Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Әзербайжандағы дау:

Баку билігі биылдан бастап мектеп оқушыларына арналған біріңғай форманы міндеттеген.

Бұл бойынша - оқушылардың мектепке еркін формамен немесе діни киіммен келуіне тыйым салынған.

Бұл шешім кейбір ата-аналардың қарсылығын тудыруда. Ата-аналар: "қыздарымыз мектепке хиджабпен баруға рұқсат етілсін", - деп талап қоюда. Кешелі-бүгін ата-аналар мектептерге басып кірген. Мектептің мүлкін қиратып, есік пен терезесін сындырып, мұғалімдерді жағадан алған. Қазір 40-қа жуық адам ұсталып, іс қозғалған.
👍21😁10👏2
Ресей мойындауға мәжбүр болды...

Ресейдің Цифрландыру министрі Шадаев «Яндекстің» дата-орталықтарына жасалған шабуылдың ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған деңгейде өткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Қорғаныс министрлігі нысандарды қорғау мәселелерін шешіп жатыр, сондай-ақ компанияға көмектесуге бүкіл сала өкілдері атысалысқан.

Сонымен қатар, ресейлік пайдаланушылар «Яндекс» сервистерінің жұмысында іркілістер болып жатқанын хабарлауда. Мәселелер «Яндекс Пэй» төлем сервисінде, «Яндекс Почтада», «Яндекс Телемост», «Яндекс Go», «Яндекс Про» қосымшаларында, сондай-ақ «Аптека.Ру» және «Вкусно - и точка» қолданбаларында байқалуда. Бұл ретте «Яндекс» іздеу жүйесі өз жұмысын қайта қалпына келтірді.
🤣34❤5👍3
Хуситтер шабуылы...

Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежай белгілі бір уақытқа дейін жабық болады...

Бұл туралы Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасы мәлімдеді.
😁12👍8❤1
Украинаның СІМ бастығы Сибига: Ресейдің өзіне де, сөзіне де сенім жоқ!

- Украина энергетикалық бітімге дайын. Бірақ, Ресейге сенім жоқ. Ешкім Путиннің құр сөзіне сенбеуі керек. Сөз - зымыранды тоқтатпайды. Шешімгерлік қана тоқтатады. Сондықтан, Путиннің сөзіне емес, ісіне қарау керек, - деді.
💯58❤2👏2🙏1
Саудияға соққы: Қазақстан шабуылды айыптады!

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.

Мұндай шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Оларға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды.

Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді.

Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз.

Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды.
🤡16👍12😁4❤1
ЕО Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакетін бекітті!

ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне бағытталған санкциялық тізімге 1600-ге жуық жаңа позицияны енгізуді бекітті, деп хабарлады Х әлеуметтік желісінде Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас.

Оның айтуынша, бұл — соғыс басталғаннан бергі санкциялар тізімінің ең ауқымды кеңеюі.

Позициялардың жартысынан астамы баллистикалық зымырандардың өндірістік тізбегімен байланысты.

«Біз Ресейдің украиндарды өлтіру үшін пайдаланатын қару-жарақты өндіруін айтарлықтай қиындатамыз, баяулатамыз және қымбаттатамыз», — деп атап өтті Каллас.
👍49🤔1
Трамп: Менікі - тек Америка мүддесі!

АҚШ президенті солай деді. Ол қазірге дейін Еуропа Ресейге энергоресурстар үшін 250 млрд доллар төлегенін тілге тиек етіп: "Жалған ақпарат таратқыш БАҚ-тар бұл туралы жақ ашпайды. Ал мен дұрыс шешім қабылдағанда "Бәрінен бұрын Америка мүддесі" қағидатын басшылыққа алдым", - деп мәлімдеді.
🤡34💩7👍3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ормуз бұғазы. 750 мың тонна мұнай тиеген танкер минаға жарылып, жанып жатыр...

Сәлден соң, Трамп бұған "Киевті кінәләса" таң қалмаңыз...
🤣57😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский FOX NEWS эфирінен: "Дизель бағасына біздің шабуылдарымыз әсер етіп жатпағынын бәрі түсінеді. Бұған басты себеп - Ормуздың бұғатталып тұрғаны екенін бәрі біледі", - деп салды...
🔥63👍23💯6
Зеленский: Ресей кезекті мүмкіндікті жіберіп алды!

Президент Зеленский:

«Украина энергетикалық бітімді қолдады. Уағдаластық шарты қарапайым ғана: Америка президенті жариялағандай, Украина энергетикалық бітімге кепілдік беруге дайын және Ресей де тиісті қадамдар жасауы тиіс. Қазіргі таңда Америка президенті айтқан бұл шарттарды Ресейдің орындап жатқаны байқалмайды», — деді Зеленский.

Ол Ресей Федерациясының кеше де, бүгін де Украинаның энергетика саласына соққы жасағанын айтты.

«Егер бұл соққылар Ресейдің Трампқа берген жауабы болса, бұл ресейліктердің бейбітшілікті жақындатудың кезекті мүмкіндігін де жіберіп алғанын білдіреді. Деэскалация нәтиже беруі үшін көп нәрсе дәл осы Американың ұстанымына байланысты. Ресейге қысым жасау қажет. АҚШ тарапымен барлық деңгейде диалогты жалғастырамыз», — деді Зеленский.
👍49💯8
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛЫ

Қазіргі заман – туризм заманы болып кетті. Адамдар тек өз мемлекетінде өмір сүріп, сол жерде мәңгілікке аттанатын дәуір келмеске кетті.

Техниканың дамуы – жер бетіндегі коммуникациялық байланысты әмбебап күйге келтірді. Бүгінде әлемдегі кез келген нүктеге жету, алдын‑ала хабар алмасу, ауа‑райын білу, адамзатқа ортақ тарихи‑мәдени құны бар «әлем кереметтерін» көру, теңізге шомылу, тауға шығу – қазіргі заманның басты тренді десе болады... Оның жалпы атауы – туризм.

Туризм көптеген елдердің экономикасының негізгі тіректерінің біріне айналды.

Қазақстандағы туризмді қалай дамытамыз?

Сандеректерге көз салсақ: Туризмге салынған инвестиция көлемі 2,5 есеге арттқан екен. 2019 жылы туризм саласына 502 млрд теңге инвестиция тартылса, 2025 жылы оның көлемі 1,26 трлн теңгеге жеткен. Тек 2025 жылдың өзінде жалпы құны 345 млрд теңгені құрайтын 95 инфрақұрылымдық жоба іске асырылған.

Қазақстанның табиғи және тарихи әлеуеті де жоғары болғанымен, қазіргі таңда туризмнен түсетін табыс жетекші туристік елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дегенмен, дұрыс инвестиция мен инфрақұрылымдық даму арқылы бұл саланы ел экономикасының маңызды кіріс көздерінің біріне айналдыруға мүмкіндік бар.

Бірақ, біз Қазақстан ешқашан АҚШ, Франция, Испания, Италия және т.б. бола алмайтынын білуіміз қажет. Біздің менталитет пен дәстүріміз, тамағымыз, дүниетанымымыз бұл елдерден мүлдем бөлек. Тіптен, көрші Өзбекстанға да біз ұқсамаймыз. Табиғатымыз да бөлек. Ендеше, бізге туристерді елге тартудың тек бір жолы қалады, ол – «туризмді дамытудың қазақстандық жолы» деп аталады!

Біріншіден, Қазақстанның алып территориясын ескере отырып, бізге «туристік кластерлерді» дамытуды қолға алу керек. Ол үшін әрбір облыс, әрбір туристік маңызы бар аймақ кешенді жобалар жасап, қазіргі заманғы туризм саласындағы барлық креативті жаңалықтарды ескере келе, өз жобаларын жасауы керек. Солай болып та жатыр. Қараңыз:

Елімізде 2022 жылдан бастап туристік кәсіпкерлікті қолдаудың жеті тетігі іске асырылуда. Олар туристік нысандарды салу және жаңғырту, туристік көлік пен жабдықтарды сатып алу, жол бойындағы сервисті дамыту және санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау шығындарының бір бөлігін өтеуге бағытталған.

Бұдан басқа 2024 жылдан бастап Қазақстанның Даму банкі арқылы туристік жобаларды жылдық 7% мөлшерлемемен қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаға 150 млрд теңге қарастырылған. Бұл ірі туристік кешендер мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік береді.

Жалпы туризм болашақта Қазақстандағы табысы мол индустриялы салалардың ішінде үшінші орынға шығуы мүмкін деген болжамдар айтылады. Ендеше, потенциалы жоғары бұл саланы мықтап қолға алуға, дамытуға мүдделі болуымыз керек-ақ!

Нұргелді Әбдіғаниұлы
🤔10❤4👍1👏1
Forwarded from Mezgil.kz
НАТО Ресеймен соғыс жоспарын таныстырды. Ол “Жеңіс теориясы” деп аталады. Жоспар үш кезеңнен тұрады. НАТО бұл жоспарды бірнеше жыл бойы жасауда.

Үш кезең: “Бұғаттау”, “Соққыны әлсірету”, “Талқандау”.

Ресей шу ете қалды. Калининградты атқылап, Балтықты бұғаттап, Петерборды соққылау.

Млндаған әскер, 20 мың авиация, 3 мыңға жуық кеме…Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9103
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Түркі мемлекеттері ұйымы, жаңа аймақтық ықпалдастық және Анкара саммитінің стратегиялық мәні...

▪Географиядан саяси ерік-жігерге
▪Аймақ пен аймақтық ықпалдастықтың айырмашылығы
▪Ашық және көпдеңгейлі аймақтық ынтымақтастық
▪Абайдың бірлік туралы өсиеті
▪Түркі дәлізі (Орта дәліз): транзиттен экономикалық кеңістікке
▪Цифрлық егемендік және ортақ қауіпсіздік
▪Анкара саммитінен не күтеміз?

⬇Толық:
https://abai.kz/post/224111
🤔8❤3
Көшербаев пен Тұқымов елші болып тағайындалды...

Тоқаев Қазақстанның Австрия, Пәкістан және Мароккодағы елшілерін ауыстырды.

Ермек Көшербаев Қазақстанның Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Еркін Тұқымов Пәкістандағы Елшісі болып тағайындалды. Ал Сәулегүл Сайлауқызы Мароккодағы және қоса атқару бойынша Тогодағы Елші қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
👍11😁4
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазақстандық әнші, композитор, продюсер, мәдениет қайраткері және танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мектептердегі «қазақ тілі» пәнін «қазақ тілі – мемлекеттік тіл» сабағы деп өзгертуді ұсынды.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/224134
👍46🤔6👎3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Айнала аласапыранға айналған кезеңде Орталық Азия аймағында да көзге көрінерліктей ауқымды геосаяси һәм әскери-техникалық өзгерістер орын алуда десек жаңылмаймыз. Бұл біздің сөзіміз емес, әскери сарапшылардың сөзі...

▪ҮНДІСТАН, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ТҮРКИЯ: АЙМАҚҚА КІМДЕР ӘСКЕРИ ТЕХНИКА ЖЕТКІЗІП ЖАТЫР?
▪МӘСКЕУДІҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ НЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ?
▪САРАПШЫЛАР: ЖАЛҒЫЗ ҚОЖАЙЫННЫҢ ДӘУІРІ КЕЛМЕСКЕ КЕТТІ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9105
🤔10❤3
Украинаның СІМ бастығы Андрей Сибига:

«Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде біз «қолыңда көзірің жоқ» дегеннен «қолыңдағы көзіріңді қолданбай тұрыңдар» дегенге дейінгі жолды жүріп өттік. Бұл – біздің жетістік», - деді.
👍89💯17❤1
Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков:

- АҚШ пен Ресейдің "дизель келісімінің" Украинадағы соғысты тоқтату туралы "бейбіт келісімге" еш қатысы жоқ, - деді.

Ал Трамп: "Нобель алмадым" деп өкпелейді...
🤡44💩2