This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Илон Маск Ресей әскері қолданып жүрген Starlink-ті өшіріп тастап еді, майдандағы оккупанттардың жағдайы бірден белгілі бола түсті.
Ал Ресей телеэфирінің "данышпаны" Соловьев: "Трамп Маскқа телефон соғып, Ресейліктерге Starlink-ті қоссын деп айтса, мәселе шешілгелі тұр", - дейді...

🤣66🖕12❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
О, НЕ ДЕЙДІ ТАҒЫ?!
Бүгін Белбасы Лукашенко Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдапты. Сол отырыста:
- Сіздер өз елдеріңізде Конституция жазып жатқандарыңызды білеміз. Егер көмек керек болса, біз көмектесуге дайынбыз. Бізде де мықты заңгерлер бар, - депті.
Апам марқұм: "Көкем, айналайындар, біреуге пайдаларың тимесе қойсын, кесірлерің тимесінші", - деп.
Тура сол сөзді Қошанов мырза Белбасыға дипломатия мәдениетімен айтып кетті деп сенеміз...

🤣39👍18😁8
ҚАЙДА ЖҮРСЕ ДЕ КЕСІР
The Financial Times гәзеті: "Ресеймен тікелей байланысты хакерлер Италиядағы Олимпиада ойындарының инфрақұрылымына шабуыл жасады", - деп жазады.
Ресеймен тікелей байланысы бар "NoName 057" дейтін хакерлік топ Милан мен Кортинадағы Қысқы Олимпиада ойындарының сайттары мен қонақ үйлердің сайттарына DDoS шабуыл жасаған.
Бұл туралы Италияның СІМ бастығы Антонио Таяни айтты. Оның айтуынша, хакерлер Италия СІМ-і мен Уашингтондағы Италия елшілігінің сайттарына да шабуыл жасаған.

👍9🤯9👎3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТРАМП және ЖҰМАҚ
АҚШ президенті Трамп бүгін бүйдеді:
- Мынау The New York Times гәзеті бас бетіне: "Дональд Трамп өз өмірі мен өмірінің мәніне күмәндана ма?" деп мақала жариялапты.
Шын мәнінде мен өзімнің жұмаққа кіретініме бек сенемін. Мен ең кіршіксіз үміткер емеспін, әрине. Бірақ, мен көп жақсы істер жасадым деп есептеймін, - дейді.
- Жалпы Құдайға сенетін адам қалай демократтарға дауыс береді, осы? Мен осыны түсіне алмай-ақ қойдым, - дейді.

🤣29😁17👍8🔥3💊3❤1
ЛУКАШЕНКО һәм ҚАРА ТҮНЕККЕ БАТҚАН МИНСК
Әлгінде Белбасы Лукашенко шенеуніктерін жиып ап: "Кешкі сағат 7-ден соң қарасаң Минскте барлық көшенің шамы жарқырап, жап-жарық боп тұрады. Оның не керегі бар? Қазір қыс. Дала аппақ қар. Онсыз да жарық, қазір. Үнемдеу деген қайда? Бостан-бос жарықты жағып қойғансыңдар. Өшіріңдер жарықты", - деп сөккен.
Құдды, бала-шағасына күн сайын жатарда: "Светті өшірдіңдер ме?" деп айта беретін мазаңкеткір шалдардай...
Лукашенко айтса, заң ғой. Содан қазір Минск көшелері кешкі жетіден соң қап қара түнекке еніп кететін болыпты...

😁41🤣11❤6
Forwarded from Erteńmedia
⚡️«Болып табылады»-ның соңғы күні: Мемлекеттік кеңесші Ата заңның тілін қалай түзеуде...
Конституциядағы «болып табылады»-ның дәуірі аяқталды. Ерлан Қарин Ата заңның тілін калькадан тазалап жатыр.
Сөй деген Қарин "еліміздің басты құжатын халыққа түсінікті тілде сөйлету керекпіз" дейді.
Мемкеңесші ескі құжаттың кем-кетігін жіпке тізіп, қазақ тілініңтұғырдан түспейтінін шегелеп өтіпті. Осы жолғы баяндама эмоцияға толы болған екен...
Толығырақ осы тұста.
✈️ https://t.me/ertenmedia
Конституциядағы «болып табылады»-ның дәуірі аяқталды. Ерлан Қарин Ата заңның тілін калькадан тазалап жатыр.
Орыс тілінен аударылған мағынасыз мәтіндер, кеңселік тіркестер өткеннің еншісінде қалады. Ата заң алғаш рет толық қазақ тілінде жазылып отыр.
Сөй деген Қарин "еліміздің басты құжатын халыққа түсінікті тілде сөйлету керекпіз" дейді.
Мемкеңесші ескі құжаттың кем-кетігін жіпке тізіп, қазақ тілінің
Толығырақ осы тұста.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤨20👍6❤4
‼️НАТО-ның Бас хатшысы Рютте Украинада жүр…
Суретте Рютте Украинаның Чернигов облысындағы Ягодное ауылындағы жертөледе тұр.
Соғыстың алғашқы кезінде басқыншы әскер осы жертөледе 360 адамды (бір ауылдың халқын) 1 ай бойы қамап ұстаған. Тұтқын болған ауылдың ең егдесі 93-те болған. Басқыншы әскер ауыл тұрғындарын ас-ауқатсыз ұстаған. 10 адам осы жертөледе қаза тапқан.

😨40❤8😱3
💥Трамп та қызды-қыздымен сойып қалатын адам ғой…
Бүгін бүйдеп жазды: “Мен үш бірдей ядролық соғыстың алдын алдым. Үндістан мен Пәкістан арасындағы, Иран мен Израиль арасындағы және Ресей мен Украина арасындағы ядролық қақтығысты болдырмадым”, - деді.
Алғашқы екеуіне қатысты айтқанын қиып-қиып қисынға келтіруге болар. Ал Украинада 1996 жылдан бері Ядролық қару жоқ емес пе?! АҚШ пен Ресейдің өздері кепілдік беріп, Будапешт келісімі арқылы Украина өзіндегі ядролық қаруды Ресейге тапсырып бергенін 79-дағы Трамп ұмытып қалған-ау)

😁37🤡8🔥5❤2
Қазақстанда Конституция төңірегіндегі әңгіме қағаз жүзінде қалып қойған жоқ — ол нақты қоғамдық талқылауға шықты.
Қазақстанның Азаматтық альянсы «ҰСТАНЫМ» ұлттық пікірталас клубында «Конституция – Қазақстанның тарихи таңдауының айнасы» деген атаумен маңызды отырыс өткізді. Бұл — кезекті жиын емес, елдің ертеңіне тікелей әсер ететін реформаларға азаматтық қоғамның өз сөзін айтуы.
20 өңірден келген азаматтық альянстардың көшбасшылары, ҮЕҰ өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар бір алаңда бас қосты. Бір сұрақтың айналасында: Конституциялық өзгерістер қалай жүзеге асады, қоғам бұл үдеріске қалай ықпал етеді?
Талқылау ашық болды. Өткір болды. Ең бастысы — формализмсіз өтті. Азаматтық қоғам реформаларды сырттай бақылаушы емес, оның белсенді қатысушысы болуы керек деген ұстаным нақты айтылды. Мемлекеттік органдармен диалог, қоғамдық бақылау, ұсыныстардың ескерілуі — бәрі күн тәртібіне шықты.
Отырыс қорытындысында Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны ресми түрде қолдайтынын мәлімдеді. Бұл — саяси жүйені жаңғыртуға, билік пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті қайта құруға жасалған саналы қадам ретінде бағаланды.
Қысқасы, Конституция жай ғана заң емес екені тағы бір дәлелденді. Ол — елдің тарихи таңдауы. Ал сол таңдауға қоғам үн қоса бастады. Міне, дәл осы — нағыз өзгерістің белгісі деп санасақ болады.
https://t.me/civilalliancekz/6200

🤔13👍4
САУАП
Нұрлан Сабуров дейтін әзілкеш жігіт бар. Ұлты - қазақ. Тілі - ресейлік. Ресейде нәпақа тауып жүрген жігіт. Үй-жайы, дүние-мүлкі сол Ресейде.
Ресейлік БАҚ бүгін ұлардай шулап: "Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды", - деп жазып жатыр. Нұрланның Ресейде 60 млн рубльға тең мал-мүлкі қалыпты.
Шешім «ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін», сондай-ақ заң талаптарын сақтауға және «дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғауға» байланысты қабылданған деген болжам бар.
БАҚ-тағы деректерге көз салсақ: Сабуров 6 ақпанда Мәскеуге Дубайдан ұшып жетсе, әуежайдан кіргізбей қойған көрінеді.
Ресейдің қазақтары бізге қаншалықты жақын? Біраз бұрын осы тақырыпта мақала жазған едік.
Ресейде аты танымал сайқымазақ Азамат Мұсағалиев деген бар. Ол Ресейде туып-өскен, солардың астамшылық идеологиясы санасына мықтап сіңіп, әбден зомбиланған адам. Ресейдің толық қанды азаматы. Оны қазақ екен деп босқа арамтер болу адасқандық. Ол қазақ тілінен мүлдем мақұрым.
Осы Мұсағалиев пен Нұрлан Сабуров бір жолы қазақ тілін «курлы-мурлы» деп, ашықтан-ашық мазақ еткені бар. Ресейдегі мол дүниені қимай Сабуров сандалып Ресейде күні бүгінге дейін жүрді...
Ендігі күйі мынау: Бұған бір ғана сөз - САУАП БОПТЫ дейміз...

💯51👍36❤7👎1😭1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстандағы саяси пікірталастарда ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі — елге күшті Президент керек пе, әлде биліктің жауапты жүйесі керек пе?
⬇Толық: https://abai.kz/post/211424
⬇Толық: https://abai.kz/post/211424
abai.kz
Президент пен Вице-президент...
🤔19❤2
Forwarded from Mezgil.kz
‼2026 жылғы 5 ақпанда Ресей мен АҚШ арасындағы «Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімнің» (СНВ-III) мерзімі аяқталады. Бұл құжат әлемдегі ең ірі екі ұлттық ядролық арсеналды реттеп келген әрі халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз еткен негізгі келісімдердің бірі болды. Енді Ресей мен АҚШ-ты ядролық қарулану жарысынан тежейтін ешқандай құқықтық шектеу жоқ.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7653

mezgil.kz
Ядролық келісім аяқталды: Енді Ресей мен АҚШ-ты ештеңе тежемейді
2026 жылғы 5 ақпанда Ресей мен АҚШ арасындағы «Стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімнің» (СНВ-III) мерзімі аяқталады. Бұл құжат әлемдегі ең ірі екі ұлттық ядролық арсеналды реттеп келген әрі халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз еткен негізг
🤔16😁3❤2
ГЕНЕРАЛДЫҢ АҚЫРЫ...
Бұл суреттегі РФ Қорғаныс министрлігінің генерал-лейтенанты Владимир Алексеев деген адам.
Бүгін ол таңғы уақытта өз үйінен шығып, қызметтік көлігіне отыра бергенде белгісіз біреу әуелі пышақтап, артынан атып кеткен. Оқиға Мәскеуде, Волоколамскі күре жолының бойында орналасқан үйдің ауласында болған.
Қазір Алексеевтің жағдайы ауыр дейді.
Бұл Украинаның тумасы. Винница облысында туған. 2011 жылдан бері РФ ҚМ Барлау басқармасы бастығының орынбасары болып жүр.
Белгілісі - бұл Алексеев Ресейдегі барлық "еріктілер жасақтарына", оларды құруға және Украинаға қарсы соғысқа жіберуге жауапты адам.
2023 жылы Пригожин бүлігі кезінде Пригожинмен келіссөзге қатыстын да осы Алексеев.

👍49🤔4❤3👎1