Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
КЕЛІССӨЗДЕР

Абу-Дабиде Украина-АҚШ-Ресей келіссөздерінің кезекті раунды басталды.
🤔24👍9
Бизнесмен Илон Маск Forbes нұсқасы бойынша таза байлығы 800 миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам болды.

Бұл оның SpaceX корпорациясы оның xAI компаниясын сатып алғаннан кейін болған оқиға.

Екі айдан сәл бұрын, Масктың жиған-тергені 700 миллиард доллардан асып түскен еді.
👍32
ҚҰДАЙ ҚАЗАҚҚА МҰНАЙДЫ БЕРІПТІ...
Қазақстан десе – мұнай, мұнай десе – Қарашығанақ ойға оралатыны өтірік емес. Абырой болғанда Құдай қазаққа мұнайды беріпті. Әйтпегенде қайтпек екенбіз... Қазір сол мұнайды шетелге саудалап күнімізді көріп отырған елміз ғой. Ұлттық қорды да сол мұнайдың ақшасымен толтырамыз. Бюджеттің де жыртығын сол мұнайдың ақшасымен жамаймыз. Күн демей, түн демей қара жерден сорып жатқан сол мұнайдың 80%-ға жуығы экспортқа кетеді екен. Бюджеттің 50%-ын мұнай саудасынан түскен қаражат құрайды-мыс.

Жуырда Bloomberg агенттігіне сүйенген «exclusive. kz» сайты: «Как Бекет Избастин вывел на чистую воду акционеров Карачаганака» деп сараптама жазыпты. Егжей-тегжейлі қарап шығып, өз ойымды бөлісуді жөн көрдім.

Кеңестік дәуір өзінің экономкалық жүйесін құрып, қазақ елі олар сызып-жазып берген жолмен жүріп тұрды. КСРО келмеске кеткен соң, жаңа экономикалық байланыстар орнату жас Қазақстанға оңайға түспегені белгілі. Бірақ біз қиындықты мұнай-газ, қазба байлықтарын өндіру саласына инвесторлар тарту арқылы жеңе білдік. Бірақ келісімшарт кезінде тәуелсіздігін енді алған ел шетел каптиалы алдында есе жіберіп алғандығын жоққа шығара алмаймыз. Әсіресе, осы саланың жаңа қожайындары жерімізге эколгиялық зиян келтіре бастады.

Осы кездегі қиын шақта шетелдіктермен стратегиялық кен орындары жайлы 90-шы жылдары жасалған Өнімді бөлу Келісімдері (ӨБК) қашанда елдің емес, тек инвестордың мүддесі мен пайдасын ғана қорғайтын келісім болып табылғандықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы: «Өнімді бөлу туралы бұрынғы келісімдер 30 жыл бұрын мүлдем басқа жағдайларда жасалған және ұзарту кезінде оларға өзгерістер енгізу қажет» деп мәлімдеп, Үкіметке тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Соның нәтижесінде сең қозғалып, Қарашығанақ жобасының акционерлері арбитраждық дауда жеңіліп, Қазақстан Үкіметіне өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот серіктестердің нақты қандай соманы төлеуі тиіс екенін әлі анықтаған жоқ, алайда тәуелсіз заң сарапшыларының бағалауынша, өтемақы мөлшері 2–4 миллиард АҚШ доллары аралығында болуы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.

Бұл ең әуелі Қазақстанның жеңісі. Онан соң нағыз істің адамы һәм патриот азамат Бекет Избастин бастаған «PSA» командасының тынымсыз күресінің жеңісі!

Арбитраждық шешім Қазақстан Үкіметінің ұстанымын растап берді: компаниялар Қарашығанақ кен орны бойынша өнімді бөлу туралы келісім (PSA) аясында өтелуге жатпайтын бекітілмеген артық шығындар мен өзге де шығыстарды өтеуді талап ете білді.

Мұнай шындығында қазақтың күре тамыры. Алаш баласына тиімсіз мұнай келісімдеріне көз жұма қарамаған үкімет өз несібесі өзіне толық тимей отырған қазақ байлығын ел игілігіне жарату үшін нық қадам жасай алды. Бұл қадамын сөзбен емес, іспен танытып, жұртты бір қуантып тастады десек те болады.
👍77❤44🤔3
Абу-Даби. Украина-АҚШ-Ресей арасындағы үшжақты келіссөздердің бүгінгі фотобаяны...

Келіссөзшілер құрамы еш өзгермегенін байқауға болады.
🤔26❤2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптестік орнатып, 37 құжатқа қол қойды.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7641
👏13🤔11👍6❤1🤝1
Ресей. Тамбов. Жанар-жағармай тасыған вагон рельстен шығып кетіп, жарылыс болған...
👍63❤5
Еуроодақ елшілері Украинаға 90 миллиард еуро несие беру үшін қаржыландыру тетігін келісті, деп хабарлайды Reuters.
👏64👍5
💥Кеше Ресей мен Қытай басшылары Путин мен Ши бейнебайланыс арқылы сөйлескен.

Бүгін АҚШ пен Қытай басшылары Трамп пен Ши телефон арқылы сөйлесті…
🤔28😁7❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Ирандағы толқулар кезінде наразы жұртты теу қарумен ғана атпаған, көліктермен де таптаған.

Бұл видеолар қазір шыға бастады. Сол уақта интернеттің бұғатталуына байланысты жарияланбаған…
🤬59😡8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥АҚШ пен Иран келіссөздері алдағы жұмада, Оман астанасында өтуі мүмкін. Бұл туралы Иран СІМ-і айтты.

Осыған дейін Axios жоспарлы келіссөздердің өтпей қалуы мүмкін екенін айтқан.

Видеода: Трамп: “Иранның жоғарғы көсемі өз басына қатты алаңдаулы болсын”, - деп тұр.
😁24❤7
💥Бельгиядағы “Euroclear” банкі Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен пайдадан 1,4 млрд еуроны Украинаға аударады.

Былтыр бұл депозитарий Украинаға 1,6 млрд еуро аударған.

▪️ Euroclear - Бельгияның депозитариі. Ресейдің бұғатталған активтерінің басым бөлігі (190 млрд еуро) осында сақтаулы тұр.
👍65
💥Зеленский бүйдеді:

- Ресейге Украинаның шығысын (Донбассты) толық жаулап алу үшін кемі тағы 2 жыл керек. Олар мұнша уақыт шыдай алмайды. Оларға Донбассты алу үшін тағы 800 мың сарбазын құрбан етуі керек.

Ресей біздің Донбасстан кетуімізді талап етіп отыр. Неге? Өйткені Кремль соғыс басталғалы-бері бірде-бір жеңіске қол жеткізген жоқ. Сөйтсе де біз соғысты қазіргі майдан шебінде, кім қайда тоқтады, сол жерде аяқтауға дайын екенімізді айттық. Мәскеудің оған қағанат етер ойы жоқ, - деді.

Зеленский осыған дейін Донбасста АҚШ ұсынысы бойынша экономикалық аймақ құруға келісетінін айтқан.

Алайда, Донбассты ешқандай ұрыссыз Ресейге толық бере салуға үзілді-кесілді қарсы екенін қадап тұрып айтты.
👍99❤11🤡1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Белгісіз желі қолданушылары фейсбук әлеуметтік желісінде халқымыздың бірегей тұлғасы, айтулы ақын Мұхтар Шахановтың жалған парақшасынан «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген мәтінді пайдалана отырып, фейк ақпараттар таратуда.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7644
🤔23
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қоғамда қызу талқыланып жатқан Конституциялық реформаға қатысты саясаткер Дос Көшім мен белгілі құқық қорғаушы Мейірмен Шекеев бастаған бір топ азаматтың арнайы жұмыс тобын құрғаны, өздерінің нақты ұсыныс-пікірлерін Конституциялық комиссияға жолдағалы жатқаны әлеуметтік желіде жарияланды.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211347
👍43❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ алдағы жылдары Орталық Азия елдеріндегі экономикалық мүддесін күшейтіп, аймақтың тыныс-тіршілігіне араласуын нығайтпақ.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7645
👍42🤔2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбаты...

▪Президент Дональд Трамптың ішкі саясаты
▪Ибраһим келісімдері
▪Бейбітшілік кеңесін құру
▪Газа секторына арналған бейбіт жоспар
▪Ресей-Украина қақтығысы
▪Гренландияның болашағы
▪Қазақстандағы Конституциялық реформа
▪Ел дамуының басты бағдары

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7646
🤔11👍6
АҚШ пен Иран келіссөзі Оманда өтеді!

Тараптар 6 ақпан күні Оман астанасы Маскатта кездеседі. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи айтты. Сөзінше, келіссөздерде ядролық бағдарлама талқыланады.

«Ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсеткені үшін омандық бауырларымызға алғыс білдіремін», – деп жазды Арагчи X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін АҚШ пен Иран өкілдерінің кездесуі Ыстанбұлда өтуі тиіс болған. Оған Таяу Шығыс елдерінен келген бақылаушылар қатысады деп жоспарланған. Бірақ 3 ақпан күні Тегеран келіссөздерді Оманға көшіруді және оны екіжақты форматта өткізуді ұсынған. Бұл туралы Axios басылымы жазды.
👍16🤔5❤1