This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Давос алаңында АҚШ пен Украина президенттері Трамп пен Зеленскийдің жеке кездесуі аяқталды.
Трамп кездесуді "өте жақсы өтті" деп сипаттап, Ресей президенті Путинді соғысты тоқтатыға шақырды.

👍48🤔4😁2
Usbanov ARNASY
Ресейдің тағы бір танкері Венесуэла жағалауында ұсталды... АҚШ әскери күштері Кариб теңізінде Sagitta танкерін тоқтатты. Ол Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі және санкция салынған мұнайды тасымалдаған. Бұл туралы АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы мәлімдеді.
💥Франция Жерорта теңізінде Ресейдің көлеңкелі флотына жататын танкерді тұтқындады. Бұл туралы президент Макрон айтты.
Grinch танкері Комор аралдарының туын көтеріп, Мурманскіден шығып жүзіп бара жатқан. Бұл танкерге бұған дейін де санкция салынған. Ол Ресей мұнайын тасымалдаумен айналысқан.

👍60❤5😁3
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Тіл тарихы – әрқашан халықтың, оның әлеуметтік құрылымы мен саяси билігінің тарихы. Әр дәуірде орыс тілі шіркеудің, мемлекеттік бюрократияның, әдебиет пен ғылымның тілі болды.
⬇Толық: https://abai.kz/post/210583
⬇Толық: https://abai.kz/post/210583
abai.kz
Орыс тілі – басыбайлы құлдардың тілі болды...
🤔13👍7❤1
Серік Сәпиев кіммен төбелесті? Әкімдік не дейді?
Қарағанды облысы әкімді Серік Сәпиевтің соққыға жығылуына байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
– Спорт басқармасының басшылығына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізілуде. Қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады, – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

🤡15🗿5👍3
ХАМАС қаруын саяси партия мәртебесіне айырбастайды...
Палестиналық ХАМАС қозғалысы АҚШ әкімшілігімен саяси мойындалған жағдайда қарусызданатыны туралы келісімге келді.
Келісімде ХАМАС-ты саяси партия ретінде мойындау үшін Газа секторындағы қару-жарақ пен жерасты туннельдерінің картасын беру қарастырылған.
Келісімге сондай-ақ Газа секторынан кетуді қалайтын қозғалыстың саяси және әскери көшбасшыларына АҚШ тарапынан қудалаусыз кету мүмкіндігі де кіреді. Сонымен қатар, Вашингтон Израиль мен АҚШ-тың қауіпсіздік рұқсатын алған жағдайда, ХАМАС-тың кейбір полиция қызметкерлері мен бұрынғы шенеуніктерін жаңа Газа әкімшілігіне біріктіруге келіскені хабарланған.

👍36👎2❤1
Сәпиев кейсі:
Кей жұрт "Сәпиевті сабап тастады", "оңдырмай ұрып тастады" деп далақтай қылып жазып жатыр ғой. Бірлі-жарым видеодан байқағанымыз - Сәпиевті сондай қылып сабап тастамаған ғой. "Жанжалдасқан", "егерескен", "төбелескен", "қол жұмсаған", "жаға ұстасқан", "шекісіп қалған", "жұдырық жұмсаған" деген секілді сөздер көп қой, қолдануға болатын. Ал шындап келсе, Сәпиев атақты боксшы ғой. Оп-оңай таяқ жей салатын адам деп ойламаймын. Баркер кубогын алған адамды "оңдырмай сабады" деп айтудың өзі ерсілеу естіледі екен...
Мұндай агрессияны ақтап отырған жоқпын. Олар бір-біріне күш көрсететіндей, спорт майданында жүрген жоқ. Қызметтік тәртіп сақталуы керек. Әрине, бірінші қол жұмсаған адамдікі қате және ол сөзсіз ұтылады. Жауаптан ешкім құтылмайды. Ол дұрыс-ақ...
Десе де, ақпарат таратушы ағайындар осыны соншалық әсірелемей-ақ, барды бардай таратса қайтеді?..

👍52❤1
Америкалық алып флотилия Таяу Шығысқа келіп, Иранға жақын жерге орналасты...
«USS AbrahamLincoln» авианосеці бастаған әуеден соққылаушы топ АҚШ-тың 5-ші флоты мен Орталық қолбасшылық (CENTCOM) жауапты аймаққа орнаалсқан. Сонымен қатар, «F-15 E Strike Eagle» жойғыш ұшақтарынан құралған үш эскадрилья да осы топқа қосылған. Ал бүкіл әскери контингент «Patriot» және «THAAD-пен» қамтылған.

👍52🤔5🔥4
Қысқы Олимпиада: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады.
Біздің туды кім ұстайды?
Мемлекеттік туды алып жүру құрметі қыстың негізгі жарыс түрлерінен қатысатын титулды спортшыларға сеніп тапсырылған. Шорт-тректен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 30 жастағы Денис Никиша – 500 метр қашықтықтағы әлем чемпионаттарының (2024, 2025) екі дүркін күміс жүлдегері, қазіргі мықты спринтерлеріміздің бірі. Онымен қатарлас ту ұстаушы – фристайлдан құрама командамыздың жетекші спортшыларының бірі Аяулым Әмренова. Ол Еуропа кубогы кезеңдерінің толық марапаттары және екі Олимпиада ойындарына қатысу тәжірибесі бар (2018, 2022).
Бұл спортшыларды таңдау қазіргі спортта кәсіпқойлық пен нақты нәтижелер маңызды екенін растайды. Бүгінде қазақстандық шорт-трек және фристайл мектебі әлемдік көшбасшылармен тұрақты бәсекелеседі, бұл біздің спортшыларымыздың халықаралық рейтингтегі жоғары орындарынан-ақ көрініп тұр. Д.Никиша мен А.Әмренованың жетістіктері ел ішіндегі мұздағы спорт түрлеріне қызығушылықтың артуына ықпал етеді: секциялардың географиясы кеңейіп, өңірлерде жастар үшін қысқы спорт түрлері қолжетімді бола бастады.
Миландағы ойындар бүкіл команда үшін маңызды кезең болмақ. Қазақстандық спортшылар үшін Олимпиадаға қатысу – ең алдымен, жинақталған әлеуетті іске асыру және жоғары бәсекелестік жағдайында біліктілікті растау мүмкіндігі. Италия ареналарында өнер көрсету Қазақстанның әлемдік қысқы спорттағы көшбасшылық позициясын нығайтары және құраманың әрбір қатысушысының кәсіби мансабындағы маңызды қадамға айналары сөзсіз.
Тәжірибе мен жастық жігер ұштасқан
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиялық ойындарға тоғызыншы рет қатысқалы отыр. Биыл елімізден 18 ер адам мен 18 әйел – барлығы 36 спортшы лицензия алды. Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысатын 36 спортшының 18-і алғаш рет төртжылдықтың басты жарысына қатысқалы отыр. Дебютанттар қатарында тұғырдан шаңғымен секіруден 2024 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы И.Мизерный да бар.

❤13👍2🤔1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Бүгін БАӘ астанасы Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей делегациялары үшжақты келіссөздер өткізеді. Талқыланатын басты тақырып – Украина жері, Донбасс тағдыры.
▪ДОНБАСС ТАҒДЫРЫ АБУ-ДАБИДЕ ШЕШІЛЕ МЕ?
▪ПУТИННІҢ ТАЛАБЫ – ДОНБАССТЫ ТОЛЫҚ БЕРІҢДЕР!
▪УКРАИНА ТАРАБЫ НЕ ДЕЙДІ?
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7563

mezgil.kz
Абу-Дабидегі келіссөз: Донбасс тағдыры – халықаралық тәртіптің тағдыры!
Бүгін БАӘ астанасы Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей делегациялары үшжақты келіссөздер өткізеді. Талқыланатын басты тақырып – Украина жері, Донбасс тағдыры.<br />
<br />
<br />
🤔15❤3
Usbanov ARNASY
Қысқы Олимпиада: Қазақстан намысын кімдер қорғайды? 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады. Біздің туды кім ұстайды? Мемлекеттік туды алып жүру құрметі қыстың негізгі…
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды...
Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады.

👍27❤1
Usbanov ARNASY
Мажар премьері Виктор Орбан: - Алдағы 100 жылда Венгрия Украинаның ЕО-ға қосылуына жол бермейді, - деді.
Украина СІМ-інің Орбанға жауабы:
- Сіздің Мәскеудегі қожайындарыңыз 100 жылды көтере алмайдау-ау, - деді.

😁73👍33💯7👎2
💥Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей делегациядарының келіссөзі өтіп жатыр:
Зеленский:
— Ендігі Ресей тарабы кей сұраққа нақты жауап беретін уағы болды. Ең бастысы Ресейдің өзі бастаған соғысты өзі тоқтатуға дайын болуы, - дейді.
Украина президентінің айтуынша, ең маңызды сұрақтардың жауабы ертеңдері белгілі боп қалады.
— Біздің тұрақты делегация келіссөздер алаңында жүр. Рустем Умеров, Кирилл Буданов, Давид Арахамия, Сергей Кислица бар. Ертең олардың қатарына генерал Гнатов пен Бас штаб бастығы Скибицкий қосылады, - деді Зеленский.

👍57❤8🤔1🤡1