ULYSMEDIA.KZ
6.09K subscribers
19.9K photos
5.75K videos
2 files
23.9K links
📱 ULYSMEDIA APP — АШУ → https://t.me/ulysmedia_app_bot/app
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Оқулықтардағы "Нұр-Сұлтан" атауы қашан өзгереді?

Қазақстан мектептеріндегі кейбір оқулықтарда елорданың бұрынғы атауы әлі де кездеседі. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын және баспаларға қателерді түзетуге уақыт берілгенін айтты.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤣4❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украинадағы соғысқа тап болған қазақстандықтарды елге қайтару оңай болмай тұр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейге жұмыс істеуге барып, Украинадағы соғысқа тап болған азаматтарды елге қайтару мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда бұл процесс түрлі қиындықтарға байланысты созылып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Әшікбаев мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬7❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Жәрдемақыдан бас тартуға дайынмын" – депутат Құспеков "ауқатты" отбасыларға төленетін көмек туралы

Құрылтай депутаты Олжас Құспеков мемлекеттік әлеуметтік көмектен бас тартып, оны шынымен мұқтаж жандарға беруге дайын екенін мәлімдеді. Ол журналистердің 2027 жылдан бастап күшіне енетін жәрдемақы тағайындаудың жаңа ережелері, соның ішінде бала тууына байланысты төлемдер туралы сұрағына жауап берді.

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔3😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бозымбаев пен Смайылов Каспийде сарбаздар қаза тапқаннан кейінгі тексерулер туралы айтты

Каспийде 14 әскери қызметшінің қаза тапқанына үш аптаға жуық уақыт өтті. Алайда тергеудің түпкілікті қорытындысы әлі жарияланған жоқ. Қорғаныс министрлігін ауқымды тексеру де аяқталған жоқ.

Толығырақ осы сілтемеде.
❤3🤮2🥴2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украинаға сапар кезінде соғыста қаза болған Әзірбайжан азаматы Оруджов Афганның анасын кездестірдік. Ол баласын еске алуға келген.

📹Украинадан арнайы репортажды Ұлыстың YouTube-арнасынан көріңіз.
🔥3
Алматыдағы физика-математика мектебінің 48 оқушысы уланған: қылмыстық іс қозғалды

Алматы полициясы Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай уланғаннан кейін қылмыстық іс қозғады. Тергеуді Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр

Толығырақ осы сілтемеде.
👍2❤1
Қанша қазақстандық жәрдемақыдан қағылуы мүмкін: Үкімет алдын ала есеп ұсынды

ҚР ұлттық экономика министрі – премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин табысы жоғары қазақстандық отбасылардың болжамды санын жариялады

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔3
"Бәйтерек" бір триллион теңгені игеріп үлгермей жатыр, бірақ оған тағы 648 миллиард теңге бөлінбек

«Бәйтерек» ұлттық холдингіне бюджеттен бір триллион теңге бөлінгенімен, тамыз айына дейін оның аз ғана бөлігі игерілген. Соған қарамастан, келесі жылы холдингке тағы 648 миллиард теңгеге жуық қаражат беру жоспарланып отыр. Құрылтай отырысында депутаттар «Бәйтеректің» бөлінген қаржыны уақытында игеріп, берген уәдесін орындай алатынына күмән келтірді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4
Сейсмологияға 76 млрд теңге қажет: әзірше небәрі 2,4 млрд теңге бөлінген

Құрылтайда төтенше жағдайлар министрі Қазақстандағы сейсмология саласын дамытуға қажетті қаражаттың небәрі 7 пайызы бөлінгенін мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
👎4
Жаңбыр мен қар жауады: 15-17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Шығыста көктайғақ болып, түнде ауа температурасы -11 градусқа дейін төмендейді. Тек елдің орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Толығырақ осы сілтемеде.
Үкімет ең төменгі жалақыны әзірше көтермейді, бірақ бұл түпкілікті шешім емес

Бұл туралы Құрылтайда өткен брифинг кезінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
😡2
Қазақстан U23 әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетті

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді

Толығырақ осы сілтемеде.
❤4🔥1
Қазақстанда зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу жеңілдетілді. 24 қазаннан бастап азаматтар бір өтініш арқылы бірден үш төлемді: БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақыны, базалық зейнетақыны және жасына байланысты зейнетақыны тағайындай алады. Бұған дейін әр төлем үшін бөлек өтініш беру қажет болған

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔3💩3
Ресейде Яндекстен кейін Сбербанктің деректер орталығына дрондар шабуыл жасады

Ресейде дрон шабуылына Сбербанктің деректерді өңдеу орталығы ұшырады. Компания шабуыл болғанын растады, алайда барлық қызметі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді

Толығырақ осы сілтемеде.
🔥12👍1
"Отбасымыз, бала-шағамыз бар": медицина қызметкерлері жалақының кешігіп жатқанына шағымданды

Алматы облысындағы перинаталдық орталықтың қызметкерлері Қазақстан президентіне видеоүндеу жолдады. Медицина мамандары әлі күнге дейін жалақы алмағанын айтып, мекемеге тексеріс жүргізуді сұрады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы төлемнің кешігуін қаржыландыру мәселелерімен түсіндірді

Толығырақ осы сілтемеде.
🤬4🔥1😁1
Қазақстан Қарашығанақтағы мұнай өндіруді қайта қалпына келтірді

Қарашығанақ кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды. 1 қазаннан бастап кен орнында мұнай өндіру тұрақты деңгейге шықты

Толығырақ осы сілтемеде.
🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Құрылтайда Олжас Бектенов «бай азаматтар мемлекеттен көмек алмауы керек» деп мәлімдеді.

Ulysmedia тілшісі брифингте Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен қарапайым халықты байлар санатына қосып, әлеуметтік көмектен айырмайсыздар ма деп сұрады. Министр Премьер-министрдің пікірімен келісетінін айтты. Алайда бұл шешім бюджетке қанша қаражат үнемдейтіні, үнемделген ақша қайда жұмсалатыны туралы нақты сандар келтіре алмады.

Ал «Өзіңізді баймын деп санайсыз ба?» деген сұраққа жауап беруден бас тартып, мұны жеке мәселе деп атады.

https://t.me/ulysmedia
🔥5💩2😡2
🤷‍♂1❤1🤮1
"Газпром нефть – Қазақстан" экс-басшысы Қырғызстан президенті болуға ниетті

14 қазанда Аймен Қасенов Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берді. Көрші елде президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Мемлекет басшысы лауазымына үміткер болғысы келетіндер құжаттарын 13 қарашаға дейін тапсыра алады

Толығырақ осы сілтемеде.
😁4