РАМЗАННЫҢ МҰРАГЕРІ МОРТ СЫНДЫ
Осы неме көп есіріп кетіп еді. Көтені көктен келіпті.
“Кавказ. Реалии” дерегінше: Шешенбасының кіші ұлы Адам Қадыров Грозныйда көлік апатына ұшырады. Қазір ауруханаға жеткізілген. Жағдайы мәз емес.
Әлгінде ғана осы Адам Рамзанбаласы: “Бұйырыңдар, оңбаған Зеленскийді бұтын-бұт, қолын-қол қылып, Мадуро секілді тұтқындап келем”, деп көпіріп жатыр еді…
Бұл 18 жастағы бала ғой. Көзін ашып көргені - Рамзанның есірме билігі, дүние-байлығы мен еркелігі. Бұл туғанда Рамзан Шешенстанның “и.о. президенті” болып үлгерген. Оған дейін билік атасында болды.
Атасы мен әкесі қатар-қатар бодандағы білдей бір республиканы басқарып жатса, бұл бала есірмей, кім есірсін енді?! Бұл есіргеніңіз не, тойынды. Бытпыйып семірді. Еркелікке семірді. Билікке семірді. Атақ-мансапқа семірді. Қараңыз:
18-дегі бұл Адам - Шешенстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, қазір. Ресейдің бүкіл заң-законын бұтқа қыстырып қойып, 15 жасында Шешенстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білдей бөлім бастығы болған. Кейін Шейх-Мансұр атындағы арнайы жасақ батальонын басқарып, одан көп ұзамай Гудерместегі Ресейдің В.В.Путин атындағы ең элиталық арнайы жасақ (спецназ) университетіне жауапты басшы болған. Қазір Шешенстанның ІІМ-і осының айтқанын істеп, бас шұлғып отыр (кураторы осы Адам).
Мұндай жауапты бастықтың кеудесінде орден-медаль тұрмаса, ол бастық па? Содан 2023 жылдан бастап марапатқа шомылды. Тіпті ол жағынанын Солтүстік Корейдің шал-шауқан генералдарымен әне-міне, жарысқа түсуге жарап тұр. Қараңыз:
Шешенстаннан бақандай 4 Орден алған. Шешенстанның Халық Батыры деген жұлдыз бұның кеудесіне түк ауырлық етпеген.
Алдында семіздігіне қарамай әкесінің атын саудалап жүріп, ережесіз жекпе-жектерге шығып жүрген. Өліп таяқ жесе де, төрешілер “Адам жеңді” деп осының қолын көтеретін. Бұл болса мәз. Өзінің жеңісіне һәм “мықты спортшы” екеніне өзі сеніп жүрген.
Бір жолы Құдай атып, Никита Журавлев деген шығып, Құранды өртеп, басы бәлеге қалды. Содан сол соры қайнағыр Журавлевті Рамзанның осы баласы полиция бөлімшесінде итшелеп сабаған. Рамзан Адамның бұл тірлігін “ерлік” деп атап, “Шешен батыры” деген атақты бере салған.
Ресей субьектілерінен де сұрап-сұрамай алғандары аз емес: Татарстаннан “Достық” Орденін, Қарашай-Шеркестен “Өңірге сіңірген еңбегі үшін” Орденін, Балқариядан “Өңірге сіңірген еңбегі үшін” Орденін алған.
Ол аз ғой десеңіз: Росгвардиядан “Жауынгерлік ерлігі үшін” деген Орден таққан. Бұған қоса, Ресейдің қоғамдық ұйымдарынан “Ресей әскерін дамытуға қосқан үлесі үшін”, “Ресейдің еңбек адамы”, “Исламға сіңірген еңбегі үшін”, “Ұлт бірлігіне қосқан үлесі үшін” деген шүлендерді де еш қымсынбай, кеудесін керіп тұрып тағып алған.
Жалпы 18 жасқа жеткенше осындай болған Адамды көп жұрт Рамзанның нақ мұрагері, тақ мұрагері, Шешенстанның үшінші президенті деп жүрген.
Рамзанның өзі де соңғы жылдары қатты шаршағанын ашық көрсетіп жүр. “Келер сайлауға түспеймін”, деп алып, артынан Кремль қабағын шытқан соң: “Президент Путин айтса, әрине сайлауға түсемін”, деп сөзінен секіріп, Шешенстанды мәжбүрлікпен басқарып жүр. Соңғы кездері тіпті, денсаулығы құрып, бет-аузы гүп боп ісіп, жұрт алдына аса таяққа сүйеніп шыққан.
Күні кеше ғана “Рамзанның бүйрегі быт-шыт боп, ауруханаға түсті”, - деген ақпарат шыққан. Артынша ісініп-кеуіп кеткеніне қарамай, Рамзанның өзі шығып: “Уаллахи, дон, еш жерім аурымайды”, деп ақталған.
Сөйткен мұрагер сүрініп құлапты. Сау қалмаса, Рамзанға бәсті басқа ұлдарына тігуге тура келгелі тұр. Ал сау қалса, “сау қалғаны үшін” деген Орден тағып қалар..
Пысы: Адам Қадыровтың апатқа ұшырауына ЖИ-дің жасаған суреті. Дөп шыққан,ә)

❤24👍19👏2💯1
💥Польша армиясының Бас штабы:
- Польша әскерінің санын 2039 жылға дейін 500 мыңға жеткізетін болады. Осылайша, біз Еуропадағы ең қуатты армия жасақтаймыз, - дейді.
Жоспар бойынша, тұрақты әскер саны 300 мың болса, қосалқы әскер саны 200 мың болмақ. Қазір Польша әскерінің саны шамамен 210 мыңға жуықтайды.

👍77😁2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7539

mezgil.kz
Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс
Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі А
👏14😁5❤1🤮1
КЕЛІССӨЗДЕР
Буданов, Умеров пен Арахамия бастаған Украина делегациясы АҚШ-қа барды...
Украина делегациясы АҚШ-тың арнайы өкілі Уиткоффпен, Трамптың күйеубаласы Кушнермен және Армия министрі Дрисколлмен кездесіп, бейбіт бітімді ақылдасады.
"Украинаға әділетті бейбітшілік керек. Сол үшін жұмыс жасап жатырмыз", — дейді Буданов.

👍55🤔4👏1🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамптың Гренландияға қатысты ұстанымына қарсы Копенгагенде мыңдаған адам митингке шықты.
👍67👏1
МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН ГАЗА...
Ақ үй Газа бойынша «Бейбітшілік кеңесі» мүшелерінің есімдерін жариялады. Кеңесті Дональд Трамп басқарады. Ал өзгелері кімдер?
Уашингтонның әуелгі жоспарына сәйкес, бұл орган стратегиялық қадағалау, халықаралық ресурстарды жұмылдыру және Газа секторын бейбіт жолмен дамыту жөніндегі міндеттемелердің орындалуын бақылауға жауапты болады.
«Құрылтайшылық кеңеске» (founding executive board) 7 адам кіреді. Олар – дипломатия мен құрылыс, экономика салаларының өкілдері және әрқайсысы әртүрлі блокқа жауап береді.
«Атқарушылық кеңеске» (Gaza executive board) 11 адам кіреді. Олар сектордың барлық жұмысы мен жаңа басшылығының жұмысын қадағалайды.
Тони Блер – Ұлыбританияның бұрынғы премьері. Қос кеңеске де мүше.
Марко Рубио – АҚШ-тың Мемхатшысы. Құрылтайшылық кеңеске мүше.
Стив Уиткофф – АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі. Қос кеңеске де мүше.
Жерард Кушнер – Трамптың күйеубаласы, ірі кәсіпкер. Қос кеңестің де мүшесі.
Марк Роуен – америкалық миллиардер, «Apollo Global Management» инвесткомпаниясының қожайыны. Қос кеңеске де мүше.
Аджай Банга – Дүниежүзілік банк президенті. Қос кеңеске мүше.
Роберт Гебриел – АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің орыньбасары. Қос кеңес мүшесі.
Николай Младенов – Болгар саясаткері, БҰҰ-ның Таяу Шығыс бойынша экс-арнайы өкілі. Атқарушылық кеңес мүшесі. Газа бойынша Жоғарғы өкіл. Ол «Бейбітшілік кеңесі» мен Газаны басқару бойынша Ұлттық комитетті (NCAG) байланыстырушы тұлға атынды.
Әли Шаат – Палестина әкімшілігінің бұрынғы өкілі. Ол Газаны басқару бойынша Ұлттық комитетті (NCAG) басқарады.
Рим әл-Хашими – БАӘ-нің Халықаралық қатынастар министрі. Атқарушылық кеңес мүшесі.
Сигрид Кааг – Нидерланды дипломаты, БҰҰ-ның Таяу Шығыс бойынша арнайы координаторы. Атқарушылық кеңес мүшесі.
Хакан Фидан – Түркия СІМ басшысы. Атқарушылық кеңес мүшесі.
Әли әл-Тауади – Катар дипломаты. Атқарушылық кеңес мүшесі.
Хассан Рашад – Мысырдың Бас барлау қызметінің бастығы. Атқарушылық кеңес мүшесі.
Якир Габай – миллиардер, Израиль-Кипр өкілі. Атқарушылық кеңес мүшесі.
Трамптың «Бейбітшілік кеңесіне» қосылу туралы шақыруын Түркия президенті Ердоған мен Мысыр президенті ас-Сиси алып үлгерген.
АҚШ-тың Газа бойынша бейбіт жоспары былтыр қазанда күшіне енген. Бітімнің алғашқы кезеңінде Израиль мен ХАМАС ұрыс қимылдарын тоқтатуға, тұтқындар мен мәйттерді алмасуға және секторға гуманитарлық көмек жеткізуге уағдаласқан. Келісімге қол қойылғанымен, тараптар әлсін-әлсін бітімді бұзып жатыр.
Ал бітімнің екінші кезеңі биыл 15 қаңтарда басталды. Бұл кезеңде ХАМАС пен сектордағы өзге әскери топтар толықтай қаруын тастайды. Ал Израиль сектьрдан шегініп шығады.

🔥15👍8❤5
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
Алматыда түнгі уақытта қар тазалау жұмыстары қатаң бақылауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлайды.
Толық: https://abai.kz/post/210274
https://www.instagram.com/reel/DTngbqijJ2a/?igsh=MnU5cjM3Mnl2NXRh

abai.kz
Алматыда түнгі уақытта қар тазалау жұмыстары қатаң бақылауға алынды
👍16❤1
Трамп Гренландияға қатысты ЕО елдеріне 10 пайыздық тарифтер енгізетінін жариялады.
Трамптың айтуынша: 1 ақпаннан бастап Данияның, Норвегияның, Швецияның, Францияның, Германияның, Ұлыбританияның, Нидерланды мен Финляндияның тауарларына 10 пайыздық тариф енгізілетін болады. Ал 1 маусымнан бастап бұл 25 пайызға көбейетін болады.
Бұл тарифтер Гренландияны толық сатып алу жүзеге асқанға дейін күшінде сақталады.
Трамптың айтуынша, Гренландия АҚШ үшін өмірлік маңызға ие. Өйткені, оны қазір Ресей мен Қытай торуылдап, АҚШ-қа қауіп төндіруде.

👎39🔥8🤡5❤2👍2🖕2
💥Гренландия халқы да Трампқа және оның аралға қатысты ұстанымына қарсы митингке шығып жатыр…
Ал Копенгагендегі митингке 20 мың адам қатысқан. Олар: “Трамп, Америкаңа кері қайт”, - деп ұрандауда.

👍60👏2