Forwarded from Mezgil.kz
‼Уашиңтоннан жеткен үшбу ақпарат – Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық амал-әдістер қайта жанданатын болды.
▪КЕЛІССӨЗ ЖАЛҒАСА МА? ТАРАПТАР НЕ ДЕЙДІ?
▪КИЕВ ҮШІН - КЕЛІССӨЗ ДЕ МАҢЫЗДЫ, «PATRIOT» ТА МАҢЫЗДЫ...
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8995

mezgil.kz
Үш тараптың келіссөзі: Киев пен Мәскеу бір үстелге отыра ма?
Уашиңтоннан жеткен үшбу ақпарат – Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық амал-әдістер қайта жанданатын болды.<br />
<br />
<br />
🤔9🙏8❤1
Эбола вирусы: Конгода ауруханалар лық толы...
Конгода Эбола індеті дендеп барады. Әсіресе Бутембо қаласындағы жағдай қиын. Кейінгі 20 күн ішінде кеселді тағы 550-ден астам жұқтырып алған.
Ал ауруханалар науқастарға лық толған. Жаңа науқастарды қабылдау үшін орын жетіспегендіктен, уақытша қабылдау орындары ашылған. Бутембоның өзінде 2 млн халық тұрады.
Халықаралық ұйымдардың дәрігерлері вирустың тез тарап жатқанына алаңдайды. Қазір ауру елдің жеті провинциясында өршіп тұр. Вирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады. 3 мың 700 адам көз жұмды.

😱22👍4👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Каспийдегі сарбаздар қазасына қатысты алғаш рет ресми үндеу жасады...
👎56🔥2😡2
Германия парламентінде Украинаға көмекті тоқтату талабына байланысты дау туындады...
Оппозициялық «Германия үшін балама» (AfD) партиясы Бундестагқа Украинаға берілетін әскери әрі қаржылай көмекті тоқтатуды және оның Еуропалық одаққа кіруіне бұғат қоюды талап ететін қарар жобасын ұсынды.
Партия сонымен қатар Германияның өз мүдделеріне қайшы келеді деп есептейтін санкциялардан бас тартуды, ал Киевке бұған дейін берілген несиелердің өтеуі ретінде Украинаның сирек кездесетін металдарына, газына және басқа да ресурстарына басымдықпен қол жеткізуді талап етуді ұсынды.
Бұл бастама парламенттегі басқа партиялардың қатаң қарсылығын тудырды.

👎38🤔7🤬5❤1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сөзің мен ісің сәйкес болмаса, өзіңді өзің әшкерелейсің...
«Өртің көп болсын» деген белгілі асабадан есіркіге ұқсас зат табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады.
Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады. Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат болып шықты.
Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.
Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және “мак” екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.

👍21😁5❤3🤔1
ТҮРКІЛЕРІМ...
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев көңіл айтып: «Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза тапқаны туралы хабар қабырғамызды қайыстырды», - деп жазды.
Әзірбайжанның СІМ-і мен Қорғаныс министрлігі де жеке-жеке көңіл айтты.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көңіл айтып: «Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу өткізу кезінде орын алған қайғылы оқиға салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қаза тапты деген суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым», - деп жазды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев те Қазақстанға үшбу хат жолдады. «Шавкат Мирзиеев қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шынайы көңіл айтып, қолдау білдірді», - деп жазды Өзбек президентінің баспасөз қызметі.
Түркия президенті Режеп Ердоған мен Түркия СІМ-і де көңіл айтты. «Ақтау жағалауында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Қаза тапқандардың жақындарына және Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз», - деп жазды.
Түркиядан тағы бірнеше саяси партия жеке-жеке көңіл айту білдіріп жатты.
Түркі мемлекеттері ұйымы да аранйы көңіл айтты. «Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы атынан және өзімнің атымнан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан Республикасының халқы мен Үкіметіне шынайы көңіл айтамын», - деп жазды Қуанышбек Өмірәлиев.
Бұлардан басқа Франция, Сербия, Ресей мен Беларусьтен де көңілхат келген. АҚШ-тың дипмиссиясы, Ұлыбританияның елшілігі, БҰҰ-ның өкілдігі, ЕО мен Чехияның елшілігі де арнайы постерлер жариялап, Қазақстанның қайғысына ортақтасып жатыр екен...
«Қайғыны бөліссең жеңілдейді», деген түркілерімнің бір ауыз жылы сөзі, бұл…

❤48👍7👏4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қорғаныс министрі Дәурен Қасенов қаза тапқан сарбаздың үйне барып, кешірім сұрап, Президенттің көңіл айту хатын өзі табыстады…
😁10😢7🤔2
ҚАСІРЕТТІ БӨЛІСУ МЕН ЖЕТКІЗУ МӘДЕНИЕТІ
Ақтаудағы қасіреттен кейін әлеуметтік желіде қоғамның пікірі екіге жарылды. Бір тарап ЖИ арқылы қаза болғандардың суреттерінен әсерлі бейнелер жасап таратқан блогерлерді «қоғамдық резонанс туғызғаны үшін» ақтаса, екінші тарап трагедияны қаралым жинаудың құралына айналдыруға болмайтынын айтып, оларды айыптап жатыр.
Бірақ бұл мәселеге бір жақты қарау қиын. Егер қоғамдық резонанс болмаса, қасіретке биліктің реакциясы да тиісті деңгейде болмауы мүмкін деген уәждің жаны бар. Қоғамның дауысы кейде әділетті талап етудің маңызды тетігіне айналады. Сондықтан трагедия туралы дауыстап айтқандардың бәрін жаппай кінәлау да әділетті емес.
Сонымен бірге қасіретке үн қосу мен қасіретті әсер құралына айналдырудың да ара жігі бар.
Ең күрделі мәселе — ниет. Блогер қайғыны пайдаланып қаралым жинағысы келді ме, әлде қоғамды оятқысы келді ме — мұны сырттай дәлелдеу оңай емес. Ниетті болжап, адамға үкім шығару да жөнсіз.
Адамның ішкі мәдениеті оның әрекетінен көрінеді.
Қайтыс болған адамның суретін қалай пайдаландың? Қайғыны қалай көрсеттің? Туыс-туғанының жан жарасын ескердің бе?
Көрерменнің ашуын қоздыруды көздедің бе, әлде ойландыруды ма?
Қасіреттің қадірін сақтай отырып, қоғамның назарын аудара алдың ба? Міне, мәселе осында.
Бір ақынның зарлы жоқтауы елдің жүрегін қозғады. Адамдар жылады. Бірақ сол жоқтаудың ішінде әскердегі келеңсіздіктер, қоғамдағы жауапсыздық, жемқорлық туралы өткір ой да көрініс тапты. Демек, қасіретті жүрекке жеткізу мен қоғамдық мәселені көтеру бір-біріне қайшы емес.
Қайғыны қоғамнан жасыруға болмайды. Әділетті талап ету үшін кейде қатты сөйлеуге тура келеді. Бірақ қайғының өзін - айқайға, марқұмның бейнесін - әсерге, жақындарының жан жарасын көпшілікке арналған көрініске айналдырмау — адамның өз ішкі мәдениетіне байланысты.
Қасіретті бөлісу мәдениеті — үнсіз қалу мәдениеті емес.
Ол — қасіреттің қадірін сақтай отырып сөйлеу мәдениеті.
Қоғамдық резонанс қажет болуы мүмкін. Бірақ резонанс пен дабыраның, жанашырлық пен эмоцияны қоздырудың ара-жігін ажырата білу қажет.
Өйткені қасірет — контент емес. Оның артында тағдыр, отбасы, көз жасы және адам өмірі тұр.
Гүлмәрия Барманбекова

💯15❤8
Пезешкиан Трамппен кездесу шартын атады...
Иран президенті Пезешкиан Трамппен кездесу өткізудің басты шарты ретінде АҚШ-тың «Ирандағы өкіметті күшпен ауыстыру ниеті жоқ екенін көрсетуін» атады.

«Өзіңізді біздің орнымызға қойып көріңізші. Біреу келіп, сіздің жоғарғы көшбасшыңызды өлтірді делік. Одан кейін қол жеткізілген барлық келісімдерді орындамады. Сіздің реакцияңыз қандай болар еді? Бұл олай оңай шешіле салатын мәселе емес», – дейді Пезешкиан.
👍28🤮3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Танымал әнші Димаш Құдайберген Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
⬇Толық: https://abai.kz/post/223308
⬇Толық: https://abai.kz/post/223308
abai.kz
Димаш: Қош болыңдар, бауырларым...
❤16👍10
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде БҰҰ-дағы басты алаңға шыққан АҚШ пен Иран лидерлері – Трамп пен Пезешкиан бір-біріне қарата қатаң айыптаулар мен дөрекі дәлелсөздер айтты. Бір-бірін – «соғысты бастаушы», «терроршы» деп айыптады.
▪ПЕЗЕШКИАН ТРАМПҚА ШАРТ ҚОЙДЫ...
▪7 КҮНДІК БІТІМ ҺӘМ ОРМУЗДЫ АШУ ШАРТЫ
▪ТРАМП ШАРТТЫ ҚАБЫЛДАМАДЫ: ҰРЫС ЖАЛҒАСАДЫ...
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8999

«Қайта соғысамыз»: Үміттің жібі үзілуге шақ тұр. Ормуз тағдыры шешілмеді...
Әлгінде БҰҰ-дағы басты алаңға шыққан АҚШ пен Иран лидерлері – Трамп пен Пезешкиан бір-біріне қарата қатаң айыптаулар мен дөрекі дәлелсөздер айтты. Бір-бірін – «соғысты бастаушы», «терроршы» деп айыптады.<br />
<br />
<br />
👍10🔥4