УКРАИНАНЫҢ "КӨЗІРІ" ҚАНДАЙ?
Украинаның СІМ бастығы Андрей Сибига:
"Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде біз "қолыңда көзірің жоқ" дегеннен "қолыңдағы көзірлеріңді қолданбай тұрыңдаршы" дегенге дейінгі жолды жүріп өттік. Бұл – біздің жетістік", - деді.
Бұнысы дәл айтылған сөз. Ресейдегі "Wildberries-ке" жасалған аңшылық науқан бар. Онан соң Ozon-ға жасалған дөп соққыларды тағы қосыңыз. Ресейдің ірі-ірі МӨЗ-дерін бірінен соң бірін төмпештеуі тағы бар. Қара теңіздегі Ресейдің көлегейлі флотының кемелерін аңдып қуып, соққылағаны және рас. Ең ақырғы "Яндекстің"миқораларын соққының астына алуы да жасырып-жапсыра алмайтын шындық.
Осының бәрі Киевтің қолындағы "көзірге" айналғаны рас. Ең маңыздысы Украина бұл соққыларға біреудің қаруын емес, өз дрондарын, өз балистикаларын, өз қанатты зымырандарын қолдануда. Бұл да "көзір".
Сондықтан да, Уашиңтонның "қолыңда көзірің жоқ" дегені, "Киев, сенен өтінерім, бізге керек мұнайды соққыламай тұршы" дегенге ұласты. "Axios" әлгінде: "АҚШ Ресеймен келісім жасасардан бұрын Киевке 6 мәрте өтініш айтып, МӨЗ-дерді соққыламауды сұраған", - деп жазды. Мұны Трамп та растады: "Киев біздің айтқанымызды тыңдамады", - деп ренжіді.
Сондықтан, Сибиганың сөзі - алып-қосары жоқ сөз...

👍66❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРУДЕ?
Алматыда Розыбакиев көшесінің 6,4 шақырымдық бөлігінде көркейту жұмыстары жалғасуда.
Бүгінге дейін 22 мыңнан астам бұта мен 183 ағаш егіліп, жүргінші жолдарын жарықтандыруға арналған 130 бағана орнатылды.
Қазір жүргінші және велосипед жолы салынып, тротуар плиткалары төселіп, автоматты суару жүйесі орнатылуда.
Жұмыс барысында жасыл желектерді сақтауға, жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығына ерекше көңіл бөлінуде. Көркейту кезінде тұрғындардың жүріп-тұруына мүмкіндік сақталған.

👍31❤1
АҚШ, Британия және Қытайдың ірі компаниялары Қазақстандағы мұнай барлауға 500 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр...
Қазақстандық «ҚазМұнайГаз» компаниясы елдегі жаңа мұнай кен орындарын іздестіру үшін америкалық Shell, британдық Chevron, сондай-ақ қытайлық Sinopec және CNOOC компанияларымен бірлесіп халықаралық геологобарлау консорциумын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ұлттық компания басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Ысқазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған компаниялар бұл жобаға 500 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Консорциум осы жылдың соңына дейін құрылады деп күтілуде.

«Министрліктермен 23 жоба бойынша келіссөздер жүріп жатыр, бұл – бөлек салынған инвестициялар. Бұрғылауға арналған капиталдық салынымдар бұдан да көп болады, ал консорциум шеңберінде бұл көрсеткіш шамамен 500 млн долларды құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Теңіз бен Қашағандағы терең шөгінділерді ескергенде, ең жоғарғы бұрғылау тереңдігі – 5,5 км. Ал қазір біз қарастырып жатқан тереңдік – 5,5 шақырымнан 10 шақырымға дейін. 2D-сейсмика әдісімен 60 000 погондық шақырым аумақта жоғары ажыратылымдығы бар сейсмобарлау жұмыстарын жүргізетін боламыз», – деп атап өтті Ысқазиев.
👍24👎8❤4🤔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп әлі ақталып жүр...
Бұл жолы: "Ресей дизельді бізге емес, бүкіл әлемге жеткізіп береді", - дейді...
300 мың тоннаны әлем көзіне тамыза ма?)

🤣70🖕12
ЖАПОН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫ УШЫҒА ТҮСТІ...
Ресей ФСБ-сі Сахалинде «Хоккайдо Симбун» газетінің 34 жастағы тілшісі Имаи Юкиді ұстады. Оған Куриль аралдарынан Украинаға қарсы соғысқа аттанған ресейлік әскерилердің саны туралы мәлімет жинады деген айып тағылды.
Қызығы, бұл тұтқындау туралы хабарланғанға дейін тура төрт күн бұрын Жапония Халықаралық қылмыстық соттың президенті Томоко Аканэнің қудалануына байланысты Ресейге ресми наразылық білдірген еді.
Кездейсоқтық болуы да мүмкін, бірақ арада бірнеше күн өткенде ФСБ жапон журналисінің тұтқындалғанын хабарлады. Енді оған 10-нан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

🤬40❤7🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп әбден састы...
Қазақта: "Сасқан үйрек артымен жүзеді", - деген сөз бар. АҚШ президенті Трамптың кешелі-бергі сөздері соған ұқсайды...
Бүгін Трамптан: "Ресей Украинаның 6 энергетикалық нысанын соққылады. Бұған не дейсіз?", - дейді журналист.
Трамп: "Енді қайтейін, Украина осыдан бір күн бұрын Ресейдің көп нысанын соққылаған еді", - деп жауап қайтарды.
Журналистер: "Ресейдің бітімді бұзғанын білесіз бе?", - деп сұрайды.
Трамп: "Мен бұл жайлы кейінірек хабарлап айтамын", - дейді.

🤣49💩13🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамптың дегендерінен:
АҚШ лидерінен журналистер: "Путиннің бітімді қалайтынына неге соншалық сенімдісіз?", - деп сұрайды.
Сонда Трамп: "Солай ойлаймын. Анығы олардың екеуі де соғыстың аяқталғанын қалайды. Мына қантөгістің аяқталғанын қалайды. Мен бұған сенімдімін. Мен ұзақ жылдардан бері осындай соғыстарды тоқтатумен шұғылданып келемін. Бұл соғыс та түбі тоқтайды. Себебін білесіз бе? Себебі - ылғи солай, соғыс түбі аяқталады", - деп жауап беріпті...
Ол сондай-ақ, АҚШ Украинаға барлау мәліметтерін беруді тоқтатпағанын айтты.

🤡38🖕6🥴5❤4
Ал Ресейде Ростов МӨЗ-і лапылдап жануда…
🔥59👍19
Зеленский: Путин Траптың сөзін пысқырмады!
Украина президенті: “Ресей Американың көзін бақырайтып тұрып құрметсіздік жасады. Мұндай масқара бұрын-соңды болмаған!”, - деді.
Трамп бітім жариялағанның ертесі-ақ (кеше түнде) Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына қарсы 39 балистикалық зымыран, 120 соққылаушы дронмен соққы жасады. Соққылар Киев, Киев облысы мен Харьковке жасалды.
“Трамп бітім жариялады. Ал Путин әлемге көрсетіп тұрып, бітімді бұзды. Мәскеу Трамптың сөзін сөз көрмейтінін көрсетіп отыр”, - деді Зеленский.
Түндегі шабуыл кезінде Ресей 25 дана “Цикрон” зымыранын қолданған. Ал Киевтің жарты бөлігі жарықсыз қалған.

💯30👍12🤔5❤1