Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18K photos
8.26K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Mezgil.kz
‼Міне, 2026 жылға қарай Ресей мен Украина арасындағы кескілескен соғысқа төрт жыл толып отыр. Осы бір қасіретті күнге орай, біз өзекті деректер негізінде Ресей мен Украинаның үкіметтік және әскери құрылымдарындағы негізгі басшылар мен жоғары лауазымды тұлғалардың жас ерекшелігі бойынша салыстырмалы талдау жасап шықтық. Нәтижесінде, өте маңызды бір ақиқатттың беті ашылғандай болды...

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7734
👍27
Қазақстанның сыртқы саудасы қай деңгейде?

2025 жылы Қазақстанның сыртқы саудасы 143,9 млрд долларды құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық. Дегенмен, сауда балансында құрылымдық өзгерістер байқалды. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы елдің сыртқы саудасы бойынша жылдық шолу аясында хабарлады.
🤔10❤5
Украина мен Эфиопияда учаскелер ашылмайды!

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украина мен Эфиопияда референдум учаскелерін ашпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгілі болды.

Жиынды комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров бұған дейін шетелде 82 учаске ашылады деген мәлімет болғанын атап өтті.

— Қазір сіздердің бізге берген мәліметтеріңізге байланысты бұл сан өзгеріп отыр. 80 учаске шетелдерде ашылады. Осы өзгеріс немен байланысты екенін түсіндіріп берсеңіз, — деді ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Ерлан Әлімбаевқа.

Министрлік өкілі қазіргі халықаралық жағдайға байланысты 64 емес 62 елде орналасқан 80 учаскені тіркеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

— Ол негізінен халықаралық және геосаяси жағдайға байланысты болып отыр. Оның ішінде Украина мен Эфиопиядағы учаскелерімізде референдум бойынша дауыс беруді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Өйткені, Украинадағы азаматтарымызды саны күрт азайды. Тіркеуде 500-дей азаматымыз болған. Олардың көбі ол елде жоқ, сыртқа шығып кетті. Көбі Қазақстанда жүр. Ал Эфиопияда 5 азаматымыз тіркелген. Олар — елшіліктің қызметкерлері. Олардың екеуі ғана сол жерде болады. Екеуі Каирге барып дауыс береді, — деді Ерлан Әлімбаев.
😁12👎7❤3
Кәрім Мәсімовтің қылышы 3,4 млн теңгеге сатылды!

Экс ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы электронды саудада 3 413 825 теңгеге сатылды.

Лотты Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционға шығарған.

Бастапқы баға 461 312 теңге болғанымен, сауда барысында қылыш құны жеті еседен астам өсіп, жоғары бағаға өтті. Сауда нәтижелері электронды сауда алаңында жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы 4 қарашада осы компания ұйымдастырған саудада Мәсімовке тиесілі тағы бір самурай қылышы бастапқы бағамен 542 719 теңгеге сатылған болатын. Сонымен қатар, бұрын оның Астанадағы 1,8 млрд теңгеге бағаланған особнягы да аукционға шығарылып, кейін ғимаратты ерекше балаларға арналған орталыққа беру жоспарланғаны хабарланған.
👍14😁5❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Картель жетекшісі Эль Менчо өлтірілгеннен кейін Мексикадағы жағдай күрт ушықты.

Бүгінгі мәліметтер:

1) Тәртіпсіздіктер кем дегенде тоғыз штатты қамтыды. 11 адам қаза тауып, 22 адам ұсталды.

2) 50-ге жуық банк өртелді немесе тоналды.

3) Билік 252 блокпостың 90%-ы алынып тасталғанын мәлімдеді.

4) Мексика президенті Клаудия Шейнбаум «елдің басым бөлігінде жағдай қалыпты» деп мәлімдеді.

5) АҚШ картель жетекшісін жою операциясына барлау мәліметін беріп, қолдау көрсеткенін растады.

6) Үндістан, Қытай, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және Канада елшіліктері өз азаматтарын сақ болуға шақырды. АҚШ өз азаматтарынан баспана табуды сұрауда.

7) Жергілікті БАҚ-тың бағалауынша, картельдер сауытты техникасы, үйлестірілген іс-қимылы және буктурма тактикасы бар толыққанды әскерилендірілген құрылымдар ретінде әрекет етуде.
👍25❤1🤔1
WSJ: Қытай мен Ресей Иран үшін АҚШ-пен қақтығысқа түсуге дайын емес!

Бейжің мен Мәскеу Тегеранмен экономикалық және дипломатиялық байланыстарын нығайтты, бірақ АҚШ президенті Трамп Иранға соққы беру туралы бұйрық берген жағдайда, тікелей әскери көмек көрсетуге аса дайындық танытқан жоқ. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды.

Басылымның атап өтуінше:

Ресей мен Иран Оман шығанағында шағын әскери-теңіз жаттығуларын өткізді және Қытаймен бірлескен жаттығулар жоспарланған.

Алайда, бұл күш көрсету әрекеттері АҚШ-тың аймақтағы әскери қатысуының артуымен салыстырғанда өте қарапайым көрінеді.

Сарапшылардың пікірінше, Қытай да, Ресей де Иран үшін Вашингтонмен текетіреске түсуді тәуекел етпейді. Олар Тегеранмен байланыстарын прагматикалық және өзара тиімді деп санайды, бірақ Иран үшін соғыс бастауды көздемейді.
👍33🔥5❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Біз түпкілікті шешім қабылдайтын сәтке жақындап қалдық: бұл соғысты жалғастыру керек пе, әлде бейбітшілікке көшу керек пе?» — Буданов.

Justice Conference конференциясы барысында Президент кеңсесінің басшысы соғыстың үш негізгі аспектісін атап өтті.

Әлемдік тәртіпті тексеру: Мәскеу БҰҰ Жарғысы мен халықаралық келісімдерді бұза отырып, әлемдік тәртіп пен халықаралық институттардың қауқарлылығын сынап жатыр.

Экзистенциалды соғыс: Ресей Украинаға қарсы соғысты ұзақ уақыт бойы жүргізіп келеді, өйткені тәуелсіз Украина Кремльдің империялық жоспарларына тосқауыл қояды.

Ықпал ету аймағын кеңейту: Путин Украинаны бұрынғы КСРО-ның Еуропадағы, Азиядағы, Африкадағы, тіпті Америка құрлығындағы ықпал ету аймақтарын қалпына келтіру жолы ретінде қарастырады. Алайда, Украина бұл жоспарлар үшін басты кедергіге айналды.
❤31👍22💯12
— Бізде, украиндарда, таңдау жоқ. Не жоқ боламыз, не аман қаламыз. Тірі қалудың формуласы қарапайым: күресуді жалғастырамыз, экономиканы нығайтып, бірлікті сақтаймыз, — Залужный.
👍94💯21
Егер АҚШ президенті Иранға соққы жасау туралы шешім қабылдаса, Тегеран АҚШ-тың Еуропа мен Таяу Шығыстағы нысандарына қарсы жауап қайтаруға дайын. Бұл туралы The New York Times хабарлайды.
👍25🔥9
АҚШ Әскери-әуе күштерінің жанармай құю ұшақтары Бен-Гурион әуежайына қонды, деп хабарлайды Израиль телеарнасы.

Бүгін таңертең америкалық Джералд Р.Форд әуе кемесі Грецияның Крит жағалауында жүргені белгілі болған.
👍38👎3🖕2
Словакия премьері Фицо: Словакия Украинаға электрэнергиясын жеткізуді тоқтатты!
💩50👎19🤡8🖕7👍3😡1
ЖЕҢІЛІС…

Зеленский:

— Мен Путин үшінші дүниежүзілік соғысты бастап қойды деп есептеймін. Мәселе тек оның қанша аумақты басып алатынында және оны қалай тоқтатуға болатынында... Ресей әлемге басқа өмір салтын таңғысы келеді және адамдардың өздері таңдаған өмірін өзгерткісі келеді.

Донбасстың берілуі Путинді қанағаттандыра ма? Әлбетте жоқ. Оған үзіліс керек, ол күш жинап алған бойда — Еуропаға шабуылдайды. Бұған 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт кетуі мүмкін дейді, ал меніңше, ол 2 жылда күшін жинап алады. Оның соғысты жалғастырғысы келетіні — факт!

Меніңше, бүгін Путинді тоқтату және оған Украинаны басып алуға жол бермеу — бүкіл әлем үшін жеңіс. Ол соғыстың тоқтағанын қаламайды. Бірақ қаламайды деген оны жасамайды дегенді білдірмейді. Құдай сәтін салсын. Құдай қаласа, біз жеңіске жетеміз!, - деді.

Буданов:

— Мәскеу БҰҰ Жарғысы мен халықаралық келісімдерді бұза отырып, әлемдік тәртіп пен халықаралық институттардың қауқарын сынап жатыр. Ресей Украинаға қарсы ұзақ соғысуда, өйткені тәуелсіз Украина Кремльдің империялық жоспарларына тосқауыл қойып келеді, - деді.

Залужный:

— Бізде, украиндарда, таңдау жоқ. Не жоқ боламыз, не аман қаламыз. Тірі қалудың формуласы қарапайым: күресуді жалғастырамыз, экономиканы нығайтып, бірлікті сақтаймыз, - дейді.

2022 жылдың 24 ақпаны. Әлемдік тізімде екінші тұрған әскер өзінен әлденеше кіші Украинаға соғыс ашып, танауы тасқа тигелі тұп-тура 4 жыл. Осы уақыт ішінде Ресей көптеген стратегиялық жеңілістерге ұшырады!

Өзгесін айтпағанда, осы төрт жылда Ресей Донбассты толық басып ала алған жоқ! Майдан даласында тасбақа жүріспен жылжып, әр бір киллометр үшін жүздеген, мыңдаған сарбазын құрбан етуде.

CSIS есептеулері бойынша, өткен жылы Ресей Бас штабының генералдары Украина аумағының тек 0,8%-ын (4 831 шаршы шақырым) бақылауға ала алған. Сонымен қатар, 2022 жылдың ақпан айынан бастап Ресей әскері 1,2 миллион шығынға ұшыраған, оның ішінде 325 мың адам қаза тапқан. Бұл Кеңес армиясының Ауғанстандағы шығындарынан 17 есе, екі шешен соғысы кезіндегі шығындардан 11 есе және 1945 жылдан бері болған барлық соғыстардан бес есе көп.

Осы төрт жылда Ресей өзінің бүтіндей облысынан айырылып қала жаздады. Курскі тұп-тура 1,6 жыл Украина әскерінің бақылауында болып, ақыры Ресей Солтүстік Корейден көмек сұрауға, сарбаз алдыруға мәжбүр болды. КХДР-дан зымыран, Ираннан дрон сұрап, алақан жайды.

Өз ішінде бірнеше дүркін мобилизация жариялады. Түрме-түрмелерден сарбаз іздеп тентіреді. Жеке әскери компанияларға жалынды. Аннан-мұннан барған-келген мигранттарға пұл төлеп, әскер толтыруға тырысты.

Экономикасы қап-қап, дөге-дөге санкциялар арқалап, қазаны ортайды, қалтасы сөгілді. Әуедегі жағдайы нашарлады. Ұщақ сатып ала алмай, бар ұшағын жөндей алмай, авиаканнибализмді бастан өткеруде. Жерде де жағдайы оңбады. Жанама санкциялар жан-жақтан құрсап, МӨЗ-дері шет-шетінен өртеніп, мұнай мен газ аққан құбырлары бірте-бірте бітеліп жатыр. Теңіздің де толқыны қатты. Мұнай тиеген танкерлер топырлап тұтқындалып жатыр…

Қысқасы: Ресейдің Украинаға қарсы бұл соғысының басты философиясы Украина жерін жаулап алу ғана емес еді. Басты философиясы - Украинада билік алмастырып, Беларусь секілді қолбала билік орнату еді. Украинаны өз ықпалына мықтап қарату еді. Украинаны Қара теңізге шығу жолынан айыру еді. Онан соң Молдоваға ауыз салу, Приднестровьедегі әскерін арттырып, Кишиневті тырп еткізбеу еді. НАТО-ға тойтарыс беріп, шекарадан алыстату еді. Балтық елдеріне айбатын көрсетіп жату еді. Жалпы алғанда КСРО 2 дейтін алып арман еді.

Осылардың бірде-біреуі орындалған жоқ! Бұл Ресейдің басты стратегиялық жеңілісі емей не енді?!
👍61💯27❤10🤡1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Деколонизация, неоколониализм және мәдени егемендік туралы толғаныс...

⬇Толық: https://abai.kz/post/212431
🤔14❤3👍1
Бейбітшілік кеңесі ресми сайтын іске қосты...

Бейбітшілік кеңесі boardofpeace.org ресми сайтын таныстырды. Онда ұйымның негізін қалаушы 26 мемлекет (соның ішінде Әзербайжан да бар) туралы ақпарат пен ұйымның негізгі принциптері жарияланған.

Платформада келесі маңызды материалдар орналастырылған:

Кеңес Хартиясы;

Газа секторында бейбітшілік орнату жоспары;

Өткізілген кездесулердің құжаттары;

Кеңес мүшелері мен Газа бойынша Басқарма туралы мәліметтер.

Сайт ұйым қызметінің ашықтығын көрсетуге және ресми материалдарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған платформа ретінде таныстырылды.
👍20🍌2❤1