СҚО әкімдігінің білім басқармасы / Управление образования акимата СКО
1.23K subscribers
862 photos
90 videos
5 files
183 links
Download Telegram
📚 Кітапқа құштар мектеп

💡 "Оқу мектебі" шарасының аясында Қызылжар Абай орта мектебінде «ReadX» ұйымдастырылды. Мектеп директоры Бауыржан Туленов «ReadX» форматында мектеп ұжымын «Четырехмерное образование» атты кітаппен егжей-тегжейлі таныстырды.

🙌 Аталмыш туындының авторлары шетелдік Ч. Фейдл, М. Бялик және Б. Триллинг. Туындыда авторлар білім беру жүйелерін сынақтан өткізіп қоймай, кемшіліктерін орынды анықтай алды. Оқырман назарына болашақ моделі ұсынылды. Кейіннен кітап мұғалімдер арасында да талқыланып, білім беру процесін қалай модернизациялауға болатыны туралы ой қозғалды. Жалпы мектеп ұжымы бұл шарадан үлкен әсер алды.

✔ – «Кітап - терең білім мен ұшқыр ойды қалыптастыруға арналған ең қажетті құрал. Білікті педагог осы дәстүрлі құралды өздігінен даму мен жан-жақтылық принциптерін іске асыру үшін қолдана алады. Ұжым үшін бүгінгі шараның маңызы зор болды. Осы кітаптың таңдалуы да өте дұрыс бағыт деп ойлаймын», – дейді тарих пәнінің мұғалімі Карина Хайрушева.

📚 Читающая школа

💡 В рамках проекта «Читающая школа» в школе было проведено мероприятие «ReadX». Директор школы Туленов Бауыржан Алтаевич ознакомил коллектив школы с книгой «Четырехмерное образование».

💫 Как вам известно авторами данной книги Авторами данной книги являются Чарльз Фейдл, Майя Бялик и Берни Триллинг. Авторы книги провели анализ существующих систем образования разных стран и определили проблемы с которым сталкивается глобальное общество.

🤓 Особенно интересными для читателя являются прогнозы авторов о будущей модели учебных программ и систем образования. Участники мероприятия обсудили основные идеи данной книги.

🗨 - Обсуждение книги "Четырехмерного образования" позволило разносторонне пересмотреть множество аспектов в области мирового образования, в том числе и различные статистические данные, потребности и вызовы стоящие перед нами на сегодня и приоткрыло завесу на завтра. Достаточно позновательная книга показывает мировые тенденции и пути развития соременного образавания. Я обязательно прочитаю эту книгу, - поделился после мероприятия учитель информатики Мурат Курмангалиев.

#ҚызылжарАбайортамектебі
#Nisprogramm
#Читающаяшкола
#books
#libraryschool
#школа