Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сирия. Алеппо аймағы: Тараптардың келісімге келуіне қарамастан, Сирия әскері мен СДК (күрд жасақтары) арасында қақтығыс қайта жанданды.
👍24🤬2
ЕО тарихи шешім қабылдады:

Еуропа 2027 жылы Ресейдің газынан толық бас тартпақ! Брюссельде өткен басқосуда Еуропа елдері осындай шешім қабылдады.

Ресейлік энергетикалық ресурстарға басыбайлы тәуелді елдердің қарсылығына қарамастан, көпшілік дауыспен шешім қабылдау механизмі әзірленген. Бұл шешімге әдеттегідей, Венгрия мен Словакия қарсы дауыс берген. Будапешт бұл шешім бойынша Еуропалық сотқа шағымданатынын айтты.

Қабылданған шешім бойынша: ЕО Ресейден табиғи газ импортын 2026 жылдың соңында толық тоқтатады. Ал құбыр арқылы ағылатын газды 2027 жылдың 30 қыркүйегі күні тоқтатады. Соғысқа дейін Ресей Еуропаны энергоресурстармен 40 пайызға қамтамасыз етсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 13 пайызға азайған.

Бүгінгі шешім – Еуропаның Ресей газына тәуелділік дәуірін нүктелемек.
👍68❤10
Forwarded from Mezgil.kz
‼СВО дегенді бәріміз білеміз, ол – Ресейдің Украина жерінде жүргізі жатқан «арнайы соғыс операциясы». Ал, СДВ дегеніміз не? СДВ – тележүргізуші Владимир Соловьев – өзін әлем философы санаушы Александр Дугин – бір кездегі боксшы Николай Валуев үштағаны.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7577
👎23❤1
ҚОР ӨЛІМ

Солтүстік Корей билігі Ресей үшін Украинаға қарсы соғысып, қаза тапқан сарбаздарына арнап мұражай ашуға кірісіп кетіпті.

Ким Чен Ын сол мұражай құрылысын өзі тексеріпті.

Деректер былай дейді: Солтүстік Корей 1950-ші жылдардан кейін бір-ақ мәрте соғысқа кірген. Оның өзі Ресейдің Курскі облысы үшін Украинаға қарсы соғысқан.
🤮38🔥4
САНАЛЫ АЗАМАТТАР ҮШІН ЗАҢ ӘРІ ЖҰМСАҚ ӘРІ ҚАТАЛ!

Президент Бас прокуратурада жиын өткізді. Елімізде ауқымды өзгерістер жасалып жатқанын және алдымызда Конституциялық реформа жүргізілетінін, Қазақстан алдында мүлде жаңа саяси жүйеге қадам басу міндеті тұрғанын айтты.

Тоқаев: «Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік –саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз», - деді.

Ұлы грек ойшылы Аритотил: «Заң дегеніміз тәртіп. Кемелді заң болғанда ғана орнықты тәртіп болады», - дейді. Адамзат қоғамы дамып бүгінгі күнге жеткенде ешқандай мемлекет заң мен тәртіпсіз өмір сүрмейді. Қоғам дамыған сайын заңға деген қажеттілік солғұрлым артады. Адамдардың заңдық сапасы мен заңдық түйсігі де солғұрлым жоғары болады.

Заң мен тәртіп болғанда ғана қоғам орнықты дамиды. Заң мен тәртіп қоғамның, азаматтардың мүдесін қорғау үшін басты кепіл. Сол себепті де әрбір азамат қоғамдық қатынаста заңда белгіленген әрекет өлшемдерін басты назарда ұстауы керек. Қоғамның орнықтылығы мен дамуына саналы түрде үлес қосуы керек. Ол үшін заң мен тәртіпке мұқият бойсұнуы, заң мен тәртіпке мұрын шүйіретін керенаулықтан арылуы керек.
👍17🤡5❤1
Украина Қорғаныс министрлігі:

– Ұшқышсыз жүйелер саласында Украина 2026 жылға қарай 7 миллионнан астам дрон шығаруды жоспарлап отыр. Ұшқышсыз технологиялар асимметриялық қорғаныстың негізіне айналды және тереңдігі 20 км-ге дейін соққы аймағын құруға мүмкіндік берді. Ендігі мақсат – бұл аймақты 100 шақырымға дейін кеңейту, - дейді.
👍59👏1
ИТ ӨЛІМ
Солтүстік Корей билігі Ресей үшін Украинаға қарсы соғысып, дөй далада ит өліммен өлген сарбаздарына арнап мұражай ашпақшы екен. Өткенбірде Курскіде өлген сарбаздарының табытын жылап қушып, өлі-тірісінің кеудесіне медаль тағып жатқан Ким Чен Ын сол мұражай құрылысын өзі тексеріпті.
Деректер былай дейді: Солтүстік Корей 1950-ші жылдардан кейін шын соғысқа бір-ақ мәрте кірген. Оның өзі КХДР-ның жеке соғысы емес, Ресейдің Курскі облысы үшін болған соғыс.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш боп Ресей жерін украин жауынгерлерінің етігі таптағанда, Курскіні Украина алып, Ресейдің күллі әлемге абыройы аймандай болғанда жанұшырып, осы Солтүстік Корейден көмек сұраған.
1943 жылғы «Курскі шайқасынан» кейін қару көрмеген Курскі 2024 жылы қайтадан зұлмат күндерге бетпе-бет келді. Мәскеу: «Киевті үш күнде», - аламыз деп жүргенде, 2024 жылы Украина Ресейдің Курскісін алып, бақандай 1 жыл 5,5 ай бойы табандап жатты. Өз күшімен Курскіні қорғауға шамасы келмеген, артық маневрге аяғы тұсауланған Мәскеу ақыры Ким Чен Ыннан әскер сұратқан. Сөйтіп, Пхенян Мәскеудің сұрағанын берген.
Сол жылы Ресей мен КХДР екеуара «жан-жақты әскери-стратегиялық әріптестік» туралы құжат қабылдаған. Ким көмегін соған сүйеніп берді. Ал шындап келсе, КХДР Ресейге 2022 жылдан бастап артиллериялық снарядтар, «Д-30» гаубицалар мен жақын қашықтыққа ататын «NWASONG-11» секілді зымырандарын бере бастаған. Ал 2024 жылы Ресейдің Украинаға қарсы атқан оқ-дәрілерінің тең жартысы КХДР-дан алған оқ-дәрілер болды.
Ал адами көмекке селсек, Пхенян әуелі 3 мың жауынгерін жіберген. Кейін тағы, тағы жіберді. Оңтүстік Корей барлауы КХДР-ның Ресейге жіберген әскерінің саны 12 мыңға жетті десе, Пентагон 10 мың жауынгерді тізімдейді. Бұл сапта бірнеше генерал мен бірнеше жүз арнайы жасақ жауынгерлері де бар.
Ресми түрде 1,1 мың Солтүстік Корей сарбазының қаза тапқаны айтылғанымен, олардың шын саны 5 мыңға жуықтайды дейді деректер. Жуырда Пхенян Курскідегі құрылыстарға деп тағы 5 мың адамды жібергелі-жатқаны жайлы ақпарат та шыққан.
Айтпақшы, қайсыбіржолы Украина тірідей қолға түсірген Солтүстік Корейдің қос сарбазы өздерін қайтадан Пхенянға жібермеуді, реті келсе Киевте қалдыруды, тіпті болмаса Сеулге жіберуді сұрап, жалынып жатқан.
Сорың қайнағырлар, Мәскеу мен Пхенянға барса қолдарына күрек емес, қару ұстап, Донецкінің бір түкпірінде сүйектері жинаусыз жататынын біледі, біліп тұрып барады соғысқа. Ит өлім емей немене, бұл?..
💯19🌚11❤7😁2
💥Жапонияның Тайуанға қатысты позициясына байланысты Қытай СІМ-і өз азаматтарына Жапонияға сапарлап бармай тұруға кеңес берді.
😁26👍13🤔8🤮1🌚1
💥Қауіпсіздік пен қатерге байланысты Қазақстанның авиация әкімшілігі әуе компанияларына ескерту жасап, ерекше бұйрық берілгенге дейін Иранның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды…
👍45
Forwarded from PARANOIA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Таяу Шығысқа қару-жарақ жеткізуді үдетті. C-17А Globemaster III ұшақтары тоқтаусыз әскери жүкті жеткізуде. Patriot пен THAAD кешендеріне арналған зымырандарды да жеткізіп жатыр. Негізінен Катар, Сауд Арабиясы, Иорданиядағы базалардың қару қоры толтырылуда.
👍44👎4🤔2❤1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Сирия. Ресей Камышлы әуе базасынан кетті…
👍54👏5❤3
МӘСКЕУДІҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ ТҮСІ: 7 МЛН ДРОН…

Украина Қорғаныс министрлігі:

– Ұшқышсыз аппараттар саласында Украина өз өндірісін күшейтуде. 2026 жылға қарай біз 7 миллионнан астам дрон шығаруды жоспарлап отыр. Ұшқышсыз технологиялар асимметриялық қорғаныстың негізіне һәм өзегіне айналды және қазір Ресейдің ішкері аумақтарына соққыларды сол дрондар арқылы жасаудамыз.

Біздің бұл өндірісіміз қазір 20 км-ге дейін тұрақты соққы және қорғаныс аймағын құруға мүмкіндік берді. Ендігі мақсат – бұл аймақты 100 шақырымға дейін кеңейту, - дейді.

Украина дрондары 2022 жылдан 2025 жылға дейін эксперименттік қолданыстан жаппай шабуылдың өзегіне дейінгі трансформациядан өтіп, қазір жеке “дрон армиясы” дейтін деңгейге жетті. Осы аралықта Украинаның дрон өндірісі 3 есеге өскен. Былтыр Украина барлаушы, соққылаушы, алысты соққылаушы, жақынды қорғаушы дрондардан ұзын-ырғасы 4,5 миллионын жасап шығарса, биыл бұл санды 7 миллионға жеткізбек, әне!

Украинада дрондардың түр-түрі бар. Өз өндірісі жолға қойылған. Украина әсіресе арзан FPV дрондарды күн сайын жаппай қолдануда. Одан басқа орта және алыс қашықтыққа соққы жасайтын дрондар аз емес.

Бұдан бөлек Украина әріптестерінен алған дрондар да баршылық. Солардың бірсыпырасы:

Түріктің әйдік “Bayraktar TB2-сінен” басқа Украинада қазірдің өзінде 1 мың шақырымға ұшып жететін “Tekever AR3” өзұшары бар екені айтылады. Америкалық “Switchblade 300” және “Switchblade 600” дрондары да Украина қолданысында.

Америкалық өндірістен - жақын қашықтықтағы қорғанысқа арналған “Phoenix Ghost”, барлауға арналған “Quantix Recon”, 60 шақырымды ататын “Puma”, ауыр салмақты “Bayraktar-ға” бәсекелесетін “MQ-9 Reaper” секілді дрондарды да алған.

Бұған қоса Украина жақында Франциядан 500 шақырымға соққы жасайтын “Rodeur” дрондарын алған.

Осының бәрі Мәскеудің қорқынышты түсіндей ақпарат қой…
👍70❤11🔥2🤮1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазір елімізде не қазақ, не орыс тілінде немесе өзге тілдерде білім беретін жоғарғы оқу орнындарындағы қазақ тілінің бағдарламасына көңілің толмайды.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/210765
🤔15❤2
Светлана Жақыпова министр қызметоінен алынды!

Бұл туралы Ақорда арнайы Жарлық шыфғарды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», - деп жазылған Ақорда Жарлығында.

Светлана Жақыпова ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған.
👍28🤔1
Сот Мирболат Мырзатайұлын ақтамады...

Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Прокурор өз сөзінде: «Блогер тілге қатысты «арандату сипатындағы сұрақтар қойып», «тіл білмегені үшін» мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті», - деді.

Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.

Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын «Алауыздық қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.
😨25😡14👎10👍3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ирандағы Аятолла режиміне қарсы жалыхалықтық наразылықтардан кейін Уашингтон мен Теһеран арасы суыса түскені жасырын емес.

🔹ТРАМПТЫҢ УӘДЕСІ ҚҰР СӨЗ БЕ?
🔹ӘСКЕРИ БЕЛСЕНДІЛІК АРТТЫ: АҚШ ИРАНҒА СОҚҚЫ ЖАСАЙ МА?
🔹АҚШ-ТЫҢ АРСЕНАЛЫ АТЫСҚА ДАЯР ТҰР

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7584
❤15🤔3
Usbanov ARNASY
Светлана Жақыпова министр қызметоінен алынды! Бұл туралы Ақорда арнайы Жарлық шыфғарды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», - деп жазылған…
Асқарбек Ертаев министр болып тағайындалды...

Бүгін Президент Жарлығымен қызметінен алынған Светлана Жақыпованың орнына Асқарбек Ертаев министр болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - деп жазылған Жарлықта.

Ертаев 2024 жылдан бері осы ведомствода вице-министр қызметін атқарып келген.
🤔17👎11❤5🤮1