Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіз әрі жауапты ЖИ дамытудың «Вашингтон моделін» қолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз әрі жауапты дамыту бағытында халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамп пен ірі технологиялық компаниялардың басшылары қол қойған келісімде бекітілген бастаманы оң бағалады. Оның айтуынша, бұл құжат жасанды интеллектке байланысты тәуекелдердің ұлттық шекаралардан асып түсетінін және мемлекеттер мен бизнестің үйлестірілген іс-қимылын талап ететінін көрсетеді.
«Вашингтонда қол қойылған келісім сарапшылар тарапынан жан-жақты зерделенгеннен кейін жасанды интеллект саласында жаһандық деңгейде енгізілуі тиіс модель ретінде барлық мүдделі мемлекеттер тарапынан қарастырылуы мүмкін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сондай-ақ «Вашингтон моделі» БҰҰ қамқорлығымен халықаралық келісім әзірлеуге негіз бола алады деп санайды. Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапты дамыту ұстанымын қолдайды және халықаралық сындарлы диалог жүргізуге арналған алаң болуға дайын.
Мемлекет басшысы Кеңес мүшелеріне осы бағыттағы Қазақстанның халықаралық бастамасына қатысты нақты ұсыныстарды қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырды. Қазақстанның ортақ ұстанымын осы жылдың желтоқсанында Майами қаласында өтетін G20 саммитінде таныстыру жоспарланып отыр.

👍18❤4🤔2💩2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский: Ресей Киев тұрғындарын қаладан кетуге мәжбүрлегісі келеді!
«Олар украиналықтардың – әсіресе Киев тұрғындарының – қаладан кеткенін қалайды. Соғысты бастағанда да көздегендері осы еді», - деді Зеленский.
Оның айтуынша, Путиннің тактикасы қақтығысты барынша өршітуге бағытталған және ол бұл әрекетін ары қарай да жалғастыра бермек.
Зеленский Киевтегі оқиғалар мен АҚШ-тағы сайлау арасында байланыс бар екенін атап өтті.
«АҚШ-тағы аралық сайлау жақындаған сайын, ол бұл әрекеттерін одан бетер белсендіре түседі», - деп болжайды Украина президенті.

💯39❤5🤔1
Жапония тағы да Ресейге қарсы санкциялар жариялады!
Жапония Украинадағы соғысқа байланысты ресейлік 33 ұйым мен 9 жеке тұлғаға қарсы санкция салды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің сайтында хабарланды.
Оларға қатысты төлемдер мен капиталмен жасалатын операцияларға шектеу қойылды. Ақша аударымдары, сондай-ақ депозиттермен, трастармен және ақшалай мәмілелер жапон билігінің рұқсатын талап етеді.
Тізімге, атап айтқанда, «Туламашзавод», «Мотовилиха заводтары», Коломенский заводы, «Военторг», Уралдронзавод, Калуга ғылыми-зерттеу радиотехникалық институты, «Прогресс» ВНИИР-і, «Орион» ГӨБ, «Алабуга Девелопмент» және «Алабуга Машинери» кәсіпорындары кірді.

👍57❤4
Францияда жоғары сынып оқушыларының наразылығы жалғасуда...
Наразылық акциялары сейсенбіде басталып, осы күнге дейін созылып жатыр. Толқулар көптеген қалаларды (Париж, Лилль, Нант т.б.) және көптеген оқу орындарын қамтыған.
Білім министрлігінің мәліметінше, жұма күні наразылық салдарынан 3700 лицеидің 400-ден астамы жабылған. Жалпы, наразылықтар басталғалы бері 1200-ден астам оқу орнының жұмысы тоқтап қалған.
Акциялар оқу орындарын бұғаттау, тәртіпсіздіктер, өрт қою және мүлікті бүлдіру әрекеттерімен қатар жүруде. 2 мыңға жуық адам қамауға алынған, олардың 90%-ы – кәмелетке толмағандар.

👍20❤2👏2
АҚШ-тың ұлты қазақ елшісі...
АҚШ-тың Словениядағы елшісі Әсел Робертс (Төленова) – қазақ қызы. Ол 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 15 жасында арнайы бағдарлама аясында Аризона штатына оқуға түскен. Лицейді аяқтаған соң, Джорджтаун университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне білім алуға түседі. Оны бітіргеннен кейін Американың дипломатиялық саласында жұмысқа орналасады.
20 жыл ішінде 5 президентпен қызметтесіп, жоғары деңгейдегі кеңесші, протокол басшысы лауазымдарын атқарған.
2026 жылдың мамыр айында АҚШ Сенаты оны Американың Словениядағы елшісі қызметіне бекітті. Ол қазақ, ағылшын, орыс және жапон тілдерінде еркін сөйлейді.
Түркі дүниесінің қайсар әрі дарынды қыздары өте көп. Әсел Төленова – солардың бірі ғана.

👍67❤4👏2😁2
Mezgil.kz
‼Әлем қазір аласапыран күй кешуде. Тарсыл-гүрсіл қақтығыстар мен соғыстар жер жаһанның жан-жағын шарпыған. ▪ӘЛЕМДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН СОҒЫСТАР ▪ЭФИОПИЯ: СОҒЫС ОТЫ БҰРҚ ЕТТІ... ▪ТЫГРАЙЛЫҚТАР ДЕГЕН КІМДЕР? ▪ЭФИОПИЯДАҒЫ СОҒЫС ҚАЛАЙ ӨРБУДЕ? ▪ЭФИОПИЯ: МЫСЫР, СУДАН МЕН…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кеше ғана Эфиопиядағы қанқасап соғыс туралы жазған ек…
Бүгін Эфиопия мен Эритерия мемлекетаралық байланысты толық үзетінін жариялады…

😱20🔥2
Forwarded from PARANOIA.KZ
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

👍31❤3👎2😁1
Ал Шешенбасы Рамзан Қадыров тағы шен алды..
Бұл жолы Қадыровқа “армия генералы” әскери шені беріліп, күрең берет табысталған…
Рамзан Қадыров 2004 жылы “Ресей батыры” атағын алған екен.
Онан кейін 2009 жылы “генерал майор” шенін таққан.
2022 жылы Рамзан Қадыров қос бірей шен алды, кезек-кезек. Сол жылы көктемде “генерал лейтенант” болған. Күнтізбеде жыл ауыспай жатып “генерал полковник” болып алды.
Енді арада төрт жыл өтті дегенде “армия генералы” болып отыр.
Қадыровта атақ көп. Шен де пішен. Енді бұл алмаған бір ғана әскери шен қалды. Ол “маршал” атағы.
Енді екі-үш күнде 50-ге келетін жігіт қой. Өмірі алда болса, “маршалыңыз” да бір аттам жерде тұр…

🤡34😁18🤣4🔥3❤1
Әлиев қатты айтты…
Әлемде қазір екі ұлы держава бар. Бірі - АҚШ, екіншісі - Қытай. Үшіншісі жоқ!
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев сөйдеді, бүгін. “Жаңа Әзірбайжан” дейтін билік партиясының VIII сиезі өткен.
Әлиев өз сөзінде аталған қос державамен де жақсы байланыс орнатқанын айтып: “Баку - сөзінде тұратын, қосар ойын ойнамаймын, сенімді әріптес екенін көрсетті”, - деді.
Әлиев Ресейді күшті державалар қатарына қоспапты. Мұны естіген Мәскеу бұлқан-талқан көрінеді. Әл-әзірден бастап Ресей эфирлері енді Әлиевті жерден алып, жерге сала бастамақ…

😁52👍34❤5👏4👀1
ҚАЗАҚСТАНДА 84 МЕДАЛЬ
Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя және Аичи қалаларында өткен Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.
Қазақстан қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль түсіп, жалпы есепте ел құрамасы 8-орынға жайғасты.
Медаль саны бойынша Қытай бірінші орын алды — 169 алтын, 89 күміс, 83 қола.
Екінші орында Жапония, үшінші орында Оңтүстік Корея тұр.
Өзбекстан 21 алтын, 25 күміс, 24 қола медальмен бесінші орынға ие болды.
Қазақстан ең көп медальді дзюдо мен күрестен алды — жеті-жетіден. Байдарка мен каноэде ескек есуден алты медаль, ал семсерлесу, бокс және джиу-джитсудан бес-бестен жүлде бұйырды.
Суреттер: Сали Сабыровтікі

👎20👍14😁1💩1
Зеленский: Ресей бізге соққы жасау үшін 700-ге жуық баллистикалық зымыран және өзге де түрдегі бірнеше мың зымыран жинақтады!
Украина президентінің айтуынша: Ресейде айына шамамен 130–140 баллистикалық зымыран шығарылады. Украина бұл қауіппен күресу үшін оларды өндіретін орындарға соққы беріп жатыр.
Оның айтуынша, Украинада әдеттегі қанатты зымырандарды атып түсіруге мүмкіндік бар, ал баллистикалық зымырандар — үлкен «қатер әрі сынақ». Дегенмен, қазіргі уақытта Ресей реактивті дрондарды жаппай қолдануға басымдық беріп отыр.

❤21💯7🕊4👍2👎1🤔1