СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
Бүгін Қазақстан оқушылары арасындағы Х-шы қысқы Гимназиаданың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанұлы Нығыметов қатысып, премьер - министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың атынан құттықтау сөз сөйледі.
Гимназиадаға еліміздің әр облысынан 13 құрама командасы, 17 жастан және одан кіші жастағы 1300 бала биатлон, шайбалы хоккей, қысқы президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау спорт түрлері бойынша қатысып отыр.
Гимназиада өткізу - бұл дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту үшін өте маңызды оқиға. Бірінші жарыс (конькимен жүгіру спорты) қорытындысы бойынша СҚО қыздары 1 орын, Қостанай облысы-2 орын, Алматы қаласы-3 орынды иеленсе , ал Алматы қаласының ұлдары - 1 орынды, Қостанай облысы-2 орын, СҚО-3 орынды иеленді.
Сәттілік, жаңа жеңістер тілейміз!
******************************* Сегодня в церемонии открытия Х-ой зимней Гимназиады среди школьников Казахстана принял участие заместитель акима области Ныгыметов Гани Сактаганович с приветственной речью от имени заместителя премьер- министра Тугжанова Ералы Лукпановича.
Всего в Гимназиаде участвуют 13 сборных команд из разных областей нашей страны в количестве 1300 участников в возрасте от 17 лет и младше по следующим видам спорта: биатлон, хоккей с шайбой, зимнее президентское многоборье, лыжные гонки, зимнее спортивное ориентирование.
Проведение Гимназиады –знаковое событие, имеющее исключительно большое значение для дальнейшего развития физической културы и спорта. Примечательно, что по итогам первых соревнований (конькобежный спорт) девушки СКО заняли 1 место, Костанайская обл-2 место, г.Алматы-3 место, а юноши г.Алматы- 1 место, Костанайская обл-2 место, СКО-3 место. Желаем новых побед!
🇰🇿Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы аясындағы шайбалы хоккей жарысының ашылу салтанаты өтті.

Петропавл қаласы, А.Винокуров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан жарыс Шығыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысының жас хоккейшілері арасындағы тартысты ойынмен басталды.

🌟🏆Шайбалы хоккей жарысына 9 өңірден 180 оқушы қатысуда, жарыс 5 наурызға дейін жалғасады.

Толығырақ төмендегі сілтеме бойынша біле аласыздар👇🏻
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=786599458626729&id=100018300452962
🇰🇿Х ҚЫСҚЫ ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИАДАСЫ: ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

📆Бүгін Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы аясындағы шайбалы хоккей жарысының ашылу салтанаты өтті. Шараға ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры ЕсентаевТастанбек Құтжанұлы, Солтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов қатысты.

🏒Петропавл қаласы, А.Винокуров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан жарыс Шығыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысының жас хоккейшілері арасындағы тартысты ойынмен басталды.

🌟🏆Шайбалы хоккей жарысына 9 өңірінен: Алматы қ., Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 180 оқушы қатысуда, жарыс 5 наурызға дейін жалғасады.
Құрметті Солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Наурыздың алғашқы күні - Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Бұл күн ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясаттың атаулы күні.
Алғыс айту күні – ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, бүкіл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелі қазақ жеріне деген ризашылықтың белгісі.Аталмыш мерекені пайдалана отырып әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейміз!
Құрметпен СҚО білім басқармасы
Согласно Постановлению главного санитарного врача РК №9 от 27 февраля 2021 года со 2 марта 2020-2021 учебного года, продолжается обучение в традиционном формате в городских и сельских школах с контингентом до 300 учащихся.
Также без изменений остается обучение выпускников 9, 11 классов, то есть 70% предметов - в штатном режиме, 30% - в дистанционном, в течение 6 дней с наполняемостью классов не более 15 человек.

Что касается обучения в 1-5 классах.
С завтрашнего дня, 2 марта 2021 года, с 1 по 5 класс будет организовано обучение в комбинированном формате. Это значит, что учащиеся дежурных классов будут заниматься в школе полными классами.
Индивидуально по заявлению родителей будет организовано обучение в дистанционном формате в случае болезни ребенка, родителей или людей из близкого окружения.
Таким образом, постепенно возобновляется работа школ в обычном режиме, то есть в зависимости от наполняемости и проектной мощности (не превышать 30% единовременного нахождения учеников в школе) учебный процесс при необходимости будет организован в 2 смены.
Құрметті ата-аналар!

Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар.

Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады.

Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын.

Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім.
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
Уважаемые родители!

Относительно школьной формы решение принимаете сами.

Дети могут прийти в школу в школьной форме или же в другой удобной, опрятной одежде, по возможности ближе к классическому стилю.

В Министерстве образования и науки еще в начале учебного года был подписан приказ, который в текущем учебном году предоставляет родителям возможность самостоятельно принимать решение. Это сделано для удобства школьников и родителей в условиях карантинных ограничений.