Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
ШАЛИТ КЕЛІСІМІ: БІР САРБАЗДЫҢ ҚҰНЫ...

Бейбіт күнде 19 сарбазымыз суға кетті. 12-сінің денесі табылды. Тағы 3-еуі құтқарылды. Қалғанын әлі іздестіріп жатырмыз...

Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды десек те, қаза тапқан әрбір сарбаздың қаралы хабары әрбіріміздің қабырғамызды қайыстырып тастағаны рас...

***

2006 жылы "ХАМАС-тықтар" Газа секторы аумағынан қазылған жерасты жолы арқылы үш бағыттан Изарильге шабуыл жасайды. Ұзындығы 800 метр жерасты жолының 300 метрі Израиль аумағында болған екен. "ХАМАС-тықтар" қолда бар қаруын түгел қолданады. Танкке қарсы снарядтардың бірі Израиль танкіне дөп тиіп, ішіндегі жас сарбаз (капрал - бізше кіші сержант) қолды болады. Ол - Гилад Шалит деген жігіт еді. Гиладпен бірге болған тағы үш жауынгер қаза табады. Ал Гилад тұтқынға алынады.

Гилад тұп-тура 5 жыл 4 ай "ХАМАС" тұтқынында болған. Израиль 2011 жылы осы Гиладты ауқымды құн төлеп (айырбас) құтқарып алды. Израиль 1 сарбазға (Гиладқа) 1027 палестиналық тұтқынды айырбас қылған. Тарихта бұл айырбас - "Шалит келісімі" деп жазылып қалды...

Бұл оқиға Израиль үшін әрбір сарбаздың құны дұшпанның мың тұтқынынан жоғары екенін көрсетеді.

«Қытай армиясы көптігімен жеңеді» деп ойлаған Маошалайтын жөніміз де, жеріміз де жоқ. Біз үшін әрбір сарбаздың өмірі — қымбат. Отанды қорғау жолында жүрген әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтау — мемлекеттің, әскери басшылықтың және бүкіл қоғамның басты міндеті. Бұл Конституциямызда жазылған.

Марқұм болған бауырлардың отбасы-жақындарына көңіл айтамыз. Бұл жағдайдың себебі анықталып, адами факторға жауаптылар жазаланады деп сенеміз...
👍32💯14❤5👏2
💔16😢1
25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні

Президент Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйекті «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп жариялады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», - делінген Жарлықта.

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 сарбаз суға кеткен.

«Қайғылы оқиға Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа-райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты болған», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қолда бар мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Осыдан соң Үкіметтік комиссия құрылып, алдын ала қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Ал Үкіметтік комиссияны Қанат Бозымбаев басқаратын болып, оның құрамына бейінді министрліктердің, Маңғыстау облысының, әскери прокуратураның және Шекара қызметінің өкілдері кірген.

22 қыркүйекте Каспийде 500-ден астам әскери қызметшінің қатысуымен «Хазар қорғаны-2026» жаттығулары өтіп жатқан. Бірақ Қорғаныс министрлігі бұл трагедияның дәл осы жаттығулар аясында болған-болмағанын әлі нақтылаған жоқ.
😢26❤1🙏1
Ши мен Трамп Ақ үйде жолықты...

Ши АҚШ-ты қақтығыстар мен текетірестерден аулақ болуға шақырды...

"Қытай көшбасшысы ҚХР мен АҚШ "Фукидид тұзағынан" бойын аулақ ұстауы тиіс екенін айтты. Бұл термин қуаты артып келе жатқан держава қалыптасқан әлемдік гегемонды ығыстыруға қауіп төндіргенде соғыстың сөзсіз болатынын сипаттайды", - деп жазады NYT.

Ынтымақтастық мәселесіне тоқталған Ши төраға Қытайдың американдық компаниялар үшін "есігін айқара ашып отырғанын" және АҚШ-тағы қытайлық бизнеске де осындай қарым-қатынас жасалады деп үміттенетінін атап өтті.
❤15🤮10🤔5🤡3🔥1😐1
Трамп Ши екеуін "шын мәнінде берік достық" байланыстыратынын айтты...

Қытайбасы Трампқа "1,4 миллиард халықтың атынан" алғыс білдірді.

Кездесудің басында АҚШ президенті Трамп Шимен бірге бірқатар мәселелерді, соның ішінде қауіпсіздік, технологиялар және жасанды интеллект мәселелерін талқылауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Бүгін біз осы салаларда қабылдайтын шешімдер ондаған жылдар бойы бейбітшілік пен гүлденуге ықпал етуі мүмкін", — деді Трамп.
👍19🤡5😁2
Үкіметтік комиссия таратқан ресми мәлімет бойынша:

Оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 әскери қызметші суға кеткен. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қазіргі таңда тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді тапсырды.
😢25❤8🤬1
ҚР Қорғаныс министрлігі қаралы тізімді жариялады...
😢42🤬1
ДАНИЯНЫҢ ЕСКЕРТУІ: РЕСЕЙ НАТО-ҒА ШАБУЫЛДАУЫ МҮМКІН...

Ресей жақын айларда НАТО елдерінің біріне қарсы шектеулі әскери операция жүргізуі мүмкін, деп мәлімдеді Данияның әскери барлау және қауіпсіздік қызметі (DDIS).


DDIS бағалауынша, мұндай сценарийдің қаупі «төмен, бірақ артып келеді».

DDIS басшысы Томас Аренкьельдің айтуынша, Ресейдің өз шекарасына көршілес орын тепкен НАТО елінің аумағына шағын әскери контингентті, соның ішінде айырым белгілері жоқ әскерилерді «мысалы, жергілікті орыс азшылықтарын қорғау деген сылтаумен» кіргізу ықтималдығы бар.

Аренкьель бұл әрекеттер арқылы Ресей «Альянс ішіне іріткі салуды» көздейтінін баса айтты.
❤19🔥5🤔5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қанат Бозымбаев: Қайғылы жағдайға кінәлілер қатаң жазасын алатын болады!
👍31🤔5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ескерту: Өте ауыр кадрлер...

"Қаралы тізімді" оқып жатқан сәт...
😢42😭13🕊4❤1😡1
Зеленский: Анкоридж уағдаластықтары бұдан былай талқыланбайды!

Зеленскийдің айтуынша, келіссөз күн тәртібінің өзгеруінде негізгі рөлді Украина Қарулы Күштері атқарған.

«Біз бүгін майдан даласында жағдайды бақылап отырмыз. Бізге қиын, бірақ басқыншыларда ешқандай ілгерілеу жоқ, тіпті тасбақа жүріспен әлгерілеп жатқанның өзі Ресейге өте қымбатқа түсіп жатыр», - деді Зеленский.

Президенттің пікірінше, майдандағы қазіргі жағдай Киевке Мәскеудің талаптарымен келіспеуге мүмкіндік береді.
👍54🔥4❤3🤔1🤡1💯1
Маңғыстаудағы сарбаздар қазасмы: Марқұм болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді. Олар: Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ пен Ақжайық Гилаж...
🙏24🕊5
Каспийдегі сарбаздар қазасы: Қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр...

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, қаза болу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық істер қозғалған.

— Тергеу барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оқу-жаттығуларды ұйымдастыруға және құтқару іс-шараларын жүргізуге байланысты заң бұзушылықтарға жол берді деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Олардың іс — әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — деді Санжар Әділов.
👀13❤5😢4🕊2
Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
🙏16😢6
Сарбаздар қазасы: Жоғары лауазымды 5 адам ұсталды...

Әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды.

Қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды.

Ұсталғандардың қатарында - ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар.

Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біз үшін әрбір сарбаздың өмірі - қымбат. Отанды қорғау жолында жүрген әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтау - мемлекеттің, әскери басшылықтың және бүкіл қоғамның басты міндеті. Бұл Конституциямызда нақты жазылған.
👍29
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Бейбіт күнде сарбаздарымыз суға кетті. 14 сарбаздың денесі табылды. Тағы 3-еуі құтқарылды. Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды...

Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды десек те, қаза тапқан әрбір сарбаздың қаралы хабары әрбіріміздің қабырғамызды қайыстырып тастағаны рас...

⬇Толық: https://abai.kz/post/223288
🕊15🙏5🤔2😢2❤1
Сарбаздар қазасы: Тағы да тұтқындалу болуы мүмкін...

Маңғыстауда әскерилер тобының қаза болуына қатысты іс бойынша ІІМ жаңа тұтқындаулардың болуын жоққа шығармайды...

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысында әскерилер тобының қаза болу фактысы бойынша қозғалған іс аясында жаңа адамдардың ұсталуын жоққа шығармайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Тергеу амалдары ұсталуға тиісті тұлғалардың қосымша шеңберін анықтау бағытында жалғасуда», – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жұма күні.
👍16🤔14❤1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Маңғыстау облысында, Каспий теңізінде 24 қыркүйекте әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға тұтас Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырғаны рас.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8994
🙏19👍2