ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
«Өзі барсын»: америкалықтар Трамптың ұлын соғысқа жіберуді талап етуде

Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың кіші ұлы – 19 жастағы Бэррон Трампты америкалық армия қатарына жіберуге шақыратын сатиралық сайт пайда болды. Жоба АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққылары аясында іске қосылған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде #SendBarron («Бэрронды жіберіңдер») хэштегі тарай бастады.

Талқылауға АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе соққыларын жасап жатқан Epic Fury әскери операциясы себеп болған. БАҚ мәліметінше, осы оқиғалар барысында жеті америкалық әскери қызметкер қаза тапқан.

Трамп әскери қызметкерлердің қазасынан кейін сынға ұшырады

Осы жағдайдан кейін Дональд Трамптың әрекетіне қатысты сын көбейді. Шабуылдардан көп ұзамай өткен Құрмет медалін табыстау рәсіміндегі қысқа сөзінде ол қаза тапқан сарбаздар туралы аз айтып, Ақ үйде жаңа бал залын салу жоспарын көбірек сөз еткеніне көбінің назары ауған.

Осыдан кейін желіде саясаткердің өз ұлы майданға жіберілсе, соғысқа қалай қарайтыны жөнінде пікірталас басталды. Осыны пайдаланған South Park сериалының бұрынғы сценарисі Тоби Мортон DraftBarronTrump.com атты сатиралық сайтты іске қосты. Ол қысқа уақыт ішінде кең таралып кетті.

Сайтта ирониялық түрде Бэррон Трампты әскери қызметке жіберу ұсынылады. Авторлар Трамптың «батылдығын» және «тұқым қуалайтын гендерін» әжуалай отырып, оның ұлын елді қорғауға мінсіз кандидат ретінде сипаттайды.

Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар

📱Ұлысқа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏9❤1