Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
📌ЖІГІТШЕ ӘҢГІМЕ

Украина президенті Зеленский бүйдеді:

— Украина дайын. Бізге бұл соғыстың түкке керегі жоқ. Біз іске - іс, сөзге - сөз, олардың іс-әрекеттеріне тап солай жауап қайтарамыз. Біз өз мемлекетімізді, өз тәуелсіздігімізді қорғап күресудеміз. Біз соғысты әділетті әрі лайықты аяқтау үшін келісімге келуге дайынбыз. Ал Ресей нені қалайды? Соғысты тоқтатуды ма, әлде ойдан құрастырған қиял-ғажайып тарихи тақырыптарда айтысып, Shahed, зымырандармен соққыларын жалғастырып отыруға басымдық бере ме, әлде шынайы да ұзақ бейбітшілік үшін дипломатияға басымдық бере ме?, - деді.

— Украина Донбасстан біржақты шығып кетпейді. Егер біз өйтсек, бізді, мені, АҚШ-ты Украина халқы кешірмейді. Сол үшін де кез келген бейбіт келісім халықтық референдумға шығарылады. Бізді мәжбүрлесе де, халық Донбасстан шығуға шешім қабылдамайды. Украина халқы не үшін бізге қысым жасалып, жерден шегінуді талап етіп жатқанын түсінбей дал болуда. Ал ұрысты қазіргі майдан шебінде уақытша тоқтатуды халық қолдауы мүмкін, - деді Зеленский.
🔥56👍35❤5🤡1
🤔3
ҰҚК Жақсылық Омарды ұстады. Тергеу жүргізілуде...

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сөз - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар туралы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялай алмаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметтерге ресми растау болған жоқ. Құқық қорғау органдары да ұстау жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде де бұл мәселеге қатысты ресми деректердің жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ сол кезде шенеуніктің денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысында жүргені айтылған.

Жақсылық Омар 2025 жылдың қараша айының соңында Өскемен қаласының әкімі қызметінен кеткен. Кейін ол Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, бұған дейін ол "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында жұмыс істеген, ШҚО әкімінің көмекшісі болған, өңірдің мәдениет басқармасын басқарған, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
🤔22❤4👍2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы Рамазан айының Ораза кестесін бекітті. Mezgil.kz порталы ҚМДБ жариялаған Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына алғанған Ораза кестесін ұсынады.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7705
👏16🤮4❤2
Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды...

Әкімнің айтуынша, істі болған орынбасары Гүлбарам Мұсағазина 11 ақпанда өз өтініші бойынша қызметінен босатылған.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов:

"Өздеріңізге белгілі, Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік орган тергеу барысына араласпайды және қандай да бір баға бере алмайды. Барлық мән-жайлар объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін", – дейді.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі Қостанай облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаған болатын.
❤16🤯7
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Санаэ Такайчидің қатаң позициясына тап болған Қытай бірнеше бағытта қысым көрсетуді жалғастыруда.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/212049
🤔14
Forwarded from Mezgil.kz
‼Кеше-бүгін Женевада Украина, АҚШ пен Ресей делегацияларының кезекті келіссөздері өтіп жатыр. Келіссөздер жабық есік форматында өтуде.

🔹УКРАИНА ХАЛҚЫ ДОНБАССТАН КЕТУДІ ҚОЛДАМАЙДЫ!
🔹УКРАИНАДАҒЫ СӘТСІЗДІК – ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҢА СОҒЫСТАРҒА СЕБЕП БОЛМАҚ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7706
🤝8🤔6💯4❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

🔹ТОҚАЕВ ТРАМППЕН КЕЗДЕСЕДІ
🔹БЕЙБІТШІЛІК КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ГАЗА СЕКТОРЫНА 5 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР БӨЛЕДІ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7707
👍13❤1
Ақтөбе облысында прокурор ұсталды

Ақтөбе облысында полковник шеніндегі прокуратура қызметкері ұсталды. Бейресми мәліметке сәйкес, күдікті 10 миллион теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін.

Ұстау 2026 жылғы 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелері және Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Аймақтық прокуратура басқа мәліметтерді жарияламады.
👍12😁8❤1
Ресейдің Украинадағы адам шығыны АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы шығынынан асып түскен!

«Ресей Украинадағы соғыста біртіндеп жетістіктерге қол жеткізіп келеді, бірақ ол жетістіктердің құны тым ауыр. Соңғы айларда Украина Ресейге іс жүзінде ауқымды адами шығын келтіргені белгілі. Қазірдің өзінде Ресейдің соғыстағы адам шығыны өлгені мен жаралысын қосқанда 1,2 миллионнан асып жығылған. Бұл АҚШ қарулы күштерінің Екінші дүниежүзілік соғыста жоғалтқанынан да көп. Бұл сұмдық факті. Осылай кете берсе, Ресейде ақысын төлеп, жалдап жіберетін сарбаз қалмайтын күн де алыста емес», - дейді ЦРУ-дың бұрынғы директоры Девид Петреус.
🔥38👍22❤5👎1
Жүрсін Ерман - Қазақстанның Халық жазушысы атағын алды!

Бұл атақты осыған дейін:

Төлен Әбдік (2023),
Смағұл Елубай (2023),
Бексұлтан Нұржекеұлы (2023),
Софы Сматаев (2023),
Ахметжан Аширов (2023),
Любов Шашкова (2023),
Темірхан Медетбек (2024),
Валерий Михайлов (2024),
Исрайыл Сапарбай (2024).
Марфуға Айтхожина (2025),
Ғаббас Қабышов (2025) алған.
👍52🤔4👏3❤1
💥Axios: Трамп бірнеше аптаның ішінде Иранға қарсы операция бастауы мүмкін. Ықтималдылық - 90%.

Ол АҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы болады және ауқымы Мадуроны ұстау операциясынан әлдеқайда ауқымды болмақ.
👍37🤬8🔥7👎3❤2😁1🤔1
💥Қырғызстанда билікті тазарту қарқынды жалғасуда…

Қамшыбек Ташиевтің кадры саналатын Ош қаласының мэрі Женишбек Тоқтарбаев қызметінен алынды…

Ол әлгінде ғана: “Иә, мен Ташевтің кадрымын. Онымен жақсы араласам. Бірақ, президентке бағынамын. Кет десе, қазір-ақ кетуге дайынмын”, - деген.
🔥31❤5