы мұнайдың бір баррелі (159 литр) 111,04 долларға саудаланып жатыр.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱3🤮3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇷Таяу Шығыстағы жағдай күн сайын ушығып барады. Осыған байланысты біз сауалнама жүргізіп, тұрғындардан Ирандағы жағдай туралы пікірін сұрап көрдік.
Ал сіз Ирандағы жағдай туралы не ойлайсыз?
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Ал сіз Ирандағы жағдай туралы не ойлайсыз?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Иаков Воронцовты діни сеніміне байланысты қудаланған адамдардың тізіміне енгізді
АҚШ-тың халықаралық діни бостандық жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (USCIRF) діни дәрежесінен айырылған православ шіркеуінің бұрынғы қызметшісі Иаков Воронцовты сеніміне байланысты қудаланған адамдардың халықаралық тізіміне енгізді.
Мән-жай
«Яков Воронцов діни қызметі мен жетекшілік рөлі үшін қудаланған. 2025 жылы ақпанда тіркелмеген православ шіркеуінің священнигі Воронцовты түнгі рейд кезінде үйінен тұтқындаған. Воронцов Ресейдің Украинаға қарсы соғысын ашық сынап, оны «христиандыққа жат әрекет» деп атаған», – деп жазылған USCIRF сайтында.
Контекст
Воронцов 13 ақпанға қараған түні ұсталған. Алматының әкімшілік соты оны «есірткі заттарын медициналық мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін» кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамаған. 5 наурызда апелляциялық сот оны абақтыда қалдырған. Воронцов кемінде 23 сәуірге дейін қамауда болады.
Воронцовтың үстінен «Есірткі притонын ұстау» (302-бап) және «Есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтау» (296-бап) бойынша іс қозғалған.
Сол кезде полиция «есірткі притонын ұйымдастыру» фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған.
Иаков Воронцов тағылған айыппен келіспейді. Ол абақтыдан жазған хатында тағылған айып пен өзінің қамалуын саяси ұстанымымен байланыстырған.

❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы шиеленістің Қазақстанға әсері қандай? Бұл сұраққа саясаттанушы Дос Көшім жауап берді.
“Соғыстық мәселе Қазақстанға келмейді. Біз Иранға шекаралас жатқан ел емеспіз. Экономикалық жағынан мұнай сатушы ел болғаннан кейін бастапқы кезде бұл соғыстың Қазақстанға пайдасы болады“, - деп жауап берді ол.
📹 Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
“Соғыстық мәселе Қазақстанға келмейді. Біз Иранға шекаралас жатқан ел емеспіз. Экономикалық жағынан мұнай сатушы ел болғаннан кейін бастапқы кезде бұл соғыстың Қазақстанға пайдасы болады“, - деп жауап берді ол.
📹 Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤷♂3🤮2
Иранның жаңа көсемі билікке келе салып, Израиль мен араб елдерін зымыранмен атқылады
Иран аятолласы Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеи билік басына келе салып, Израиль мен Парсы шығанағындағы араб елдерін зымыранмен атқылады.
Мән-жай
88 дін қызметкерінен жасақталған Сарапшылар кеңесі Мұжтаба Хаменеиді елдің жаңа рухани көсемі деп жариялаған соң іле-шала Иран Израиль мен Парсы шығанағындағы араб елдеріне зымыран мен дрон ұшырды. Көрші елдер Иранның кек алу әрекетіне наразылық білдірді.
Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы аталмыш шабуылға қатысты ақпарат таратты.
«Иран аятолла саид Мұжтаба Хаменеидің басшылығымен оккупацияланған аймаққа алғашқы зымырандарын ұшырады. Сіздің бұйрығыңызбен, Саид Мұжтаба!», – делінген 9 наурыз таңертең телеарна Telegram арнасында таратқан ақпаратта. Жазбаға снарядтың суреті қоса тіркелген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Иран аятолласы Әли Хаменеидің ұлы Мұжтаба Хаменеи билік басына келе салып, Израиль мен Парсы шығанағындағы араб елдерін зымыранмен атқылады.
Мән-жай
88 дін қызметкерінен жасақталған Сарапшылар кеңесі Мұжтаба Хаменеиді елдің жаңа рухани көсемі деп жариялаған соң іле-шала Иран Израиль мен Парсы шығанағындағы араб елдеріне зымыран мен дрон ұшырды. Көрші елдер Иранның кек алу әрекетіне наразылық білдірді.
Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы аталмыш шабуылға қатысты ақпарат таратты.
«Иран аятолла саид Мұжтаба Хаменеидің басшылығымен оккупацияланған аймаққа алғашқы зымырандарын ұшырады. Сіздің бұйрығыңызбен, Саид Мұжтаба!», – делінген 9 наурыз таңертең телеарна Telegram арнасында таратқан ақпаратта. Жазбаға снарядтың суреті қоса тіркелген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬5👍2🤔2
ULYSMEDIA.KZ
Атыраудағы қанды оқиға: Индонезияда ұсталған ер адам мен әйелі екеуі де күдікті Атырау облысында ата-енесін өлтіріп, қашып кеткен күйеу бала жұбайымен бірге Индонезияда ұсталды. ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта екеуі де күдікті. Ішкі істер министрінің орынбасары…
Атыраудағы қанды оқиға: Күдіктілер Қазақстанға жеткізілді
Индонезияда ұсталған ерлі-зайыпты Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілді.
Мән-жай
Күдіктілер алдымен этаппен Mалайзияға жеткізіліп, кейін Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырылған. 9 наурыз күні таңертең Алматыдан Атырау қаласына жеткізілген.
Қазіргі уақытта Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева қамауда, тергеушілерге жауап беріп жатыр. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Контекст
Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылы қарашада Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылыс нысанының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Индонезияда ұсталған ерлі-зайыпты Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілді.
Мән-жай
Күдіктілер алдымен этаппен Mалайзияға жеткізіліп, кейін Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырылған. 9 наурыз күні таңертең Алматыдан Атырау қаласына жеткізілген.
Қазіргі уақытта Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева қамауда, тергеушілерге жауап беріп жатыр. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Контекст
Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылы қарашада Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылыс нысанының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген.
Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🤬3👏2💩2🤮1
ULYSMEDIA.KZ
Атыраудағы қанды оқиға: Күдіктілер Қазақстанға жеткізілді Индонезияда ұсталған ерлі-зайыпты Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілді. Мән-жай Күдіктілер алдымен этаппен Mалайзияға жеткізіліп, кейін Қазақстанның құқық қорғау органдарына…
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды
Мән-жай
Дереккөздердің мәліметінше, Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіті Атыраудағы «Геолог» шағын ауданындағы уақытша үйдің бірінің ауласынан табылған. Бұрын бұл жерде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге тұрған. Қазіргі уақытта жоғалған отбасының барлық мүшесінің мәйіттері табылғаны белгілі болды.
Бұған дейін, отбасы тұрған Жангелдин ауылындағы үйінің ауласынан Наурыз бен Мейрамгүлдің ата-анасы Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды да Сұлтан Сәрсемәлиев өлтірген болуы мүмкін.
📱 Ұлысқа жазылыңыз
Мән-жай
Дереккөздердің мәліметінше, Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіті Атыраудағы «Геолог» шағын ауданындағы уақытша үйдің бірінің ауласынан табылған. Бұрын бұл жерде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге тұрған. Қазіргі уақытта жоғалған отбасының барлық мүшесінің мәйіттері табылғаны белгілі болды.
Бұған дейін, отбасы тұрған Жангелдин ауылындағы үйінің ауласынан Наурыз бен Мейрамгүлдің ата-анасы Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оларды да Сұлтан Сәрсемәлиев өлтірген болуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢8🔥2🤬2❤1
Трамп Ирандағы соғыс аяқталуға жақын екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соғыс, оның пікірінше, аяқталуға жақын екенін айтты. Бұл туралы ол CBS News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, Иранның әскери әлеуеті едәуір әлсіреген.
– Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс жоқ, авиация жоқ. Зымырандарының саны да аз ғана мөлшерде қалды, – деді Трамп.
Ол сондай-ақ Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен оларды өндіретін нысандарды жою жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
КОНТЕКСТ
Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі 28 ақпанда басталды. Сол күні АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасай бастады. Бұл шабуылдар барысында елдің жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи, сондай-ақ Иран басшылығының бірнеше өкілі қаза тапты. Бұған жауап ретінде Иран Израильге, АҚШ-тың әскери нысандарына және Парсы шығанағындағы бірқатар елге зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасай бастады.

❤4🤮3
Навальныйдың серіктестері саясаткердің мәйітін тексеру қорытындысын жариялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың мәйітін тексеру нәтижелері көрсетілген құжаттың бір бөлігін жариялады. Сараптаманы 2024 жылы Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты сот-медициналық сараптама орталығы жүргізген.
DW мәліметінше, ФБК-ның халықаралық бөлімінің басшысы Мария Певчих бұл құжаттың жариялануын кейбір БАҚ аталған материалдарды «сенсация» ретінде таратпақ болғанымен түсіндірген. Оның айтуынша, бұл құжат шамамен 1,5 жылдан бері қордың қолында болған және оны, соның ішінде, шетелдік мамандар да зерттеген.
Певчих толық есеп шамамен 300 беттен тұратынын, онда ішкі органдардың жағдайы егжей-тегжейлі сипатталғанын айтты. Сол себепті құжатты толық көлемде жариялау, оның пікірінше, этикалық нормаларға қайшы келеді.
Саясаткердің отбасының келісімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоры құжаттың тек бір бөлігін – жүргізілген зерттеулер тізімі мен сараптаманың негізгі қорытындыларын ғана жариялауға шешім қабылдаған.
Жарияланған материалдарға сәйкес, Навальныйдың ағзасынан атропин және әдетте жәндіктерден қорғануға арналған репеллент ретінде қолданылатын диэтилтолуамид заты табылған.

😁2
«Өзі барсын»: америкалықтар Трамптың ұлын соғысқа жіберуді талап етуде
Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың кіші ұлы – 19 жастағы Бэррон Трампты америкалық армия қатарына жіберуге шақыратын сатиралық сайт пайда болды. Жоба АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары аясында іске қосылған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде #SendBarron («Бэрронды жіберіңдер») хэштегі тарай бастады.
Талқылауға АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасап жатқан Epic Fury әскери операциясы себеп болған. БАҚ мәліметінше, осы оқиғалар барысында жеті америкалық әскери қызметкер қаза тапқан.
Трамп әскери қызметкерлердің қазасынан кейін сынға ұшырады
Осы жағдайдан кейін Дональд Трамптың әрекетіне қатысты сын көбейді. Шабуылдардан көп ұзамай өткен Құрмет медалін табыстау рәсіміндегі қысқа сөзінде ол қаза тапқан сарбаздар туралы аз айтып, Ақ үйде жаңа бал залын салу жоспарын көбірек сөз еткеніне көбінің назары ауған.
Осыдан кейін желіде саясаткердің өз ұлы майданға жіберілсе, соғысқа қалай қарайтыны жөнінде пікірталас басталды. Осыны пайдаланған South Park сериалының бұрынғы сценарисі Тоби Мортон DraftBarronTrump.com атты сатиралық сайтты іске қосты. Ол қысқа уақыт ішінде кең таралып кетті.
Сайтта ирониялық түрде Бэррон Трампты әскери қызметке жіберу ұсынылады. Авторлар Трамптың «батылдығын» және «тұқым қуалайтын гендерін» әжуалай отырып, оның ұлын елді қорғауға мінсіз кандидат ретінде сипаттайды.

👏9❤1
«Зорлық көрген әйелдер шетелге кетіп жатыр»: Қазақстан заңы оларды неге қорғай алмай отыр?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшейтілгеніне қарамастан, әйеліне жұдырық ала жүгіретіндер мен балаға зорлық-зомбылық көрсететіндер тиісті жазаға тартылмай жатқаны, заңның әлсіз тұстары мен құзырлы органдардың әрекетсіздігі жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Ulysmedia.kz тілшісі белгілі құқық қорғаушыларды сөзге тартып, әйелдер мен балалар құқығының аяқ асты болуына не себеп екенін сұрап білді.
Зәбір көрген әйелдер қоғамдық ұйымдар мен қорлардан көмек сұрауға мәжбүр
Белгілі құқық қорғаушы, "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, зәбір көрген әйелдер қоғамдық қорлар мен ұйымдарға жиі жүгінетін болған. Өйткені, полиция жазалаушы органға айналған.
- Халық полицейлерден қорқады. Өйткені, олар көп жағдайда әрекетсіздік танытып, ықпалды туысы бар тирандарды жақтап шығады. Яғни әйел күйеуінің жоғары жақта, мысалы прокуратурада, мемлекеттік органда, әкімдікте, полицияда байланысы барын білгенде шарасыздықтан бізге жүгінеді. Ақшасы мен арқа сүйейтін көкелері бар еркек әйелді жеңетіні айтпаса да түсінікті. Бұл жерде сонымен қатар жүйе күресі жүреді. Адам өзінің құқығын қорғамақ болғанда бүкіл жүйе оған қарсы шығады. Барлық жерде бәрі бір-бірінің артын жабады. Бұл ең сорақы құбылыс. Бұл балаларға қатысты болғанда қиын. Екіншіден, біз әйелдерге жан-жақты кеңес береміз. Оларға жүйенің қарсылығын, не болатынын және қалай қорғану керектігін бәрін талдап береміз. Адвокат, психолог тауып, материалдық тұрғыдан көмек көрсетеміз. Күрес жүріп жатқан уақытта адам әлсіз болады, жұмысынан, туыстарының қолдауынан айырылады. Сондықтан әйелдің атына халықтан ақша жинап қолдау көрсетеміз. Туыстардың көбі даудан қашады, оған қарсы шығып, өзіне қысым көрсетуі мүмкін. Адам жалғыз қалады. Жүйе де оған қарсы шығады. Осындай жағдайда біз секілді қоғамдық қор, ұйымдар керек, - дейді ол.

🤷♂1❤1
Наркоарна кассирі немесе ондаған миллион қайда кетті
Ақтауда бірнеше айдан бері есірткі бизнесімен байланысты «трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ» туралы резонансты іс қаралып жатыр. Әңгіме шамамен екі миллиард теңге төңірегінде болып отыр. Айыпталушы орындығында наркобарон да, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы да емес, қарапайым кассир Өнербек Әмірқұлов отыр. Тергеу оны қылмыстық схеманың бір бөлігі болған деп есептейді.
Алайда сот процесі алға жылжып, ақ-қара айқындалған сайын бұл істе түсініксіз жайттар көбейіп келеді.
Ulysmedia.kz тілшісі сот отырыстарына қатысып, дәлелдердің қалай зерттеліп жатқанын бақылады. Көрген жайттар көптеген сұрақ тудырады.
Бәрі неден басталды?
2025 жылдың 26 наурызында Шымкенттегі «Нұрбанк» филиалында арнайы операция өтеді. Банкке күштік құрылым қызметкерлері кіріп келіп, бірнеше адамды ұстайды. Солардың арасында Өнербек Әмірқұлов та бар.
Оның сөмкесінен ірі көлемдегі сома - бір миллиардтан астам теңге және 176 мың доллар табылған. Тергеу бірден бұл қаражат есірткі саудасынан түскен табыс екенін және Әмірқұлов Telegram арқылы синтетикалық есірткі сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар екенін мәлімдейді.
Бұл ақпарат көп ұзамай жария түрде таратылады. 2025 жылдың наурызында-ақ Маңғыстау облысының прокуратурасы мен Бас прокуратура «трансұлттық наркожелінің әшкереленгенін» ресми түрде хабарлаған. Алайда сол кезде сот процесі әлі басталмаған еді.
Ал қазір сот барысында істен көптеген күмәнді жайттар шыға бастады.

❤2🤯2🤷♂1
Министрлік сапасыз тұрғын үй мәселесін толық шеше алмай отыр
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ulysmedia.kz тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрінен Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйлердің сапасы неге төмен екені және бұл мәселе қашан шешілетіні туралы сұрады.
Бақылау күшейеді, бірақ кейінірек
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Құрылыс кодексі қабылданғанын айтып, оның барлық тұрғын үй құрылысына, соның ішінде әлеуметтік баспанаға да бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.
– Кейбіреулер Құрылыс кодексі құрылыс компанияларын қорғайды деп айтты. Меніңше, керісінше. Алдағы екі айда қабылданатын заңға тәуелді актілермен бірге бұл кодекс құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Біз көптеген бақылау тетіктерін енгіздік. Енді құрылыс жүріп жатқан кезде объектіге барып, қажет болса лицензияны тоқтатуға дейін шара қолдануға болады, – деді министр.
Жаңартылған кодекске сәйкес, ғимараттарды пайдалануға қабылдау процесіне қатысатын органдардың тізімі де кеңейтілген. Алайда соған қарамастан, министрлік өңірлердегі тұрғын үй сапасына тікелей жауап бермейді.

🤬3😡1
Коммуналдық қызметтер тарифі 1 сәуірден бастап өсе ме?
Өткен жылы қазанда коммуналдық қызмет тарифтеріне енгізілген мораторий 2026 жылғы екінші тоқсанда, яғни 1 сәуірден бастап тоқтайды. Ulysmedia.kz тілшісі алдағы уақытта баға қаншалықты өседі деген сұраққа жауап іздеп, әр тараптың ұстанымын саралап көрді.
Тарифтерді көтеру шешімі коммуналдық кәсіпорындардың өтінімі негізінде қабылданады
Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарифтерді түзету мәселесі қажеттілік туындаған жағдайда қаралатынын айтады.
- Өзгерістер әрбір табиғи монополия субъектісі бойынша жеке-жеке талданады. Бұл талдау экономикалық тұрғыдан негізделген, құжаттармен расталған өтінімдерге сүйене отырып және олардың қызметінің өзіндік құнының қалыптасуына әсер ететін факторларды ескере отырып жүргізіледі. Тарифтердің өзгеру динамикасы берілген өтінімдерге, факторлардың әсеріне, инфрақұрылымның техникалық жағдайына, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты болады. Сонымен қатар, тарифтерді үкімет бекіткен инфляциялық дәліз шегінде арттыруға рұқсат етіледі", - дейді комитет.

🤔2
ULYSMEDIA.KZ
Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды Мән-жай Дереккөздердің мәліметінше, Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіті Атыраудағы «Геолог» шағын ауданындағы уақытша үйдің бірінің ауласынан табылған. Бұрын бұл жерде күдікті Сұлтан…
Бір үйдің төрт адамы өлі табылды: полиция қылмыс себебін айтты
2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің, сондай-ақ олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен болатын.
Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылды.
- Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Атырау қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, ағасы мен оның отбасы ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай жүргенін айтты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде өлтірілген адамдардың мәйіттері әртүрлі жерлерден көмілген күйде табылды, - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
6 қаңтарда тергеу әрекеттері барысында үйдің шаруашылық құрылысының ішінен отбасының әкесі мен анасының мәйіттері табылды. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, балаларды іздестіру жалғасты. Қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге 29 жастағы ер адам, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласы жарияланды. Онымен бірге халықаралық іздеуге ерлі-зайыптылардың кіші қызы да берілді. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
- Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Индонезия Республикасындағы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, аталған елдің аралдарының бірінде Атырау облысындағы қылмысқа күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға депортацияланып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Қанат Нұрмағамбетов.
Күдікті Индонезияда ұсталды. Онымен бірге отбасының кіші қызы да анықталды. Ұсталғаннан кейін ер адам кінәсін мойындады. Оның көрсетуімен жедел-тергеу тобы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізді. Атыраудағы үй ауласын тексеру барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың мәйіттері табылды.
- Қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болған. Тергеу екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізілуде, іс министрліктің бақылауында, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

❤2🤔1