ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
20K photos
5.76K videos
2 files
24K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Шакира Орталық Азиядағы алғашқы концертін Бішкекте өткізеді

Шакира алғаш рет Орталық Азияға концерттік бағдарламамен келеді. Әншінің концерті 2026 жылғы 18 қазанда Бішкектегі Bishkek Arena стадионында өтеді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев мәлімдеді. Концерттің күні әншінің ресми сайтында да жарияланған

Толығырақ осы сілтемеде.
👍2🤮2
"Ұятсыз": Головкин Азия ойындарында журналистпен сөзге келісіп қалды

Қазақстандық спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинмен сөзге келгенін айтты. Оның сөзінше, бокс жарыстарынан кейін Головкинге сәлемдесу үшін барған кезде, одан «ұятсыз» деген сөз естіген

Толығырақ осы сілтемеде.
👍4💩3
Елдос Сметов Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті

Толығырақ осы сілтемеде.
👏3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Nvidia, OpenAI, Anthropic, Google, Meta және xAI компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесуде жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты ерікті келісімге қол қойылды.

⚡️ МӘН-ЖАЙЫ

Келісім заңмен міндеттелмейді. Компаниялар өздерінің AI жүйелеріне ішкі бақылау жүргізуге, тәуекелдерді бағалауға және тәуелсіз сыртқы аудиторлар мен сарапшыларды тартуға міндеттеме алды. Сондай-ақ компаниялардың директорлар кеңесі бұл бақылау жұмыстарына қадағалау жасауы тиіс.

Трамп әкімшілігі әзірге AI саласын жаңа федералдық заңдармен реттеуден гөрі, технологиялық компаниялардың өзін-өзі реттеуіне басымдық беріп отыр. Келісімнің өзінде болашақта бұл талаптарды заң немесе ереже ретінде бекіту қажет болуы мүмкін екені айтылған.

Сонымен қатар Трамп атқарушы жарлыққа қол қойып, АҚШ-тың федералдық органдарына ресми құжаттар мен коммуникацияларда «Artificial Intelligence» және «AI» атауларының орнына «Super Intelligence» және «SI» терминдерін қолдануды тапсырды.

https://t.me/ulysmedia
Ұшқыштар кабинада төбелескен: Flydubai рейсіндегі оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai ұшағы шұғыл қонғаннан кейін оқиғаға қатысты бірнеше болжам айтылды. Ұшақ бортында ұшқыштар арасында төбелес болғаны ресми түрде расталды. Ал Израиль БАҚ-тары оқиғаның бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін жазып жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
ULYSMEDIA.KZ
Ұшқыштар кабинада төбелескен: Flydubai рейсіндегі оқиғаның мән-жайы белгілі болды Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған Flydubai ұшағы шұғыл қонғаннан кейін оқиғаға қатысты бірнеше болжам айтылды. Ұшақ бортында ұшқыштар арасында төбелес болғаны ресми түрде расталды.…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
FZ1073 рейсі Дубайдан Тель-Авивке ұшып шыққан. Иордания аумағының үстімен ұшып бара жатқан кезде әуе кемесі бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясы бағытына бет алған.

Flightradar24 мәліметінше, экипаж әуелі жалпы апаттық жағдайды білдіретін 7700 кодын, кейін бортқа заңсыз араласу болуы мүмкін екенін білдіретін 7500 кодын берген. Артынша Boeing 737 қайтадан апат сигналын жіберіп, Табук әуежайына аман-есен қонған.

Израиль шенеунігі Reuters агенттігіне оқиғаға ұшқыштар арасындағы төбелес себеп болғанын айтты. Оның сөзінше, бұл ұшақты басып алу әрекеті емес.

https://t.me/ulysmedia
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бавария премьер-министрінен сыйлық: Тоқаевқа футбол клубының жейдесі табысталды

Мюнхенде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Баварияның Премьер-министрі Маркус Зёдермен кездесті. Кездесу футболға қатысты сыйлықтан басталды: Маркус Зёдер Мемлекет басшысына «Бавария» футбол клубының жейдесін табыстады.

Одан кейін тараптар келіссөз өткізді. Кездесуде Қазақстан мен Бавария арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан үшін Бавариямен серіктестікте технология трансфері, бірлескен өндірістер құру, инженерлік құзыреттерді дамыту және шикізатты терең өңдеу бағыттары маңызды.

Алдағы уақытта Мюнхенде Қазақстан-Бавария технологиялық форумы өтеді. Оған екі тараптың бизнес өкілдері қатысады.

https://t.me/ulysmedia
🤮4❤3
Қазақстанда кейінгі 85 жылдағы ең ыстық жаз тіркелді

2026 жылдың жазы Қазақстанда 1941 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық жаз ретінде тіркелді. Ел бойынша орташа ауа температурасы +23,7 °C болды. Бұл климаттық нормадан екі градустан астам жоғары

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔1
Боранбаевтан мемлекетке өткен мұнай компаниясы тағы да иесіз қалды

«ҚазМұнайГаз» олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған бұрынғы мұнай компаниясындағы үлесінен айырылды. Ұлттық компания үш жыл ішінде бірнеше рет иесі ауысқан Phystech II компаниясының акционерлер құрамынан шықты

Толығырақ осы сілтемеде.
Қазақстан Азия ойындарындағы боксшылардың екі жеңілісіне қатысты шағым түсірді

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы екі бокс жекпе-жегінің төрешілік шешіміне наразылық білдірді. Федерация Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жеңілгеннен кейін World Boxing ұйымына шағым жолдады

Толығырақ осы сілтемеде.
Доллар қайтадан 440 теңгеден асты

30 қыркүйектегі Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 440 теңгеден асты

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥2
Қазақстан Қашаған операторынан триллион теңгелік айыппұлды өндіріп алмақ

Қазақстан Қашаған кен орнын игеруші оператордан 2,3 триллион теңге (5,2 миллиард доллар) көлеміндегі айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу рәсімін қайта бастады

Толығырақ осы сілтемеде.
Каспийдегі әскери трагедия туралы жазғандарға полиция қоңырау шалмады – ІІМ

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Каспий теңізінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына қатысты Threads желісіндегі сыни жазбалардың авторларына полиция қызметкерлері хабарласты деген ақпаратты жоққа шығарды

Толығырақ осы сілтемеде.
😁3
ULYSMEDIA.KZ
Әскерге шақырылғаннан кейін 20 күнде көз жұмған сарбаздың отбасы істі қайта қарауды талап етті Ол кезде Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің өліміне қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатқан. Арада тоғыз ай өткен соң Даниярдың туыстары редакцияға қайта хабарласып…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әскерге шақырылғаннан кейін 20 күнде көз жұмған сарбаздың отбасы істі қайта қарауды талап етті

Қаңтар айында Ulysmedia.kz әскерге шақырылғаннан кейін бір айға жетпей қайтыс болған Данияр Амалбековтың оқиғасын жазған еді. Ол кезде Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің өліміне қатысты қылмыстық тергеу жүріп жатқан. Арада тоғыз ай өткен соң Даниярдың туыстары редакцияға қайта хабарласып, жас жігіттің өліміне ешкім жауапқа тартылмағанын айтты. Қылмыстық іс тоқтатылған.

Әскери қызметшінің өлімінен кейін Шымкентте қылмыстық тергеу басталған. Іс адам өліміне әкеп соққан салғырттық фактісі бойынша әскери бөлім басшылығына қатысты қозғалған.

Шамамен екі апта бұрын отбасыға тергеудің тоқтатылғаны хабарланған. Амалбековтер бұл шешіммен келіспейді. Олар Даниярдың өліміне ешкім жауап бермей қала ма деп алаңдайды.

Туыстары Даниярдың әскерге дені сау болып кеткенін, алайда бірнеше күннен кейін-ақ іші ауыратынына шағымдана бастағанын атап өтті. Енді олар оның жағдайының неліктен соншалықты тез нашарлағанын, оған медициналық көмек уақытында көрсетілді ме және сол кезде сарбазға кім жауапты болғанын білгісі келеді.

Ulysmedia.kz қылмыстық істің не себепті тоқтатылғанын анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған. Материал жарияланған сәтте редакцияға жауап келмеген.

https://t.me/ulysmedia
😢1
🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуында сөз сөйледі
 
Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Баварияны технологиялық прогресс пен өнеркәсіптік жетістіктері бай мәдени мұрасымен, берік дәстүрлерімен және жаңашылдық рухымен үйлесім тапқан бірегей өңір деп атады.
 
– Неміс бизнесі елімізде мықты сапасымен, сенімділігімен және технологиялық артықшылығымен жоғары бағаланады. Бүгінде экономикалық байланыстарды тереңдетуге барлық мүмкіндік бар. Бұл ретте Еуропаның жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі, инженерия мен жоғары технологияның орталығы ретінде дүние жүзі мойындаған Баварияның алатын орны ерекше. Біздің азаматтарымыз үшін «Германияда жасалған» деген белгі әрқашан сапа мен сенімділік синонимі саналады. Дәл осы себепті Мюнхенге арнайы келіп, Баварияның саяси басшылығымен және іскерлік орта өкілдерімен тікелей диалог құрғанды жөн деп ұйғардым, – деді Президент.
 
✔️Мемлекет басшысы Бавария Германияның федералдық жерлері арасында Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін айтты.
 
– Қазақстан бұл аймаққа, негізінен, мұнай, ферроқорытпа, болат, мыс, алюминий, бейорганикалық химиялық заттар, майлы дақылдар, бидай және басқа да тауарлар экспорттайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://t.me/ulysmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮3❤2👎2🔥2👍1🤬1
Елдің бірнеше өңірінде жаңбыр аралас қар жауады

Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤3