Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
🇺🇦🇪🇺 Трамптың шүйлігуінен соң Еуропа лидерлері Зеленскийді қолдады…

Бүгін Зеленский Ұлыбритания премьеоі Энди Бернеммен, Франция президенті Эммануэл Макронмен, Финляндия президенті Александр Стуббпен және Норвегия премьеоі Йонас Гар Стеремен сөйлескен. Олар Зеленскийге қолдау білдіріп, Трамптың Ресеймен келісімін айыптаған.
❤48👍31
Эстония премьер-министрі Кристен Михал: Украина Ресей МӨЗ-дерін қирандыға айналдыруы үшін оған қолдау көрсету керек!

«Бұл — үлкен қателік, өйткені диктаторлармен келісімге келу — тозаққа апарар жол. Газ бен отыннан түскен ақшаға жазықсыз адамдарды өлтіріп жатыр. Әрі бұл күтіліп отырған отынның болмауы да әбден мүмкін», - деді ол.
👍64❤5
🇦🇺 Аустралия Ресей дизелін сатып алудан бас тартты!

Аустралияның энергетика министрі Крис Боуэн:

«Бізге Ресейдің жанармайы керек емес. Біз Владимир Путин Таяу Шығыстағы соғыстан пайда тапқанын қаламаймыз. АҚШ не істесе өзі білсін, өз шаруасы. Ал біз өз сөзімізде тұрамыз, позициямыздан қайтпаймыз», - деді. Бұл пікірді Bloomberg жариялады.
👏81👍14❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хуситтер Саудияның бас әуежайына соққы берді. 12 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жараланған…
🤬31🔥11🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кит Келлог Украинаны қолдады: “Бұл - соғыс және Украина Ресей МӨЗ-дерін соққылап, дұрыс жасап жатыр”, - деді.
👍83👏4❤1
Ал Илон Маск Трампты қолдады: “Украина тым асыра сілтеді”, - деп жазды миллиардер.
🤡38🖕23💩3
Axios: АҚШ Украинаға кемі 6 мәрте Ресей МӨЗ-дерін соққыламау туралы өтініш айтқан. Бірақ, Киев мұны орындамаған…
😁54
​​

Ресейде, Ресейде ғана емес, өзге де елдердегі “Яндекс” қиралаңдап барып, құлап қалды…

Украина Ресейдегі “Яндекстің” дата орталықтарын шетінен соққылап жатыр. Әлгінде Рязандағы ірі орталықты дөп соқса, бұл жолы Владимир қаласындағы орталық оңбай таяқ жеді.

Бұл соққыдан соң “Яндекстің” 80-дей сервисі морт сынып, істен шыққан. Өрт шыққан. Сосын дата орталық жұмысын толық тоқтатқан. Жұрт “Яндекс Музыка”, “Яндекс үй”, “Телемост”, “Яндекс Облако”, “Яндекс Такси” дегендерді мүлде қолдана алмай қалған.
👍73❤6
Қазақстандағы “Яндекс” те морт сынды…

Ресейдің Владимир қаласындағы дата орталыққа жасалған дөп соққыдан соң, Қазақстанда да “Яндекс” қуып кетті. Мұны “Яндекстің” өзі де мойындап, түсіндірме жасады:

“Өкінішке қарай, қазір кейбір сервистер дұрыс істемеуі немесе уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Өндірістік тобымыз қызметтерді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіріп, пайдаланушыларымыз бен серіктестерімізге қайта көмек көрсету үшін жұмыс істеп жатыр”, - деп мәлімдеді “Яндекс Go Қазақстанның” баспасөз қызметі.

Компания өкілдері технологиялық сервистердің жұмысы әртүрлі елде орналасқан есептеу инфрақұрылымына байланысты екенін айтады. Соған байланысты, олардың бір компонентіндегі ақау басқа өңірлердегі кейбір функциялардың қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, “Яндекс Go Қазақстан” компания заңнама талаптарын толық сақтайтынын және қазақстандық пайдаланушылардың деректері Қазақстан аумағындағы серверлерде сақталатынын хабарлады.
😁32👍17❤2😡2
Ал мынау сол - Владимирдегі дата орталыққа жасалған соққының видеосы…
❤34🔥13👏9👍2
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келгенін жариялады: “Енді бітімді бұзбаңдар!”, - деп жазды.

Трамп қос тарап та бітімге келіскенін айтты…
🤮37😁15🤡6❤1
Зеленский Трампқа жауап берді:

▪️Президент Трампқа деген бар құрметіммен айтайын - қандай да бір лидерді таңдау - біздің халқымыздың, қоғамымыздың ішкі шаруасы. Иә, біз соғыс жағдайындамыз. Мұндай кезде сайлау өткізу қиынның қиыны. Тіпті, қауіпті іс. Бұл біздің конституциямызға қайшы келеді. Бізде қазір тіпті сайлау өткізетін жөнді инфрақұрылым да жоқ. Сондықтан, кімде қашан сайлайтынын Украина халқы өзі шешіп алады. Ал шынына келгенде Украина халқы қазір Украина президенті емес, Ресей президенті ауысқанын қалап отыр, - деді.
🔥70👍45🤡1
МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ НЕ ҮШІН МАҢЫЗДЫ?

Сонымен, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет және Құрылтай төрағаларын жиып, кеңес өткізді. Талқыланған басты мәселе – Мәслихаттардың өкілеттігі.

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқыға салды.
Конституцияның 9-шы бөлімі «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» деп аталады. Сол бөлімнің 88 бабының 5-ші тармағында: «Мәслихаттардың өкілеттігін ҚР Президенті Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультация (кеңес) жүргізгеннен кейін мерзімінен бұрын тоқтатады», - деп анық жазылған.

Президент бүгін сол бапқа, сол тармаққа сүйенді. Олжас Бектенов те, Айбек Дәдебай да бірауызды болды. Сөйтіп, Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.

Жалпы Мәслихаттардың өкілеттігін тоқтатуға негіз көп. Солардың ең бастысы – депутаттық корпустағы елеулі өзгерістер (бір палаталы жүйеге көшу және Халық Кеңесінің құрылуы) және партиялардың ребрендингі (Аманат партиясының Әділет партиясына қосылуы).

Президент Мәслихаттар сайлауын өткізу керектігі туралы қыркүйек айында айтқан еді: «Қазіргі кезеңде біз жергілікті өкілді органдардың, яғни мәслихаттардың сайлауын өткізуіміз қажет. Мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституцияда және тиісті заңдарда айқындалған мерзімге дейін сақталады. Дегенмен олардың көпшілігі «Amanat» партиясының атынан сайланды. Бүгінде бұл саяси ұйым «Әділет» партиясына қосылып, өз қызметін тоқтатты. Жақында тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталады. Сол кезде мәслихат депутаттарының басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайды», - деген болатын.

Шын мәнінде, мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай жаңартылып отыруы қалыпты құбылыс. Мәслихаттар – күшке ие. Олар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғаушылар. Жергілікті бюджеттерді бекітетін де – мәслихаттар. Бір сөзбен айтқанда, аймақтардың тыныс-тіршілігіне, қалаларды, ауыл-аудандарды дамыту ісіне тікелей жауаптылар. Сондықтан да, бізге бұл өкілетті органның заңға сай жұмыс істеуі, ксәби болуы және жұмыскер болуы маңызды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы
🤔8👍4👎2
Forwarded from Mezgil.kz
Трамп тыпырши бастады. Сауалнамалар не дейді? Дональдтың жағдайы мәз емес…

Конгресс сайлауы келе жатыр. Республикалықтар жеңіліп, Трампқа импичмент жариялана ма?

АҚШ қанша дизель өндіреді? Ресейдің жанармайы бағаны түсіре ме? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9094
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29🤔1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Нави Пиллай кім?

▪2026 жылғы Нобель сыйлығы алты бағыт бойынша беріледі: физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет, Бейбітшілік сыйлығы және экономика. Нобель сыйлығының лауреаттары қазан айында әр бағыт бойынша жеке-жеке жарияланады.


⬇Толық: https://abai.kz/post/224063
🤔8❤3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Түркіменстан астанасы Ашхабадта өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде Иран Президенті Масуд Пезешкианның «ТМД+1» форматын құру туралы бастамасы — кейінгі жылдары посткеңестік кеңістік төңірегінде орын алған ең маңызды геосаяси жаңалықтардың бірі. Пезешкианның бұл саммитке арнайы қонақ ретінде қатысқан алғашқы Иран лидері болуының өзі Орталық Еуразиядағы күштер балансының қайта қаралып жатқанын аңғартады.

▪ТЕГЕРАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЕСЕБІ
▪«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ХАБ» ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА
▪«СОЛТҮСТІК — ОҢТҮСТІК» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІ

⬇Толық:
https://abai.kz/post/224066
🤮19👍4👎2❤1🤔1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде, Ресейден оба шығып, әлем жұрты бір дүрлікті. Ресейдің өзі тән алмай, терістеуге тырысқанымен, дүрлікпе әңгіменің дуылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына дейін жетті...

▪РЕСЕЙДЕГІ ОБА ЖӘНЕ КАРАНТИН
▪БОЛЖАМ: РЕСЕЙ ҚАУІПТІ ҚАРУДЫ СЫНАП, ОБА СОДАН ТАРАҒАН...
▪ОБА – ҚАРА ӨЛІМ...
▪XXI СТАТИСТИКАСЫ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9097
🤬21🤔1