Рубио: Ақ үй Орталық Азиямен сауда-саттыққа енгізілген шектеулерді алып тастауды қолдайды!
АҚШ президенті әкімшілігі Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы сауда-саттыққа шектеу енгізетін Жексон - Вэник заңдарын алып тастау туралы заң жобасын қолдайды. Бұл туралы АҚШ Мемхатшысы Марко Рубио айтты.
Оның айтуынша, бұл қадам экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызып, серіктестіктің икемді және тереңдетілген форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.
Жексон-Вэник заңын - 1974 жылы АҚШ пен КСРО арасындағы қырғи-қабақ соғыс кезінде АҚШ Конгрессі қабылдаған. Ол бойынша өз азаматтарының эмиграция құқығынан немесе мүмкіндігін шектеген елдерге жоғары кедендік баж салығы салынады және импорт пен экспортқа шектеулер қойылады. Бұл заң жобасы оның авторлары - сенатор Генри Жексон мен конгрессмен Чарльз Ваниктің есімімен аталды.

👍26❤16😁1
Украинадағы соғыс қашан аяқталады?
Wall Street Journal 2026 жылға арналған 3 түрлі ең ықтимал сценарийді атап жазады:
БІРІНШІ СЦЕНАРИЙ: Тараптар майдан даласы мен дипломатия үстелінде әбден тығырыққа тіреледі және ұзаққа созылған келіссөздер болады…
Wall Street Journal бұл сценарийді ең ықтимал деп атайды. Трамп әкімшілігі “Путиннің Украинаны толық бақылау идеясынан бас тартатынына” және “Украинаның Донбасстың қалған бөлігінен бас тартатынына”, және тараптар бейбітшілікке келісетініне бәс тігуде.
Қазір Украина бұл идеяға қарсы. Ал Ресей Батыс әскерлерінің Украинаға орналастырылуына қарсы. Ал бұл - бейбітшілік жоспарының негізгі бөлігі саналады.
ЕКІНШІ СЦЕНАРИЙ: Украина адами ресурстық дағдарысқа тап келсе, Киевтің позициясы әлсірейді…
Украина үшін қазір негізгі қауіп - халық пен сарбаздардың соғыс пен оның ауыр зардаптарынан қажып, шаршауы. Қазір Украина армиясы жаяу әскердің жетіспеушілігін дрондармен өтеп жатыр, бірақ Ресей жақында осы “технология шайқасына” қызу араласып кетті. Сонымен қатар, Украинада қазір шығыста да, оңтүстікте де орыстарды толық тоқтата алатын күш жетіспейді. Егер әскердің һәм халықтың төзімділігі таусылса, Киев АҚШ-тың әлсіз кепілдіктері мен Мәскеудің қатал шарттарын қабылдауға мәжбүр болады.
ҮШІНШІ СЦЕНАРИЙ: Ресейді жан-жақты қалжырату…
Ресей экономикасы қазір айтарлықтай тоқырауда, жоғары пайыздық мөлшерлемелер бизнеске соққы боп тиюде, ал Ресей мұнайының бағасының төмендеуі және Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына толассыз шабуылдары Кремльдің кірістерін қысқартуда.
Ресейдегі бизнес һәм әскери-саяси элита Мәскеудің Қытайға тәуелділігіне және әскери-өнеркәсіптік кешенің әлсіздігіне өте-мөте наразы. Кремль қазір бет бақтырмай тұрғанымен, Ресей мәңгілік соғыса алмайды. Қатаң санкциялар соғысқа түбі тұсау болады. Мәскеу мұны неғұрлым ерте мойындаса, келіссөздер де соғұрлым шынайы дискуссияға айналып, бейбітшіліктің сұлбасы көріне бастамақ.

🔥21❤10💯10👍4🤔1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қазіргідей жаһандық геосаясаттағы алыптар өзара күш сынасып, әлемге әмір айта бастаған уақытта Қазақстанға кәсіби әрі есепке құрылған сыртқы саясат керек-ақ.
▪РЕСЕЙ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ҚАРСЫ АГРЕССИЯСЫН АРТТЫРУДА...
▪ПӘКІСТАН – ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ ПА?
▪ПӘКІСТАН ҚАЗАҚСТАНМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МҮДДЕЛІ!
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7607

mezgil.kz
Әлемде агрессия: Қазақстан мен Пәкістан жаңа одақ құра ма?
Қазіргідей жаһандық геосаясаттағы алыптар өзара күш сынасып, әлемге әмір айта бастаған уақытта Қазақстанға кәсіби әрі есепке құрылған сыртқы саясат керек-ақ.<br />
<br />
<br />
🤔16❤1
Еріктілер қозғалысын дамыту – маңызды міндет!
Мемлекет басшысы бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға қолдау көрсетуі тиіс деп санайды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отаншыл азаматтарға арналған "Мейірім" ордені тағайындалғанын жеткізді.
"Корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту – өте маңызды міндет. Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек.
Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосқан. Кітаптар, газет-журналдар шығаруға, халықтың сауатын ашуға зор еңбек сіңірген. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан.
Қазір де көптеген жомарт жанды азаматтарымыз бар. Олар қайырымдылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар шараларға еріктілерді көптеп тартатын болды.
Бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасауы қажет.
Мемлекет жұртқа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлерді қолдайды.
Сондықтан мен былтыр арнайы "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат халықтың қамын ойлайтын отаншыл азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі болмақ", – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

👏12👎3🤔2❤1
Forwarded from Abai.kz ⚡ (Nurgeldi Usbanov)
‼Мәскеудің одақтасы бола тұра, Астана ресейшіл Z-артистерді тиімді түрде ығыстырып шығарып Украинаға қарсы агрессияны қолдайтындарға алаңды бермей отыр. Француз Le Monde газеті Қазақстанның Ресейдің әскери күн тәртібін өзінің ішкі істерінен үнемі және қатаң түрде алып тастап отырғаны туралы егжей-тегжейлі мақала жариялады.
⬇Толық: https://abai.kz/post/211026
⬇Толық: https://abai.kz/post/211026
abai.kz
Қазақстанның соғыстың мәдени тылына айналғысы жоқ!
👍45🤓2
Forwarded from Mezgil.kz
‼Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия отырыстарында Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныстар берілгеніне назар аударды.
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7608
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7608
mezgil.kz
Жаңа Конституция қабылдауымыз керек: Президент маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия отырыстарында Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныстар берілгеніне назар аударды.<br />
<br />
<br />
🤔10👍5
Зеленский:
- Ресейдің соғысты аяқтауға дайындығы туралы айтар бослақ, кейде олар тоқтаудың жолдарын іздеп, оны "жеңіс" ретінде дәріптеуге тырысып келеді. Ал шын мәнінде олар соғысты тоқтатқысы келмейді.
Ал Ресейдің Донбассқа жабысып қалуының себебі бар. Олар Донбассты толық алса, өз халқына "міне, біз Донбассты алдық, соғыс ашудағы басты мақсатымызды орындадық" деп жарияламақ. Онсыз бұл соғыста Ресейдің еш жеңісі жоқ екенін Кремль жақсы түсінеді. Сондықтан, өз халқының алдында ақталу үшін оларға Донбасста жеңіс керек, - дейді.

👍44💯24😁17❤3🤡1
Трамп Иранға соққы жасау мүмкін!
Иранмен келіссөздер бойынша ешқандай белгі жоқ. Осыған қарай АҚШ-тың мәлімдемесі жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөз жүргізудің мерзімі өткенін, ал АҚШ-тың ендігі соққысы 2025 жылғыдан әлдеқайда күшті болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбі күні өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Дональд Трамптың айтуынша, аймаққа USS Abraham Lincoln әуе ұшақтарын тасымалдаушы кемесі бастаған ірі әскери-теңіз тобы кетті. АҚШ көшбасшысы Иранның кеіссөздер жүргізіп, ядролық қарудан бас тартуды көздейтін келісімге келеді деген үмітте екенін жеткізді.
— Уақыт тығыз. Мен Иранға бұған дейін келісімге келу керектігін айттым, — деді Трамп.

🔥32👍10🤔3❤2
Израиль Газада 70 мың адам қаза болғанын растады
Израиль армиясының (ЦАХАЛ) мәлімдеуінше, Газа секторы денсаулық сақтау министрлігінің соғыста қаза тапқандардың саны жөніндегі дерегі негізінен дұрыс.
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста Газаның 70 мың тұрғыны қаза тапқанын ЦАХАЛ алғаш рет растап отыр. Дегенмен, олар дені сау адамдар арасында аштан өлгендер болмағанын алға тартады.
Түрлі халықаралық ұйымдар таратқан ақпаратқа сенсек, қаза тапқандардың басым бөлігі – бейбіт тұрғындар. Бірақ The Jerusalem Post-тың жазуынша, Израиль тарапы мұнымен келіспейді және марқұмдардың 25 мыңы – ХАМАС содырлары болған деп санайды.
Одан бөлек, ЦАХАЛ дерегіне жүгінсек, 2024 жылдың басына дейін ХАМАС атқан зымырандардың 13%-ы техникалық ақауға байланысты нысанаға жетпей құлаған, соның салдарынан көптеген палестиналық мерт болған.

🤬23👍9🤔6❤4😱2
Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Ақорда

🤔15👎10❤2
ӘЙ, ПУТИН, ДӘТІҢ ЖЕТСЕ КИЕВКЕ КЕЛ!
Әлгінде Украина тарабы Путинді және бір мәрте жүзбе-жүз келіссөзге шақырған еді. Оған Мәскеудегі кісінің жайлап айтсақ – көңілі түспеді, ойлап айтсақ – дәті жетпеді. «Ісі арам адамдар, қашқақтап қорқып жырақтар», - дегеннің нақ керін келтірді. Өзі үнсіз. Төңірегіндегі бірлі-жарым пәтуасыз (Песков пен Ушаков) кезек-кезек сөйлеп: «Зеленский Путинмен кездескісі келсе, Мәскеуге келсін», - деді.
Путиннің алдына түсіп бөксеңдеген бұл екеуінің сөзі «келіссөзге ашықпыз» деген сөз емес екенін әріп танитын адамның бәрі түсінді.
Зеленский де бұндайды құр жіберсін бе? Бүгін жарияға естіртіп тұрып, Путинді мазақ ете отырып бүйдеді:
«Мен Путинді жария түрде Киевке шақырамын! Дәті жетсе келсін, мұнда!», - деді. Сөз емес пе екен? Жауап емес пе екен?!
Украина президенті Зеленский бірсыпыра БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, «off the record» форматында емен-жарқын әңгіме жасаған. «Энергетикалық келісім», Донбасс жері, келіссөздертуралы айтылған. Сонда айтылғандардың бірсыпырасы:
Бейбіт бітім туралы: «20 тармақтың 18-і бойынша келісім бар. Шешілмей тұрған 2 мәселе – Донбасс жері мен Запорож АЭС-і. Бұл мәселелерде АҚШ-тың күші мен ықпалына сенім артамыз», - дейді.
Жер мәселесі туралы: «Біз Украинаның территориялық тұтастығын бұзатын келісімдер бойынша компромисске қол қоймаймыз. Ал арнайы экономикалық аймақ құру туралы АҚШ ұсынысына ашықпыз. Біз Донбасс пен Запорожды ұрыссыз бере салмаймыз!», - деді.
Қауіпсіздік кепілдігі туралы: «Егер қауіпсіздік кепілдігі толық әзір болса, онда ештеңені күтпей, оған қазір қол қою керек деп есептеймін», - деді.
Энергетикалық бітім туралы: «Бұл АҚШ-тың бастамасы. Украина мен Ресей тікелей өзара келіскен жоқ. Егер Ресей бітімді сақтаса, біз де Ресейдің МӨЗ-деріне соққы жасамаймыз. АҚШ-тың үндеуін Ресей дұрыс естіді деп ойлаймын», - деді.
Келіссөздер туралы: «БАӘ-дегі келіссөздерден кейін, ендігі келіссөздерге Ресей тарабы жоғары дәрежелі өкілдерін жіберетінін айтыпты. Ең бастысы тағы да «тарихтан дәріс оқитын» біреулер келмесе болды», - деді.
Онан соң: «Келесі келіссөздер 1 ақпанға жоспарланған. Алайда АҚШ пен Иран арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты келіссөздер кейінге шегерілуі мүмкін», - деді.

🤔21❤12🤡2
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ!
Бүгін Конституциялық комиссия жаңа Ата Заңның жобасын жариялады. 11 бөлім, 95 бап. Бұл – кезекті реформа ғана емес. Конституция – мемлекеттің логикасын анықтайтын құжат. Ол - Мемлекеттік паспорты! Елдің ішкі және сыртқы саясаттың бағыт-бағдарын, билік пен халық арасындағы шекараны, азаматтардың құқық пен жауапкершілік өлшемін белгілейді. Сондықтан Конституцияға «жүрдім-бардым» қарауға әсте болмайды. Бұл – тағдыршешті мәселе. Бұл – қасиетті құжат!
Керек десеңіз, бұл – мемлекеттің егемендігі кімнің қолында болатынын айқындайтын құжат. Жасырары жоқ, көп жылдар бойы Конституцияда «мемлекеттік биліктің бастауы – халық» деп жазылып келді. Бірақ бұл қағида нақты егемендікке айнала алмады. Халық билікті сайлады, ал егемендік тізгіні сол биліктің өз қолында қалып келді. Соның салдарынан жер де, қазба байлық та, стратегиялық нысандар да халықтың емес, биліктің «еркіне» өтті. «Халық атынан» келген билік бірте-бірте егемендіктің өзіне айналды.
Егер енді Конституцияда «егемендік иесі – халық» деген ұғым нақты бекітілсе, бұл – тек сөз ауыстыру болмауы керек. Бұл – жерге, байлыққа, ұлттық мүддеге қатысты соңғы шешім халықтың құзырында болуы тиіс деген құқықтық шектеу!
Бұл – ішкі ғана емес, трансұлттық корпорациялар арқылы жүретін халықаралық коррупцияға да тосқауыл бола алатын норма. Яғни жаңа Конституция биліктің жойдасыз еркін кеңейту үшін емес, билікті шектеу, ал егемендікті халыққа қайтару үшін қызмет етеді дегеен сөз
Жаңа жобада «егемендік иесі – халық» деген ұғым айқындала түсуде, демекбұл қағаздағы сөз емес, шынайы жауапкершілікке айналуы керек. Билік халық атынан емес, халықтың өз құзырымен әрекет етуі тиіс!
Сол себепті әр азаматтың бұл жобаға пікір айтуы – құқық қана емес, азаматтық міндет! Қоғам бұл процессте сырт қалмауы керек. Қалғып-мүлгіп жатпауы керек. Өз ой-пікірлерін ашық әрі кез келген платформада конструктивті түрде білдіруі керек. Өйткені үнсіз қоғам жақсы Конституцияға қол жеткізе алмайды.
Билік те өз кезегінде әртүрлі алаңдарда айтылып жатқан әділ әрі жүйелі пікірлерді қабылдай білуі тиіс. Рас, түрлі көзқарас қайшылықтары болуы мүмкін. Біреуге адам жақпауы, біреуге оның сөзі жақпауы мүмкін. Бірақ, тұтас мемлекет болып жақсы Ата Заңға қол жеткізгіміз келсе, жекебастың мәселесін ысырып қойып, біртұтас ел болып тізе біріктіру маңызды.
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7610
https://abai.kz/post/211077

Жаңа Конституцияның жобасы: Қазақстан халқы биліктің қайнар көзі әрі егемендіктің иесі
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.<br />
<br />
<br />
🤮17👍7❤3🤔1
💥АҚШ-та бірнеше қалада миграциялық қысымға қарсы наразылық акциялары өтті…
Атап айтқанда: Миннеаполисте, Нью-Йоркте, Сан-Францискодп, Лос-Анджелесте ICE-ке қарсы митингтер өтіп жатыр…

👍37👎8❤1