Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.28K videos
7 files
2.93K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Ресей бүгін Киевтегі азаматтық секторды тоқтаусыз атқылауда…
🤬44😡6❤1👏1
Ресейден Лавров, АҚШ-тан Рубио Нью-Йоркте жолықты…

Талқылаған бас тақырып - Украинадағы соғыс!

Қос делегация созғанда 50 минут сөйлескен. Жалпы 2025 жылдан бүгінге дейін Лавров пен Рубио кемі 5 мәрте жолыққан. Әр жолы 30-50 минут арасында сөйлескен.

Рубионың айтуынша, Уашиңтон Путинді Маямидегі “үлкен жиырмалық” саммитіне шақырған. “Сол алаңда Путинге әлем көшбасшыларымен жолығу мүмкіндігі туады”, - деді Рубио сөзбе-сөз. Шақырту берілгенімен Трамп-Путин жүздесуі бойынша нақ келісім болмады.

Жалпы алғанда, бұл жүздесу нәтижелі бола қойған жоқ. Ресей тарабы әуелде екпіндеп отырған. “АҚШ-тың әлгі тозақ санкциялары не пәле, сұрайық өздерінен”, - деген.

Ал 50 минуттан соң Лавров: “Ресей ешқандай келіссөзден қашпайды. Диалогқа ашықпыз, мейлі ол екі жақты, мейлі үш жақты болсын. Бірақ, келіссөз кезінде ұрысты тоқтатпаймыз”, - деді.

Осылайша, 50 минуттың нәтижесіз өткенін нүктелеп берді…
👎30🤡10❤2🔥1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттер жайлы айтты.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=8981
🤔8💩4❤1
Hraparak: Ресей саяси талаптар орындалмаса, Арменияға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін!

Егер Ереван Мәскеудің саяси талаптарын орындамаса, Ресей 1 қарашадан бастап Арменияға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін.

Ал Мәскеу Ереванға мынадай талаптар қоюда:

* Ресейдің 102-ші әскери базасы және ресейлік капиталы бар компанияларға қатысты әрекеттер тақырыбын талқылаудан бас тарту;

* ЕО-ға кіру процессін бастау туралы заңның күшін жою немесе референдум күнін жариялау;

* «Проресейлік саясаткерлерді» қудалауды тоқтату.

Сондай-ақ, армениялық басылым Мәскеу үшін қолайлы вице-премьерді тағайындау талабы қойылғанын хабарлайды.
🤣29💩23🖕6❤1
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттер жайлы айтты.

Халық Кеңесі туралы: «Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес. Кеңес мүшелері Құрылтайдың құзыретіне кіретін жұмыспен айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды. Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Сондықтан Халық Кеңесі мен Құрылтайдың комитеттері тығыз байланыста болып, үйлесімді түрде жұмыс істеуі қажет», - деді.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы, шын мәнінде, өз жұмысын аяқтады. Бірақ бұл ұйым аясында қалыптасқан пайдалы институционалдық инфрақұрылым керексіз болып қалады дегенді білдірмейді», - деді.

Қазақ тілі туралы: «Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсіресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады. Ана тіліміз мемлекеттік тіл ретінде сұранысқа ие, ұлттық мәдениетімізді, болмысымызды шырайлы да шұрайлы туған тіліміз арқылы көрсетеміз. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды», - деді.

Қазақстан туралы: «Алдымда тұрған мақсат – айқын: бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Басқа ойым жоқ», - деді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі заң жүзінде ғана емес, күнделікті мемлекеттік басқару ісінде де көрініс табуы тиіс – деп ойлаймыз. Осыны, құрметті билік иесі, ұдайы бақылап, іске асыруға күш салуы қажет. Керек болса, тиісті мемлекеттік органдарға ескерту жасап отыруы жөн.

Тілдің шынайы беделі оның мерекелік жиындарда қаншалықты әдемі айтылуымен емес, мемлекеттік мекемелердің күнделікті жұмысында қаншалықты кең қолданылуымен өлшенеді. Азаматтың өтінішіне берілетін жауапта, мемлекеттік органның қаулысында, қызметтік хатта, жиналыстың хаттамасында, ресми баяндамада мемлекеттік тілдің орны айқын болғаны жөн.
👍35🔥5❤1😁1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Бүгін әлеуметтік желіде қара шаңырақ – ҚазҰУ аумағында орналасқан Ө.А.Жолдасбеков атындағы «Студенттер сарайының» шатыры опырылып түскені жайлы бейне жазба жария болды. Осыдан соң әлеуметтік желі қолданушылары: «Қош бол, студенттер сарайы», «ҚазҰУ ұжымы тарихи ғимаратты қиратып тынды», деген мазмұнда пікірлер жаза бастады.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223206
👍12👎5
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Кеше ғана «Қытай сақалға жол жапты» атты мақала шығардық...

Сонда құнды жазбасын қалдырған «ағылшын тілі мұғалімі Жанна» деп қол қойған авторға іздеу салған едік. Бірақ, таппаған соң, материалдың өзектілігіне байланысты жұмбақ қыз Жаннаның жазбасын мақалада со қалпында жарияладық. Мақала қызу оқылып жатыр.

⬇Толық: https://abai.kz/post/223212
👍18🤔5❤2
Forwarded from Mezgil.kz
‼БҰҰ Бас Ассамблеясының бас мінбері – қазір әлемдік саясаттың басты алаңы болып тұр. 81-ші сессияның ашылуынан соң әлем басшылары кезек-кезек сол бас мінберден әлем жұртына өз үндеулері мен ұсыныстарын жолдауда...

▪ТРАМП: ИРАНДЫ ЖОЙЫП ЖІБЕРЕЙІН БЕ?
▪ПЕЗЕШКИАН: ТЕРРОРШЫ БІЗ БЕ, ОЛАР МА?

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8984
🤔10❤1
25 мың КХДР азаматы Ресейде дрон құрастыруда

Ресей дрон құрастыруға 25 мыңға дейін Солтүстік Кореялық жұмысшыны жалдаған...

Ресейдің Украинаға басып кіруін саяси деңгейде қолдаған Пхеньян Ресей әскерінің жеке құрамын толықтырып, Мәскеуге қару-жарақ жеткізіп келген. Енді БҰҰ зерттеушілері 25 мың КХДР азаматының Ресейде дрон құрастырумен айналысып жатқанын, ал олардың тапқан табысының басым бөлігі Ким Чен Ын режиміне кететінін анықтады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Санкцияларды мониторингтеу жөніндегі көпжақты тобының (MSMT) баяндамасына сәйкес, 2025 жылдың аяғында Ресей территориясында 15 мыңнан 30 мыңға дейін Солтүстік Кореялық жұмысшы болған. Олардың ішінде мыңға жуық адам стратегиялық маңызды кәсіпорындарда — қорғаныс зауыттарында, болат қорыту комбинаттарында және кеме жасау қуаттарында еңбек еткен.

Украина барлауы да КНДР-дың 25 мың азаматы Татарстандағы «Алабұға» арнайы экономикалық аймағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруде жұмыс істейтінін хабарлаған.

«Радио Свобода» да осыған ұқсас мәліметтерді келтіре отырып, Солтүстік Корея жұмыс күшін шетелде пайдалануға тыйым салатын БҰҰ санкцияларын айналып өту үшін өз азаматтарын «студенттер» ретінде рәсімдейтінін жазған. 2025 жылы Ресей Солтүстік Корея азаматтарына 36 400 виза берген, олардың 35 800-і - студенттік визалар.
🤬31❤3🔥2😡2🤔1
Сарбаздар қазасы: Бозымбаев комиссияны басқарады

Премьер-министр Олжас Бектенов Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл баруды тапсырды. Комиссия қайғылы жағдайдың себептерін анықтап, қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастыруы керек.

– Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, еөлік министрліктерінің басшылығы, бас әскери прокурор, шекара қызметінің өкілдері кірді, – делінген үкімет хабарламасында.
😭18😱7😴1
АҚШ ОББ (ЦРУ) Ресейдің Испанияға, Францияға немесе Италияға дронмен соққы беруі мүмкін екенін ескертті...

«El Mundo» басылымының мәліметінше, АҚШ Еуропаның оңтүстігіндегі елдерге Ресейдің Испания, Франция және Италияға ұшу қашықтығы 600 шақырымды құрайтын «Гербера» дрондарымен соққы беруі мүмкін екенін ескерткен.

АҚШ Барлау агенттігінің құжатында шабуылдың айтарлықтай нақты сценарийі сипатталған: Дрондар әдеттегі коммерциялық тасымал ретінде бүркемеленген сауда кемелерінен ұшырылады деп ескертілген.
👍22😁5😱5❤1🤔1
Сарбаздар қазасы: Баку Астанаға көңіл айтты...

Әзербайжан СІМ Каспийде қаза тапқан қазақстандық әскерилерге байланысты көңіл айтты...

«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі әскери жаттығулары кезінде әскери қызметшілердің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты қабырғамыз қайысып отыр. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқы мен Үкіметіне терең қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала марқұмдарға мәңгілік тыныштық, ал олардың отбасыларына осы бір ауыр сәтте төзім мен сабыр берсін», — делінген хабарламада.

Ведомство жалғасып жатқан іздестіру-құтқару операциясы туралы да бөлек тоқталып өтті: «Әлі де із-түзсіз жоғалғандар тізімінде жүргендер аман-есен құтқарылады деп үміттенеміз, ал зардап шеккен әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді.
🙏31❤4