Соңғы мәліметтер бойынша, Кум қаласындағы Сарапшылар кеңесінің (Assembly of Experts) кеңсесіне жасалған соққы — АҚШ пен Израильдің Иран басшылығын толығымен бақылаудан айыруға бағытталған стратегиясының бір бөлігі.
Сарапшылар кеңесі — Иран конституциясы бойынша Жоғарғы көшбасшыны (Рахбарды) сайлайтын, оның қызметін қадағалайтын және қажет болған жағдайда оны қызметінен босата алатын жалғыз орган.

👍38👎7❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратқан ақпарат бойынша: Құм қаласындағы Сарапшылар кеңесінің кеңсесіне жасалған зымыран соққысы туралы алдын ала белгілі болып, адамдар эвакуацияфланып үлгерген. Ғимарат қирағанымен, адам шығыны болмаған.
🤣25👍20😁3
Саясаттанушылар - Нұрболат Нышанбай, Бекнұр Кисиков, Нұргелді Әбдіғаниұлы Usbanov ARNASY-нда тәуелсіз бақылаушылар туралы талқы жасады...
https://www.youtube.com/watch?v=WyYJHfX_Nhk

YouTube
ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫ БОЛМАСА - РЕФЕРЕНДУМ ӘДІЛ ӨТПЕЙДІ!
Саясаттанушылар - Нұрболат Нышанбай, Бекнұр Кисиков, Нұргелді Әбдіғаниұлы Usbanov ARNASY-нда тәуелсіз бақылаушылар туралы талқы жасады...
👏24
🇰🇿 Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялады!
Қазақстан СІМ құзырлы органдармен бірлесе отырып, шиеленіс аймағынан азаматтарды алып шығу үшін алғашқы эвакуациялық рейстерді ұйымдастырды. 3 наурыз күні таңертең 278 адамнан тұратын алғашқы топ Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы қызметкерлерінің көмегімен Алматы-Маскат-Алматы бағыты бойынша жолға шықты.
Кейінірек 189 азаматтан тұратын екінші топтың ұшуы жоспарланған, барлығы отанына 467 қазақстандық оралады.
Әуе тасымалынан бөлек, эвакуация жерүсті көлігімен де жүзеге асырылуда. Соның ішінде 15 азамат Иран-Түрікменстан шекарасын «Инчебурун» бекеті арқылы кесіп өтсе, «Заркух» компаниясының 35 қызметкері Ираннан Арменияға автобуспен шықты (ҚР СІМ мәліметі).

👍18❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥АҚШ пен Израиль Теһерандағы Мехрабат әуежайына соққы жасады…
👍29👎9❤3
🇺🇸 Ақ үй ресми түрде жариялады: Иранға қарсы әрекеттер — бұл соғыс емес, «АӘО» (Ауқымды әскери операция)!
Ақ үй Трамптың «Ауқымды әскери операциясының» (АӘО) төрт мақсатын атады:
1️⃣ Иранның зымырандарын жою және зымыран өнеркәсібін жермен-жексен ету.
2️⃣ Флоттың көзін жою.
3️⃣ Режимнің террористік прокси-күштері бұдан былай аймақты немесе әлемді тұрақсыздандыра алмайтынына, сондай-ақ мыңдаған адамның, соның ішінде көптеген американдықтардың өліміне немесе ауыр жаралануына себеп болған қолдан жасалған жарылғыш құрылғылары мен миналарын бұдан былай қолдана алмайтынына көз жеткізу.
4️⃣ Иранның ЕШҚАШАН ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ пресс-релизде Президент Трамптың террористердің көзін жойғаны үшін және, ең бастысы, соңғы 50 жыл бойы барлық американдық президенттер ойлаған, бірақ жүзеге асыра алмаған істі орындауға батылдығы жеткені үшін мақтауға лайық екені айтылған.

👍47🤣19👎7🥱6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Иран Абу-Даби, Дубай мен Дохаға соққылар жасады…
❤17🔥10👍3👎1
⚡️ Польша өзене тиесілі ядролық қару жасайтын болады!
«Польша ядролық қауіпсіздік мәселесіне өте байыппен қарайды. Өзіміздің автономды мүмкіндіктерімізді дамыта отырып, біз болашақта Польшаны осы мәселеде барынша дербес әрекет етуге дайындауға ұмтылатын боламыз», — деді премьер-министр Туск.

👍57👎6❤1🔥1
КӨСЕМДІ ӨЛТІРУ ОПЕРАЦИЯСЫ…
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы аясында Израиль истребительдері Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің резиденциясына ондаған бомба тастап, көсемнің көзін жойды. Батыс БАҚ-тары бұл шабуылдың қалай ұйымдастырылғанын анықтап жазыпты...
«БІЗ ТЕҺЕРАНДЫ ИЕРУСАЛИМ СЕКІЛДІ ЖАҚСЫ БІЛДІК»
Financial Times-тің жазғаны: Израиль Хаменейді көптен бері аңдыған. Теһерандағы көшелердегі камераларды бұзып кіріп, олардан алынған мәліметтер жылдар бойы Тель-Авивтегі серверлерге беріліп отырған. 28 ақпанда бомбаланған резиденцияға аятолланың шенеуніктері мен күзеті келгенде де, Израиль оларды сырттан бақылап отырған. Тіпті Иран шенеуніктерінің көліктерін қайда қойғанына дейін біліп отырған.
Израиль барлауының қызметкері FT басылымына: «Біз Тегеранды Иерусалимді білгендей жақсы білдік», — дейді. Оның айтуынша, Израильде Теһеран туралы мәліметтер резиденцияны бомбалаудан әлдеқайда бұрын болған.
Хаменейді нысана етіп алған Израиль аранайы жоспар құрып, тыңғылықты әрекет еткен. Израильдің әскери доктринасына Хаменейдің көзін жою операциясы арнайы енгізілген. Ол бойынша Хаменейдің орналасқан жерін екі жоғары лауазымды офицер растауы тиіс болған. Сонымен қатар Израильге америкалықтар көмектескен.
Израиль генералы Дэн Кейннің айтуынша, америкалық әскерилер Израильдің «жолын тазалап» берген. Кибершабуылдар жасау арқылы, Иранды «көру, байланысу және әрекет ету» қабілетінен айырған.
ЦРУ-ДЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ «АДАМ ФАКТОРЫ»
BBC, FT, NYT басылымдарының жазғаны: Хаменейдің көзін жою операциясына ЦРУ тікелей қатысқан. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы аятолланың орналасқан жері туралы ақпарат жинаған. Операция кезінде Израиль Иран басшылығындағы адамдарға, ал АҚШ әскери нысандарға жауапты болған.
Израиль барлауында радиотехникалық барлау мәліметтері болған. Көшелердегі камералар мен ұялы байланыс желілеріне бұзып кіріп, деректерге қол жеткізген. Осылайша, Хаменейдің жүріп-тұрғаны жайлы, жиналыстың қашан және қайда өтетіні туралы ақпараттарға толық қол жеткізілген.
Ал АҚШ-та бұдан да құнды дереккөзі болған. Ол – ішке енгізілген тыңшы. ЦРУ Хаменейді айлап бақылаған. Америкалық барлау 28 ақпан күні таңертең оның резиденциясында маңызды кездесу өтетінін және оған аятолланың өзі қатысатыны туралы мәлімет алған. Осы ақпаратты алған соң, одақтастар шабуыл уақытын шұғыл өзгертуге ұйғарады. Сөйтіп, ешкім күтпеген жерден таңғы уақытта соққы жасалады.
ТРАМП: «АЯТОЛЛА ӨЗІН ҚАУІПСІЗ СЕЗІНІП, ТАҢҒЫ АСЫН ІШІП ОТЫРҒАН»
BBC-дің жазғаны: Израиль истребительдеріне Теһеранға дейін ұшу үшін шамамен 2 сағат қажет, бірақ олардың нақты қай қашықтықтан бомба тастағаны белгісіз. БАҚ истребительдер жергілікті уақыт бойынша 09:40-та резиденцияға 30-ға жуық қуатты бомба тастағанын хабарлайды. Таңғы уақыттағы соққы тактикалық тұтқиылдыққа мүмкіндік берді. Шабуыл нәтижесінде резиденция толығымен қираған, бұны жерсеріктен түсірілген суреттер растайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News эфирінде Ирандағы операция барысында тек сенбі күні 49 топ-шенеунік өлтірілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Хаменей шабуыл болған күні таңертең өзін қауіпсіздіктемін деп санап, жақын адамдарымен таңғы ас ішіп отырған.
Сарапшылардың пікірінше: Бұған дейін де өзге елдің аумағында қарсыластарының көзін жою операцияларын жүзеге асырған Израиль мен АҚШ арнайы қызметтері соңғы жылдары айтарлықтай табысқа қол жеткіздіү солардың бірсыпырасы: 2024 жылы «Хезболла» лидері Хасан Насралланы, кейін «ХАМАС» қолбасшысы Яхья Синвар мен «ХАМАС» басшысы Исмаил Ханияның көзін жойды.
«Моссадтың» бұрынғы басшыларының бірі Сима Шайн: «Біздің осыған дейінгі «пейджерлер операциямыз» бен осы жолғы операцияларымыз сөзсіз, әлемнің назарын аударарлық сәттілікке ие болды», - дейді.

👍41🖕13❤2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
«Арыстанның айбаты» - Израильдің АҚШ-пен бірге Иранға қарсы әскери операциясының атауы. «Арыстан мен Күн» – Иранның 1979 жылғы Ислам революциясына дейінгі рәмізі»...
Толық: https://abai.kz/post/212900
Толық: https://abai.kz/post/212900
abai.kz
Арыстандардың айбаты және көкжалдың ырылы
👍20❤3👎2🤔2
«Бейбітшілік кеңесі»: Қазақстан ақша бөле ме?
Қазақстанда үкімет деңгейінде «Бейбітшілік кеңесіне» қаражат бөлу мәселесі әлі талқыланған жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
«Біріншіден, біз әлі ештеңе енгізген жоқпыз. Бұл мәселелерді үкімет деңгейінде әлі талқыламадық», – деді Жұманғарин Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, Қазақстан көрсететін көмектің басым бөлігі гуманитарлық сипатта болады.
«Әңгіме тұрақтандыру аясында далалық госпитальмен бірге медиктерді жіберуге, студенттерге оқу гранттарын беруге дайын екендігіміз туралы болып отыр. Біз гуманитарлық көмек көрсетуге немесе азық-түлік жеткізуге дайынбыз. Яғни, көмектің көп бөлігі осылай көрсетіледі. Оны да бағалауға болады, түсінесіз бе? Бұл жерде қандай да бір цифрлар аталса, ол міндетті түрде ақшалай төленеді деп айтуға болмайды. Бұл — жан-жақты көмек», – деп түсіндірді вице-премьер.

👍17❤3👎3
Usbanov ARNASY
DW: Аятолла Әли Хаменейдің ұлы Можтаба Хаменей Иранның жаңа аятолласы боп тағайындалды! Оны шииіттердің 88 ғұламасынан құралған кеңес сайлаған.
Израильдің Қорғаныс министрі Исраэл Кац: Иранның кез келген жаңа басшысы Израильдің заңды нысанасы болады!
👍36👎8💩7🖕2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ әскерилерінен ноу-хау: «Біз Иранның ұшқышсыз ұшақтарын алып, оларды жетілдірдік те, өздеріне қайта бағыттадық», — деді АҚШ Әскери-әуе күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Брэд Купер.
👍42💩12😁3🤣1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазір әлем бұрын-соңды болмаған өзгеріске түсіп, БҰҰ-ның бір орталықтан басқарушылығын кейбір алпауыт мемлекеттер керек те қылмайтын болды.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7779

mezgil.kz
Ирандағы соғыс. Пехлевидің үзілген үміті һәм жаңа Аятоллаға төнген қәуіп
Қазір әлем бұрын-соңды болмаған өзгеріске түсіп, БҰҰ-ның бір орталықтан басқарушылығын кейбір алпауыт мемлекеттер керек те қылмайтын болды. Жан-жағымыз жаңа соғыс ошақтарына айналып, оның лебі барлық құрлықты қамтыды. Соның бірі – АҚШ пен Израильдің Иранғ
👍15😢7❤3💩1