Usbanov ARNASY
3.42K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Иран БАҚ-тары: Иран президенті Пезешкиан дереу арада АҚШ-пен келіссөздерді бастауға бұйрық берді.

Келіссөздердің нақты датасы мен орны белгісіз. Алайда, Иран атынан бас келіссөзші - СІМ басшысы Аббас Арагчи болса, АҚШ атынан арнайы өкіл Стив Уиткофф келіссөз жүргізбек.
🤣27👍5🤔3❤1
Украина халқы Донбассты беруге көне ме?

Киевтегі социологтар сауалнама жүргізіпті. Донбассты Ресейге беру мен соғысты аяқтау жайлы сұрапты.

Жауаптары міне:

📍Респонденттердің 52%-ы Донбассты беруге үзілді-кесілді қарсы. Тіпті, бұған айырбас ретінде Қауіпсіздік кепілдігін берсе де келіспейтінін айтқан. Ал 40%-ы кепілдік берілсе келісуге дайын.

📍Халықтың 20%-ы ғана соғыс жақын арада аяқталады дегенге сенеді. Ал 65%-ы қанша соғысу керек болса, сонша шыдауға дайын екендіктерін айтқан.

📍88%-ы Ресейдің Украинадағы энергетикалық нысандарды соққылауы - халықты жарықсыз, жылусыз қалдыруға бағытталған, капитуляцияға мәжбүрлеу үшін жасалып жатқан қасақана тірлігі деп жауап берген.

📍Халықтың 90%-ы Украинаның Ресей аумақтарын соққылауын қолдайтынын айтқан. Оның 80%-ы тек әскери нысандарды ғана емес, өзге де нысандарды соққылау керектігін айтқан.

📍Украина халқының 66%-ы ештеңеге қарамастан, 10 жылдан кейін Украинаның ЕО-ға қосылып, гүлденген мемлекет боларына сенім білдірген.
👍94❤6🔥4
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі.

⬇Толық: https://abai.kz/post/211219
👍53
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан соңғы жылдары Ресеймен қарым-қатынасын айқайсыз, ұрансыз, бірақ өте нақты қимылдармен қайта құрып жатыр.

▪Z-АРТИСТЕРГЕ ЖАБЫЛҒАН ЕСІК
▪ТЫЙЫМ ЖОҚ, БІРАҚ ЖОЛ ЖАБЫҚ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7628
👍40🤓2
Қазақстанда екінші АЭС-ті салынатын орын анықталды...

Үкімет басшысы тиісті құжатқа қол қойды. Екінші АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынбақ...
👎12🤔12👍7❤3🥰1
АШЫҚ ДЕБАТТА АЙТЫЛСА...

Саясаткер Дос аға Көшім бар, белгілі құқық қорғаушы Мейірмен Шекеев бар, бір топ азамат жұмыс тобын құрғанын, нақты осы қоғамда қызу талқыланған 9 бапқа қатысты өздерінің пікірлерін білдіріп, нақты ұсыныс жасап, Конституциялық комиссияға жолдағалы жатқанын кеше әлеуметтік желіден көріп қалдым.

Қоғам пікірін ашық айтсын дегенді Президент те айтты. Солай болуы керек те. Өйткені, Конституция қанша жерден декларативті құжат десек те, бұл – мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат! Сондықтан жалпыхалықтық дискуссиясыз Конституция қабылдануы мүмкін емес! Халықтың да бұл процесстен тыс қалуға құқысы жоқ.

Осыдан соң бір ой келді: Неге осы қоғамдық пікір иелері мен комиссия өкілдері арасында ашық пікірталас өткізілмейді? Мейлі, телеэкран арқылы тікелей эфирде өтсін, мейлі басқа бір ашық алаңда болсын, бірақ пікірталас, ашық талқы (дебат) жасалса ғой...

Комиссияда білікті заңгерлер, мықты мамандар, әзірленіп-ұсынылған жобаны жілік-жілік, тармақ-тармақ етіп талдап бере алатын сөзге жүйрік спикерлер жоқ емес, бар және жеткілікті.
Қоғамдық пікір иелері арасында да «сен тұр, мен атайын» деген сақа тұлғалар, кәсіби мамандар жеткілікті.

Жекпе-жек дебатта – артық ауыз сөз, қызыл эмоция емес, нақты бап, нақты тармақ, нақты ұсыныстар талданса. Әр тарап өз аргументтерін ашық айтса, өз позицияларын қорғап шықса, халыққа да бәрі түсінікті болар еді...

Екі спикер шығып, тұтас конституияны талдасын демейміз, әр сала, әр бағыт жеке-жеке талданса немесе ең аз дегенде қоғамның ең қызу таласын, түсініспеушілігін тудырған баптар бойынша ашық дебат ұйымдастырылса, бұдан қос тарап та ұтылмас еді деп ойлаймын...

Нұргелді Әбдіғаниұлы
👍38👏5🤡4❤2
Бұл суреттегі кісі ЕО-ның Украинадағы елшісі Катерина Матернова деген кісі. Киевтегі жатақжайында.

- Түнде мен тағы жуынатын бөлмеде, ваннада ұйықтадым. Түн тағы тарсыл-гүрсілге толы болды. Ресей қасақана бейбіт халыққа, электр мен жылу орталықтарына соққылар жасауда. Бұл соғыстың салдары емес, Ресейдің жүйелі стратегиясы. Олар қысқы аязды қару етуде. Әр түн сайын мен осы елдегі жылусыз, жарықсыз тоңып, бүрсеңдеп жатқан миллиондаған халықты ойлаймын. Өзім де солардың ішіндемін. Қыста аяқталған жоқ, Ресейдің шабуылдары да түгеген жоқ. Ал Украина халқы соған қарамастан жауға төтеп беріп отыр. Мен олардың осы жанкештілігіне басымды иемін, - дейді елші ханым.
❤76👍14😱4
Жаңа Конституция: Мемлекет өзгере ме, әлде қағаз ғана ауыса ма?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық жобасының айналасында қызу пікірталас жүріп жатыр. Бұл – заңды да. Себебі Конституция — кез келген мемлекеттің идеологиялық декларациясы емес, билік пен азамат арасындағы нақты келісімшарт. Онда “мемлекет қандай?” деген сұрақтан бұрын, “мемлекет адам үшін не істейді және неден бас тартады?” деген мәселе тұруы керек.

Жобаның жалпы мазмұнына қарасақ, Қазақстан жоспарсыз реакциялардан гөрі ережелерге сүйенетін мемлекет болуға ұмтылып отырғанын аңғаруға болады. Процедуралар нақтыланады, конституциялық бақылау күшейеді, цифрлық шындық ескеріледі, ал институттардың жұмысы алдын ала болжанатын жүйеге көшеді. Бұл — посткеңестік сирек кездесетін, бірақ аса қажет бетбұрыс.

Алайда қағаздағы тәртіп автоматты түрде өмірдегі әділетке айналмайды. Конституция мәтінінің сапасы — тек бастама. Ал оның нақты мазмұны заңдардың қалай жазылатынына және ең бастысы, қалай қолданылатынына байланысты.

Осы тұста Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Айгүл Забирова көтерген ойлар ерекше назар аудартады. Оның талдауында басты акцент бір нәрсеге қойылады: мемлекеттің архитектурасы емес, азаматтың орны өзгермейінше, реформа жарты жолда қалады.

Сарапшының айтуынша, жаңа Конституция билік тармақтарының формалды теңгерімін ғана емес, олардың жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруы тиіс. Яғни, мәселе Президенттің, Парламенттің немесе соттың атауында емес — олардың бір-бірін тежей алуында және азамат алдында есеп беруінде. Бұл — Қазақстан үшін ең ауыр, бірақ ең қажетті өзгеріс.

Екінші маңызды тезис — адам құқығын декларация емес, жұмыс істейтін механизмге айналдыру. Конституцияда құқықтар бұрын да жазылған. Бірақ олар көбіне азамат сотқа емес, “жүйеге қарсы шыққандай” күй кешетін формализмге тіреліп отырды. Жаңа жобаның артықшылығы — құқықтарды қорғаудың рәсімдерін нақтылауға талпыныс бар. Бұл қағаз жүзінде емес, практикада іске асса, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің алғашқы кірпіші қалануы мүмкін.

Үшінші, ең өзекті мәселе — қоғамдық талқылаудың шынайылығы. Конституция — элиталардың құпия келісімі емес. Ол халықтың саяси еркін бекітетін құжат. Сондықтан әртүрлі пікірдің болуы — қауіп емес, керісінше, оның легитимділігінің белгісі. Пікірталастан қорықпайтын мемлекет қана тұрақты болады.

Жаңа Конституция адамға не береді деген сұраққа қысқа жауап бар: егер ол дұрыс іске асса — белгісіздік азайған орта, ережесі бар мемлекет, өз құқығын талап еткенде қорықпайтын азамат қалыптасады. Ал егер бәрі бұрынғыша қалса — тек мәтін жаңарады, жүйе емес.

Сондықтан бұл талқылау — заңгерлер үшін емес, әр азамат үшін маңызды. Өйткені Конституция — билікке арналған нұсқаулық емес, адамның мемлекетпен қарым-қатынасының шекарасын белгілейтін құжат. Бұл шекара неғұрлым нақты болса, мемлекет соғұрлым әділетті болады.

https://kisi.kz/kazakstan-respublikasynyn-zhana-konstituchiyasynyn-zhobasy-memleket-arhitekturasynda-ne-ozgeredi-zhane-bul-adamga-ne-beredi/
👏10👍5❤2💯1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Құрметті Конституциялық реформа
бойынша комиссияның төрайымы
Эльвира Әзімова ханымның назарына!

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211246
👏15👍5🔥2
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды...

Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты.
👍47👎3❤2🤝2🤔1
Axios: Трамп Иранға соққы жасағысы келмейді!

Басылым дерегінше: АҚШ президенті шын мәнінде Иранға соққысы жасағысы келмейді. Егер алдыңғы шабуыл кезінде ол Иранның ядролық бағдарламасын шын қауіп деп қабылдаса, қазір мұндай қауіп жоқ деп есептейді.
🤣37😁12🤔3
Қаңтар айында 139 мың оқушы Ұлттық Бірыңғай тестілеуден өткен. Олардың 76%-ы сынақты қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. Осындай деректерді тілге тиек еткен тележүргізуші Ерқанат Көпжасар Ата Заңның жаңа жобасындағы қазақ тіліне қатысты бапқа өзгерту енгізуді талап етіп жүргендерге үн қатты.

«Бұл құрғақ статистика емес. Бұл Ұлттық ренессанс, «көш жүре түзеледі» деген ұғымның жарқын көрінісі. 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілгенде, он адамның біреуі де қазақша білмейтін еді. Қазір Алаш даласы ана тілінде еркін сөйлейді», - дейді ол.

Сондай-ақ тележүргізуші Конституцияның жаңа жобасындағы 9 баптың 1 тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай жазылып тұрғанын айтады.

«Осыны тіліміз Конституциядан айырылып қалғандай шулату қажет дүние емес. Қазір әлемде барлық геосаяси ойындардың шарттары қайта жазылып жатқанын жақсы білесіздер. Бүгінгі келісу – ертең үлкен келіспеушілікке апарса, не болмақ», - дейді ол.
👍40👎21🤔6🤮1🤡1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Ұлы Абай «Қандай істің қалай аяқталатыны оның бастауынан байқалады» дейді.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211287
👍19
Елдің тұтастығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті!

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи елдегі Конституциялық реформа бойынша Парламент мінберінен сөз сөйлеп, Ата Заңға енгізіліп жатқан өзгертулер мен түзетулер туралы пікірін бөлісті.

"Үлес салмағы 70 пайыздан асқан халық өзінің тілін өзгеге өктемдікпен емес, сары майға ыстық қасық батырғандай байыппен таңа білу – дәл бүгін әлдеқайда ұтымды айла болар еді. Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді. Өзінің тілін өктемдікпен тықпалаған имансыз идеялар пайда болған заманда, есермен егесу – естінің ісі болмайды", - дейді депутат.
🤔19👎18👍9❤2🖕1
Биыл Ұлттық қордан қанша қаржы жұмсалды?

2025 жылдың қаңтарында Ұлттық қордан 550 млрд теңге алынған болса, биыл бұл сома екі есе азайып, 230 млрд теңге болды.

Биыл қаңтарда Ұлттық қорға 323,2 млрд теңге түсті. 1 ақпандағы жағдай бойынша қордағы жалпы қаражат 39,7 трлн теңгеден асты.

Негізгі кіріс – мұнай секторынан мұнай компанияларынан түскен салық – 323,0 млрд теңге. Соның ішінде:

183,0 млрд теңге – корпоративтік табыс салығы;
131,9 млрд теңге – пайдалы қазбаларды өндіру салығы.
Қордан қанша қаржы жұмсалды?

Есепті кезеңде Ұлттық қордан 230 млрд теңге алынды. Бұл қаражат республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт ретінде бағытталған. Биыл үкімет Ұлттық қордан жалпы 2,7 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.

Дереккөзі: Мың теңге арнасы
🤔18❤2
Сенатор Грэм: Украинаға Tomahawk зымырандарын беру керек!

Республикашыл сенатор Линдси Грэм: "Путинді келіссөз үстеліне отырғызу үшін жасап жатқан АҚШ-тың қазіргі қысымы жеткіліксіз", - дейді.

"Трамптың Птуиннің мұнай сатып алушыларының артына түсу идеясын АҚШ пен Еуропа қарқынды түрде қолдауы керек. Ресейдің өткен түндегі Украинаға жасаған жаппай соққыларынан соң мен президент Трампты Украинаға Tomahawk зымырандарын беруге шақырар едім. Бұған қоса біз жақын арада Путинге қысымды күшейтетін боламыз", - деді.
❤50👍18🔥15