Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Forwarded from Qaz365.kz
🚈✅Жол ақысы ҚТЖ есебінен: әскери қызметшілер демалысқа тегін билетті қалай рәсімдей алады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері демалыс уақытында ел аумағында теміржол көлігімен тегін барып-қайту мүмкіндігіне ие болады. Жол жүру шығындары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ есебінен өтеледі деп хабарлады Қорғаныс министрлігі Qaz365.kz жолдаған арнайы сауалға.

Тегін жол жүру құқығы жылына бір рет беріледі және ол әскери бөлім командирі ұсынған анықтама негізінде рәсімделеді.

Толығырақ: білу үшін
https://qaz365.kz/society/16687-zhol-akysy-ktzh-esebinen-skeri-kyzmetshiler-demalyska-tegin-biletti-kalai-r-simdei-alady/
👍23🤣5❤2
"Важные истории": Шешенстан мұрагерге бас қатыруда!

- Шешенбасы Рамзан Қадыровтың денсаулығы сыр бере бастады. Қазір ол тірі. Дегенмен, жағдайы мәз емес. Сондықтан, Мәскеу мен Грозный Рамзанның орнын басатын адамды ақылдасуда.

Мұрагерлікке басты үміткер - Адам Қадыров. Қазір ол 18 жаста. Ол 30-ға толмай, Шешенстанды тізгіндей алмайды. Оған дейінгі аралықта Шешенстан тізгіні Рамзан Қадыровтың сенімді достарының біріне берілуі мүмкін.

Бұл санатта басты 2 үміткер бар. Бірі - Мемлекеттік Дума депутаты Адам Делимханов. Екіншісі - Шешенстан үкіметінің басшысы Магамед Даутов. Бұл екеуі Рамзан Қадыров таңдауындағы адамдар.

Ал Кремльдің басты мақсаты - өңірдегі тұрақтылықты сақтап қалу. Бұл тұрғыдан Кремльдің өз үміткері бар. Оның есім-сойы әзірге жасырын сақталуда, - деп жазады басылым.
🔥16🤔11👎5
Алтын көпірді берік әрі түбегейлі қалыптастыру...

Бүгін Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды. Түрлі сала мамандарынан құралған 120-ға жуық мүшесі бар комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді. Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.

КОММЕНТАРИЙ: Мұндай репрезентативтілік бастапқыда Комиссия жұмысының қоғам үшін толық ашықтығын көздейді. Ашықтықты арттыру үшін бірқатар қосымша шаралар қарастырылған.

Біріншіден, отырыстарды Конституциялық соттың ресми сайты мен аккаунттарында тікелей трансляциялау қамтамасыз етілді.

Екіншіден, Комиссия қызметін жедел жариялау, оның қызметі туралы ақпаратты жинақтау үшін «Конституциялық Реформа 2026» арнайы телеграм-арнасы құрылды.

Осылайша, Комиссияның жұмысы ашық және ашық режимде өтуде, оның қызметі туралы ақпарат баршаға қолжетімді бола түсті. Конституциялық комиссияның ашықтығы - опция емес, қазіргі қазақ қоғамы ауадай қажет етіп, керек қылп отырған сұранымы.

Конституциялық комиссия отырыстарының жоспарланатын тікелей трансляциялары туралы ақпарат ел-жұрт үшін аса маңызды. Оның үстіне оның жұмысына деген халық сенімін берік қалыптастыратын басты фактор екенін осы істің басы-қасында жүргендер осы бастан жете ескеруге тиіс.

Шындығын айтқанда Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, қолға алынғалы отырған Конституциялық өзгерістердің сипаты мемлекет пен қоғам арасында алтын көпірді берік әрі түбегейлі қалыптастыру болып та табылады.

Бұған дейін түрлі деңгейдегі талай коммисиялар құрылып олардың не істеп, не қойып жатқанын былайғы жұрт біле де бермейтін еді. Қазақ мемлекетті балаңдық дәуірін артқа тастап, нағыз сақа жігітке айналып, міне, енді ел-жұртқа тікелей қатысы бар қоғамдық-саяси мәселелерді бұдан былай есікті тарс жауып алып, жабық режимде немесе «тар шеңбер үшін» талқылауға болмайды деп ашық айтып отыр. Сондықтан қазақ билігі ел алдына есеп беріп, бұрынғы жабықтықтан бұқараға шынайы бет бұрған ашық қабақ танытудағы алғашқы қадам болып саналатын тікелей эфирлер - бұл жай ғана техникалық формат емес. Бұл мемлекетіміздің қоғамға деген сенімнің және биліктің ешбір қалтықсыз, сырын ішке бүгіп жасырмай, өз қарауындағы халықпен шынайы ашық диалог жүргізуге дайындығының түңілік түруі болып саналады.

Бұл орайда баса және қадап тұрып айтатын бір дүние: Мемлекет «Еститін мемлекет» және институционалдық жауапкершілік қағидаттарын декларациялаған жағдайда, Конституциялық комиссияның ашық жұмысы мәлімделген бағыттың қисынды жалғасына айналады.

Халықтың ерік-жігіері мен талап-тілегін ескеріп жасалған қадам қазақ қоғамына не береді деген заңды сауалдың нағыз сауалын мынадан табамыз:

Отырыстардың жариялылығы:

* алыпсатарлық пен сыбыс деңгейін төмендетеді;

* азаматтарға ұсынылатын нормалардың қисынын түсінуге мүмкіндік береді;

* болашақ өзгерістермен таңылған емес, саналы келісімді қалыптастырады;

* қорытынды шешімдердің заңдылығын арттырады.

Жұрттың бәрі жүрегімен сеніпі, санасының түпкіріне берік қалыптастырған түсінік: Ол: Конституция - бұл ішкі регламент немесе ведомстволық емес құжат. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы базалық шарт. Сондықтан оны талқылау процесі неғұрлым ашық болса, нәтиже соғұрлым қазақ қоғамына берер жемісі де көп болады.
👏8🤔6❤3🥱3👎1🤮1
Ержан Жиенбаев Вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды.
🤔14🥱2🤮1
ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ ҚАНДАЙ?

– Вице-Президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды. Вице-Президентті қызметінен Президент босататын болады.

– Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;

– Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.

– Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.

– Вице-Президенттің өзге де өкілеттері Президентпен айқындалады.

– Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады. Конституция деңгейінде Вице-Президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет. Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс. Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.
🤔8👍4❤3🥱3🤮2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Конституциялық комиссия жұмысының маңыздылығына тоқталған Эльвира Азимова «Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұрғанын» айтты.

▪ҚАЗАҚСТАН САЯСИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСУДА
▪КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУЫН ТАРИХИ ОҚИҒА

▪РЕФОРМАДАҒЫ БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ҚАНДАЙ?

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7564
👍8🤔7🥱3🤮1
Reuters: Абу-Дабидегі кешегі келіссөздер кезінде ешқандай компромисске қол жеткізілген жоқ!
🤔27
ҚЫТАЙ. ТАЗАЛАУ ПРОЦЕССІ

Қытай билігі ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Чжан Юйся мен Орталық әскери кеңестің біріккен штабының басшысы Лю Чжэнлиге қатысты тергеуді бастады, деп хабарлады ҚХР Қорғаныс министрлігі.
🤔19👍12
Генерал Сырский:

- Біз әлемдік соғыс тарихындағы соққы жасау философиясын түбегейлі өзгерттік. Қымбат зымырандармен жаппай, бос алаңдар мен далаларды соққыламаймыз. Оның орнына арзан дрондармен дөп соққылар жасаудамыз. Дронның құны - 500 доллар. Талқандалып жатқан нысанның құны - миллиондап есептеледі, - деді.
👍109❤4🤡1
Зеленский:

- Абу-Дабидегі келіссөздер мазмұнды өтті және көп дүние талқыланды. Талқылардың басты назары соғысты тоқтатудың параметрлері болды. Мен соғысты тоқтату және нақты қауіпсіздікті сақтау үшін америкалық мониторинг болуы қажет деген ортақ түсінікке келгенімізді бағалаймын. Америкалық тарап соғысты тоқтату параметрлері және осыған қажетті қауіпсіздік жағдайлары туралы мәселелерді көтерді, — деді.

Енді тараптар өз елдеріне қайтып, келіссөздердің келесі тақырыптарын келіспек. Ал келесі келіссөздер болжаммен келер апатада өтуі мүмкін.
👍48❤4
МАСККЕ КІМ ЖЕТЕДІ?

Әлемдегі ең ауқатты, ең қалталы, ең бай 10 адамның ортақ ақшасы 2,625 трлн долларды құрайды екен.


Көш басында өзгелерден қара үзіп, шаң қаптырып келе жатқан әйдік Илон Маск.

1. 🇺🇸 Илон Маск — $726 млрд
2. 🇺🇸 Ларри Пейж — $276 млрд
3. 🇺🇸 Жефф Безос — $254 млрд
4. 🇺🇸 Сергей Брин — $254 млрд
5. 🇺🇸 Ларри Эллисон — $252 млрд
6. 🇺🇸 Марк Цукерберг — $215 млрд
7. 🇫🇷 Бернар Арно — $194 млрд
8. 🇺🇸 Женсен Хуанг — $161 млрд
9. 🇪🇸 Амансио Ортега — $147 млрд
10. 🇺🇸 Уоррен Баффет — $146 млрд

📌 Бұл 2026 жылғы аралық есеп. Түзуші - Forbes.
👍44🖕10❤5🤔2
💥Украина Белгородтығы ЖЭО-ға дөп соққы жасады…
👍60🔥10
​​💥HRANA: Ирандағы толқулар кезінде қаза тапқандардың саны 22 мыңнан асады. Қазір 5459 адамның аты-жөндері анықталып, расталды. Қаза тапқан тағы 17031 адамның дерегі тексерілуде. Ал Иран билігі тұтқындағандардың скны 40887 адам. Олардың 325-і 18-ге толмағандар.

💥 Time: Ирандағы толқулар кезінде қаза тапқандар саны 40 мыңнан асуы мүмкін. Олардың 30 мыңға жуығы 8-9 қаңтарда қаза тапқан.
😱44🤯13😡2
Еуропалықтар: Трамп Нобельге лайық емес!

Жуырда FGS Global зерттеушілері сауалнама жүргізіпті. Ол бойынша Еуропа халқының 77%-ы Трам пты Нобельге лайықсыз деп есептейтінін айтқан. Сауалнама нәтижесін Politico басылымы жариялады.
👍62🤣12❤3👏2
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ: УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТ ҺӘМ САЙЛАУ ТӘРТІБІ

Бүгін Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтуде. Бүгін комиссия қоғам өкілдерінен, саяси партиялардан және сарапшылар қауымдастығынан келіп түскен ұсыныстарды қызу талқылап, саралауда.

Комиссия жетекшісі Эльвира Азимованың айтуынша, қазірге дейін ұзын-ырғасы 2 мыңнан аса ұсыныс келіп түскен. Олардың барлығы бір жүйеге келтіріпіліп, кестеленген және барлығы дерлік ашық түрде талқыланатын болады.

Ескере кететін жәйт: Констититуциялық комиссия отырыстары тікелей эфирде ашық өтуде.

Бүгінгі жиында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев сөз сөйлеп, президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сайлау өткізудің тәртібі туралы айтты.

Қазіргі Конституциясының 48-бабына сәйкес, президент қызметін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда оның өкілеттіктері Сенат төрағасына, Мәжіліс төрағасына немесе Премьер-министрге берілетін. Ал мерзімінен бұрын сайлауды екі ай ішінде Парламент тағайындайтын.

Енді: Президенттің қызметтен мерзімінен бұрын босатылған, отставкаға кеткен немесе қайтыс болған күнінен бастап 7 күн ішінде Құрылтай президент сайлауын өткізуді жариялауы тиіс. Ол Құрылтайдың тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап 2 ай ішінде өткізілуі тиіс. Бұл ұсыныс қазір комиссия отырысында талқылануда.

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1147771?lang=kk
🤔18❤8🥱3🤮1
Үндістаннан шыққан вирус: Қазақстанға қауіп бар ма?

Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру деректері де, оны елге сырттан әкелу фактілері де анықталған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір республикадағы эпидемиологиялық ахуал қалыпты, жағдай тиісті органдардың бақылауында.

Сонымен бірге алдын алу шаралары күшейтілді. Үндістанда Нипах вирусына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.

Осы ретте Үндістаннан, сондай-ақ Нипах инфекциясы тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін жолаушыларға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған инфекция бойынша қолайсыз саналатын елдер тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, қажет болған жағдайда жаңартылып отырады.
🤔27❤3
Израильдің СІМ басшысы Гидеон Саар: Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу керек!

- АҚШ пен Израильдің бірлескен әрекеті Иранның ядролық бағдарламасын тежеп, өңірге т ұрақтылық әкелді. Әлемдегі ең қауіпті қару - ядролық қару. Иранның оған қол жеткізуіне жол бермеу керек!

Ирандағы Аятолла режимі еркіндік үшін күрескен өз халқын қырып, басып-жаншып жатыр. Қаза тапқандардың саны сұмдық көп. Аятолла режимі өз халқына осындай зұлымдық жасап жатса, өзге елдерге не істейтіні елестетудің өзі қиын, - дейді.
👍50👎12🖕8❤1