Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлем қазір аласапыран күй кешуде. Тарсыл-гүрсіл қақтығыстар мен соғыстар жер жаһанның жан-жағын шарпыған.

▪ӘЛЕМДЕ БОЛЫП ЖАТҚАН СОҒЫСТАР
▪ЭФИОПИЯ: СОҒЫС ОТЫ БҰРҚ ЕТТІ...
▪ТЫГРАЙЛЫҚТАР ДЕГЕН КІМДЕР?
▪ЭФИОПИЯДАҒЫ СОҒЫС ҚАЛАЙ ӨРБУДЕ?
▪ЭФИОПИЯ: МЫСЫР, СУДАН МЕН ЭРИТЕРИЯНЫ АЙЫПТАЙМЫЗ!
▪ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ ЭФИОПИЯНЫ ҚОЛДАДЫ...

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9036
😱15❤1
Әлемде - соғыс. БҰҰ - дәрменсіз. Бас хатшы кім болады?

Батыс БАҚ-тарының жазуынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) кезекті Бас хатшысын сайлау науқаны күрделі саяси тығырыққа тірелген.

Бас хатшылыққа үміткерлерді іріктеудің алғашқы кезеңдері нәтижесіз аяқталғаннан кейін, халықаралық сарапшылар мен басылымдар өздерінше болжам жасап, жаңа кандидаттардың есімдерін талқылай бастаған. Солардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да аты-жөні аталып отыр.

Ұлыбританиялық Guardian не жазды?

Британдық беделді Guardian басылымының 21 қыркүйектегі мақаласында жазылған бойынша: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен үш жабық дауыс берудің нәтижесінде айқын жеңімпаз анықталмаған. Бастапқы үш бірдей кандидатта да теңдей мүмкіндік болғанымен, ұйым ішіндегі текетірес балама тұлғаларды іздеуге мәжбүрлеген...

Ал бейресми тізімдерде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі Лана Нусейбенің және Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның да есімдері атала бастаған. Дегенмен, бұл тұлғалардың ешқайсысы ресми түрде кандидат ретінде өтініш бермеген.

Күрделі процедура және геосаяси қайшылықтар

БҰҰ Бас хатшысын сайлау ережесі өте қатаң:

1) Үміткерді Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 елдің кемінде 9-ы қолдауы тиіс.

2) Тұрақты бес мүше - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қытайдың тарапынан бірде-бір вето (қарсылық) болмауы керек.

«Қазіргі таңда әлемдегі геосаяси текетірестің ушығуына байланысты осы уағдаласушы бес елдің ортақ ымыраға келуі бұрын-соңды болмаған деңгейде қиындап отыр», - дейді Батыс басылымдары.

Ел ішінде де «Тоқаев БҰҰ Бас хатшылығына кандидат болуы мүмкін» деген гу-гу әңгіменің тарап жүргеніне де біраз болды. Бұдан бөлек, 13 наурызда Reuters агенттігі дипломатиялық ортадағы дереккөздерге сүйеніп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл лауазымға өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.

Тоқаевтың өз ұстанымы қандай?

Қазақстан Президенті халықаралық және отандық басылымдардың бұл болжамдарын бірнеше рет жоққа шығарды:

«Ұсыныстарға қарамастан, Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жұмысқа қайта оралатын ниетім жоқ», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев («Түркістан» газетіне берген сұхбатында)

Сондай-ақ, 2025 жылғы 3 қаңтарда «Ана тілі» газетіне берген жауабында да Мемлекет басшысы: «Женевадағы тәжірибем маған жетеді», - деп қысқа қайырған болатын. Ал биылғы тамыз айында Тоқаев алдағы президент сайлауына қатысу-қатыспау мәселесіне қатысты нақты шешімін 2027 жылы ашық айтатынын мәлімдеді.

Қалай болғанда да, БҰҰ ішіндегі дағдарыс әлемдік саясатта бейтарап әрі дипломатиялық салмағы бар тұлғаларға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетіп отыр. Алайда, бұл болжамдардың қаншалықты шындыққа айналатыны алдағы уақытта Қауіпсіздік Кеңесінің келіссөздеріне байланысты болмақ.
❤14👍4🤮2🤔1
Рубио Иран делегациясынан АҚШ-тан кетуді талап етті!

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иран делегациясына Америка Құрама Штаттарының аумағынан дереу кетуді бұйырды.

Axios порталының хабарлауынша, бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелгеннен кейін қабылданған. Талаптан соң Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бастаған делегация Нью-Йорктен шығып, Дохаға ұшып кетті. Бұл жағдай екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың қаншалықты күрделеніп кеткенін айқын көрсетті.
🤣22🔥8👎4👏3👍2🤔2
Трамп Иранмен соғыс салдарынан американдық оқ-дәрілердің кейбір түрлері азайғанын мойындады...

«Оқ-дәрілердің кейбір түрлерінің қоры қазір басқаларына қарағанда сәл азырақ», — деп мәлімдеді АҚШ Президенті.

Бұған қоса, Трамп АҚШ арсеналын толықтыру және өндіріс көлемін кеңейту мақсатында Raytheon мен Lockheed Martin-ді қоса алғанда, жетекші қорғаныс өндірушілерімен келісімдер жасасқанын хабарлады.

Сонымен бірге Трамп егер тараптар «қолайлы мәмілеге» қол жеткізе алмаса, аралық сайлаудан кейін Иранға соққы беруді қайта жандандыруы мүмкін екенін де мәлімдеді.
😁19👍6🤔5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
СОҒЫСҚҰМАР ҚУ ҚАҚПАС

Ресей коммунистерінің жетекшісі, 82-дегі Зюганов үлкен соғыстың жақындап қалғанын айтып, Еуропаны 2029–2030 жылдары «шабуыл жасау» жоспарын құрып отыр деп айыптады...

Ресей Мемлекеттік думасының отырысында Зюганов Ресейдің үлкен соғыстың табалдырығында тұрғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, еуропалық елдердің лидерлері «қарқынды шабуылды 2029–2030 жылдарға жоспарлап отыр.

«Ауқымды әрі ұзақ соғыста жеңіске жету үшін мынаны есте ұстау қажет: Бұл — тоздыру соғысы және онда әлеуеті жоғары тарап жеңеді. Бізге, орыс әлеміне соғыс жариялағандардың қаржылық-экономикалық әлеуеті бізден 10 есе жоғары», — дейді Зюганов.
👎15🤣12❤4🔥2💊2
Қазақстан – жаңа технологиялар дәуіріндегі цифрлы держава

Бүгін "AI & Digital Bridge – 2026" дейтін алқа-қотан форум өтіп жатыр. Оған президент Тоқаев та қатысып, сөз сөйлеген...

Бүгінгі реализм сол - бүгінгі күнде әлемдік экономика мен қоғамдық өмірді жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық технологияларсыз елестету мүмкін емес! Ал Астанада өтіп жатқан "AI & Digital Bridge – 2026" халықаралық форумы бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанның осы жолдағы стратегиялық қадамдарын айқындап берген маңызды алаңға айналды десек, жаңылмаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде еліміздің өңірдегі жетекші цифрлық хабқа айналу әлеуеті мен басымдықтарына ерекше тоқталды.

Жыл сайын дәстүрге айналған "Digital Bridge" форумы бүгінде Еуразия кеңестігіндегі ең беделді технологиялық алаңдардың біріне айналды. Бұл туралы Президент:

«Digital Bridge халықаралық форумын шын мәнінде жаңашыл, жасампаз және зияткер азаматтар бас қосатын бірегей жиын деп айтсақ, артық болмасы анық», – деп атап өтті.

Іс-шара аясында тек қана цифрландыру мәселелері емес, сонымен қатар мынадай маңызды бағыттар қамтылды:

* Есептеу инфрақұрылымын дамыту және кеңейту;
* Ауқымды тілдік модельдерді (Large Language Models) ұлттық деңгейде бейімдеу;
* Робот техникасы мен өнеркәсіптік жасанды интеллектті енгізу;
* ехнология саласындағы қауіпсіздік пен заңнамалық реттеу тетіктері.

Қазіргі құбылмалы әлемде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі оның технологиялық даму қарқынымен өлшенеді. Жасанды интеллект өнеркәсіп, қаржы, білім беру, ғылым және мемлекеттік басқару жүйелерін түбегейлі өзгертіп жатыр. Қазақстан бұл үдерістен тыс қалмай, аймақтағы көшбасшылық позициясын нығайтуға ұмтылуда.

"AI & Digital Bridge" форумы озық идеялардың тоғысқан жеріне айналып қана қоймай, отандық мамандар мен шетелдік инвесторлар арасындағы байланысты нығайтатын «алтын көпір» қызметін атқарып отыр.

Еліміздің адами капиталы мен жас таланттардың әлеуеті Қазақстанның толыққанды цифрлы державаға айналуына толық негіз береді. Мемлекет басшысы атап өткендей, инновациялық бағыттағы нақты жобалар мен бастамаларды іске асыру ел экономикасын жаңа сапалы деңгейге көтеріп, халықаралық аренадағы орнымызды айқындай түседі. Бұл анық!
❤11🤣11👍2👎1🤮1
😡14🤔1
СОҒЫСЫП ЖАТҚАН РЕСЕЙГЕ НЕГЕ БАРДЫҢДАР?

“Ресейге алданып бардық, күзетші болып жұмысқа барғанбыз”, - дейді бір топ қазақ балалар. “Бізді түрмемен қорқытып, соғысқа салуда”, - дейді және. Енді Қазақстаннан араша сұрауда!

Айналайындар-ау!

Ресей - соғысып жатқан ел. Ол соғысты бастаған да Ресейдің өзі. Біреу келіп, Ресейдің жеріне кірген жоқ. Біреудің жеріне кірген - Ресей! Сол үшін де жұртқа жексұрын...

"Бір сом беріп жырлатып, он сом беріп қойдыра алмаптының" кебін киіп отырған да сол Ресей. Енді сол соғысқа адам таппай сандалып жүрген де сол Ресей! Түрмелерден "батыр" іздеді, тапты, тауысты. Солтүстік Корейден адам алдырды. Қара жұмысқа барған, оқуға барған шетелдіктерге пұл ұсынып, соғысқа шақырды. Мұның бәрі кеше-бүгін ғана болып жатқан жоқ. Бірнеше жыл болды. Ресейдегі жағдай солай...

Ресей деген - әрісі - 2014 жылдан соғысуда. Берісі - 2022 жылдан бері соғысушы, соғыс бастаушы ел!

Ақылы бар, ақпарат оқи алатын адам ол жақта “ат басындай алтын бар” десе де бармайды. Ол жақтағы күзетшілік бұл жақта да табылар еді?!

Ресей деген - Оңтүстік Корей, Еуропа немесе АҚШ емес, ай сайын "миллиондап табамыз" дейтін. Тіпті, сол өркениетті деген елдерге де барған адам - бастық болып бармайды. Қара жұмысшы, жалдамалы "құл" болып барады. Ресей де тұп-тура біз секілді қирауық одақтан (КСРО) шыққан ел. Бізден асып кеткен жері жоқ. Керісінше, көп нәрседе бізден кейін тұр...

Сөйте тұра, біздің географиялық аймақтың адамдарына төбеден қарайды. Өлейін деген шалдарына шейін ОА-лықтарды "ортаңқол адамдар" деп, "жұмысшы тап" деп қарайды. Өздерін ескі империяның мұрагерлері көреді. Сол санада қалып кеткен. Сені адам құрлы көріп, төбелеріне көтерейін деп отырған біреуі жоқ!
Өткен ғасырда болып жатқан соғыс емес. Интернеттің жылдам уақыты. Ақпарат деген толып тұр. Жұмыс тұрмақ, қыдыруға барсаң да, әуелі барар жерің жайлы бірдеңе қарап, оқып, танысып барасың. Соғысып жатқанын білесің. Сенен бұрын барған үнділер мен зәңгілер зар жылап, "бізді алып кетіңдерші" дегенін көрген де боларсың. Сенен бұрын барған "өзбек-қырғыздың" жігіттері алданып соғысқа кеткенін естіген де шығарсың. Енді не дейсің, көкем? Соғысып жатқан Ресейге неге барасың?

Енді келіп: "Өлсек те, өз елімізде өлейік", - дейсіңдер, жігіттер!

Естіп жатырмыз, Қазақстан СІМ-і наразылық нотасын жіберген дейді. Әлбетте, бұл жігіттерді құтқару керек. Қазақстанға аман-есен алдырту керек. Конституция соны міндеттейді. Біз үшін әрбір адамның өмірі құнды. Бірақ, бұл жігіттерді елге алдыртқан соң, жақсылап профилактика жасау керек! Не оймен барды, не ақпарат оқиды, не тыңдайды, зерттеу керек! Бұл жүрістің қылмыстық жүріс екенін жақсылап түсіндіру керек "бөтен соғысқа қатысу - қылмыс).

Бұл - басқаларға сабақ. Үлкен сабақ! Есі дұрыс адам тап қазір Ресейге бармайды, аш қалса да! Өз бюджетінің жыртығын жамай алмай, бар ақшасын әскери салаға жұмсап, өз халқы кедейленіп жатқан Ресей сендерге дөге-дөге ақша беретін жағдайда емес! Бар беретіні - ажалға бастарыңды байлап береді. Келісімшарт ұсынады, ай сайын әскери айлық уәде етеді. Сөйтеді де, майданда өліп қалғандарыңды тілеп отырады.

Соның дәлелі, кеше ғана Лиманда тұтқынға берілген Ресейдің 250 сарбазы. Өз сарбаздары. Өз азаматтары. Шетелдіктер емес. Ресейде туғандар. "Аш қалдық, ағаштың қабығып сорып әлдендік. Кері шегінуге мұрша бермеді. Өлейін деп қалдық", - деп өлердегі сөздерін айтып отыр!

Ойланыңдар, жігіттер! Он рет ойланыңдар!
❤35👍15😁3💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский Украина өзі жасап шығарған «FP-7» баллистикалық зымыранын алғаш рет ұрыс даласында қолданғанын айтты.

«Нәтиже үшін рақмет! Әрі қарай – өндіріс», — деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский.
👍59🔥5❤1
Қазақстанның технологиялық дамуының діңгегі!

Астанадағы Digital форумда бірсыпыра маңызды мәселелер айтылып жатыр ғой…

Қазіргі таңда цифрландыру мен технологиялық серпіліс кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторға айналды. Бұған ешкімнің дауы жоқ шығар. Алайда, Президент Тоқаев атап өткендей, ең заманауи дата-орталықтар мен инфрақұрылымдар білікті де терең білімді мамандарсыз өздігінен нәтиже бере алмайды!

Технологиялық дамудың негізгі қозғаушы күші — білімді ғалымдар, инженерлер мен ынталы кәсіпкерлер!

Сол үшін де ең әуелі елімізде өндіріспен тығыз байланысты ғылыми-инженерлік мектепті қалыптастыру — стратегиялық маңызды міндет!

Осы мақсатта құрылған Qazaq AI Research University білім беру процесін ғылыми зерттеулермен ұштастыратын бірегей орталыққа айналуы тиіс. Оқу орнының басты ерекшелігі — «AI+X» моделі. Бұл модель жасанды интеллектіні тек теориялық тұрғыда оқытып қана қоймай, оны нақты секторларға: өнеркәсіп, энергетика, медицина, қаржы саласы мен мемлекеттік басқаруға тиімді қолдануды көздейді.

Бұндай интеграция ғылымның өндірістен алшақтамай, ел экономикасының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуірінде адамның интеллектуалдық рөлін сақтап қалудың маңыздылығына тоқталыпты.

ЖИ — адамның орнын басатын құрал емес, керісінше, оның оқуына, жаңа идеялар мен өнімдерді ойлап табуына көмектесетін көмекші!

Адам бойындағы сыни ойлау, терең білім және өздігінен шешім қабылдай білу қабілеті әрдайым алдыңғы орында қалуы тиіс!

Бұл талап әсіресе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі жас маман заманауи технологияларды игеріп қана қоймай, өз саласының қыр-сырын терең меңгерген, жеке жауапкершілігі жоғары тұлға болуы қажет!

Осындай кешенді көзқарас қана дайын өнімді тұтынып қана қоймай, отандық технологияларды жасап шығаратын және Қазақстанның ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын қалыптастырады!
❤14🤔3👎2🤮2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Валдай-ау, валдай, валдай-ау…
Путиннің өмірі балдай-ау…

Путиннен: “Сіз нейрожелілерді қолданасыз ба?”, - деп сұрапты форумдағылар…

Сонда Путин: “Мен Президент әкімшілігін қолданамын. Ал олар бәрін қолданады”, - депті…
😁27💩21
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼ҚР СІМ-І НЕ ДЕЙДІ?

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар екендігін мәлімдеп: «Осы мәселе бойынша Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық нота жолданды. Ресей тарапымен тиісті жұмыс жалғасып жатыр. Жұмысымыздың нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз», - дейді.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/223657
👍26❤1🤔1
👎9🤔1
Қазақ боксы және төрешілік дағдарысы

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақ жанкүйерлерінің жүйкесін сынаған кезекті төрешілік дау орын алды. Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) ұлттық құрама көшбасшыларының қатысуымен өткен екі бірдей жартылай финалдық жекпе-жек нәтижелеріне түбегейлі қарсы шығып, World Boxing халықаралық ұйымына ресми протест жолдады.

Бұл жолы әділетсіздік құрбаны болғандар – 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен әлем чемпионы Наталья Богданова мен 55 келідегі саңлағымыз Махмұд Сабырхан.

Рингтегі тартыс пен қағаздағы қателік
Наталья Богданова үндістандық тәжірибелі былғары қолғап шебері Ловлина Боргохайнмен айқасып, барлық үш раундта тең дәрежеде жұдырықтасса да, төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қарсыласқа берді. Дәл осындай ұятты сценарий Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Карло Паалам арасындағы кездесуде қайталанды.

Махмұдтың жекпе-жегінде шешуші сәттердің бірінде қарсыласы ереже бұзғаны үшін ринг төрешісі тарапынан ұпайы шегерілді. Алайда, есеп кестесіндегі қайшылықтар мен төрешілердің біржақты бағалауы қазақ боксшысының финалға шығуына кедергі келтіріп, қола жүлдемен шектелуге мәжбүр етті.

Федерацияның қатаң ұстанымы: Қазақстан бокс федерациясы бұл шешімдерді «ашық әділетсіздік» деп бағалап, халықаралық конфедерация мен World Boxing ұйымына ресми шағым түсірді. Федерация өкілдері спортшыларымыздың рингте басым түскенін және бәсеке тағдырын әділ емес бағалау шешкенін қатаң мәлімдеді.

Әлемдік бокстағы жүйелік түйткілдер
Әуесқой бокстағы төрешілік мәселесі – жылдар бойы ушығып келе жаткан ауыр дерт. халықаралық ұйымдар (АИБА/IBA мұрасынан жаңадан қалыптасып жатқан World Boxing жүйесіне көшу кезеңі) әділдік пен ашықтықты уәде еткенімен, әлі күнге дейін субъективті бағалау мен «кабинеттік шешімдер» спортшылардың көп жылдық еңбегін бір сәтте күлталқан етіп жатыр.

Екі дүркін әлем чемпионаттары мен халықаралық ареналарда мойындалған Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова сияқты саңлақ боксшылардың бұлайша сыртқа қағылуы – қазақ боксының беделіне қарсы бағытталған қадам емес, жалпы халықаралық бокс жүйесінің әлсіздігін көрсетеді. Регламент бойынша төрешілер шешімінің кейін қайтарылмайтыны белгілі болса да, ҚБФ-ның бұл қадамға саналы түрде баруы – болашақтағы осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін ашық демарш, үлкен наразылықтың көрінісі.

Азиада бәсекесінде қазақ боксшыларынан тек екі спортшы – Төрехан Сабырхан мен капитан Айбек Оралбай ғана финалға жолдама алды. Ал Бүгін Төрехан Сабырхан Азия чемпионы атанды.

Бұл көрсеткіш бұрынғы үстемдік пен алтын тұғырлардан көріну дәстүріне сызат түсіп жатқанын, халықаралық төрешілік институттарына деген сенімнің түпкілікті шайқалғанын аңғартады.
👍28❤3🤔1
Төрехан Сабырхан – Азия ойындарының чемпионы!

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан қарсылас шақ келтірмей, ел қоржынына кезекті алтынды сыйлады.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз финалдық жекпе-жекте Иордания спортшысы Зияд Ишаишпен қолғап түйістірді. Шабуыл мен қорғанысты шебер ұштастырған Төрехан қарсыласын 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасы үшін Азиададағы оныншы алтын жүлде.

Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК.
👏39👍13❤4
АҚШ Сенаты Қазақстанға қатысты қарар қабылдады!

АҚШ Сенаты Қазақстан мен ОА елдерін тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, арнайы қарар қабылдады.

Бұл қарарды республикалық және демократиялық партиялардың алты сенаторы Стив Дэйнс, Гэри Питерс, Джон Кёртис, Дэйв Маккормик, Крис Мёрфи және Джеки Розен ұсынды.

Құжатта Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен байланыстың АҚШ үшін стратегиялық маңызы айтылған. Сенат бұл мемлекеттердің сыртқы саясатын өз бетінше жүргізіп, қауіпсіздік пен экономика саласындағы серіктестерін дербес таңдау құқығын қолдайды.

Сондай-ақ олардың тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығы бүкіл Еуразиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің тірегі екені айтылған.

Қарарда АҚШ-тың аймақ елдерімен екіжақты байланысы және С5+1 форматындағы ынтымақтастығы нығайып келе жатқаны да көрсетілген.

Сондай-ақ Транскаспий дәлізінің әлемдік сауда, энергетикалық қауіпсіздік және цифрлық байланыс үшін маңызды екеніне назар аударылған.
👍37❤2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Соңғы апталарла Калининград төңірегінде талас-тартыс қыза түсті. Еуропа елдерінің сыртқы барлау қызметтері: «Ресей Калининградты сылтауратып, НАТО елдерінде арандатушылық немесе кішігіріп әскери акт жасауы мүмкін», - десе, Ресей тарабы: «Егер НАТО мен Еуропа Калининградқа соқтығар болса, ядролық қаруға жүгінеміз», - деп жатыр...

▪ПУТИННІҢ СОҢҒЫ СЕНЕРІ – ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ МА?
▪РЕСЕЙ ЕУРОПАМЕН СОҒЫС ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?
▪КАЛИНИНГРАД – БОЛЖАМДЫ СОҒЫС АЛАҢЫ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9044
🤔14🔥6
СОҒЫСТЫ ТОҚТАТУ: ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОЛҚА САЛДЫ!

Дания Қазақстаннан Украинадағы соғысты реттеу үшін Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынастарын пайдалануды сұрады.


Бұл туралы Астанаға сапармен келген Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен мәлімдеді.

«Мен Қазақстаннан Украинадағы оқ пен отты тоқтату және бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде уағдаластықтар жасау үшін Мәскеумен дипломатиялық байланыстарын пайдалануды сұрадым», - деді Данияның СІМ бастығы.
👍35👎6❤2😁2🤔1🤡1
⚡Боксшы Айбек Оралбай да Азия ойындарының чемпионы атанды

Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті
👍72❤7