Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.92K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 10 күн қалды!

Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы спорттың 10 түрі бойынша бақ сынайды. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер және 18 әйел спортшы бар.
👍13🤔11❤1😁1
Франция Еуропада алғашқы болып балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салмақ!

Ел Парламенті 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге және қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

Аталған құжатта: Жоғарғы сынып оқөушыларына телефон қолдануға да тыйым салмақ.

Енді аталған заң жобасын Сенат мақұлдауы тиіс. Билік бұл шешімді қабылдаудың басты себебі - балалар мен жасөспірімдердің психикасының бұзылуы деп түсіндіреді.

Бұған дейін дәл осындай шектеуді Аустралия билігі де қабылдаған.
👍47😁3❤1👏1
Usbanov ARNASY
Франция Еуропада алғашқы болып балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салмақ! Ел Парламенті 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге және қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Аталған құжатта: Жоғарғы сынып оқөушыларына телефон…
ҚАЗАҚСТАН ДА ОСЫНДАЙ ШАРА ҚАБЫЛДАМАҚ!

Енді 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Қазақстан Оқу-ағарту министрлігінде балалардың ұялы телефондар мен әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеу жайлы қарастырылып жатыр. Бұл туралы министр Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.


Министрдің айтуынша, ведомствода балаларды интернеттегі қауіпті және заңсыз контенттен қорғаудың түрлі жолдарын зерттейтін жұмыс тобы құрылған. Қазір нақты шешім қабылданған жоқ. Мәселе әлі талқылау сатысында. Министр осындай шаралардың басқа елдерде де бар екенін атап өтті.

Мынадай шектеулер қойылуы мүмкін:

- балаларға арналған SIM-карталарды бөлек тіркеу;
-14 жасқа дейінгі балаларға қолжетімді интернет контентін бақылауды күшейту;
- мектеп бағдарламасында цифрлық сауаттылық пен медиақауіпсіздікті дамыту, сол арқылы балаларға онлайн кеңістіктегі қауіп-қатерді түсіндіру.

Министр сонымен қатар 14 жасқа дейін балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу бастамасын Мәжіліс депутаттары бұрын көтергенін еске салды. Оның сөзінше, бұл мәселе әлі шешімін таппаған күйінде қалып отыр және оны шешуде балалар мен қоғам мүддесін ескере отырып, ойланып шешім қабылдау қажет.
👍52❤1
КРЕМЛЬДІҢ ҚЫЗЫЛ ИТТЕРІ НЕ ДЕП ҮРЕДІ?

Соңғы апталарда Ресейдің бірсыпыра сайттары посткеңестік кеңістікке қарсы ақпараттық шабуылдарды үдетті. Кейбірі ашықтан-ашық қоқан-лоқы тіліне көшсе, кейбірі қып-қызыл өтірік ақпараттар таратып, мемлекет пен мемлекеттердің арасына іріткі салып, от жағуда.

Әлгінде Ресей сайттары: «Әзірбайжан мен Түркияның арасы суыды. Стратегиялық одаққа сына қағылды», - деп жарыса жазған. Бүгін осы өтірікке Әзірбайжанның БАҚ-ты қолдау агенттігі (MEDİA) жауап қатып, өтіріктерін әшкерелеп:

«Біз мұндай қызыл өтіріктердің жаппай таралуын қатаң айыптаймыз және оған жол бере алмаймыз! Әзірбайжанның медиасубьектілері мен журналистерін принципті позиция ұстанып, Ресей тарапынан жасалып жатқан ақпараттық арандатуларға жабыла тосқауыл қоюға, еліміздің ақпараттың кеңістігін қорғауға шақырамыз», - дейді.
👍71❤6🔥3
CENTCOM Таяу Шығыста көпкүндік жаттығулар жариялады...

«АҚШ Әскери-әуе күштері АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) жауапкершілік аймағында жауынгерлік ұшақтарды орналастыру, тарату және қолдау қабілетін көрсету үшін көп күндік жауынгерлік дайындық жаттығуларын өткізеді», - делінген хабарламада.
👍45❤7👎1
💥Қырғызстан Ресейді сотқа берді!

Қырғызстан ЕАЭО келісімін орындамағаны үшін Ресейді ЕАЭО сотына берді.

Нақты себеп - Ресей Қырғыз мигранттарының отбасы мүшелеріне ММС (міндетті медициналық сақтандыру) бермеген. ЕАЭО келісімдері бойынша ММС берілуі керек болған.
👍93😁7❤1🤡1🤓1
💥Зеленский тағы жекпе-жекке шақырды!

Зеленский Путинмен жүзбе-жүз жолығуға, сол кездесуде Донбасс жерінің мәселесі мен Запорож АЭС-ін талқылауға дайын. Бұл туралы Украина СІМ басшысы Сибига айтты.

Донбасс жері БАӘ-дегі үшжақты талқының басты тақырыбы болады деген. Абу-Дабиде өткен екі күндік келіссөздерде Украина жер мәселесінде шегінбеген. Үш тарап та келіссөздердің “мазмұнды” өткенін айтумен шектелген.

Жалпы Зеленский Путинмен бетпе-бет кездесуге ашық екенін бірнеше мәрте айтты. Тіпті, былтыр Түркияға арнайы барып, Путинді жекпе-жекке де шақырған. Ол жолы Путин кездесуге келмей қойған. Орнына Мединский деген ортаңқол саясатшы, псевдодипломат һәм жалған тарихшыны жіберген. Ал ол болса, миллиондаған адамға ажал құштырып, миллиондаған адамның бейбіт өмірін ойран еткен, тұтастай қалаларды жермен-жексен етіп, үйінді-қирандыға айналдырған сұм соғысты тоқтатуға арналған жиында, ескі тарихтан дәріс айтып қайтқан.

Енді бұл жолы Кремль не деп сылтауратар екен?!
🔥44👍11❤10🤡1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼ЖИ-дің адамнан артықлышығы не, кемшілігі не?

⬇Толық: https://abai.kz/post/210841
🤔7👎4
Forwarded from Mezgil.kz
‼Жуырда Америкалық «CSIS» зерттеу орталығы (Center for Strategic and International Studies): «Ресей Украинадағы соғыста өлгені мен жараланғандарын қоса есептегенде 1,2 млн адамын жоғалтты», - деп жазды. Ал Украинаның адам шығыны 600 мыңнан асады.

▪РЕСЕЙДІҢ СОҒЫСТАҒЫ АДАМ ШЫҒЫНЫ ҚАНША?
▪ЗЕЛЕНСКИЙ ПУТИНДІ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШАҚЫРДЫ!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7587
👍22❤3😁2🤔1
💥Politico ақпараты:

“Бізге, НАТО-ға Рютте секілді Трамптың жанкүйері боп жүрген басшы керек емес”, - деп Еуропарламент шулап жатыр.

Жуырда Рютте Еуропарламентте сөз сөйлеп: “НАТО елдері АҚШ-сыз өз-өзін қорғай алмайды. Әсіресе Еуропа елдерінің қорғанысы әлсіз”, - деп сынаған.

Бұл сөз Еуропа лидерлерінің ашуын туғызып: “ Біз АҚШ пен оның айналасындағылар” клубы емес, 32 мемлекеттен тұратын алып алянспыз. Бізге Трамптың алдында құрдай жорғалайтын басшы керек емес”, - деп бас көтерген.
👍67👏6😁4
💥Армения премьері Никол Пашинян:

- Осыған дейін біз әлемнің қуатты елдерінен, әскери концерндерінен заманауи қару-жарақтар ала алмай келдік. Бізге озық түрлі қаруларды сатпайтын. Ол қарулар ҰҚШҰ елдерінің қолына түседі деп қорқатын. Енді біз ҰҚШҰ-ға қатысуды тоқтатып жатырмыз. Енді бізге әлемнің мықты елдерінің мықты, заманауи қарулары мен техникаларын сатып алуға, сол арқылы әскерімізді қуатты ете түсуге еш кедергі жоқ, - деді.
👍114🤨2
💥Қазақстандағы түпкі өзгеріс басталды!

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия 84%-ы жаңартылатын Ата Заң жобасын таныстырды. Бұл тек түзетулер емес – Конституцияның жаңа өмірге келуі, мемлекеттің құрылымы мен азаматтық құқықтардың түпкілікті қайта қаралуы.

Қарастырылған жобалар:

1.Преамбула толық жаңартылды — жаңа ұлттық құндылықтар, қазіргі заманның талаптары, мемлекеттің миссиясы айқындалды.

2.77 бапқа түзетулер енгізілді, 11 бөлім бар, 2 жаңа бөлім қосылды: «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу».

3.Неке мен отбасы құндылықтары, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық, әлеуметтік құқықтар — бәрі конституциялық деңгейде күшейтілді.

4.Президенттік басқару сақталады, бірақ мемлекеттік билік құрылымы түбегейлі жаңартылады.

5.Бір палаталы Парламент моделі енгізіледі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігі кеңейеді.

6.Конституциялық соттың құқық қорғау тетіктері мен Ата Заң үстемдігіне кепілдіктер күшейтіледі.

Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, бұл өзгерістер тек қағаздағы реформа емес, олар мемлекеттің функциясын, азаматтық қоғам институттарын және заң шығару процесін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді.


Бұл — Қазақстанның болашағы туралы нақты шешімдер, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі.
👍28🤔13👎7🤮5👀2❤1🤡1