Usbanov ARNASY
3.43K subscribers
18.1K photos
8.27K videos
7 files
2.91K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr
Download Telegram
Usbanov ARNASY
💥Зеленский тағы жекпе-жекке шақырды! Зеленский Путинмен жүзбе-жүз жолығуға, сол кездесуде Донбасс жерінің мәселесі мен Запорож АЭС-ін талқылауға дайын. Бұл туралы Украина СІМ басшысы Сибига айтты. Донбасс жері БАӘ-дегі үшжақты талқының басты тақырыбы болады…
Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков:

- Путин Зеленскиймен жүзбе-жүз кездесуге дайын. Путин бірнеше мәрте Зеленскийді Мәскеуге шақырған. Зеленский келсін, - дейді.

Бұл жекпе-жектен жалтару емей немене?!
👎42😁29🤮22🤡4🔥3❤1🤔1😱1
💥Макрон мен Зеленский телефон арқылы сөйлесті…

Макрон:

- Франция өз ұстанымынан айныған емес. Біз Ресей агрессиясына қарсы Украинаны қанша қолдау керек болса, сонша қолдаймыз.

Ресейге қарсы ЕО деңгейінде жаңа санкциялар әзірлеп, Ресейдің көлеңкелі флотын жоямыз, - деді.
👍98😁3
💥Иранның АҚШ-қа жауабы…

Иранның СІМ басшысы Аббас Аракчи:

- АҚШ тарапынан қандай да бір агрессия жасала қалса, Иран лезде жойқын жауап қайтарады. Біз 12 күндік соғыстан сабақ алдық. Қазір біздің әскердің саусағы шүріппеде тұр. Десе де, біз Иран мүддесін басшылыққа алып, теңқұқылы ядролық келісімге ашықпыз, - деді.

Ал Иран Жоғарғы көсемінің көмекшісі Әли Шахмани:

- АҚШ тарапынан қандай да бір әскери әрекет жасала қалса, ол Иранға соғыс ашу деп есептеледі. Біз АҚШ-тың Таяу Шығыстағы базалары мен Тель-Авивтің талқанын шығарамыз, - деді.
🤣50🔥15👍8😁6❤2🤔2
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Қоғам дамуының өзегінде әрдайым тіл проблемасы тұрған. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол ұлттың жадын, дүниетанымын, мінезін, тарихи тәжірибесін сақтайтын рухани өзек. Сондықтан «бір тілді қоғам» ұғымы кейде үстірт түсіндіріліп, тар шеңберде қарастырылады. Ал шын мәнінде, бір тілді қоғам – бір ойлау кеңістігі, ортақ құндылықтар алаңы, ұлттық тұтастықтың тірегі.

⬇Толық: https://abai.kz/post/210899
👍37😁2💯2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Бүгін Ақорда бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады. Президенттің кеңесшісі һәм баспасөз хатшысы ауысты.

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=7592
👍13😁6🤮5
Forwarded from Mezgil.kz
‼Күні-кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Иран билігін ядролық келісімге қол қоюға, АҚШ шарттарын дереу қабылдауға үндеп, жазба жариялады.

▪ТРАМПТЫҢ ИРАНҒА ҮНДЕУІ: УАҚЫТТАРЫҢ АЗ ҚАЛДЫ!
▪ИРАННЫҢ ЖАУАБЫ: СОҒЫССАҚ – СОҒЫСАМЫЗ!
▪ТҮРКИЯНЫҢ АРАҒАЙЫНДЫҒЫ НӘТИЖЕ БЕРЕ МЕ?
▪ӘЛЕМДІК БАҚ: ТАРАПТАР СОҒЫСҚА ТАСТҮЙІН ДАЙЫН ОТЫР!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7593
👍25🤔4❤1😁1
ЕО Иранның Сақшылар корпусын террорлық ұйым деп танымақ!

- Біз Иранға жаңа санкциялар енгізіп жатырмыз, сонымен қатар Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік ұйым ретінде тануға келісеміз деп үміттенемін. Бұл оларды Әл-Каида, Хамас және ИСИМ-мен теңестіреді. Егер сіз террорист сияқты әрекет етсеңіз, сізге террорист сияқты қарау керек, - деді Еуродипломатия басшысы Кая Каллас.
👍44🤔7❤2🤡1
Рубио: АҚШ қазір Таяу Шығыста 8-9 әскери базада орналасқан. Онда қазір 30-40 мың сарбазымыз бар.

АҚШ Иранға шектеулі түрде әскери операция жасау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Біз қазір Таяу Шығыстағы әскери контингентіміздің санын арттырудамыз.
🔥34👍8🤔3❤1😁1
Financial Times: АҚШ тарапынан жасалып жатқан қысым жағдайында Кубадағы қазіргі мұнай қоры шектеулі. Қазіргі деңгейдегі сұраныспен есептесек, Кубада бар мұнай қоры әрі кеткенде 15-20 күнге ғана жетеді.
❤25👍10😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шешенстанның жарымжан басшысы Рамзан Қадыров: "Украинамен соғысты соңына дейін жеткізу керек", - дейді.

Құдды өзі барып соғысатындай...
🤮35😁23👎8❤3🤡3🗿3
Рубио: Ақ үй Орталық Азиямен сауда-саттыққа енгізілген шектеулерді алып тастауды қолдайды!

АҚШ президенті әкімшілігі Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы сауда-саттыққа шектеу енгізетін Жексон - Вэник заңдарын алып тастау туралы заң жобасын қолдайды. Бұл туралы АҚШ Мемхатшысы Марко Рубио айтты.

Оның айтуынша, бұл қадам экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызып, серіктестіктің икемді және тереңдетілген форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Жексон-Вэник заңын - 1974 жылы АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ Конгрессі қабылдаған. Ол бойынша өз азаматтарының эмиграция құқығынан немесе мүмкіндігін шектеген елдерге жоғары кедендік баж салығы салынады және импорт пен экспортқа шектеулер қойылады. Бұл заң жобасы оның авторлары - сенатор Генри Жексон мен конгрессмен Чарльз Ваниктің есімімен аталды.
👍26❤16😁1
💥Трамп:

- Мен жеке өзім Путиннен Киев пен басқа қалаларды бір апта бойы аязға байланысты атқыламауды сұрадым. Ол келісті, - дейді.
🤡42🤷‍♂13🤔3
Украинадағы соғыс қашан аяқталады?

Wall Street Journal 2026 жылға арналған 3 түрлі ең ықтимал сценарийді атап жазады:

БІРІНШІ СЦЕНАРИЙ: Тараптар майдан даласы мен дипломатия үстелінде әбден тығырыққа тіреледі және ұзаққа созылған келіссөздер болады…

Wall Street Journal бұл сценарийді ең ықтимал деп атайды. Трамп әкімшілігі “Путиннің Украинаны толық бақылау идеясынан бас тартатынына” және “Украинаның Донбасстың қалған бөлігінен бас тартатынына”, және тараптар бейбітшілікке келісетініне бәс тігуде.

Қазір Украина бұл идеяға қарсы. Ал Ресей Батыс әскерлерінің Украинаға орналастырылуына қарсы. Ал бұл - бейбітшілік жоспарының негізгі бөлігі саналады.

ЕКІНШІ СЦЕНАРИЙ: Украина адами ресурстық дағдарысқа тап келсе, Киевтің позициясы әлсірейді…

Украина үшін қазір негізгі қауіп - халық пен сарбаздардың соғыс пен оның ауыр зардаптарынан қажып, шаршауы. Қазір Украина армиясы жаяу әскердің жетіспеушілігін дрондармен өтеп жатыр, бірақ Ресей жақында осы “технология шайқасына” қызу араласып кетті. Сонымен қатар, Украинада қазір шығыста да, оңтүстікте де орыстарды толық тоқтата алатын күш жетіспейді. Егер әскердің һәм халықтың төзімділігі таусылса, Киев АҚШ-тың әлсіз кепілдіктері мен Мәскеудің қатал шарттарын қабылдауға мәжбүр болады.

ҮШІНШІ СЦЕНАРИЙ: Ресейді жан-жақты қалжырату…

Ресей экономикасы қазір айтарлықтай тоқырауда, жоғары пайыздық мөлшерлемелер бизнеске соққы боп тиюде, ал Ресей мұнайының бағасының төмендеуі және Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына толассыз шабуылдары Кремльдің кірістерін қысқартуда.

Ресейдегі бизнес һәм әскери-саяси элита Мәскеудің Қытайға тәуелділігіне және әскери-өнеркәсіптік кешенің әлсіздігіне өте-мөте наразы. Кремль қазір бет бақтырмай тұрғанымен, Ресей мәңгілік соғыса алмайды. Қатаң санкциялар соғысқа түбі тұсау болады. Мәскеу мұны неғұрлым ерте мойындаса, келіссөздер де соғұрлым шынайы дискуссияға айналып, бейбітшіліктің сұлбасы көріне бастамақ.
🔥21❤10💯10👍4🤔1
💥Мониторинг: АҚШ-тың Мадуроны тұтқындау операциясына қатысқан ұшақтары Таяу Шығысқа бет алды…
🔥29👍12🤡4😁3🤔1
💥Зеленский Украина мен Ресей арасындағы энергетикалық бітім бүгін түнде күшіне енетінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл келісімге Абу-Дабиде қол жеткізілген.

- Біз бітімнің орындалуына үміттенеміз. АҚШ энергетикалық бітімді қамтамасыз етеді деп сенеміз, - деді.
👍42😁5❤2🤔1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазіргідей жаһандық геосаясаттағы алыптар өзара күш сынасып, әлемге әмір айта бастаған уақытта Қазақстанға кәсіби әрі есепке құрылған сыртқы саясат керек-ақ.

▪РЕСЕЙ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ҚАРСЫ АГРЕССИЯСЫН АРТТЫРУДА...
▪ПӘКІСТАН – ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ ПА?
▪ПӘКІСТАН ҚАЗАҚСТАНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МҮДДЕЛІ!

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7607
🤔16❤1
Еріктілер қозғалысын дамыту – маңызды міндет!

Мемлекет басшысы бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға қолдау көрсетуі тиіс деп санайды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отаншыл азаматтарға арналған "Мейірім" ордені тағайындалғанын жеткізді.

"Корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту – өте маңызды міндет. Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек.

Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосқан. Кітаптар, газет-журналдар шығаруға, халықтың сауатын ашуға зор еңбек сіңірген. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан.

Қазір де көптеген жомарт жанды азаматтарымыз бар. Олар қайырымдылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар шараларға еріктілерді көптеп тартатын болды.

Бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасауы қажет.

Мемлекет жұртқа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлерді қолдайды.

Сондықтан мен былтыр арнайы "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат халықтың қамын ойлайтын отаншыл азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі болмақ", – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
👏12👎3🤔2❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Мәскеудің одақтасы бола тұра, Астана ресейшіл Z-артистерді тиімді түрде ығыстырып шығарып Украинаға қарсы агрессияны қолдайтындарға алаңды бермей отыр. Француз Le Monde газеті Қазақстанның Ресейдің әскери күн тәртібін өзінің ішкі істерінен үнемі және қатаң түрде алып тастап отырғаны туралы егжей-тегжейлі мақала жариялады.

⬇Толық:
https://abai.kz/post/211026
👍45🤓2