Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
💥Қауіпсіздік пен қатерге байланысты Қазақстанның авиация әкімшілігі әуе компанияларына ескерту жасап, ерекше бұйрық берілгенге дейін Иранның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салды…
👍45
Forwarded from PARANOIA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Таяу Шығысқа қару-жарақ жеткізуді үдетті. C-17А Globemaster III ұшақтары тоқтаусыз әскери жүкті жеткізуде. Patriot пен THAAD кешендеріне арналған зымырандарды да жеткізіп жатыр. Негізінен Катар, Сауд Арабиясы, Иорданиядағы базалардың қару қоры толтырылуда.
👍44👎4🤔2❤1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💥Сирия. Ресей Камышлы әуе базасынан кетті…
👍54👏5❤3
МӘСКЕУДІҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ ТҮСІ: 7 МЛН ДРОН…

Украина Қорғаныс министрлігі:

– Ұшқышсыз аппараттар саласында Украина өз өндірісін күшейтуде. 2026 жылға қарай біз 7 миллионнан астам дрон шығаруды жоспарлап отыр. Ұшқышсыз технологиялар асимметриялық қорғаныстың негізіне һәм өзегіне айналды және қазір Ресейдің ішкері аумақтарына соққыларды сол дрондар арқылы жасаудамыз.

Біздің бұл өндірісіміз қазір 20 км-ге дейін тұрақты соққы және қорғаныс аймағын құруға мүмкіндік берді. Ендігі мақсат – бұл аймақты 100 шақырымға дейін кеңейту, - дейді.

Украина дрондары 2022 жылдан 2025 жылға дейін эксперименттік қолданыстан жаппай шабуылдың өзегіне дейінгі трансформациядан өтіп, қазір жеке “дрон армиясы” дейтін деңгейге жетті. Осы аралықта Украинаның дрон өндірісі 3 есеге өскен. Былтыр Украина барлаушы, соққылаушы, алысты соққылаушы, жақынды қорғаушы дрондардан ұзын-ырғасы 4,5 миллионын жасап шығарса, биыл бұл санды 7 миллионға жеткізбек, әне!

Украинада дрондардың түр-түрі бар. Өз өндірісі жолға қойылған. Украина әсіресе арзан FPV дрондарды күн сайын жаппай қолдануда. Одан басқа орта және алыс қашықтыққа соққы жасайтын дрондар аз емес.

Бұдан бөлек Украина әріптестерінен алған дрондар да баршылық. Солардың бірсыпырасы:

Түріктің әйдік “Bayraktar TB2-сінен” басқа Украинада қазірдің өзінде 1 мың шақырымға ұшып жететін “Tekever AR3” өзұшары бар екені айтылады. Америкалық “Switchblade 300” және “Switchblade 600” дрондары да Украина қолданысында.

Америкалық өндірістен - жақын қашықтықтағы қорғанысқа арналған “Phoenix Ghost”, барлауға арналған “Quantix Recon”, 60 шақырымды ататын “Puma”, ауыр салмақты “Bayraktar-ға” бәсекелесетін “MQ-9 Reaper” секілді дрондарды да алған.

Бұған қоса Украина жақында Франциядан 500 шақырымға соққы жасайтын “Rodeur” дрондарын алған.

Осының бәрі Мәскеудің қорқынышты түсіндей ақпарат қой…
👍70❤11🔥2🤮1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қазір елімізде не қазақ, не орыс тілінде немесе өзге тілдерде білім беретін жоғарғы оқу орнындарындағы қазақ тілінің бағдарламасына көңілің толмайды.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/210765
🤔15❤2
Светлана Жақыпова министр қызметоінен алынды!

Бұл туралы Ақорда арнайы Жарлық шыфғарды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», - деп жазылған Ақорда Жарлығында.

Светлана Жақыпова ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған.
👍28🤔1
Сот Мирболат Мырзатайұлын ақтамады...

Алматы қалалық сотының сот алқасы Мирболат Мырзатайұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Прокурор өз сөзінде: «Блогер тілге қатысты «арандату сипатындағы сұрақтар қойып», «тіл білмегені үшін» мекеме жетекшісін қызметтен босатуды талап етті», - деді.

Ал қорғау жағы бірінші инстанцияда шыққан сот үкімінің күшін жойып, блогерді ақтауды сұрады.

Былтыр қарашада бірінші инстанциядағы сот Мирболат Мырзатайұлын «Алауыздық қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған.
😨25😡14👎10👍3
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ирандағы Аятолла режиміне қарсы жалыхалықтық наразылықтардан кейін Уашингтон мен Теһеран арасы суыса түскені жасырын емес.

🔹ТРАМПТЫҢ УӘДЕСІ ҚҰР СӨЗ БЕ?
🔹ӘСКЕРИ БЕЛСЕНДІЛІК АРТТЫ: АҚШ ИРАНҒА СОҚҚЫ ЖАСАЙ МА?
🔹АҚШ-ТЫҢ АРСЕНАЛЫ АТЫСҚА ДАЯР ТҰР

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7584
❤15🤔3
Usbanov ARNASY
Светлана Жақыпова министр қызметоінен алынды! Бұл туралы Ақорда арнайы Жарлық шыфғарды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды», - деп жазылған…
Асқарбек Ертаев министр болып тағайындалды...

Бүгін Президент Жарлығымен қызметінен алынған Светлана Жақыпованың орнына Асқарбек Ертаев министр болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - деп жазылған Жарлықта.

Ертаев 2024 жылдан бері осы ведомствода вице-министр қызметін атқарып келген.
🤔17👎11❤5🤮1
Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 10 күн қалды!

Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы спорттың 10 түрі бойынша бақ сынайды. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер және 18 әйел спортшы бар.
👍13🤔11❤1😁1
Франция Еуропада алғашқы болып балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салмақ!

Ел Парламенті 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге және қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Аталған құжатта: Жоғарғы сынып оқөушыларына телефон қолдануға да тыйым салмақ.

Енді аталған заң жобасын Сенат мақұлдауы тиіс. Билік бұл шешімді қабылдаудың басты себебі - балалар мен жасөспірімдердің психикасының бұзылуы деп түсіндіреді.

Бұған дейін дәл осындай шектеуді Аустралия билігі де қабылдаған.
👍47😁3❤1👏1